Байланыс формасы

"Газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 248 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 3 наурыздағы
N 248 қаулысымен
бекітілген

"Газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы

      1. Осы "Газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) артық қысымы 1,6 МПа аспайтын сұйылтылған көмірсутекті газдар үшін газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларын жобалауға, өндіруге (салуға) және пайдалануға қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейді.

      2. Газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларының құрамдас бөлшектерін (дайын өнімді) теңестіру жиынтығында айырып тану жеткілікті таңбалануы мен ілеспе құжаттары, белгілері, өлшемдері, көрсеткіштері мен талаптары бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) кодтарын пайдалану арқылы жүргізіледі.

      Осы Техникалық регламент қолданылатын өнім түрлері мен оның кодтары осы Техникалық регламент қосымшасында көрсетілген.

      3. Осы Техникалық регламент мыналарға:

      1) газ құю (газ толтыру) станцияларына, аралық баллон қоймаларына, автомобильге газ құю станцияларына, сұйылтылған көмірсутекті газдардың резервуарлық, топтық және жеке баллон қондырғыларына;

      2) сұйылтылған көмірсутекті газдардың газ шығыны (газ қолданушы) қондырғылары, газ реттеу пункттері; барлық мақсаттағы ғимараттардың ішкі сұйылтылған көмірсутекті газдары мен газ жабдығына таратылады.

      4. Техникалық регламент мыналарға:

      1) химиялық, мұнай химиялық және мұнай өңдеу өндірістерінің технологиялық газ өткізгіштері мен газ жабдығына;

      2) металлургиялық өндірістер үшін технологиялық (алаң ішіндегі) газ өткізгіштер, резервуарлар мен газ жабдығына;

      3) эксперименттік газ өткізгіштер мен газ жабдығының тәжірибелік үлгілеріне;

      4) автомобиль, теміржол көлігінің, өзен, теңіз және әуе кемелерінің жылжымалы газ пайдалану қондырғыларына, газ жабдығына;

      5) газ, ауа қоспаларының жарылыс энергиясын пайдаланатын және (немесе) қорғаныш газдарды алуға арналған қондырғыларға;

      6) қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді мекендердің (поселкеаралықтарды қоса алғанда), өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және басқа да кәсіпорындардың газ өткізгіштеріне;

      7) сұйылтылған көмірсутекті газдарды сақтау және өзен мен теңіз кемелерімен сұйылтылған көмірсутекті газдарды тасымалдау үшін оларды құйып толтыру терминалдарына;

      8) сұйылтылған көмірсутекті газдарды құйып толтыру темір жол эстакадаларына, эстакадаларға баратын темір жолдарға;

      9) сұйылтылған көмірсутекті газдарды тасымалдау (апару) үшін темір жол және автомобиль цистерналарына, контейнерлерге;

      10) әскери тағайындалуы бар газ және газды пайдаланатын жабдыққа;

      11) орнатылған жабдықтың жалпы жылу қуаттылығы 100 кВт не төмен болғанда және (немесе) қызметтерді көрсету, өндірістік мақсаттар үшін жылу энергиясын өндірмейтін жылу генераторлары, қазандары бар әкімшілік, қоғамдық және тұрмыстық ғимараттарды автономды түрде жылыту мен ыстық сумен жабдықтау жүйелеріне таралмайды.

2. Терминдер мен анықтамалар

      5. Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 568 қаулысымен бекітілген Табиғи газды жеткізу, тасымалдау және сату ережесінде , Сұйытылған көмірсутекті газдарды жеткізу, тасымалдау және пайдалану ережесінде көрсетілген терминдер мен анықтамаларды, сонымен қатар төмендегі анықтамалар мен терминдер қолданылады:

      1) автомобильдік газ құю станциясы - жүк, арнайы және жеңіл көлік құралдарының отын жүйесінің баллондарына тек сұйылтылған көмірсутекті газ құюға арналған станция;

      2) аралық баллондар жинау пункті - газ толтыру станцияларында сұйылтылған көмірсутекті газымен толтырылған тұрмыстық газ баллондарын сақтауға және тұтынушыларға таратуға арналған газбен жабдықтау құрылысы;

      3) блокты газ реттеу пункті - газ бөлу желілерінде газдың қысымын төмендетуге және оны газ бөлу жүйелерінде тиісті деңгейде ұстап тұруға арналған тасымалдауға жарайтын блокты күйдегі толық зауыттық дайын технологиялық құрылғы;

      4) буланатын баллонды қондырғы - сұйылтылған көмірсутекті газды газдандыру құрылғы;

      5) газдандырылған өндірістік үй-жай - технологиялық (өндірістік) үрдісте көрсетілген жабдықты қолдану мақсатында отын ретінде сұйылтылған көмірсутекті газын пайдалануға арналған газ және газ тұтыну жабдығы орналастырылған өндірістік үй-жай;

      6) газды толтыру пункті — тұрмыстық баллондарға, автогазтасушыларға газ құю, сақтау, қабылдауды және тұтынушыларға газ беруді жүзеге асыратын газ шаруашылығының объектісі;

      7) газды бөліп тарату тораптары - газды қабылдау (беру) пунктінен тұтынушыға дейін газ беруді қамтамасыз ететін қалалық, поселке аралық, поселкелік, ауылдық, көшелік, аула газ құбырлары;

      8) газ жабдығын пайдаланатын өндірістік емес сипаттағы асхана, фабрика, ас үй, шаштараз және басқа да тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары;

      9) газ жабдығы - газ құбырларының құрама элементтері ретінде қолданылатын толық зауыттық дайындықтағы (теңгермелер, конденсат жинақтар, құбырлы бекіткіш арматура және тағы сол сияқты) техникалық бұйымдар;

      10) газ құю станциясы - автоцистерналар мен тұрмыстық баллондарда тұтынушыларға сұйылтылған көмірсутекті газын құюға және жөнелтуге арналған станция;

      11) газ толтыру станциясы - автоцистерналар мен тұрмыстық баллондарда сұйылтылған көмірсутекті газын қабылдау, сақтау және тұтынушыларға жөнелту, баллондарды, сақтандыру-бекіту арматураларын жөндеудің барлық түрі, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды гидравликалық сынау және іштей қарау, әрі қарай қолдануға жарамайтын баллондарды жоюды жүзеге асыратын газ шаруашылығының объектісі;

      12) газ реттеу пункті, қондырғы - газ бөлу желілерінде газдың қысымын төмендетуге және оны тиісті деңгейде ұстап тұруға арналған технологиялық құрылғы;

      13) газ шығыны (газ пайдалану) сұйылтылған көмірсутекті газ қондырғылары - технологиялық үдерісте отын ретінде сұйылтылған көмірсутекті газды пайдаланатын жабдық. Газ шығыны қондырғылары қазандықтар, турбиналар, пештер, газ поршень қозғалтқыштары, технологиялық тізбектер және басқа да жабдық болып табылады;

      14) кәсіпорынның газ шаруашылығы - газ өткізгіштер, сұйылтылған көмірсутекті газының қондырғылары, газ өткізгіштердегі құрылыстар, электр химиялық мүжілуден қорғау құралдары, газ реттеу пункттері, газ реттеу қондырғылары, кәсіпорын аумағында орналасқан газдандырылған өндірістік және әкімшілік-тұрмыстық ғимараттардың газ жабдығы;

      15) сұйылтылған көмірсутекті газдардың топтық баллон қондырғысы - құрамына екі және одан да көп тұрмыстық газ баллондары, газ өткізгіштер жүйесі, тұрмыстық және өнеркәсіптік мақсатта қолданылатын жеке қысым реттегіштер кіретін газбен жабдықтау құрылысы;

      16) сұйылтылған көмірсутекті газдардың жеке баллон қондырғысы - бір баллоннан, газ өткізгіштер жүйесінен және жеке қысым реттегіштен тұратын газбен жабдықтау қондырғысы;

      17) сұйылтылған көмірсутекті газдарының резервуар қондырғысы - баллондарды, автогаз тасығыштарды толтыруға арналған сұйылтылған көмірсутекті газды қабылдау, сақтау және газ толтыру станцияларында жөнелту үшін болат резервуарлардан тұратын газбен жабдықтау қондырғысы;

      18) сұйытылған көмiрсутекті газ – газ-мұнай өңдеу ұйымдарында өндiрiлетiн, ұлттық стандарттарға сәйкес келетiн қалыпты жағдайларда газ тәрiздес күйде, ал аса көп емес артық қысымда - сұйық күйде болатын көмiртегi қоспасы;

      19) шкафты газды реттеуіш пункт - газ қысымын төмендету үшін және газды бөліп таратушы тораптарда оны берілген деңгейде ұстап тұруға арналған шкафты орындаудағы технологиялық құрылғы.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.

3. Газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларының жабдықтары жинағының пайдалануға рұқсат беру және оның нарықтағы айналымы

      6. Газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларының жабдықтары жинағының нарықтағы айналымы және пайдалануға рұқсат беру Қазақстан Республикасының " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы және " Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы " 2002 жылғы 3 сәуірдегі заңдарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      7. Газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларының жабдықтары жинағының нарық айналымында елдің атауы мен дайындаушыны, рұқсат етілетін пайдалану мерзімін, қолданылу тәсілін қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі техникалық құрылғылардың ақпарат ілеспесі қарастырылады.

4. Газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларына қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары
4.1. Жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары

      8. Газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларын жобалау кезінде ұқсас объектілердегі авариялықтың статистикалық мәліметтерін, салу мен пайдаланудың техника экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, авариялар, қабылдамау, сыртқы әсерлер, құрамның болжаулы қателіктері кезінде барлық мүмкін қауіп-қатерлер сәйкестендіріледі.

      9. Барлық теңестірілген қауіптіліктер үшін есептеу, экспериментті немесе талдау әдістермен қауіп-қатерді бағалау жүргізіледі. Жүргізілген қауіп-қатерді бағалауды ескере отырып, газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларын пайдалану кезінде қауіп-қатерді жою немесе оны шекті деңгейге дейін төмендету үшін шаралар кешені анықталады.

      10. Шекті қауіп-қатерлерді анықтау кезінде жобалау ұйымы мыналарды:

      газ құятын станция мен газ шығыны қондырғысының ерекшелігін;

      қолданылатын техникалық құрылғылардың сенімділігін;

      сыртқы табиғи әсерлерді;

      сұйылтылған көмірсутекті газдарының пайдалану қасиеттерін;

      персоналдың теріс әрекеттерін;

      аварияның зақымдаушы факторларын ескереді.

      11. Қауіп-қатерді шекті деңгейден төмендету мүмкін болмаған кезде жобада адамның өмірі мен денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар жүйесі қарастырылады.

      12. Жобалау құжаттамасы тапсырыс беруші бекіткенге дейін газ шаруашылығы ұйымымен оның жобалауға техникалық тапсырмаға сәйкестігін тексеру бөлімінде келістіріледі. Егер 24 ай ішінде газбен жабдықтау жүйесінің құрылысы басталмаса, жоба құжатына қайтадан келісім жасалынады.

      13. Объектілерді салу және ғимараттар мен құрылыстардың газ шығыны қондырғыларына ішкі газ өткізгіштер бойынша жұмыс жүргізу барысында құрылыс өндірісін ұйымдастыруға операциялық және өндірістік қабылдау бақылауы жүзеге асырылады.

      14. Геологиялық жағдайлары күрделі және сейсмикалық әсерлері бар аудандарда құрылыс салу кезінде газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларының беріктігін, тұрақтылығын және герметикалығын қамтамасыз ететін іс-шаралар қарастырылады.

      15. Сұйылтылған көмірсутекті газдарды қолданатын объектілері жобалау және салу жобалау тапсырмасында белгіленген болжалды қызмет мерзімінде оларға әсер ететін жүктемелер мен әсерлерді қабылдаған кезде олардың қауіпсіздік шарттары бойынша қажетті беріктігі, тұрақтылығы және герметикалығы қамтамасыз етіледі. Газ өткізгіштердің тұтастығы және герметикалығын бұзуға әкелетін температуралық және басқа да өзгерістерге (оның ішінде топырақтың орын ауыстыруынан) жол берілмейді.

      16. Жер асты резервуарлары мүжілуден қорғалады.

      17. Резервуарларды сұйылтылған көмірсутекті газбен толтырмас бұрын кешенді сынау үшін сұйылтылған көмірсутекті станцияның жабдығын қабылдау қамтамасыз етіледі, автоматты аварияға және өртке қарсы қорғау құралдары қатыстырылады.

4.2. Пайдалану кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары

      18. Газ шаруашылығы объектілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін көлемде және мерзімде орындалады.

      19. Газ құю (газ толтыру) станцияларының, газ реттеу пункттерінің, газ реттеу қондырғыларының, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, автомобильге газ құю станцияларының, аралық баллондар мен қазандықтар жинау пункттерінің жабдығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі технологиялық регламенттерге бекіту арматурасы мен бақылау-өлшеу аспаптарын орнату орындары белгіленген технологиялық сызбалар қоса беріледі.

      20. Технологиялық регламент мен технологиялық сызба жабдықты іске қосқанға дейін технологиялық үдеріс қайта жаңартылғаннан, техникалық қайта жарақталғаннан өзгертілгеннен кейін қайта қаралады және қайта бекітіледі.

      21. Әрбір электр қорғағыш, резервуарлық және топтық баллон қондырғысына, газ құю (газ толтыру) станциясына, газ реттеу пунктіне (газ толтыру пунктіне), автомобильге газ құю станциясына негізгі техникалық сипаттамаларды, сондай-ақ жүргізілген жөндеулер туралы деректерді қамтитын пайдалану паспорты құрылады.

      22. Арматураның маховиктерінде ашу және жабу кезіндегі айналдыру бағыты көрсетіледі.

      23. Қазандықтардың ішкі газ желілерінде, газ құю (газ толтыру) станцияларының, газ толтыру пункттерінің, автомобильге газ құю станцияларының газ өткізгіштерінде газ ағыны қозғалысының бағыты көрсетіледі.

4.3. Газ реттеу пункттеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары

      24. Газ реттеу пункттері, блокты газ реттеу пункттері, шкафты газ реттеу пункттері мен газ реттеу қондырғылары сүзгішпен, сақтандырғыш бекіту клапанымен, газ қысымын реттегішпен, сақтандырғыш айыру клапанымен, бекіту арматурасымен, бақылау-өлшеу аспаптарымен және газ шығынын есепке алу торабымен, қажет болған жағдайда қос тізбектеліп орнатылған сөндіргіш құрылғылары бар құрсауланған газ өткізгішпен (байпаспен) жарақталады.

      25. Кіру жолындағы қысымы 0,6 МПа жоғары болған кезде газ шығыны 5000 м 3 /с астам газ реттеу пункттері немесе газ реттеу қондырғылары, ал газ шығыны 100м 3 /с шкафтық газ реттеу пункттері байпастың орнына екі редуциялау тізбегімен жабдықталады.

      26. Елді мекендердің газ реттеу пункттері мен блокты газ реттеу пункттері электрмен жабдықтаудың сенімділігі бойынша 3-санатқа, ал өнеркәсіптік кәсіпорындардың газ реттеу пункттері мен блокты газ реттеу пункттері негізгі өндіріс бойынша жатқызылады.

      27. Газ реттеу пункттері мен блокты газ реттеу пункттерінің найзағайдан қорғағышы II санатты найзағайдан қорғау объектілеріне қойылатын талаптарға жауап береді.

      28. Қалалық газ реттеу пункттері жабдығының газ реттеу пункттері мен газ реттеу пункттерінің газ реттеу қондырғыларының жұмыс режимі жобаға сәйкес белгіленеді. Тұрмыстық тұтынушылар үшін реттегіштен кейінгі газдың ең жоғарғы жұмыс қысымы 300 даПа жоғары белгіленбейді.

      29. Газ реттеу пунктінен (газ реттеу қондырғысынан) шыға берісіндегі газ қысымы тербелісінің жұмыс қысымынан 10% артуына жол берілмейді. Жұмыс қысымының артуына немесе төмендеуіне әкеп соғатын реттегіштердегі ақаулықтар, сақтандыру клапандарының жұмыстарындағы олқылықтар, сондай-ақ газдың ағуы авариялық тәртіпте қалпына келтіріледі.

      30. Газ реттеу пункттеріне тексеру, техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеулер жиі жүргізілуі тиіс.

      31. Газ реттеу пункттерін пайдалану кезінде:

      1) пайдалану қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ететін технологиялық регламентпен белгіленген мерзімде техникалық жай-күйді тексеру;

      2) сақтандырғыш бекіту және айыру клапандарының іске қосылу параметрлерін 2 айда кемінде бір рет және жабдықты жөндеу аяқталғаннан кейін тексеру;

      3) егер қысым реттегіштерді, сақтандыру клапандарын, телемеханикалық құрылғыларды дайындаушы өте қысқа мерзімде жөндеу жүргізуді талап етпесе, 6 айда кемінде бір рет техникалық қызмет көрсету, жылына кемінде 1 рет ағымдық жөндеу;

      4) ведомстар тексеру нәтижелері бойынша құрылған ақаулық негізінде күрделі жөндеу жүргізіледі.

      32. Табиғи жарықтандыру жеткіліксіз болса жарылыстан қорғалып жасалған тасымалданатын шамдарды қолдануға болады.

      33. Газ реттеу пункттерінің үй-жайлары алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.

4.4. Сұйылтылған көмірсутекті газдарының газ құю (газ толтыру) станцияларына, газ толтыру пункттеріне, автомобильге газ құю станцияларына қойылатын қауіпсіздік талаптары

      34. Газ құю (газ толтыру) станцияларында, газ толтыру пункттері мен автомобильге газ құю станцияларында өндірістік үдерістерді жүргізу, технологиялық және электр жабдығының, санитарлық-техникалық құрылыстардың техникалық жай-күйі авариясыз жұмыс істеуді және персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

      35. Өндірістік үдерістер мекеменің техникалық меңгерушісі бекіткен техникалық регламентке сәйкес жүргізіледі. Технологиялық регламентте қысымның шекті мәндері мен сұйылтылған көмірсутекті газдардың физикалық-химиялық қасиеттерінің температурасы мен жарылу қаупі бар сипаттамалары анықталады.

      36. Әрбір өндірістік үй-жай мен сыртқы қондырғы үшін технологиялық үдерістің сипатына байланысты жарылу, өрт шығу қауіптілігі бойынша санаттар мен кластардың белгілері енгізіледі.

      37. Аварияларды жою және қотару-құю жұмыстары кезінде ауысымды қабылдауға және тапсыруға жол берілмейді.

      38. Технологиялық жабдық, арматура, электр жабдығы, желдету жүйелері, өлшеу, аварияға қарсы қорғау және газ құю (газ толтыру) станцияларының, газ толтыру пункттері мен автомобильге газ құю станцияларының жарылу, өрт шығу қаупі бар өндірістерден бұғаттау және дабыл құралдарының ақауларын анықтау және оларды дер кезінде жою мақсатында ауысым сайын тексеріледі. Пайдалану кезінде анықталған газдың ағуы дереу қалпына келтіріледі. Ақауы бар агрегаттар, резервуарлар сөндіріледі.

      39. Арматураға қызмет көрсету және жөндеу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі. Ағымдық жөндеу жылына кемінде бір рет жүргізіледі.

      40. Жұмыс құрамы мен технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету, ағымдық және күрделі жөндеу жүргізу мерзімдері пайдалану және жөндеу құжаттамасының нұсқауларына сәйкес белгіленеді және кестемен анықталады.

      41. Газ құю (газ толтыру) станциясында, газ толтыру пункті мен автомобильге газ құю станциясында желдету жүйелерін пайдалану үшін жауапты тұлға тағайындалады.

      42. Әрбір желдету жүйесіне шартты белгі мен реттік нөмір беріледі, ол желдеткіштің қаптамасында және желдеткішке жақын ауа өткізгіште ашық өшпейтін бояумен жазылады. Әрбір желдету жүйесіне орнату сызбасы, оның өнімділігі, желдеткіш пен электр қозғалтқышының түрі мен сипаттамасы белгіленетін паспорт толтырылады.

      43. Жарылу, өрт шығу қаупі бар үй-жайларда желдету жүйелерін іске қосу технологиялық жабдықтың жұмысы басталғанға дейін 15 минут бұрын жүргізіледі, бұл ретте алдымен сорғы жүйелері қосылады.

      44. Жарылудан қорғалған желдеткіш жарылу қаупі бар қоспалардың санаты мен тобына, жарылу қаупі бар аймақтың класына сәйкес болады.

      45. Ауа алу орындарында сұйылтылған көмірсутекті газы буларының пайда болуына және ауаның ластануына әкеп соғатын жұмыстарды орындауға жол берілмейді. Ауа өткізгіштердегі тарту жүйелері тоқтаған кезде кері клапанның жабық күйде болуы қамтамасыз етіледі.

      46. Ауадағы сұйылтылған көмірсутекті газы буларының шекті рұқсат қосылымдары технологиялық жабықтың жобалық жүктемесі кезінде, бірақ кемінде тоқсан сайын бір рет бақыланады. Орын саны мен алу шарттары технологиялық регламентте белгіленеді.

      47. Желдету жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу тәртібі технологиялық регламентте анықталады. Жөндеулер мен реттеулер туралы мәліметтер желдету жүйелерінің паспортында жазылады.

      48. Көлік құралының пайдаланылған газды шығару құбырында оның газ құю (газ толтыру) станциясының, газ толтыру пунктінің және автомобильге газ құю станциясының аумағына өту жолының алдында ұшқын өшіргіштер орнатылады.

      49. Газ толтыру станциясы аумағындағы теміржол цистерналарының саны жобада қарастырылған қотару орнының санынан артық болуына жол берілмейді.

      50. Темір жол цистерналарынан сұйылтылған көмірсутекті газдарды қотаруға дайындау операциялары маневрлеу жұмыстары аяқталғаннан, цистерналарды рельс жолдарында бекіткеннен және локомативті газ толтыру станциясы аумағынан алып шыққаннан кейін жүргізіледі.

      51. Құю-қотару операцияларын орындау және газ баллон автомобильдерін толтыру алдында сұйылтылған көмірсутекті газдарын айдауға арналған сорғылармен жабдықталған автоцистерналардан басқа, автомашиналардың қозғалтқыштары тоқтатылады. Қозғалтқышты тек резина маталы жеңдерді ажыратқаннан және сөндіру құрылғысына тығындарды орнатқаннан кейін ғана қосуға рұқсат етіледі.

      52. Темір жол және автомобиль цистерналары, резина маталы жеңдер жерге қосылады. Цистерналар жерге қосу құрылғыларынан тек құю-қотару операциясы аяқталғаннан және вентильдердің штуцерлеріне тығындар орнатқаннан кейін ғана ажыратылады.

      53. Сұйылтылған көмірсутекті газдарды найзағай разрядтары кезінде, сондай-ақ газ толтыру станциясының, газ толтыру пунктінің өндірістік аймағында және автомобильге газ құю станциясы аумағында отпен байланысты жұмыстар жүргізу кезінде құюға және қотаруға болмайды.

      54. Темір жол цистерналарынан түнгі уақытта сұйылтылған көмірсутекті газды құюды теміржол эстакадасын, резервуар паркін жарықтандыру жеткілікті қамтамасыз етілген кезде құрамында кемінде 3 адам болатын бригада жүргізеді.

      55. Темір жол цистерналарынан газды құю кезінде цистернадағы және қабылдау резервуарындағы қысым мен газ деңгейін үздіксіз бақылау жүзеге асырылады. Құю-қотару операцияларын орындайтын персонал мен сорғы-компрессорлық бөлімшесінің машинисі арасында техникалық және көзбен көру байланысы қамтамасыз етіледі.

      56. Ішкі газ өткізгіштердегі ысырмалар мен вентильдерді гидравликалық соққыларды туындатпай баяу ашу керек.

      57. Резервуарларды, автоцистерналар мен баллондарды атмосфераға бу фазасын шығару есебінен олардағы қысымды төмендету жолымен толтыруға жол берілмейді.

      58. Автоцистерналарды толтыру және автомобильдерге құю кезінде сұйылтылған көмірсутекті газдарының атмосфераға шығарылуына жол берілмейді.

      59. Баллондарды толтыруға газ беретін газ өткізгіштердегі сұйық фаза қысымы олар есептелген жұмыс қысымынан аспайды.

      60. Автомобиль баллондарының толтыруға жарамдылығы баллондардың техникалық жай-күйі мен пайдалануды қадағалау бойынша қолы қойылып, "Баллондар тексерілген" деген жүргізушінің жол (маршруттық) парағында мөртабанмен куәландырылады.

      61. Автомобильге газ құю станцияларында автокөлікте пайдалануға арналмаған баллондарды толтыруға жол берілмейді.

      62. Резервуарларды толтырудың ең жоғарғы деңгейі резервуардың геометриялық сыйымдылығынан 85% аспайды.

      63. Баллондар газбен толтырылғаннан кейін толтырылу деңгейіне бақылау тексерісінен өтеді. Толтырылу дәрежесін өлшеу әдісімен бақылау тексеру үшін сыйымдылығы 1 л баллондарды өлшеу дәлдігінің ауытқушылығын қамтамасыз ететін - 10 г аспайтын, 5 л үшін - 20 г аспайтын; 27 және 50 л - 100 г аспайтын таразылар қолданылады. Резервуарлар мен баллондардан артық газды шығару үшін сұйылтылған көмірсутекті газын атмосфераға шығаруға жол берілмейді.

      64. Толтырылған баллондардың вентильдері (клапандары) ысырманың герметикалығына, бұрандалы қосқыштар мен штоктың тығыздығына тексеріледі. Баллонды толтырғаннан кейін вентиль штуцерін тығындау жүргізіледі.

      65. Газ толтыру станциялары және газ толтыру пункттерінің толтыру цехында бір мезгілдегі баллондар саны толтыру қондырғыларының жиынтық сағаттық өнімділігінің жартысынан аспайды, бұл ретте баллондарды өту жолдарында қоюға болмайды.

      66. Тиеу-түсіру алаңдарында орналастырылған толтырылған және бос баллондар саны толтыру бөлімшесінің екі тәуліктік өнімділігінен аспайды.

      67. Резервуарлар мен баллондар ішкі бақылау, гидравликалық сынау, жөндеу алдында газдан, буланбаған қалдықтардан босатылады және мұқият өңделеді.

      68. Жергілікті сорғылармен қамтамасыз етілген, арнайы жабдықталған орындарда "А" санатты үй-жайда жұмыс істеген кезде өңдеуден өтпеген баллондардағы бекіту құрылғыларын алмастыруға болады. Алмастыру бойынша операцияның ұзақтығы 5 минуттан аспайды.

      69. Резервуарлар мен баллондардағы қысымды алдын ала атмосфералыққа дейін түсірмей герметикалық ажыратуға, сондай-ақ газсыздандыру үшін ауаны қолдануға жол берілмейді.

      70. Газсыздандыру сапасы ыдыстың төменгі бөлігінен алынған ауаны талдаумен тексеріледі. Газсыздандырғаннан кейін сынамадағы сұйылтылған көмірсутекті газдардың қосылымын газдың тұтану шегінен 20% аспайды. Баллондарды газсыздандыру нәтижелері арнайы журналға жазылады.

      71. Резервуарлар ішінде жұмыс істеген кезде технологиялық регламентте қарастырылған қауіпсіздік шаралары сақталады.

      72. Резервуарлар газ толтыру станциясы, газ толтыру пункті, автомобильге газ құю (газ толтыру) станциясы басшысының жазбаша рұқсаты негізінде куәландырылғаннан кейін немесе жөндеуден кейін іске қосылады.

      73. Резервуарлардан алынған қалдық заттар ылғалды күйде сақталады және тез арада арнайы бөлінген орында көму үшін станция аумағынан тыс жерге шығарылады. Газ өткізгіштердің пирофор қалдықтары бар учаскелері оларды ашқан күні қайта демонтталады және қауіпсіз аймаққа жиналады.

      74. Резервуарлар мен баллондарды жуғаннан және сынақтан өткізгеннен кейін су кәрізге сұйылтылған көмірсутекті газының түсіп кетуіне жол бермейтін тұндырғыштар арқылы ғана кәрізге жіберіледі. Тұндырғыштарды мерзімді түрде таза сумен тазарту және жуу қарастырылады. Тұндырғыштардан шыққан лас заттар жобада анықталған орындарға тасымалданады.

4.5. Сұйылтылған көмірсутекті газдың резервуар, буландыру және топтық баллон қондырғыларына қойылатын қауіпсіздік талаптары

      75. Резервуар қондырғыларының құрамында сақтандыру-бекіту және сақтандыру-айыру клапандарының газ қысымын реттегіштер, резервуардағы сұйылтылған көмірсутекті газдарының қысымы мен деңгейін бақылау үшін бақылау-өлшеу аспаптары, әрекет ететін стандарттарға сәйкес зауыттық жағдайда дайындалған бекіту арматурасы, резервуарлар, сұйық және бу фазалардың құбыржолдары қарастырылады. Техникалық қажеттілік болған кезде резервуар қондырғысы құрамында әрекет ететін стандарттарға сәйкес зауыттық жағдайларда дайындалған, сұйытылған көмірсутегі газдарының буландыру қондырғылары қарастырылады.

      76. Топтық баллон қондырғысының құрамында сұйылтылған көмірсутекті газдар үшін баллондар, бекіту арматурасы, газ қысымын реттегіш, сақтандыру айыру клапан, көрсеткіш манометр мен жоғарғы және төменгі қысымды құбыржолдар қаралады. Топтық орнатудағы баллондар саны есеппен анықталады.

      77. Резервуарлық және топтық баллондардың реттегішінен кейінгі сұйылтылған көмірсутегі газының ең жоғарғы жұмыс қысымы 400 даПа аспайды. Айыру және арын вентильдері, қондырғылардың сақтандыру клапандары сәйкесінше 1,15 және 1,25 ең жоғарғы жұмыс қысымына реттеледі.

      78. Резервуарларды, буландыру және топтық баллон қондырғыларын

      пайдалану тәртібі дайындаушылар ұсыныстарын ескере отырып технологиялық регламентпен анықталады. Бұл ретте мыналар қарастырылады:

      1) резервуарлар мен буландырғыштардың пайдалану талаптарын сақтау;

      2) резервуар қондырғыларының техникалық күйіне сыртқы тексеріс жүргізу;

      3) кем дегенде екі айда бір рет қысымды реттегіштер мен сақтандыру клапандарының оңтайлылығын тексеру;

      4) реттегішті, сақтандыру және бекіту арматурасын дайындаумен кем дегенде жылына бір рет қондырғылардың ағымдағы жөндеуі;

      5) жер асты резервуарларының сақтандыру клапандары жылына кем дегенде бір реттен жиі емес тексеруге жатады.

      Орындалған жұмыстар туралы мәліметтер эксплуатациялық құжаттамаларға жазылады.

      79. Пропан мөлшері темен сұйылтылған көмірсутекті газдары резервуар қондырғыларында тек сұйық фаза булануы және ауа мен топырақ температурасы төмен болған жағдайда сыртқы газ өткізгіштерде сұйылтылған көмірсутекті газдары буларының мүмкін болатын конденсациясы тоқтатылуы қамтамасыз етілгенде ғана пайдаланылады.

      80. Ыдыстық буландырғыштарға жылу тасымалдағыш оны тек сұйылтылған көмірсутекті газдармен толтырғаннан кейін ғана беріледі.

      81. Құю-қотару операциялары өндірісі орындарында бөгде адамдардың болуына және ашық отты пайдалануға жол берілмейді.

      82. Сұйылтылған көмірсутекті газының артығын, буланбай қалған қалдықтар және суды резервуарлардан құю сұйылтылған көмірсутекті газдар автоцистерналарына жүргізіледі.

      83. Резервуарларды толтырғаннан кейін немесе баллондарды алмастырғаннан кейін жалғаулардың қымтаулығы және қысым реттегіштердің реттелуі тексеріледі. Байқалған сұйылтылған көмірсутекті газының ағуы апаттық тәртіпте қалпына келтіріледі.

      84. Сұйылтылған көмірсутекті газдардың газ шығыны қондырғылары (газды пайдаланушы) өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен қамтамасыз етіледі.

      85. Шкафтар және топтық баллон қондырғыларының ғимараты, резервуар қондырғылары және буландыру қондырғыларының қоршаулары "Өте қауіпті - Газ" деген ескерту жазбалармен қамтамасыз етіледі.

4.6. Тұрғын үйлердің (тұрғын жайлардың) газ шаруашылығына қойылатын қауіпсіздік талаптары

      86. Тұрғын үй ғимараттарындағы сұйылтылған көмірсутекті газдардың газ өткізгіштер болат құбырлардан жасалады.

      87. Баллондар ғимаратта орналастырылған жағдайда сұйылтылған көмірсутекті газдар қондырғыларында газ өткізгіштер ретінде резеңке маталы қолғаптарды қолдануға рұқсат беріледі.

      88. Сұйылтылған көмірсутекті газдардың газ өткізгіштерін тексеру үшін адамдар тұрмайтын ғимараттарға (саты торлары, дәліздер, асүйлер) енгізіледі.

      89. Ғимаратта желдеткіші (фрамугасы) бар терезелер және желдету арналары қаралады.

      90. Газ аспаптарын мынадай орындарда:

      1) жер төле және цокольдік қабаттарда орналастырылған ас үй ретінде жасалған ас үйлерде немесе бөлмелерде;

      2) жалпы пайдалану дәліздерінде орнатуға жол берілмейді.

4.7. Өнеркәсіптік, ауылшаруашылық кәсіпорындардың және өндірістік сипаттағы халыққа тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындардың газ қондырғыларына қойылатын қауіпсіздік талаптары

      91. Газ пайдаланушы қондырғыларды қосуға жоба құжаттарында көрсетілген бақылау және қорғау аспаптарсыз істеуге жол берілмейді.

      92. Егер қыздырғышты тұтандыру немесе реттеу кезінде үзіліс, шарпу немесе жалынның сөніп қалуы болса, қыздырғышқа газ беру және тұтындыру құрылғысы бірден тоқтатылады.

      93. Жұмыс істеп тұрған газ пайдаланушы қондырғыны қызмет көрсету құрамның тарапынан үнемі қадағалаусыз қалдыруға болмайды.

      94. Келеңсіздіктер мен қателіктер байқалған жағдайда газдық құрал-жабдықтың апатсыз жұмысын және апатқа қарсы қорғанысын қамтамасыз ететін автоматтандыру жүйесімен жабдықталған кезде қондырғыларды үнемі қадағаламай пайдалануға рұқсат етіледі. Ғимараттың газдануы немесе құрал-жабдықтағы келеңсіздіктер туралы дабыл диспетчерлік пунктке түседі. Жұмыс режимі бұзылған кезде газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес қондырғыға газ беру тез арада тоқтатылады.

      95. Қондырғылардың газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету кем дегенде айына бір рет, ағымдағы жөндеу кем дегенде жылына бір рет жасалады. Газ жолдарын тексеру және тазарту пештер, қазандықтар және басқа да құрал-жабдықтарға жөндеуді орындау, сондай-ақ тартуда ауытқулар бар болған кезде жүргізіледі.

      96. Цехта немесе қазандықта қопарылыс немесе өрт болған кезде газ өткізгіштің енуіндегі сөндіру құрылғысы тез арада жабылады.

      97. Газ пайдаланушы қондырғыны жұмысқа қосу тәртібі (оны тоқтатқаннан кейін) өндірістік нұсқаулықпен анықталған, бұл кезде газды қосу келеңсіздіктер жойылғаннан кейін ғана іске асырылады.

      98. Газ құрал-жабдықтарын жөндеу, оттақы пен газ жолдарын тексеру және жөндеу алдында, сондай-ақ газдық құрал-жабдықтың маусымдық әрекет ететін қондырғысы және тұтандырғыш құбырлы өткізгіштер жұмыстан шыққанда бекіту арматурасынан кейін тығын орнатумен құбырлы өткізгіштерден ажыратылады.

      99. Ұйым маусымдық әрекет ететін қондырғыларды қосар алдында, оның ішінде қазандықтарды қоса, мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) қызмет көрсетуші құрамның нұсқаулықтарды білуін;

      2) газдық құрал-жабдықтың және автоматтандырудың ағымдағы жөнделуі;

      3) газ құбыржолдарын тазарту, олардың жұмысын, сонымен қатар желдету жүйесін тексеру.

      100. Тығынды алуға және газды жіберуге аталған жұмыстарды орындауға мақұлдайтын құжаттар болған кезде рұқсат етіледі.

4.8. Өндірістік емес сипаттағы халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуші кәсіпорындардың газ өткізгіштері мен газ жабдықтарына қойылатын қауіпсіздік талаптары

      101. Қоғамдық ғимараттарда және өндірістік емес сипаттағы халыққа тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарында газды қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқаулықтар ілінеді.

      102. Қоғамдық тағайындалған және өндірістік емес сипаттағы тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының газ өткізгіштері мен газдық құрал-жабдықтарына техникалық қызмет көрсету кем дегенде 3 айда бір рет жүргізіледі.

      103. Газ баллон қондырғыларының қымтаулығы газ іздеуіш пен сабын эмульсиясын қолданумен газдық жұмыс қысымымен тексеріледі.

      104. Газды баллон қондырғыларының баллондарын алмастыруды газ шаруашылығы ұйымының жұмыскерлері жүргізеді.

      105. Тасқынды және ыдыстық газды су жылытқыштарына, аз литрлік жылыту қазандықтарында, сонымен қатар жылыту және жылыту-пісіру пештерінде орнатылған автоматика газ беру тоқтатылғанда және жалын сөнгенде қыздырғыштардың сөнуін қамтамасыз етеді.

      106. Қоғамдық орындардағы маусымдық жұмыс істейтін аспаптар мен аппараттар жылыту кезеңі аяқталуымен тығын және пломба орнатумен сөндіріледі.

      107. Түтін және желдету арналары кезеңдік тексеруге және тазартылады.

4.9. Жылу электр станцияларының және аудандық қазандықтардың қазандық қондырғыларына қойылатын қауіпсіздік талаптары

      108. Газ өткізгіштің қазандыққа келетін әрбір торамына таратушы газ өткізгіштен электр жетегі бар бекіту құрылғысын орнату қаралады.

      109. Пайдалануға жаңадан енгізілген қазандық қондырғыларында газ өткізгіштен қазандыққа баратын торамда екі бекіту құрылғысы орнатылады, бұл кезде газ жүрісі бойынша бірінші бекіту құрылғысы қолмен қысқартылатын жетекпен жасалады. Құрылғылар араларында үрлеу газ өткізгіші қаралған.

      110. Отынның әр түрлерін жағуға арналған қазандықтарда газ өткізгіштің қазандыққа баратын торамындағы бекіту құрылғысының алдында тұтандыру құрылғысына және қыздырғыштардың қорғаныс-тұтандыру құрылғыларына газ өткізгіш үшін штуцер қаралады.

      111. Қазандық қондырғыларының ішкі газ өткізгіштерінде газ жүрісі бойынша газ өткізгіш-енуінде бекіту құрылғысынан кейін мыналар қаралады: тығын орнату үшін оны ашу құралы және тоқ өткізгіш қосқышы бар фланецті қосылыстар, үрлеу агентінің магистралімен қосуға арналған штуцер, сақтандыру-бекіту клапаны, қыздырғыштардың және тұтандыру газ өткізгіші (газды қазандықтар үшін) үшін штуцер, шығын өлшеуіш құрылғы, электр жетегі бар бекіту құрылғы, негізгі және жағушы реттеу клапандары.

      112. Оттық реттеу клапаны газды аз пайдалану тізбегінде негізгіге параллель орнатылады. Клапан алдында электр жетектері бар қосымша құрылғы орнатылады.

      113. Қазандықтың әрбір қыздырғышының алдында газ өткізгіште электр жетегі бар екі бекіту құрылғысы орнатылады.

      114. Бекіту құрылғыларын басқару қызмет көрсету алаңынан қолмен және басқарудың блокты немесе топтық, сонымен қатар орны бойынша дистанциялық қалқанынан қамтамасыз етіледі.

      115. Пайдалануға жаңадан енгізілген қазандық қондырғыларына газ жүрісі бойынша әрбір қыздырғыштың алдында сақтандыру-бекіту клапанын және электр жетегі бар бекіту құрылғысын орнату қарастырылады.

      116. Істеп тұрған қазандық қондырғыларында қазандықтың қопарылудан қауіпсіз тұтануын қамтамасыз ету үшін тұтандыру қыздырғыштарының тобы анықталады.

      117. Қазандықтың тұтандыру қыздырғыштары, сонымен қатар сақтандыру-бекіту клапанымен жарақталған қыздырғыштар сақтандыру-тұтандыру құрылғысымен жабдықталады. Қалған қыздырғыштар тұтандыру құрылғысымен жабдықталады.

      118. Тұтандыру құрылғысы және сақтандыру тұтандыру құрылғысын басқару басқарудың блокты немесе топтық қалқанынан, сонымен қатар орны бойынша жүргізіледі.

      119. Су қыздыру қазандықтарында тасымалданғыш тұтандырғышты қолданумен қыздырғыштарды қолмен тұтандыру мүмкіншілігі қаралады.

      120. Сақтандыру—бекіту клапанының электр магнитін қоректендіру аккумулятор батареясынан немесе алдын ала зарядталған конденсаторлар батареяларынан іске асырылады. Сақтандыру бекіту клапанын электр магнитін басқару схемасы тізбектің оңтайлылығын үздіксіз бақылау құрылғысымен жарақталады.

      121. Газ өткізгіште соңғысының алдында газ жүрісі бойынша бекіту құрылғыларына әрбір қыздырғышта электр жетегі бар бекіту құрылғысымен жарақталған диаметрі 20 мм-ден кем емес қауіпсіздік құбырлы өткізгіші қаралады.

      122. Қазандықтың газ өткізгіштері бекіту құрылғыларымен және сынама алу үшін штуцерлермен, оның ішінде, қажет болғанда, тұтандырушы үрлеу газ өткізгішімен үрлеу газ өткізгіш жүйесімен жабдықталады.

      123. Арматурасы технологиялық үрдістердің автоматты басқару жүйелері немесе функционалдық басқару топтары схемасына тартылған әрбір үрлеу газ өткізгішінде, сонымен қатар қазандықты бұғаттау немесе жылу электр станцияларын газбен жарақтау жүйелерінің және қорғау схемаларында электр жетегі бар бекіту құрылғысы орнатылады.

      124. Үрлеу газ өткізгіштері газ өткізгіштің әрбір тұйық телімінің соңында немесе қыздырғыштың газ жүрісі бойынша соңғы бекіту құрылғысының алдында (газ өткізгіштерде тұйық телімдер болмаған кезде); бірінші бекіту құрылғысына дейін газ өткізгіште әрбір қыздырғыш алдында, оның бірінші бекіту құрылғысына дейінгі ұзындығы 2 м болғанда қарастырылады.

      125. Үрлеу газ өткізгіштерінің диаметрі газ өткізгіштің үрлеу телімінің 1 сағатта 15 дәрежелік көлемде қамтамасыз етілуін, бірақ 20 мм-ден кем болмау есебімен анықталады.

      126. Үрлеу газ құбыржолдардың қауіпсіздік құбыржолдармен, сонымен қатар тағайындаулары бір газдың әр түрлі қысымдарымен газқұбыржолдармен қосылуына рұқсат берілмейді.

      127. Жылу электр станцияларының газбен жарақтау жүйесінде қолданылатын барлық арматура болаттан жасалады.

      128. Газ қысымы 0,3 МПа артық емес су қыздыру қазандықтарына сұйылтылған көмірсутекті газдарды әкелетін ішкі газ құбырлары үшін түсті металдардан жасалған бекіту арматурасын қолдануға рұқсат етіледі.

      129. Арматураны жалғау тәсілі (пісірумен немесе фланецтерде) жобалық құжатпен анықталады.

      130. Қазандық оттығының конструкциясы және қыздыру құрылғыларының тұтастығы жану үрдісінің тұрақтылығын, оны бақылауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар нашар желдетілетін зоналардың түзілуіне жол бермейді.

      131. Қазандық қондырғыларының жану өнімдерін шығару үшін газ жолдарында және оттықтағы жану өнімдерінің циркуляциялау жүйесінің газ жолдарында, сонымен қатар коллекторлар орнатылатын жабық қуыстарда газдың тұрып қалуы және жиналуы мүмкін желдетілмейтін телімдердің болуына жол берілмейді.

      132. Қазандықтарда қолданылатын газ қыздырғыштары аттестациядан өткен және дайындаушылардың төлқұжаттары болады.

      133. Газ қыздырғыштарының жануы үздіксіз тұрақты және жалынның үзілуінсіз қызындықтың жылу жүктемесін реттеу диапазонында жүргізіледі.

      134. Газдандырылған қазандық қондырғылары өлшеу аспаптарымен, технологиялық қорғаныспен және бұғаттағыштармен қамтамасыз етіледі және дайындаушымен келістіріледі.

      135. Авариялық жағдай орын алған кезде қазандықтың газ өткізгішіне газ беру тез арада тоқтатылады.

      136. Қазандықты қосуға немесе тоқтатуға бөгет болатын қорғаныстар мен бұғаттағыштарды енгізу және шығару: жалпы жалын және тұтандыру қыздырғышының жалынының сөндіру бойынша қорғаныс үшін автоматты, қалған қорғаныстар үшін - енгізу-шығару құралдарымен жүргізіледі.

      137. Істеп тұрған құрал-жабдықтардың технологиялық қорғаныс, бұғаттау және дабыл бергіштер құрылғысының жұмыстан шығуына тек оларды өндірістік нұсқаулықпен негізделген қажеттілік жағдайында немесе келеңсіздік немесе істемей қалған кезде рұқсат етіледі.

      138. Қорғаныс, блоктау және дабыл бергіштерді қосу мақсатында жөндеу және реттеу жұмыстарын рұқсатсыз жүргізуге жол берілмейді.

      139. Ұзақтығы 3 тәуліктен артық тоқтап тұрғаннан кейін қазандықты жіберер алдында қазандықтың тарту үрлеу механизмдерінің, оның көмекші құрал-жабдықтарының, өлшеу құралдары мен оның арматура мен механизмдерді дистанциондық басқаруының, автореттеуіштердің оңтайлылығы мен қосуға дайындығы тексеріледі, қорғаныс, бұғаттау, оперативті байланыс құралдары және сақтандыру бекіту клапаны іске қосылуының тексеруі іске асырылады.

      140. Ұзақтығы 3 тәуліктен кем тоқтап тұру кезінде мыналар тексеруге жатқызылады: құрал-жабдықтар, жөндеу жүргізілген қорғаныс құрылғылары, бұғаттау, өлшеу құралдарының механизмдері. Анықталған келеңсіздіктер газ жібергенге дейін қалпына келтіріледі.

      141. Суық күйден қазандықты жағу алдында қыздырғыштар және сақтандырғыш бекіту клапаны алдында ТҚ ысырмасының саңылаусыздыққа алдын ала қосуға тексеруі жүргізіледі. Алдын ала қосуға тексеру жүргізу тәртібі, нормалары және әдістемелері қазандық қондырғысын эксплуатациялау жөніндегі өндірістік нұсқаулықпен белгіленеді.

      142. Қазандықтың газ өткізгіштерін газбен толтыру жұмысқа қосылған түтін сорғылар, үрлеу желдеткіштері, рециркуляция түтін сорғылары қазандық қондырғыларын эксплуатациялау жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген тәртіппен қосылған кезде жүргізіледі.

      143. Қазандықтың газ өткізгіштерін қауіпсіздік құбырлы өткізгіштері мен қазандықтың қыздыру қондырғылары арқылы үрлеуге жол берілмейді.

      144. Қазандықты жағу алдында оттық, газ жолдары (оның ішінде рециркуляциондық) "жылы жәшік", сонымен қатар ауа өткізгіштер 10 минуттан кем емес уақыт бойы газ ауа трактының ашық шиберлері кезінде және номиналды ауа қысымының шығыны 25% кем болмағанда желдетіледі.

      145. Үрлеумен жұмыс істейтін қазандықтарды, сонымен қатар түтін сорғылар болмаған кезде су қыздыру қазандықтарын желдету үрлеу желдеткіштерімен және рециркуляция түтін сорғыларымен іске асырылады.

      146. Теңестірілмеген тартқышы бар қазандықты жағу түтін сорғылар мен үрлеу желдеткіштері қосылған кезде, ал үрлеумен жұмыс жасайтын қазандықтарды жағу-үрлеу желдеткіштері қосылған кезде жүргізіледі.

      147. Қыздырғыштардың жағу тобы анықталған қазандықты жағу осы қыздырғыштарды тұтатудан басталады. Кез келген жағу қыздырғышы жалындағанда немесе бықсығанда тез арада қазандыққа, оның ішінде жағу қыздырғыштарына, газ беру тоқтатылады, сақтандыру тұтандыру құрылғысы сөндіріледі және қыздырғыштар, оттық пен газ жолдары осы техникалық регламентке сәйкес желдетіледі. Қазандықты қайталау тұтатуына тек газдың жалындамауына және ұшқынның сөнуіне алып келген себептерді жойғаннан кейін ғана кіріседі.

      148. Қалған қыздырғыштарды жағу барлық жұмыс істеп тұрған жағу қыздырғыштары кезінде жүргізіледі. Қалған қыздырғыштардың кез келгенін тұтатқан кезде жалындамағанда немесе сөніп қалған жағдайда бұл қыздырғышқа газ беру тоқтатылады және барлық тұтату құрылғылары сөндіріледі. Бұл қыздырғышты қайтадан тұтату оның сөніп қалуына алып келген себептерді жойғаннан кейін және оны ауамен үрлегеннен кейін ғана жүргізіледі.

      149. Барлық қыздырғыштары сақтандыру тұтандыру құрылғысы және сақтандыру бекіту клапанымен жарақтанған қазандықтарды тұтату кез келген қыздырғышты тұтату қазандық қондырғысын эксплуатациялау жөніндегі технологиялық регламентте көрсетілген тәртіппен басталады.

      150. Қыздырғыш сөніп қалғанда газ беру тез арада тоқтатылады, сақтандыру тұтандыру құрылғысы сөндіріледі және қыздыру құрылғысының ауа үрлеуішінің бекіту органы ашық болған кезде желдету жүргізіледі.

      151. Қазандықты жағу келесі қыздырғыштарды жағудан басталады. Сөніп тұрған қыздырғышты қайталап тұтату сөніп қалуға алып келген себептерді жойғаннан кейін жүргізіледі.

      152. Қыздырғыштың тұтандыру құрылғысын сөндіру тұрақты жануды орнатқаннан кейін және жану жалынын тұрақтандырғаннан кейін жүргізіледі.

      153. Қазандықты қатты немесе сұйық отыннан газға алмастырған кезде қыздырғыштардың көп ярусты топтастырылуында бірінші болып төменгі бөліктегі ярустар газға алмастырылады.

      154. Қазандықты газ жағуға жоспарлы алмастыру алдында сақтандыру бекіту клапаны іске қосылуына, газ бойынша орындаушы механизмдерге немесе қазандық жұмысына бөгет жасамайтын көлемде дабылға әсер ететін технологиялық қорғаныстар мен бұғаттағыштардың жұмысқа қабілеттілігіне тексеру жүргізіледі.

      155. Қазандық тоқтағанда қазандықтың ішкі газ өткізгіштеріне және қыздырғыштарға газ беру тоқтатылады; үрлеу құбырлы өткізгіштері мен қауіпсіздік құбырлы өткізгіштеріндегі бекіту құрылғылары ашылады; қыздырғыштардың сақтандыру тұтандыру құрылғысы және тұтандыру құрылғысы, қазандықтың тарту үрлеу механизмдері сөндіріледі, 10 минут бойы оттықтың, газ жолдарының, "жылы жәшіктің" желдетілуі орындалады.

      156. Ішкі тексеру, қазандықтарды тазарту және жөндеу тек наряд-шақтама бойынша орындалады. Жұмыстарды бастамас бұрын 10 минут бойы оттықты, газ жолдарын, "жылы жәшікті" желдетілуі орындалады. Оттықтың және "жылы жәшіктің" жоғарғы бөлігінде газдың болуы байқалғанда жұмысқа кіріспейді.

      157. Бекіту және реттегіш арматуралар орнатылатын жерлер жасанды жарықтандырумен жабдықталады.

4.10. Консервациялау және жою кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары

      158. Газ құю станциялары мен газ шығыны қондырғыларын консервациялау және жою жоба негізінде жүргізіледі. Консервация және жою бойынша жұмыстар өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жоба шешімдерін орындауды қамтамасыз ететін жоспарларға сәйкес жүргізіледі.

      159. Консервациялау және жою кезінде жарылу қаупі бар қоспалардың түзілуіне жол бермеу шаралары қаралады.

5. Сәйкестік презумпциясы

      160. Үндестірілген стандарттардың талаптарына сәйкес дайындалған және қолданылатын газ құю станциялары мен газ шығыны қондырғылары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес бекітілген, осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес деп есептеледі.

      161. Газ құю станциялары мен газ шығыны қондырғылары егер талаптары осы Техникалық регламенттің талаптарынан төмен болмаса, стандарттау бойынша басқа да нормативтік құжаттар бойынша дайындалады.

6. Сәйкестікті растау

      162. Газ құю станциялары мен газ шығыны қондырғыларын растау сәйкестігі техникалық басқару саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.

7. Техникалық регламентті қолданысқа енгізу мерзімдері мен шарттары

      163. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      164. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілген сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормативтік актілер оларды техникалық регламентпен сәйкестендіргенге дейін техникалық регламентке қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

  Техникалық регламентке
қосымша

Техникалық регламенттің күші қолданылатын өнім түрлерінің тізбесі

Өнім атауы

ҚР СЭҚ ТН коды

1

2

Мүжілуге төзімді болаттан жасалған өзге құбырлар:

7304 24

сыртқы диаметрі 168,3 мм аспайтын басқалары

7304 39 920 0

Қара металдан жасалған сығылған немесе сұйылтылған газға арналған сыйымдылықтар:

7311 00

жігі жоқ

7311 00 100 0

қалғандары, сыйымдылығы:


1000 л кем

7311 00 910 0

1000 л немесе артық

7311 00 990 0

Қара металдан жасалған құбырлар, түтікшелер және қуыс, жіксіз кескіндер (шойын құюдан басқа):

7304

мұнай және газ өткізгіштеріне арналған құбырлар:


мүжілуге төзімді болаттан жасалған:

7304 11

сыртқы диаметрі 168,3 мм аспайтын

7304 11 100

құрамында (Н 2 S) (1) күкірт қышқылы бар ортада жұмыс істеуге арналған

7304 11 100 1

соққы байламасы бар болаттан 2,5 кгс*м/см 2 және одан астам сынау температурасы - 40 о С және төмен болған кезде газ өткізгіштерді қосатын бөлшектерін дайындау үшін

7304 11 100 2

басқалары

7304 11 100 9

Жылу беру пештері, жылу беру-дәнекерлеу пештері мен ас дайындауға арналған пештер, (орталықтан жылу беретін қосалқы қазандықтары бар пештерді қоса алғанда), фритюрницалар, тұтқалы табалар, плиталарға арналған қыздырғыштар, ас жылытуға арналған қыздырғыштар мен осыған ұқсас электрлік емес тұрмыстық құрылғылар және оның қара металдан жасалған бөлшектері:

7321

ас дайындауға және жылытуға арналған құрылғы:


тек газ немесе газ және басқа отын түрлері:

7321 11

бөлек духовкаларды қоса алғандағы, духовкалар

7321 11 100 0

басқа да құрылғылар:

7321 11 900 0

тек газ немесе газ және басқа отын түрлері:

7321 81

жану өнімдерін бөлетін құбыры бар

7321 81 100 0

Мұнай газдары мен басқа да газ тәріздес көмірсутектер:

2711

сұйылтылған:


табиғи газ

2711 11 000 0

пропан:

2711 12

тазалығы 99% кем емес пропан:


отын ретінде пайдалану үшін

2711 12 110 0

өзге де мақсаттар үшін

2711 12 190 0

өзге де: бутандар

2711 13

Сығылған немесе сұйылтылған газға арналған алюминий сыйымдылықтары

7613 00 000 0

шегелер, кнопкалар, қыстырғыштар (8305 тауар позициясында көрсетілгендерден басқа), бұрамалар, бұрандалар, сомындар, айналдыру ілмектері, тойтармалар, шпонкалар, шплинттер, шайбалар мен осыған ұқсас бұйымдар

7616 10 000 0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады