Байланыс формасы

Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1339 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 289 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.05.2018 № 289 қаулысымен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 94-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қоса беріліп отырған тізбеде көрсетілген уәкілетті органдар республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты құрылымдық бөлімшелерді анықтасын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қоса беріліп отырған тізбеде көрсетілген уәкілетті органдардың салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың республикалық бюджетке түсуінің толықтығын және уақытылығын қамтамасыз етуі жөніндегі бақылауды жүзеге асыру жүктелсін.

      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Салыққа жатпайтын түсімдерді өндіріп алуға жауапты және олардың мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N 1303 қаулысы ;

      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 438 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 17, 191-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N 1303 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 715 қаулысы .

      5. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1339 қаулысымен
бекітілген

Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық
(қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе)
есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі
капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің,
бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін
сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды
жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің
      2010.09.30 № 1009, 2011.09.20 N 1075; 02.05.2013 N 448 (алғашқы ресми
      жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2013 N 594; 14.07.2016 № 402; 15.11.2016 № 704; 29.12.2016 № 902 қаулыларымен.

Р/с N

Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың атауы

Республикалық бюджетке түсімдердің атауы

1

2

3

Салыққа жатпайтын түсімдер

1

Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты тиісті салалардың уәкілетті органдары

Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері

2

Акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар

Республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер

3

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар

Республикалық меншіктегі заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер

4

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін түсімдер

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық, депоненттік берешегінің түсімдері

Бұрын республикалық бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражаттарды қайтару

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

Орталық мемлекеттік органдар тартатын кепілдер

5

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Әскери полигондарды пайдаланғаны үшін жалдау ақысынан түсетін түсімдер

Қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін түсімдер

6

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті

"Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін жалдау ақысынан түсетін түсімдер

7

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 1009 Қаулысымен.

7-1

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Атқарушылық санкция

8

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын уәкілетті мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулысы болған жағдайда)

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

Тәркіленген мүлікті, белгіленген тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде кедендік бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын сатудан түсетін түсімдер

8-1

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Сот үкімдері бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тағайындалған айыппұлдар

9

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті

Жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға бергені үшін төлемақы

10

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.09.20 N 1075 Қаулысымен.

10-1

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, зиянды өтеу туралы талаптар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат

Мұнай секторы ұйымдарының зиянды өтеуі туралы талаптар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының квота көлемі резервін басқарудан және белгіленген мөлшер бірліктерін беруден түскен түсімдер

11

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда орман алқаптарын пайдалану үшін алып қойған кезде орман шаруашылығы өндірістерінің зияндарын өтеуден түсетін түсімдер

11-1.

Жергілікті атқарушы орган

Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалану үшін оларды алған кезде ауыл шаруашылығы өндірістерінің зияндарын өтеуден түсетін түсімдер

12

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Республикалық меншіктегі мүлікті жалға алудан түсетін кірістер

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша сыйақылар

Екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда мемлекеттік сыртқы қарыздардың қаражатын орналастыруға сыйақылар

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына үкiметтiк сыртқы қарыздар қаражаты есебiнен республикалық бюджеттен берiлген бюджеттiк кредиттер бойынша сыйақылар

Мамандандырылған ұйымдарға ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Мамандандырылған ұйымдарға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Заңды тұлғаларға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен 2005 жылға дейін республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік кепілдіктер бойынша төлеген талаптар бойынша сыйақылар

Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында сатып алынған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардан түскен сыйақылар

Республикалық меншіктегі жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлемақы

Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен тапсырудан немесе өндіріп алудан немесе мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз көрсетілген қызметтердің құнынан алынатын сомалардың түсімі

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Мамандандырылған ұйымдарға, шет мемлекеттерге, жеке тұлғаларға бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша республикалық бюджеттен берілген айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Мүлiктi жария еткенi үшiн алым

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

13

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер

Материалдық емес активтерді сату

14

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 902 қаулысымен.

15

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Мемлекеттік резервтен алынған тауарлар үшін берешектерді өтеуден түсетін түсімдер

Нормативтерден тыс жоғары қорларды сатудан түсетін түсімдер

Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдер

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдер

Трансферттер түсімдері

16

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару

Пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару

Атырау облысының облыстық бюджетінен бюджеттік алып қою

Маңғыстау облысының облыстық бюджетінен бюджеттік алып қою

Алматы қаласының бюджетінен бюджеттік алып қою

Астана қаласының бюджетінен бюджеттік алып қою

Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджеттің шығындарын өтеуге трансферттердің түсімдері

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепiлдендірілген трансферт

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке өткен жылы аударылмаған кепiлдендірілген трансферт сомасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Республикалық бюджеткe берiлетiн нысаналы трансферт

Бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда жалпы сипаттағы трансферттерді қайтару

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жете пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару

Бюджеттік кредиттерді өтеу

17

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Мамандандырылған ұйымдарға ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Мамандандырылған ұйымдарға үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Заңды тұлғаларға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен

2005 жылға дейін берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының республикалық бюджеттен берілген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредиттерді қайтаруы

Республикалық бюджеттен берілген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредиттерді жеке және заңды тұлғалардың қайтаруы

Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған қаражатты қайтару

Бюджеттік кредиттер, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған бюджет қаражаты бойынша берешекті өтеу есебіне мемлекет пайдасына алынған немесе өндірілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер

Республикалық бюджеттен берілген, пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару

Республикалық бюджеттен берілген, пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттерінен қайтару

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

18

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Республикалық меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлесін, бағалы қағаздарын сатудан түсетін түсімдер

Республикалық меншіктегі және тау-кен және қайта өңдеу салаларына қарайтын мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер

Мүліктік кешен түріндегі республикалық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарды, өзге де жедел басқарудағы немесе республикалық кәсіпорындардың шаруашылық қожалығындағы мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер

Халықаралық ұйымдардың заңды тұлғаларының қатысу үлесін, бағалы қағаздарын сатудан түсетін түсімдер

Қарыздар түсімі

19

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер

Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер

Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер

Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатудан түсетін түсімдер

Басқа да мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар

Қазақстан Республикасының Үкіметі алатын қарыздар

Халықаралық қаржы ұйымдарынан Кредиттер

Шет мемлекеттерден кредиттер

Шет мемлекеттердің коммерциялық банктері мен фирмаларынан кредиттер

Капиталдардың сыртқы нарықтарында орналастырылған мемлекеттік қарыздық міндеттемелер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады