Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы N 914 және 2007 жылғы 16 қазандағы N 958 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 84 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.10 № 924 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы N 914 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 37, 422-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламада:
      "Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру тетігі" деген 5-бөлімде:
      "Қазір жұмыс істеп тұрған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту" деген 5.3.1-кіші бөлімде:
      бірінші абзацта "Алматы облысындағы" деген сөздер "Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацта "Ақмола облысындағы "Көкшетау" МҰТП кеңейту жөнінде" деген сөздер "Ақмола облысындағы "Бурабай" МҰТП алқаптарын кеңейту жөнінде, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы "Көкшетау" МҰТП алқабын түзету жөнінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру" деген 5.3.2-кіші бөлімде:
      бірінші абзацта "Алматы облысында Жоңғар Алатауы (Жетісу) МҰТП," деген сөздерден кейін "Жамбыл облысында "Мерке" МҰТП және "Жайсан" мемлекеттік табиғи қаумалын (кешенді)," деген сөздермен толықтырылсын;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Далалық, сулы-батпақты және су маңындағы экожүйелерді сақтау мақсатында 2010 жылға дейін Атырау облысында "Ақжайық" МТР-ын құру, Қостанай облысында "Алтын дала" МТР-ын құрудың ЖҒ және ТЭН әзірлеу ұсынылып отыр.";
      "Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламаның іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
      мемлекеттік тілдегі мәтінінде "ҚОҚМ" деген аббревиатура "Қоршағанортамині" деген қысқарған сөзбен ауыстырылсын;
      "Қазір жұмыс істеп тұрған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту" деген 9-кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9.7-жолмен толықтырылсын:

"

9.7

"Бурабай" МҰТП аумағын кеңейту жөнінде ұсыныс енгізу

Үкіметке ұсыныс

АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ЖРБА, ПІБ (келісім бойынша)

2009 жылдың 4-тоқсаны

Қажет емес

                                                                   ";

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру" деген 10-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 10.6-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 10.12, 10.13 және 10.14-жолдармен толықтырылсын:
"

10.12

Астана қаласында республикалық маңызы бар мемлекеттік ботаникалық бақ құру жөнінде ұсыныс енгізу

Үкіметке ұсыныс

БҒМ (жинақтау), АШМ, Астана қ. әкімдігі

2010 жылдың 4-тоқсаны

Қажет емес

10.13

"Мерке" мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құру жөнінде ұсыныс енгізу

Үкіметке ұсыныс

АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ЖРБА

2010 жылдың 4-тоқсаны

Қажет емес

10.14

"Жайсан" мемлекеттік табиғи қаумалын (кешенді) құру жөнінде ұсыныс енгізу

Үкіметке ұсыныс

АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ЖРБА

2010 жылдың 4-тоқсаны

Қажет емес

                                                                   ";
      ескерту: мынадай мазмұндағы аббревиатурамен толықтырылсын:
      "ПІБ - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы";

      2) "2008 - 2010 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 қазандағы N 958 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 39, 450-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген "2008 - 2010 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасында:
      "Бағдарламаны іске асыру тетіктері және негізгі бағыттары" деген 5-бөлімнің "Елді мекендердің жасыл аймақтарын құру және оларды көгалдандыру" деген 5.2.4-кіші бөлімде:
      он екінші абзацта "басталды" деген сөз "жоспарланып отыр" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады