Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 166 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында :
      II "Қаржы секторын тұрақтандыру" деген бөлімде:
      "Жүйе құраушы екінші деңгейдегі банктерді жай және ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу, сондай-ақ реттелген қарыздар беру арқылы қосымша капиталдандыру" деген 2-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 2.6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"

2.6

ЕБД-ге қаржыландыруды беру шарттары (оның ішіне 2008 жылы бюджет қаражатынан капиталдандыруға алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан бөлінген "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның ақшалай қаражатын депозитке орналастыру жолымен), акцияларды қайта сатып алу, акционерлер арасындағы өзара қарым-қатынастардың және корпоративтік басқаруды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары туралы уағдаластықтарға қол жеткізу (іске асыру туралы келісімдерге, опциялық келісімдерге, акционерлер арасындағы келісімдерге және өзге де келісімдерге қол қою)

ЭБЖМ, Қаржымині, "Самұрық Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ЕДБ

Үкімет қаулысы

2009 жылғы ақпан

                                                                ".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                        К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады