Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы N 331 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.20 N 745 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 23, 266-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
      "Жеке тұлғаларды, азаматтарды, азаматтығы жоқ адамдарды, шетелдік азаматтарды тіркеу" деген 1-бөлімде:
      реттік нөмірі 4-жолдың 2-бағанында "қайтадан куәлік" деген сөздер "қайтадан куәліктер немесе анықтамалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Кәсіпкерлердің заңды және жеке тұлғаларын тіркеу" деген 2-бөлімде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 38-1-жолмен толықтырылсын:
"

38-1

Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беру

Заңды тұлғалар

ҰБ

Аумақтық филиалдар

";

      "Заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін тіркеу" деген 3-бөлімде:
      реттік нөмірлері 70, 71, 73-жолдарда:
      2-бағандағы "ресімдеу" деген сөз "беру" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-бағандағы "жер қатынастары басқармалары," деген сөздерден кейін "аудандардың және" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 72-жолда:
      2-бағанда:
      "ресімдеу" деген сөз "беру" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "өтеусіз" деген сөз "өтемін төлеп" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-бағандағы "жер қатынастары басқармалары," деген сөздерден кейін "аудандардың және" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Әлеуметтік қорғау" деген 4-бөлімде:
      реттік нөмірі 87-жолда:
      2-бағандағы "Мүгедектер" деген сөздің алдынан "Жалғызілікті, сондай-ақ жалғыз тұратын қарттарға және" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі, аудандық маңызы бар қала, қаладағы аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі";
      реттік нөмірі 92-жолдың 5-бағанындағы "департаменттері/ басқармалары" деген сөздер "басқармалары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Анықтамалар беру" деген 5-бөлімде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 113-1 және 113-2-жолдармен толықтырылсын:
"

113-1

Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру

Заңды және жеке тұлғалар

ҰБ

Орталық аппарат және аумақтық филиалдар

113-2

Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру

Заңды және жеке тұлғалар

ҰБ

Аумақтық филиалдар

";

      реттік нөмірі 114-жолда:
      2-бағандағы "Қосалқы" деген сөздің алдынан "Жеке" деген сөзбен толықтырылсын;
      5-бағандағы "облыстық маңызы бар қалалардың ауыл шаруашылығы бөлімдері" деген сөздерден кейін ", аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмірлері 115 және 116-жолдар алып тасталсын;
      реттік нөмірі 124-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қайтыс болу туралы дәрігердің куәлігін беру".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады