"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қарашадағы N 1087 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық
бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж.,  N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат, N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат, N 12, 48, 51, 54, 57, 58-құжаттар; 2008 жылғы 15 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 15 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ):
      57-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу";
      мынадай мазмұндағы 59-1-баппен толықтырылсын:
      "59-1-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар
                 белгілеу
      1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі субъектісінің өтініші бойынша не болмаса өз бастамасы бойынша сот жеке тұлғаға, қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында қастандық ойлайтын қасақана құқық бұзушылықтар, сондай-ақ осы Кодекстің 111-1, 112, 136, 318-321, 326-328 және 355-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамдардың мінез-құлқына үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге мынадай ерекше талаптар белгіленуі мүмкін:
      1) егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сотта қарау барысында кешкілік немесе түнгі уақытта көңіл көтеретін және демалатын жерлерге бару нақты адамның құқыққа қарсы мінез-құлқының қалыптасуына ықпал ететіні немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға қауіп төндіретіні анықталатын болса, ондай жерлерге баруға тыйым салу;
      2) түнгі уақытта тұрғын үйден шығуға тыйым салу;
      3) суық, атыс қаруын және оның оқ-дәрілерін сатып алуға және пайдалануға тыйым салу;
      4) құқық бұзушы оған дене, материалдық немесе психологиялық зиян келтірген адамдармен байланыс жасауға тыйым салу;
      5) алдын алу әңгімелерін өткізу үшін алдын алу субъектілеріне - органдарға келуге міндеттеу.
      2. Тиісті медициналық ұсынымдар болған жағдайда шектеулер әрекет ететін мерзім ішінде құқық бұзушыға психологиялық түзету бағдарламалары курстарынан өту міндеті жүктелуі мүмкін.";
      76-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтарымен толықтырылсын:
      "2-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тәрбиелік ықпал ету шаралары әкімшілік жазаға тартылған кезде де кәмелетке толмағанның құқыққа қарсы мінез-құлқына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында қолданылады.
      2-2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тәрбиелік ықпал ету шараларын әкімшілік жазаға тартатын орган (лауазымды адам) тағайындайды. Осы Кодекстің 59-1-бабында көзделген бос уақытты шектеуді және алдын алу түріндегі мәжбүрлеу шараларын қолдануды кәмелетке толмаған жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде сот өз бастамасы бойынша немесе құқық бұзушылықтың алдын алу субъектісінің өтініші бойынша тағайындайды.";
      355-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Ішкі істер органдарының қызметкері шығарған қоғамға қарсы іс-әрекеттерді тоқтату туралы ресми ескертуді орындамау -
      бес айлық көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      мынадай мазмұндағы 365-1-баппен толықтырылсын:
      "365-1-бап. Құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен                       жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдамау
      1. Ұйым басшысының және басқа да лауазымды адамдардың құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі субъектілерінің ұсынымдары (жеке ұйғарымдары) бойынша қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шараларды қабылдамауы, -
      айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жазаға тартылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған әрекеттер, -
      айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      541-баптың бірінші бөлігі "363," деген сандардан кейін "365-1," деген сандармен толықтырылсын;
      636-баптың 1-бөлігінің 1) тармақшасы "363," деген сандардан кейін "365-1," деген сандармен толықтырылсын.
      2. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат; 2004 ж., N 2, 10-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат, N 17-18, 76-құжат, 2006 ж., N 3, 22-құжат, N 10, 52-құжат; 2007 ж., N 2, 14, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат; N 20, 152-құжат):
      7-бап мынадай мазмұндағы 5-5) және 5-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5-5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
      5-6) балалар үйлері мен интернаттарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;";
      9-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және балалар үйлері мен интернаттарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындауға".
      3. "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 234-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат, 2007 ж., N 9, 67-құжат):
      5-баптың бірінші абзацында "патриоттық" деген сөзден кейін ", құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын.
      4. "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 18, 105-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 20, 152-құжат):
      1-баптың 4) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2, 19-3, 19-4, 19-5 және 19-6-баптармен толықтырылсын:
      "19-1-бап. Жеке алдын алу шаралары
      Құқық бұзушылықтың жеке алдын алуға:
      1) профилактикалық әңгіме өткізу;
      2) профилактикалық есепке қою және профилактикалық бақылау белгілеу;
      3) құқықтық сипаттағы шаралар:
      арнайы білім беру ұйымдары мен ерекше режимдегі білім беру ұйымдарына жіберу;
      әкімшілік және тәртіптік жазаға тарту;
      қылмыстық-құқықтық ықпал ету (немесе сипатындағы) шараларын қолдану жатады.
      19-2-бап. Профилактикалық әңгімелесу
      1. Профилактикалық әңгімені алдын алу субъектісінің өкілі (қызметкері) жүргізеді, оның құзыретіне тиісті санаттағы адамдармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу жатады және қоғам алдындағы жауапкершілікті, қоғамға қарсы іс-әрекеттердің әлеуметтік және құқықтық салдарларын түсіндіруде, белгіленген жүріп-тұру нормалары мен ережелерін ұстанудың қажеттігіне көз жеткізуде байқалады.
      Профилактикалық әңгімелесу құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарда, сондай-ақ тұрғылықты жері, оқу, жұмыс орны не болмаса тікелей қоғамға қарсы іс-әрекеттер анықталған жерде жүргізіледі.
      Әңгімелесу барысында жеке құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары қолданылатын адамға қоғамға жат мінез-құлықты тоқтату қажеттігі туралы ескертіледі.
      Кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгімелесу өткізу міндетті түрде оның ата-анасының, педагогтардың немесе өзге заңды өкілдердің қатысуымен жүргізіледі.
      2. Құқық бұзушылықтың алдын алу субъектісінің өкілі профилактикалық әңгімелесу өткізгеннен кейін акт жасайды, онда:
      оны жасаған күні мен орны, лауазымы, әңгіме өткізген адамның тегі мен аты-жөні;
      әңгіме өткізілген кәмелетке толмаған туралы мәліметтер және оны жүргізу үшін себеп болған негіздер;
      кәмелетке толмағанның заңды өкілдері мен профилактикалық әңгіме жүргізуге қатысқан өзге де адамдар туралы мәліметтер көрсетіледі.
      3. Профилактикалық әңгімелесу өткізу фактісі қатаң есептегі құжат болып табылатын профилактикалық әңгімелесуді есепке алу журналында тіркеледі, онда:
      әңгімелесу өткізілген күні, өткізген адамның лауазымы, тегі және аты-жөні;
      әңгімелесу өткізілген адам туралы мәліметтер және оны өткізуге себеп болған негіздер;
      кәмелетке толмағанның заңды өкілдері және профилактикалық әңгімелесу өткізуге қатысқан өзге адамдар туралы мәліметтер жазылады;
      өткізген адамның және профилактикалық әңгіме өткізілген адамның не болмаса кәмелетке толмағанның заңды өкілдерінің қолы қойылады.
      Профилактикалық әңгімелесу өткізілген адам қол қоюдан бас тартса, журналда оны жазған адамның тиісті жазбасы жазылады. Қол қоюдан бас тартқан адамға бас тарту себептерін жазбаша баяндау құқығы беріледі.
      4. Профилактикалық әңгіме жүргізудің негізі қоғамға қарсы іс-әрекет жасау болып табылады.
      Жүргізілген профилактикалық әңгімелесулердің актілерін есепке алудың тәртібін олардың алдын алу қызметін жүзеге асырудағы құзыретін ескере отырып, алдын алу субъектілері айқындайды.
      19-3-бап. Профилактикалық есеп және бақылау
      1. Профилактикалық есепті кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қараусыздық пен панасыздықтың алдын алу жүйесінің субъектілері жүзеге асырады және ол құқық бұзушылық жасаған немесе қоғамға қарсы әрекетпен айналысатын кәмелетке толмағандар туралы деректерді анықтау, тіркеу, жинау және талдау жөніндегі шаралар жүйесін білдіреді.
      2. Профилактикалық бақылау - профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандардың өмір салтын, мінез-құлқын, тәрбиесін және ұсталуын қадағалау және олармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу.
      3. Профилактикалық есеп пен бақылауды профилактикалық есепте тұрған, оның қызмет көрсететін аумағында тұратын кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қараусыздық пен панасыздықтың алдын алу жүйесінің субъектілері жүзеге асырады.
      Профилактикалық есеп жүргізуде және бірнеше мемлекеттік органдарда есепте тұрған кәмелетке толмағандарды бақылауды жүзеге асыруда өзара іс-қимыл жасасу тәртібі олардың бірлескен бұйрықтарымен айқындалады.
      4. Профилактикалық есепке қою туралы шешімді кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қараусыздық пен панасыздықтың алдын алу жүйесінің субъектілері профилактикалық есепке қою үшін негіздердің болуын куәландыратын құжаттарды алған күннен бастап он күн ішінде қабылдайды.
      5. Профилактикалық есепке қою туралы шешім кәмелетке толмағандардың тиісті санатымен профилактикалық бақылауды жүзеге асыруға жауапты орган бекіткен қаулымен ресімделеді, кәмелетке толмаған және кәмелетке толмағанның ата-анасы немесе оларды ауыстыратын адамдарға қол қою арқылы жарияланады.
      Профилактикалық есепке қойылған кәмелетке толмағандарға қаулыны жариялаған кезде ауызша немесе жазбаша түрде олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, ол туралы қаулыда белгіленеді.
      Профилактикалық есепке қою туралы қаулыда оны шығарған органның лауазымды адамының лауазымы, тегі, инициалдары, толтырылған күні мен орны, оған қатысты қаулы толтырылған кәмелетке толмаған және оның ата-анасы немесе оларды ауыстыратын адамдар туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, тұратын жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жұмыс немесе оқу орны), профилактикалық есепке қою негіздері көрсетіледі.
       19-4-бап. Профилактикалық карточка және профилактикалық іс
      1. Профилактикалық есепке алу профилактикалық карточкалар мен профилактикалық істерді толтыру арқылы жүзеге асырылады.
      Профилактикалық карточка мен профилактикалық істі құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілері кәмелетке толмағанды профилактикалық есепке қойған күні олардың мінез-құлкына жоспарлы бақылауды қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтар мен олардың тарапынан қоғамға қайшы әрекеттерді уақтылы ескерту мақсатында толтырады.
      2. Осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарға профилактикалық карточкалар толтырылады.
      Осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 7), 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарға профилактикалық істер толтырылады.
      3. Профилактикалық карточкаға кәмелетке толмағанның және оның ата-анасы немесе оларды ауыстыратын адамдардың сауалнамалық деректері, профилактикалық есепке қою негіздері, онымен профилактикалық әңгіме және басқа жеке алдын алу шаралары жүргізілгені туралы белгі, сондай-ақ профилактикалық есептен шығару негіздері не болмаса профилактикалық бақылауды ұзарту негіздері енгізіледі.
      Профилактикалық карточка толтыруға негіз болған материалдар және жеке алдын алу жұмысының нәтижелерін көрсететін және профилактикалық бақылауды тоқтатудың не болмаса ұзартудың мақсатқа сай екендігі туралы шешімді растайтын құжаттар профилактикаланатын адамдардың әрбір санаты бойынша жеке номенклатуралық істерге тігіледі.
      Осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандардың заң сыйлаушылық мінез-құлықты ұстанғысы келмейтіні туралы куәландыратын деректер болса, ішкі істер органдарының лауазымды адамдары оларға профилактикалық істер толтырып, оны осы кәмелетке толмағандарды арнайы білім беру ұйымдарына жіберу туралы мәселені шешу бойынша ұсынымхатпен бірге сотқа жібереді.
      4. Профилактикалық іс кәмелетке толмағанның және оның ата-анасы немесе оларды ауыстыратын адамдардың сауалнамалық деректерінен, оны профилактикалық есепке қоюға негіз болған материалдардан, оның тұрғылықты жері, жұмыс және/немесе оқу орны бойынша мінез-құлқы мен тәрбиесі, ұсталу жағдайы, өмір салты туралы ақпараттан, сондай-ақ жеке алдын алу жұмысының нәтижелерін көрсететін, профилактикалық бақылауды тоқтатудың не болмаса ұзартудың мақсатқа сай екендігі туралы шешімді растайтын құжаттардан тұрады.
      Профилактикалық карточка мен профилактикалық іс профилактикалық карточкалар мен профилактикалық істерді тіркеу журналында тіркеледі және адамды профилактикалық есептен шығарғанға дейін жүргізіледі.
      19-5-бап. Бақылауды тоқтату және профилактикалық есептен шығару
      1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қараусыздық пен панасыздықтың алдын алу жүйесінің субъектілері:
      1) осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандардың қоғамға қарсы әрекеттерін немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылықтардың соңғы фактісі анықталған сәтінен бастап бір жыл өткеннен кейін;
      2) арнайы білім беру ұйымдарында және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында ұсталатын кәмелетке толмағандар оларды бітіргеннен кейін 10 күн өткен соң;
      3) осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 6), 7), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы процессуалдық шешім шығарылғаннан кейін бір жыл еткен соң;
      4) осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 9), 10) және 13) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалау шараларына соттаған не болмаса шартты түрде соттаған мерзімін өтегеннен кейін немесе үкімді орындаудың шегерілген мерзімі өткеннен кейін;
      5) осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарды отбасына немесе өзге де балалар мекемесіне қайтарған сәттен бастап бір ай өткеннен кейін;
      6) қоғамнан оқшалаумен байланысты қылмыстық жаза тағайындау туралы үкім заңды күшіне енгеннен кейін 10 күн өткен соң;
      7) профилактикаланатын адам Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға шыққан, кәмелеттік жасқа толған не болмаса қайтыс болған сәттен бастап;
      8) профилактикалық есепке қойған сәттен бастап бір жыл өткен соң бақылауды тоқтатады және оны профилактикалық есептен шығарады.
      2. Кәмелетке толмағандарды оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында ұсталатын кәмелетке толмағандардың профилактикалық істері оларды одан әрі есепке алу және бақылау үшін жеке профилактикалық жұмысты жалғастыру үшін ішкі істер немесе білім беру органдарына жіберіледі.
      3. Егер бақылауды жүзеге асыру кезеңінде профилактикаланатын адамға жеке алдын алу шараларын қолдану үшін жаңа негіздер анықталса, тиісті кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қараусыздық пен панасыздықтың алдын алу жүйесінің субъектілері есепті жүргізу мерзімін ұзарту туралы қаулы шығарады. Бұл ретте профилактикалық есеп пен бақылау осы заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      19-6-бап. Бақылауды тоқтату және профилактикалық есептен шығару
                негіздері
      1. Профилактикалық есептен шығару және профилактикалық бақылауды тоқтату негіздері мыналар болып табылады:
      1) профилактикалық бақылауды жүзеге асыратын органның басшылығы бекіткен қаулы;
      2) бас бостандығынан айыруға соттау туралы сот үкімі;
      3) кәмелетке толмағанның қайтыс болуы туралы куәлік не болмаса оның Қазақстан Республикасынан тысқары жерге тұрақты тұруға кету фактісін немесе оның кәмелеттік жасқа толғанын растайтын құжат.
      2. Кәмелетке толмағанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалау шараларына, сондай-ақ шартты түрде немесе үкімнің орындалу мерзімі шегеріліп сотталған кезде профилактикалық есеп және бақылау осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Бас бостандығынан айыру орындарындағы жеке алдын алу жұмысы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.".
 
       2-бап . Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении дополнений и изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам профилактики правонарушений"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2008 года № 1087

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении дополнений и изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам профилактики правонарушений".

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Проект     

Закон Республики Казахстан

О внесении изменений и дополнений в некоторые
законодательные акты Республики Казахстан по
вопросам профилактики правонарушений

       Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., № 5-6, ст. 24; № 17-18, ст. 241; № 21-22, ст. 281; 2002 г., № 4, ст. 33; № 17, ст. 155; 2003 г., № 1-2, ст. 3; № 4, ст. 25; № 5, ст. 30; № 11, ст. 56, 64, 68; № 14, ст. 109; № 15, ст. 122, 139; № 18, ст. 142; № 21-22, ст. 160; № 23, ст. 171; 2004 г., № 6, ст. 42; № 10, ст. 55; № 15, ст. 86; № 17, ст. 97; № 23, ст. 139, 140; № 24, ст. 153; 2005 г., № 5, ст. 5; № 7-8, ст. 19; № 9, ст. 26; № 13, ст. 53; № 14, ст. 58; № 17-18, ст. 72; № 21-22, ст. 86, 87; № 23, ст. 104; 2006 г., № 1, ст. 5; № 2, ст. 19, 20; № 3, ст. 22; № 5-6, ст. 31; № 8, ст. 45; № 10, ст. 52; № 11, ст. 55; № 12, ст. 72, 77; № 13, ст. 85, 86; № 15, ст. 92, 95; № 16, ст. 98, 102; № 23, ст. 141; 2007 г., № 1, ст. 4; № 2, ст. 16, 18; № 3, ст. 20, 23; № 4, ст. 28, 33; № 5-6, ст. 40; № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 12, ст. 88; № 13, ст. 99; № 15, ст. 106; № 16, ст. 131; № 17, ст. 136, 139, 140; № 18, ст. 143, 144; № 19, ст. 146, 147; № 20, ст. 152; № 24, ст. 180; 2008 г., № 6-7, ст. 27; № 12, ст. 48, 51, 54, 57, 58; Закон Республики Казахстан от 5 июля 2008 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам специализированных межрайонных судов по делам несовершеннолетних", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 15 июля 2008 года):
      пункт 1 статьи 57 дополнить подпунктом 3) следующего содержания:
      "3) установление особых требований к поведению правонарушителя";
      дополнить статьей 59-1 следующего содержания:
      "Статья 59-1. Установление особых требований к поведению
                    правонарушителя
      1. При рассмотрении дел об административных правонарушениях, по ходатайству субъекта системы профилактики правонарушений, либо по собственной инициативе судом могут быть установлены особые требования к поведению лиц, привлекаемых к административной ответственности за совершение умышленных правонарушений, посягающих на личность, общественный порядок и нравственность, в сфере семейно-бытовых отношений, а также правонарушений, предусмотренных статьями 111-1, 112, 136, 318-321, 326-328 и 355 настоящего Кодекса на срок от трех месяцев до одного года:
      1) запрещение посещения развлекательных и досуговых заведений в вечернее и ночное время, если в ходе судебного рассмотрения дел об административном правонарушении будет установлено, что их посещение способствует формированию противоправного поведения у конкретного лица либо ставит под угрозу соблюдение прав и свобод других лиц;
      2) запрещение покидать жилище в ночное время;
      3) запрещение приобретать и использовать холодное, огнестрельное оружие и боеприпасы к нему;
      4) запрещение вступать в контакты с лицами, которым правонарушитель причинил физический, материальный или психологический ущерб;
      5) обязанность являться в органы-субъекты профилактики для проведения профилактических бесед.
      2. При наличии соответствующих медицинских рекомендаций в течение срока действия ограничений на правонарушителя могут быть возложены обязанности пройти курсы психокоррекционных программ.";
      статью 76 дополнить пунктами 2-1 и 2-2 следующего содержания:
      "2-1. Меры воспитательного воздействия, указанные в пункте 1 настоящей статьи, применяются также при наложении административного взыскания в целях устранения причин и условий, способствующих противоправному поведению несовершеннолетнего.
      2-2. Меры воспитательного воздействия, указанные в подпунктах 1), 2) и 3) пункта 1 настоящей статьи, назначаются органом (должностным лицом), налагающим административное взыскание. Ограничение досуга и применение принудительных мер профилактического характера, предусмотренных статьей 59-1 настоящего Кодекса, назначается судом при рассмотрении дела об административном правонарушении, совершенном несовершеннолетним, как по собственной инициативе, так и по ходатайству субъекта системы профилактики правонарушений.";
      статью 355 дополнить пунктом 3 следующего содержания:
      "3. Невыполнение официального предупреждения о прекращении антиобщественных действий, вынесенного сотрудником органов внутренних дел -
      влечет штраф в размере до пяти месячных расчетных показателей";
      дополнить статьей 365-1 следующего содержания:
      "Статья 365-1. Непринятие мер по устранению причин и условий,
                     способствовавших совершению правонарушения
      1. Непринятие руководителем организации и другими должностными лицами мер по устранению причин и условий, способствующих совершению преступлений или административных правонарушений, по представлениям (частным определениям) субъектов системы профилактики правонарушений, -
      влечет штраф в размере от десяти до пятнадцати месячных расчетных показателей.
      2. Действия, предусмотренные частью первой настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, -
      влекут штраф в размере от пятнадцати до двадцати пяти месячных расчетных показателей.";
      часть первую статьи 541 после цифр "363," дополнить цифрами "365-1,";
      подпункт 1) части первой статьи 636 после цифр "363," дополнить цифрами "365-1,".
      2. В Закон Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., № 3, ст. 18; 2004 г., № 2, ст. 10; 2005 г., № 7-8, ст. 19; № 17-18, ст. 76; 2006 г., № 3, ст. 22; № 10, ст. 52; 2007 г., № 2, ст. 14, 18; № 3, ст. 20; № 8, ст. 52; № 9, ст. 67; № 20, ст. 152):
      статью 7 дополнить подпунктами 5-5) и 5-6) следующего содержания:
      "5-5) установления квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы;
      5-6) установления квоты рабочих мест для несовершеннолетних выпускников детских домов и интернатов;";
      подпункт 4) пункта 2 статьи 9 изложить в следующей редакции:
      "4) выполнять установленную квоту рабочих мест для инвалидов, лиц освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников детских домов и интернатов".
      3. В Закон Республики Казахстан от 31 мая 1996 года "Об общественных объединениях" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., № 8-9, ст. 234; 2000 г., № 3-4, ст. 63; 2001 г., № 24, ст. 338; 2005 г., № 5, ст. 5; № 13, ст. 53; 2007 г., № 9, ст. 67):
      в части первой статьи 5 после слова "патриотического" дополнить словом ", правового".
      4. В Закон Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждении детской безнадзорности и беспризорности" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2004 г., № 18, ст. 105; 2007 г., № 9, ст. 67; № 20, ст. 152):
      подпункты 4) и 6) статьи 1 исключить;
      дополнить статьями 19-1, 19-2, 19-3, 19-4, 19-5 и 19-6 следующего содержания:
      "Статья 19-1. Меры индивидуальной профилактики
      Индивидуальная профилактика правонарушений включает:
      1) проведение профилактической беседы;
      2) постановку на профилактический учет и установление профилактического контроля;
      3) меры правового характера:
      направление в специальные организации образования и организации образования с особым режимом содержания;
      наложение административных и дисциплинарных взысканий;
      применение мер уголовно-правового воздействия (или характера).
      Статья 19-2. Профилактическая беседа
      1. Профилактическая беседа проводится представителем (работником) субъекта профилактики, к компетенции которого относится проведение индивидуальной профилактической работы с соответствующей категорией лиц, и заключается в разъяснении ответственности перед обществом, социальных и правовых последствиях антиобщественных действий, убеждении в необходимости следовать установленным нормам и правилам поведения.
      Профилактическая беседа проводится в органах, осуществляющих функции по профилактике правонарушений, а также по месту жительства, учебы, работы либо непосредственно на месте выявления антиобщественных действий.
      В ходе беседы лицо, в отношении которого применяется индивидуальные меры профилактики правонарушений, предупреждается о необходимости прекращения антиобщественных действий.
      Профилактическая беседа с несовершеннолетним в обязательном порядке проводится в присутствии его родителей, педагогов или иных законных представителей.
      2. После проведения профилактической беседы представителем субъекта профилактики правонарушений составляется акт, в котором указываются:
      дата и место его составления, должность, фамилия и инициалы лица, проводившего беседу;
      сведения о несовершеннолетнем, с которым проводилась беседа, и основания, послужившие поводом для ее проведения;
      сведения о законных представителях несовершеннолетнего и иных лицах, участвующих в проведении профилактической беседы.
      3. Факт проведения профилактической беседы регистрируется в журнале учета профилактических бесед, являющемся документом строгой отчетности, в котором фиксируются:
      дата, должность, фамилия и инициалы лица, проводившего беседу;
      сведения о лице, с которым проводилась беседа, и основания, послужившие поводом для ее проведения;
      сведения о законных представителях несовершеннолетнего и иных лицах, участвующих в проведении профилактической беседы;
      подписи лица, его составившего, и лица, с которым проводилась профилактическая беседа либо законных представителей несовершеннолетнего.
      В случае отказа от подписи лицом, с которым проводилась профилактическая беседа, в журнале делается соответствующая запись лицом, его составившим. Лицу, отказавшемуся от подписи, предоставляется право письменно изложить причины своего отказа.
      4. Основанием проведения профилактической беседы является совершение антиобщественных действий.
      Порядок учета актов проведенных профилактических бесед определяется субъектами профилактики с учетом их компетенции в осуществлении профилактической деятельности.
      Статья 19-3. Профилактический учет и контроль
      1. Профилактический учет осуществляется субъектами системы профилактики правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних и представляет собой систему мер по выявлению, регистрации, сбору и анализу данных о несовершеннолетних, совершивших правонарушения или занимающихся антиобщественными действиями.
      2. Профилактический контроль - наблюдение за образом жизни, поведением, воспитанием и содержанием несовершеннолетних, состоящих на профилактическом учете, и проведение с ними индивидуальной профилактической работы.
      3. Профилактический учет и контроль осуществляет субъект системы профилактики правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних, на территории обслуживания которого проживает несовершеннолетний, состоящий на профилактическом учете.
      Порядок взаимодействия в ведении профилактического учета и осуществлении контроля за несовершеннолетними, подлежащими учету в нескольких государственных органах, определяется их совместным приказом.
      4. Решение о постановке на профилактический учет принимается субъектами системы профилактики правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних в течение десяти дней со дня получения ими документов, свидетельствующих о наличии оснований для постановки на профилактический учет.
      5. Решение о постановке на профилактический учет оформляется постановлением, утвержденным органом, ответственным за осуществление профилактического контроля с соответствующей категорией несовершеннолетних, которое объявляется под роспись несовершеннолетнему и родителям несовершеннолетнего или лицам, их заменяющим.
      При объявлении постановления несовершеннолетним, поставленным на профилактический учет, в устной либо письменной форме разъясняются их права и обязанности, о чем делается отметка в постановлении.
      В постановлении о постановке на профилактический учет указываются должность, фамилия, инициалы должностного лица органа, вынесшего постановление, дата и место его составления, сведения о несовершеннолетнем, в отношении которого оно составлено и его родителях или лицах, их заменяющих (фамилия, имя, отчество, дата рождения, место жительства, наименование и реквизиты документа, удостоверяющего личность, идентификационный номер, сведения о регистрации по месту жительства, место работы или учебы), основания постановки на профилактический учет.
      Статья 19-4. Профилактическая карточка и профилактическое дело
      1. Профилактический учет осуществляется путем заведения профилактических карточек и профилактических дел.
      Профилактическая карточка и профилактическое дело заводятся субъектами профилактики правонарушений в день постановки несовершеннолетнего на профилактический учет в целях обеспечения планомерного контроля за их поведением и своевременного предупреждения правонарушений и антиобщественных действий с их стороны.
      2. На несовершеннолетних, указанных в подпунктах 1), 2), 3), 4), 5), 6) и 8) пункта 1 статьи 19 настоящего Закона, заводятся профилактические карточки.
      На несовершеннолетних, указанных в подпунктах 7), 9), 10), 11), 12) и 13) пункта 1 статьи 19 настоящего Закона, заводятся профилактические дела.
      3. В профилактическую карточку заносятся анкетные данные несовершеннолетнего и его родителей или лиц, их заменяющих, основания постановки на профилактический учет, отметки о проведении с ним профилактической беседы и других мер индивидуальной профилактики, а также основания снятия с профилактического учета либо продления профилактического контроля.
      Материалы, послужившие основанием для заведения профилактической карточки, и документы, отражающие результаты индивидуальной профилактической работы и подтверждающие выводы о целесообразности прекращения либо продления профилактического контроля, подшиваются в номенклатурные дела отдельно по каждой категории профилактируемых лиц.
      При наличии сведений, свидетельствующих о нежелании несовершеннолетних, указанных в подпунктах 1), 2), 3), 4) и 5) пункта 1 статьи 19 настоящего закона, следовать законопослушному поведению, должностные лица органов внутренних дел заводят на них профилактические дела, которые вместе с представлением вносят в суд для решения вопроса о направлении этих несовершеннолетних в специальные организации образования.
      4. В профилактическом деле содержатся анкетные данные несовершеннолетнего и его родителей или лиц, их заменяющих, материалы, послужившие основанием для его постановки на профилактический учет, информация о его образе жизни, условиях содержания, воспитания и поведении по месту жительства, работы и/или учебы, а также документы, отражающие результаты индивидуальной профилактической работы, подтверждающие выводы о целесообразности прекращения либо продления профилактического контроля.
      Профилактическая карточка и профилактическое дело регистрируется в журнале регистрации профилактических карточек и профилактических дел и ведутся до снятия лица с профилактического учета.
      Статья 19-5. Прекращение контроля и снятие с профилактического
                   учета
      1. Субъекты системы профилактики правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних прекращают контроль и снимают несовершеннолетнего с профилактического учета:
      1) по истечении одного года с момента выявления последнего факта совершения антиобщественных действий или умышленных административных правонарушений несовершеннолетними, указанными в подпунктах 3), 4) и 5) пункта 1 статьи 19 настоящего закона;
      2) через 10 дней после выпуска несовершеннолетних, содержащихся в специальных организациях образования и организациях образования с особым режимом содержания;
      3) через один год после вынесения процессуального решения об освобождении от уголовной ответственности несовершеннолетних, указанных в подпунктах 6), 7), 11) и 12) пункта 1 статьи 19 настоящего закона;
      4) по истечении срока отбывания наказания осужденных к мерам наказания, не связанным с изоляцией от общества, либо условного осуждения или по истечении срока отсрочки исполнения приговора несовершеннолетних, указанных и подпунктах 9), 10) и 13) пункта 1 статьи 19 настоящего закона;
      5) по истечении одного месяца с момента возвращения в семью или иное детское учреждение несовершеннолетних, указанных в подпункте 1) пункта 1 статьи 19 настоящего закона;
      6) по истечении 10 дней после вступления в законную силу приговора о назначении уголовного наказания связанного с изоляцией от общества;
      7) с момента выезда профилактируемого лица на постоянное место жительства за пределы Республики Казахстан, достижения им совершеннолетия либо его смерти;
      8) по истечении одного года с момента постановки на профилактический учета.
      2. Профилактические дела несовершеннолетних, содержащихся в Центрах временной изоляции, адаптации и реабилитации несовершеннолетних, направляются для дальнейшего учета и контроля в органы внутренних дел или образования для продолжения индивидуальной профилактической работы.
      3. В случае если в период осуществления контроля будут выявлены новые основания для применения к профилактируемому лицу мер индивидуальной профилактики, соответствующим субъектом системы профилактики правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних выносится постановление о продлении срока ведения учета. При этом профилактический учет и контроль осуществляется в порядке, определенном настоящим законом.
      Статья 19-6. Основания прекращения контроля и снятия с
                   профилактического учета
      1. Основаниями снятия с профилактического учета и прекращения профилактического контроля являются:
      1) постановление, утвержденное руководством органа, осуществляющего профилактический контроль;
      2) приговор суда об осуждении к лишению свободы;
      3) свидетельство о смерти либо документ, подтверждающий факт выезда несовершеннолетнего на постоянное место жительства за пределы Республики Казахстан или достижения им совершеннолетия.
      2. При осуждении несовершеннолетнего к мерам наказания, не связанным с изоляцией от общества, а также условно или с отсрочкой исполнения приговора профилактический учет и контроль осуществляется в порядке, установленном настоящим законом.
      3. В местах лишения свободы индивидуальная профилактическая работа осуществляется в соответствии с Уголовно-исполнительным кодексом Республики Казахстан.".

       Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования.

       Президент
      Республики Казахстан