Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жекелеген ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қайта ұйымдастыру және қайта атау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы N 188 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Семей мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      Денсаулық сақтау және медициналық білім саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру олардың қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып;
      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қарағанды мемлекеттік медицина университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындардың жарғыларын және 2-тармағында көрсетілген кәсіпорындардың жарғыларына тиісті өзгерістерді бекітуге енгізсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2009 жылғы 19 ақпандағы
N 188 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.03.02 № 157 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады