Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы N 873 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 63 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы N 873 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 36, 410-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесінде:
      14-тармақта:
      1) тармақша алынып тасталсын;
      2) тармақшада:
      "2 - 5" деген сандар "1, 2, 3, 4, 5" деген сандармен ауыстырылсын;
      "ғимараттың төбесінде" деген сөздерден кейін "немесе фронтонында немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) 6, 7, 8, 9 қабатты (30 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ғимараттың төбесінде немесе фронтонында (1,5 х 3 метрден 2x4 метрге дейін өлшеммен) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (1x2 метр өлшеммен) орналастырылады;";
      4) тармақшада "(2 х 4 метр немесе одан жоғары өлшеммен) ғимараттың төбесі деңгейінде немесе" деген сөздер "ғимараттың төбесінде немесе фронтонында (2x4 метр және одан жоғары өлшеммен) немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21-тармақта:
      1) тармақша "ғимараттың жабу деңгейінде" деген сөздерден кейін "немесе фронтонында немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) 2, 3, 4, 5 қабатты (20 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе фронтонында (диаметрі 1-ден 1,5 метрге дейін) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (диаметрі 500 миллиметр) орналастырылады;
      3) 6, 7, 8, 9 қабатты (30 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе фронтонында (диаметрі 2 метр) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (диаметрі 500 миллиметр) орналастырылады;";
      4) тармақшада "(диаметрі 3 метр немесе одан жоғары) соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе ғимараттың кіреберіс маңдайшасында немесе фронтонында" деген сөздер "соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе фронтонында (диаметрі 3 метр және одан жоғары) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2007 года № 873

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 января 2009 года № 63

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2007 года № 873 "Об утверждении Правил размещения Государственного Флага, Государственного Герба Республики Казахстан и их изображений, а также текста Государственного Гимна Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 36, ст. 410) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах размещения Государственного Флага, Государственного Герба Республики Казахстан и их изображений, а также текста Государственного Гимна Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      в пункте 14:
      подпункт 1) исключить;
      в подпункте 2):
      цифры "2-5" заменить цифрами "1, 2, 3, 4, 5";
      дополнить словами "или на фронтоне или на козырьке входа в здание";
      подпункт 3) изложить в следующей редакции:
      "3) на зданиях 6, 7, 8, 9 этажей (до 30 метров) - Государственный Флаг Республики Казахстан размещается на крыше здания или на фронтоне (размером от 1,5 х 3 метров до 2 х 4 метров) или на козырьке входа в здание (размером 1 х 2 метра);";
      в подпункте 4) слова "(размером от 2 х 4 метров и более) размещается на крыше здания, либо" заменить словами "размещается на крыше здания или на фронтоне (размером от 2 х 4 метров и более) или";
      в пункте 21:
      подпункт 1) дополнить словами "или на фронтоне или на козырьке входа в здание";
      подпункты 2) и 3) изложить в следующей редакции:
      "2) на зданиях 2, 3, 4, 5 этажей (до 20 метров) - Государственный Герб Республики Казахстан размещается на уровне перекрытия последнего этажа или на фронтоне (диаметром от 1 до 1,5 метров) или на козырьке входа в здание (диаметром 500 миллиметров);
      3) на зданиях 6, 7, 8, 9 этажей (до 30 метров) - Государственный Герб Республики Казахстан размещается на уровне перекрытия последнего этажа или на фронтоне (диаметром 2 метра) или на козырьке входа в здание (диаметром 500 миллиметров);";
      в подпункте 4) слова "(диаметром 3 метра и более) размещается на уровне перекрытия последнего этажа, либо на козырьке входа в здание, фронтоне" заменить словами "размещается на уровне перекрытия последнего этажа или на фронтоне (диаметром 3 метра и более) или на козырьке входа в здание".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов