Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Бас хатшысының орынбасарына тұрғын үйді жалдау жөніндегі шығыстарды төлеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1103 Қаулысы

      "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының органдары туралы ережелер туралы" және "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының хатшылығының саны, құрылымы және квоталық лауазымдарды Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер арасында бөлу туралы" Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі шешімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2008 жылғы 1 қаңтар 31 желтоқсан кезеңінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Бас хатшысының орынбасарына тұрғын үйді жалдағаны үшін төлем айына 2 000 АҚШ доллары мөлшерінде бекітілсін.
      2. Осы қаулының 1-тармағына сәйкес қаражатты жұмсау республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне 002 "Қарулы Күштер қызметінің негізгі түрлерін қамтамасыз ету" бағдарламасының 106 "Сыртқы саяси мүдделерді қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен жүргізілетін болады деп белгіленсін.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Бас хатшысының орынбасарын қаржылай қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 шілдедегі N 686 қаулысы ;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 шілдедегі N 686 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 тамыздағы N 738 қаулысы .
      4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Об оплате расходов по найму жилья заместителю Генерального секретаря Организации Договора о коллективной безопасности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2008 года № 1103

      В соответствии с решениями Совета коллективной безопасности от 28 апреля 2003 года "О Положениях об органах Организации Договора о коллективной безопасности" и "О численности, структуре и распределении квотных должностей Секретариата Организации Договора о коллективной безопасности между государствами-членами Организации Договора о коллективной безопасности" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить с 1 января по 31 декабря 2008 года оплату за наем жилья заместителю Генерального секретаря Организации Договора о коллективной безопасности в размере 2 000 долларов США в месяц.
      2. Установить, что расходование средств в соответствии с пунктом 1 настоящего постановления будет производиться за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете Министерства обороны Республики Казахстан по подпрограмме 106 "Обеспечение внешнеполитических интересов" программы 002 "Обеспечение основных видов деятельности Вооруженных Сил".
      3. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июля 2003 года № 686 "О финансовом обеспечении заместителя Генерального секретаря Организации Договора о коллективной безопасности";
      2) постановление Правительства Республики Казахстан от 4 августа 2006 года № 738 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июля 2003 года № 686".
      4. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2008 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов