"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметнінің 2009 жылғы 26 наурыздағы N 415 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

"Мемлекеттік сатып алу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы

       1-бап . "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 17, 135-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат; N 20, 87-құжат; N 21, 97-құжат; N 24, 128-құжат; 2009 жылғы 27 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 26 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) 41-баптың 3-тармағы 8) тармақшасындағы "қызметтерді" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді";
      2) 47-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Осы Заңның 41-бабының 3-тармағы 9) тармақшасының ережесі 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.".

       2-бап . Осы Заң алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады