Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін бюджеттік субсидиялау ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 170 Қаулысы.

      "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін бюджеттік субсидиялау ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының



      Премьер-Министрі К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 17 ақпандағы
N 170 қаулысымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін бюджеттік субсидиялау ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін бюджеттік субсидиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының " Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы " 2005 жылғы 8 шілдедегі, " 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы " 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі қызметтердің құнын бюджеттік субсидиялау тәртібін белгілейді.

      2. Бюджеттік субсидиялау 051 "Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін дамытуды бюджеттік субсидиялау" республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) бойынша тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат (бұдан әрі - қаражат) есебінен жүзеге асырылады.

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 1) бағдарламаның әкімшісі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      2) сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;

      3) сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің,

      қызметтердің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша түрде куәландыратын рәсім;

      4) тапсырыс беруші - халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау сатысындағы агроөнеркәсіптік кешен субъектісі;

      5) тапсырыс беруші-қатысушылар - бағдарламаны іске асыруға қатысатын тапсырыс берушілер;

      6) тартылған консультант - халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;

      7) халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылданған және тұтынушылардың қалың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;

      8) штаттағы консультант - халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушінің қызметкері;

      9) іріктеу - 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген бюджеттік субсидияларды тапсырыс беруші-қатысушылар арасында бөлу үшін бағдарламаға қатысатын тапсырыс беруші-қатысушыларды айқындау.

2. Агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының халықаралық стандарттарын әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі қызметтердің құнын бюджеттік субсидиялау тәртібі

      4. Агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жұмыстарын құнын бюджеттік субсидиялау жөніндегі қаражатты бөлу үшін бағдарламаның әкімшісі тапсырыс берушілер арасында іріктеу жүргізеді. 5. Республикалық бюджеттен төленетін қаражат сомасы халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жобаның бүкіл құнынан тапсырыс беруші шығынының 50 %-ынан аспайды.

      6. Бағдарламаны іске асыруға қатысатын тапсырыс берушілерді іріктеуді жүргізу үшін бағдарламаның әкімшісі:

      1) құрамында комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы бар комиссия құрады. Комиссияның сандық құрамы тақ сан болуы және бес адамнан кем болмауы тиіс;

      2) облыстар, Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармалары ұсынған тізім бойынша барлық тапсырыс берушілерге шақыру жібереді.

      7. Бағдарламаның әкімшісі бағдарламаны іске асыруға қатысатын және мынадай өлшемдерге жауап беретін тапсырыс берушілерді іріктеуді жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының резиденті ( белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген заңды немесе жеке тұлға);

      2) салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің болмауы.

      8. Тапсырыс беруші енгізуді тартылған консультант қамтамасыз ететін халықаралық стандартты пайдалана алады не кәсіпорынның құрылымында саны кемінде екі адам штаттағы қызметкерден тұратын сапа қызметі болғанда оны дербес енгізе алады.

      9. Тартылған консультантқа қойылатын талаптар:

      1) тапсырыс берушімен шарт жасасқан күні халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау бойынша кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі;

      2) кемінде екі аяқталған жобаға қатысуы;

      3) штатында тиісті дипломдары, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттары және халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу жөнінде жұмыс тәжірибесі бар халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сәйкестігін одан әрі растау саласындағы білікті мамандардың болуы (заңды тұлғалар үшін);

      4) тиісті дипломының, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттарының және халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу жөнінде жұмыс тәжірибесінің болуы (жеке тұлғалар үшін).

      Штаттағы консультантқа қойылатын талаптар:

      1) тиісті дипломдарының, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттарының және халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу жөнінде жұмыс тәжірибесінің болуы;

      2) менеджмент жүйесін әзірлеуші компаниядағы сапа қызметінің қызметкері ретінде кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі.

      10. Іріктеуге қатысуға ниет білдірген тапсырыс берушілер осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе өтінімге қол қою құқығына тиісті түрде ресімделген сенімхаты бар тұлға қол қойған, тапсырыс берушінің мөрі басылған, жабық конвертке салынған өтінімді комиссияға ұсынады.

      11. Тапсырыс беруші өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналарды қоса береді:

      1) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан аспайтын мерзімге салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің болмауы немесе болуы туралы тиісті салық органының бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, тиісті салық органының мөрі басылған белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;

      3) консалтингтік (консультациялық) қызметтер көрсететін тапсырыс берушінің негізгі қызметкерлерінің түйіндемесі (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, білімі, кәсіби тәжірибесі, іске асырылған жобаларға қатысуы және тиісті дипломдарының, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттарының белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері қоса берілген байланыс ақпараты);

      4) тапсырыс беруші мен сәйкестікті растау жөніндегі орган арасындағы сертификаттауды жүргізу туралы шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      5) өтінімге тапсырыс берушінің бірінші басшысының қолы қойылмаған жағдайда өтінімге қол қою құқығына арналған сенімхат;

      6) тапсырыс берушінің мемлекеттік тіркелгендігі (қайта тіркелгендігі) туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

      7) тартылған консультантпен жасалған халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді көрсетуге арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      8) тартылған консультантқа: заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркелгендігі (қайта тіркелгендігі) туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері және жеке тұлғалар үшін жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

      9) тартылған консультант туралы қысқаша ақпарат (компанияның даму тарихы, компания қызметінің негізгі бағыттары, халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу бойынша іске асырылған жобалар жөніндегі ақпарат, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындармен халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу бойынша жұмыс тәжірибесі);

      10) халықаралық стандарттарды енгізуді жүзеге асырған, тартылған консультанттың клиенттері туралы ақпарат (мекен-жайы, байланыс телефондары, е-mail);

      11) консалтингтік қызметтер көрсететін, тартылған консультанттың негізгі қызметкерлерінің (заңды тұлғалар үшін) түйіндемесі (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, білімі, кәсіби тәжірибесі, іске асырылған жобаларға қатысуы және тиісті дипломдардың, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттардың белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері қоса берілген байланыс ақпараты).

      Осы тармақтың 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды консультантты тартқан жағдайда тапсырыс беруші береді.

      12. Өтінім және қоса берілетін барлық құжаттар бір пакетке тігілуі, нөмірленуі тиіс, соңғы бетінің арғы жағындағы жіптің ұшы "__" парақ тігілді және нөмірленді. Күні 20__ жылғы "__"_______" деген сөздер жазылған қағаз парақпен желімделуі, тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасының қолы қойылуы және тапсырыс берушінің мөрімен бекітілуі тиіс. Конвертте тігілмеген жекелеген құжаттар болған кезде мұндай құжаттарды комиссия қарамайды және тапсырыс берушіге қайтарылады.

      13. Өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі бойынша 5 (бес) күн ішінде өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы жасалады, оған комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды.

      14. Комиссия өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жекелеген отырыста тапсырыс берушілердің өтінімдерін олардың толықтығы мен осы Ереженің талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды.

      15. Осы Ереженің талаптарына толығымен сәйкес келетін тапсырыс берушілер комиссияның шешімімен тапсырыс берушілер-қатысушылар болып белгіленеді.

      16. Шығындарды бюджеттік субсидиялау үшін әрбір тапсырыс беруші-қатысушыға бөлінетін қаражат көлемінің үлесін комиссия халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жобаның барлық құнынан тапсырыс беруші шығындарының сомаларына тікелей бара-бар түрде белгілейді.

      17. Комиссия отырысында ұсынылған құжаттарды қарау және өтінімдерді бағалау хаттамасы (бұдан әрі - комиссия отырысының хаттамасы) жүргізіледі. Комиссия шешімінің нәтижелері комиссия отырысының хаттамасында көрсетілуге тиіс, онда тапсырыс беруші-қатысушылардың атауы, орналасқан жері, тапсырыс беруші-қатысушылар айқындалған өлшемдер, тапсырыс беруші-қатысушыларға бөлінетін бюджеттік субсидиялардың көлемі, сондай-ақ өтінімдердің қабылданбау себептері көрсетіле отырып, белгіленген талаптарға жауап бермейтін тапсырыс берушілердің атауы көрсетіледі.

      18. Комиссия отырысының хаттамасы отырыс өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресімделеді, оған комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды. Комиссия шешімі барлық тапсырыс берушілерге жазбаша хабарланады.

      19. Тапсырыс беруші-қатысушыларды хабарландырған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде бағдарлама әкімшісі мен тапсырыс беруші-қатысушы арасында қаражат аудару тәртібі мен талаптарын, тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейтін шарт жасалады.

      20. Халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жұмыс тиісті жылдың 1 желтоқсанына дейін аяқталуы тиіс.

      21. Бюджеттік субсидиялар алу үшін тапсырыс беруші-қатысушы бағдарламаның әкімшісіне мынадай растайтын құжаттарды ұсынады:

      1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықаралық стандарттарды әзірлеуге, енгізуге және сертификаттауға жұмсалған тапсырыс беруші-қатысушының шығындарын бюджеттік субсидиялауға арналған өтінімді;

      2) тартылған консультант (консультантты тартқан жағдайда) пен тапсырыс беруші-қатысушы қол қойған, орындалған жұмыстар актілерінің (бухгалтерлік) нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

      3) сәйкестікті растау жөніндегі орган мен тапсырыс беруші-қатысушы қол қойған сертификаттау жөніндегі орындалған жұмыстар актілерінің (бухгалтерлік) нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

      4) тартылған консультант (консультантты тартқан жағдайда) пен сәйкестікті растау жөніндегі органның қызметтеріне тапсырыс беруші-қатысушының ақы төлегені туралы төлем тапсырмалары мен шот-фактуралардың тапсырыс беруші-қатысушының мөрі мен қолы қойылған көшірмелерін не қызметтерге ақы төленгенін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелерін;

      5) сапа сертификатының нотариалды куәландырылған көшірмелерін.

      22. Осы Ереженің 21-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырыс беруші-қатысушы бағдарламаның әкімшісіне тиісті жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынады.

      23. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі растайтын құжаттарды қарағаннан кейін осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада бюджеттік субсилиялар төлеу ведомосын және төлеуге арналған шоттарды қалыптастырады.

      24. Тапсырыс беруші-қатысушыларға бюджеттік субсидияларды төлеу үшін бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшелеріне төлеуге арналған шоттардың тізілімін екі данада және төлеуге арналған шотты ұсынады.

      25. Іріктеуді жүргізу кезінде қаражат толық бөлінбей қалған жағдайда, сондай-ақ тапсырыс беруші-қатысушылар бөлінетін бюджеттік субсидиядан бас тартқан жағдайда, бағдарламаның әкімшісі іріктеудің жүргізілетін күні мен орнын бекіте отырып, қайта іріктеу жүргізеді.

      26. Тапсырыс беруші-қатысушылар бюджеттік субсидияларды төлеу үшін ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы, қаражатты орынсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      27. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік бағдарламаның іске асырылуы, бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуы және нәтижесіне жеткізу үшін жауапты болады.

  Ауыл шаруашылығы өнімдері
өндірісін басқару жүйелерін
бюджеттік субсидиялау ережесіне
1-қосымша

Өтінім

      ______________________________________________________________

      (тапсырыс берушінің атауы)

      051 "Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін

      субсидиялау" республикалық бюджеттік бағдарламасын іске асыруға

      қатысуға ниет білдіреді.

      1. Бағдарламаны іске асыруға қатысушы туралы мәліметтер

      Толық атауы ________________________________________________________

      Заңды мекен-жайы ___________________________________________________

      Іс жүзіндегі мекен-жайы, телефондары, факсы, электрондық мекен-жайы

      ____________________________________________________________________

      Жарғылық капиталының мөлшері, теңге ________________________________

      Меншікті капиталының мөлшері, теңге ________________________________

      Құрылтайшылар ______________________________________________________

      Банктік деректемелері ______________________________________________

      Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй телефондары

      ____________________________________________________________________

      Негізгі қызметінің түрі ____________________________________________

      Жылдық айналымы, сомасы ____________________________________________

      Қызметкерлердің іс жүзіндегі саны __________________________________

      2. Тартылған консультанттың қысқаша сипаттамасы

      Толық атауы ________________________________________________________

      Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарда сапа

      менеджменті жүйелерін әзірлеу, енгізу жөніндегі жұмыс тәжірибесі

      ____________________________________________________________________

      Сертификат алған кәсіпорындардың саны ______________________________

      Заңды мекен-жайы ___________________________________________________

      Іс жүзіндегі мекен-жайы, телефондары, факсы, электрондық мекен-жайы

      ____________________________________________________________________

      Құрылтайшылар ______________________________________________________

      Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй телфондары

      ____________________________________________________________________

      Қызметшілер саны ___________________________________________________

      3. Жобаның қысқаша сипаттамасы

      Жобаның жалпы құны ________________________________________________;

      Төлем шарттары _____________________________________________________

      Жоба бойынша жұмыстардың басталған және аяқталған күні _____________

Р/с

N

Жұмыстардың кезеңдері мен түрлерінің атауы

Құны (теңге)

Жұмыстардың басталған және аяқталған күні

Оның ішінде орындалған жұмыстардың актісі ұсынылды






















      4. Жобаны іске асырудан жоспарланатын нәтижелер ____________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      __________________________ ________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.) м.о. (қолы, күні)

  Ауыл шаруашылығы өнімдері
өндірісін басқару жүйелерін
бюджеттік субсидиялау ережесіне
2-қосымша

Халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі тапсырыс беруші-қатысушының шығындарын бюджеттік субсидиялауға арналған өтінім

      Күні 20__ ж.____ __________

      Осымен тапсырыс беруші-қатысушы ____________________________ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен 200__ жылғы ____ _________ N __ халықаралық стандарттар әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын бюджеттік субсидиялау туралы шартқа сәйкес 051 "Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша тапсырыс берушінің (банк атауы) N ______ шотына республикалық бюджеттен ____________ теңге сомасында қаражат аударуды сұрайды.

      ____________________ м.о. ______________________________________

      (кәсіпорынның атауы) (кәсіпорынның бірінші басшысының

      қолы мен Т.А.Ә.)

  Ауыл шаруашылығы өнімдері
өндірісін басқару жүйелерін
бюджеттік субсидиялау ережесіне
3-қосымша
"Бекітемін"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
жауапты хатшысы

      _______________________________

      20__ жылғы "___" _______ N ____

051 "Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін
субсидиялау" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша
бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость

Р/с

N

Тапсырыс берушінің атауы

Субсидиялауға арналған шарттың N және күні

Барлық көрсетілген қызметтер сомасы (теңге)

Оның ішінде

Төлеуге жататыны (теңге)

консультациялық

сертификаттық









      Төлеуге жататын сома __________________________________ теңге

      (цифрмен, жазбаша)

      Қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту

      және ДСҰ департаментінің директоры ________________

      Қаржылық қамтамасыз ету

      департаментінің директоры ________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады