Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 мамырдағы N 772 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 286 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.05.2017 № 286 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) оған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Қазақстан Республикасы тау-кен құтқарушы ғылыми-инженерлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің технологиялық бірлігінің сақталуын қамтамасыз етсін;

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Кәсіпорын жарғысын бекітуге енгізсін және оны әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 25 мамырдағы
N 772 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Техника қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 шілдедегі N 1154 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 31, 392-құжат):

      1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 шілдедегі N 772 қаулысында :

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің "Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесінде:

      реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.08.2014 N 938 қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады