Мақта және мақтадан жасалатын өнімдердің импортына қатысты іс қарауды бастау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1178 Қаулысы

      "Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті:
      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлар импортына қатысты іс қарауды бастасын;
      2) қаулыға қосымшаға сәйкес іс қарау рәсімі аяқталғанға дейін заңнамада белгіленген тәртіппен тауарлар импортын лицензиялауды жүзеге асырсын;
      3) он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетіне іс қараудың басталғаны туралы хабарласын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің      
      2008 жылғы 18 желтоқсандағы
      N 1178 қаулысына   
      қосымша    

       Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін,
  оларға қатысты іс қарау рәсіміне бастама білдірілетін                             тауарлардың тізбесі

Өнімнің атауы ҚР СЭҚ ТН бойынша коды

Мақта және одан жасалған бұйымдар

3005 90 100 0

Гигроскопиялық мақтадан жасалған мақта

5601 21 100 0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады