Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1183 Қаулысы

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және су мен дала экологиялық жүйелерінің табиғи дамуын сақтау, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің санын қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатынан жалпы алаңы 20780 гектар жер учаскелері алынсын.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері және Ақмола облысы Қорғалжын ауданы мен Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағындағы жалпы алаңы 263428 гектар босалқы жерлер Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгілеген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) берілсін.
      Көрсетілген жер учаскелері босалқы жерлер және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын.
      3. Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым сала және (немесе) шектеу қоя отырып, мекеме жерлерінің төңірегінде күзет аймағын белгілесін.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                          2008 жылғы 18 желтоқсандағы
                                              N 1183 қаулысына
                                                  қосымша

       Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
     Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қорғалжын
   мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне тұрақты
  жер пайдалануға берілетін Ақмола облысы Қорғалжын ауданы мен
Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағындағы жер учаскелерінің
                        экспликациясы

Атауы Жалпы
алаңы,
га
Оның ішінде, га
а/ш
мақ-
са-
тын-
дағы
жер-
лер
оның ішінде бо-
сал-
қы
жер-
лер
оның ішінде
а/ш жерлері өзге
ал-
қап-
тар
а/ш жерлері өзге
ал-
қап-
тар
жай-
ылым
ша-
бын-
дық
бар-
лығы
а/ш
жер-
лері
ег-
іс-
тік-
тер
жай-
ылым
бар-
лығы
а/ш
жер-
лері
Ақмола облысының Қорғалжын ауданы

"Сау-
мал-
көль-
Агро"
ЖШС

15673

15673



10874

10874

4799






"Агро-
Стиль"
ЖШС

273

273

273



273







"Ораз
ауылы"
А/Ш

4834

4834



1975

1975

2859











Қызыл-
сай а/о

1303






1303

716

55

771

532

Жиыны:

22083 20780 273 12849 13122 7658 1303 716 55 771 532
Қарағанды облысының Нұра ауданы

N 1
учаске

256778






256778

237692



237692

19086

N 2
учаске

5347






5347

3904



3904

1443

Жиыны:

262125




262125 241596

241596 20529












Барлық
жерлер
:

284208 20780 273 12849 13122 7658 263428 242312 55 242367 21061

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады