Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 ақпандағы N 199 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.13 № 1345 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1316 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 48, 546-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Боранбаев           - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Марат Манапұлы        министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес
                      және есірткі айналымын бақылау комитеті алдын
                      алу және ведомствоаралық үйлестіру
                      басқармасының бастығы, хатшы;

Вощенкова Тамара    - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Анатольевна           вице-министрі;

Дәленов Руслан      - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Ерболатұлы

Майлыбаев Бағлан    - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат
Асаубайұлы            вице-министрі;

Алпысбаев Мәлік     - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
Ақылбайұлы            министрлігінің Спорт комитеті төрағасының
                      орынбасары;
      көрсетілген құрамнан Айтбаева Елена Игоревна, Омаров Қадыр Тоқтамысұлы, Ерғожин Дәулет Еділұлы, Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, Абоимов Виктор Андреевич шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады