Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 289 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) болып;
      2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - кәсіпорындар) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Орталықты мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
      3. Мыналар:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметінің негізгі мәні - денсаулық сақтау және ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
      "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ауруханасы", "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны және "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметінің негізгі мәні - денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.
      5. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Орталықтың және кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
      2) Орталықтың және кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2009 жылғы 12 наурыздағы
№ 289 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының
республикалық мемлекеттік кәсіпорындары болып қайта
ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Президенті Іс
басқармасының республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорындарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының N 2 ауруханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып.
      2. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып.
      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығының "Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады