Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Ғылым және технологиялар саласындағы 2009 - 2011 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 маусымдағы N 896 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Ғылым және технологиялар саласындағы 2009 - 2011 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасының жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Ермекұлы Омаровқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Ғылым және технологиялар саласындағы 2009 - 2011 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 12 маусымдағы
N 896 қаулысымен     
мақұлданған      

жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының
Үкіметі арасындағы Ғылым және технологиялар саласындағы
2009 - 2011 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі Тараптар деп аталады),
      Тараптар мемлекеттері арасындағы Ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ниет пен өзара мүдделілік білдіре отырып,
      бірлескен жобаларды, ғылыми алмасуларды жүзеге асыру Тараптар мемлекеттері арасындағы достықтың нығаюына ықпал ететініне сене отырып,
      1992 жылғы 22 ақпандағы Сауда-экономикалық қатынастар, Ғылым мен технология саласындағы Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерін назарға ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Ғылым және технологиялар саласындағы 2009 - 2011 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру мақсатында Тараптар Қазақстан-үндістан ғылыми-технологиялық ынтымақтастық комитетін (бұдан әрі - Комитет) құрады.
      Комитет отырыстары жылына бір рет немесе қажетіне қарай өзара келісім бойынша өткізіледі. Комитет құрамына тараптар айқындайтын Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасының ғалымдары, зерттеушілері, сарапшылары, технологтары кіреді.

2-бап

      Тараптар осы Бағдарлама шеңберінде ынтымақтастықты мынадай түрде жүзеге асырады:
      а) қысқа және ұзақ мерзімді сапарлар ішінде ғалымдармен/зерттеушілермен/сарапшылармен/технологтармен (бұдан әрі - мамандармен) алмасу;
      b) электрондық құралдардың көмегімен екі елдің де ғылым мен технологиялар саласындағы жаңа әзірлемелерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету, екі жақты семинарларға, халықаралық ғылыми конференциялар мен көрмелерге қатысу;
      с) бірлескен ғылыми жобалар шеңберінде зерттеулер жүргізу;
      d) 2009 - 2011 жылдар ішінде өзара жұмыс сапарларын өткізуді қамтамасыз ету.

3-бап

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Үндістан Республикасы Ғылым және технология министрлігі осы Бағдарламаны іске асыру үшін жауапты органдар болып табылады.

4-бап

      Тараптар ынтымақтастықты мынадай бағыттарда қолдайды және дамытады:
      а) биотехнология;
      b) нанотехнология;
      с) ғарыш қызметі;
      d) ақпараттық технологиялар;
      е) тау-кен-металлургия кешені;
      f) жаңғыртылатын энергия көздері (биоэнергия, күн энергиясы, күн-термиялық және жел энергиясы);
      g) химия және мұнай химиясы;
      h) Жер туралы ғылымдар;
      і) жаңа және перспективалы материалдар.
      Тараптар осы Бағдарлама шеңберінде Тараптардың өзара консультациялары жолымен қажеттілігіне қарай ғылым мен технологиялардың басқа да бағыттары бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыра алады.

5-бап

      Тараптар ынтымақтастықты үйлестіруді тең құқылы негізде жүзеге асырады.
      Екі Тарап та Бағдарламаны іске асыру барысында өзара мүддеге негізделген жобаларды ұсынады. Жобаларды осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан мен Үндістан ғылыми ұйымдары әзірлейді. Бірлескен жобалар бойынша ұсыныстар мақұлдау үшін Қазақстан мен Үндістанның жауапты органдарына жіберіледі.
      Комитет мақұлдаған жобаларды жауапты органдар тағайындайтын жобаларды үйлестірушілер (әрбір тараптан бір-бірден) іске асыратын болады. Жобаларды іске асыруға байланысты шығыстарды аумағында оларды іске асыру жүргізілетін тарап жүзеге асырады.
      Жылдық және түпкілікті есеп дайындауды жобаларды үйлестіруші ғылыми ұйымдар жүзеге асырады және Комитетке ұсынады.

6-бап

      Осы Бағдарлама шеңберінде ынтымақтастықты іске асыру үшін Тараптар ең жаңа әзірлемелермен танысу, халықаралық және екі жақты конференциялар мен көрмелерге, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға қатысу мақсатында қысқа сапарлар ішінде мамандармен алмасуды жүзеге асырады.

7-бап

      Үндістан тарабы Қазақстанның екі белгілі маманын жыл сайын қаңтар айында Үндістанда өткізілетін Үндістан ғылыми Конгресіне қатысу үшін шақырады.

8-бап

      Жіберуші тарап қабылдаушы тараптың жауапты органына жоспарланған сапар басталғанға дейін екі ай бұрын осы Бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес алмасу бойынша іссапарға жіберілетін мамандар туралы ақпарат береді.
      Қабылдаушы тарап бір ай ішінде жіберуші тарапқа өзінің маманды қабылдауға дайын екендігі туралы хабарлайды.
      Жіберуші тарап маманның жоспарланған келу күніне дейін кемінде екі аптадан кешіктірмей маман іссапарының нақты күні туралы хабарлайды. Маман баратын институттардың саны шектеулі (2-ден аспайды).
      Қабылдаушы тарап осы Бағдарламаны орындауға қатысатын мамандарға ақы төлемей визалар беру мүмкіндігін қарастырады.

9-бап

      Осы Бағдарламаны іске асыру мақсатында жіберуші тарап жіберілетін мамандардың келген елдің ғылыми институтына жақын әуежайға дейін авиа ұшуы және оларды медициналық сақтандыру жөніндегі шығыстарды өзі көтереді.
      Қабылдаушы тарап өзара келісілген кездесулер мен семинарларды өткізу үшін жиһазбен еркін жабдықталған апартаменттерде тұруға, көліктік шығыстарға және ұйымдастыру шығыстарына ақы төлейді.

10-бап

      Осы Бағдарлама Тараптардың өздері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

11-бап

      Осы Бағдарламаның ережелерін түсіндіру немесе қолдану бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер мен консультациялар жолымен шешетін болады.

12-бап

      Осы Бағдарлама қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
      Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Бағдарламаның ажырамас бөліктері болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделеді.
      Осы Бағдарламаның қолданылуын тоқтату бірлескен жобалардың немесе оның шеңберінде орындалатын басқа бірлескен қызметтің аяқталуына әсер етпейді.

13-бап

      2009 жылғы "___" _______________Нью-Дели қаласында қазақ, орыс, хинди және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
      Осы Бағдарламаның ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

       Қазақстан Республикасы                Үндістан Республикасы
      Үкіметінің атынан                     Үкіметінің атынан

1-қосымша

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының
Үкіметі арасындағы Ғылым және технологиялар саласындағы
2009 - 2011 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы

(Бірлескен зерттеу жобасында қолдану үшін сауалнама)

А. Жобаны сәйкестендіру

      1. Жобаның атауы ____________________________________________
      2. Жобаны іске асыру мерзімдері, аймен_______________________
      3. Жобаны бастаудың межелі күні______________________________
      4. Жобада қамтылатын ғылым және технологиялар саласы_________
      5. Жобаны зерттеушілер мен ынтымақтастық жасайтын институттар:

Мәліметтер

Қазақстан

Үндістан

Зерттеушінің Т.А.Ә.
Лауазымы
Институттың орналасқан
жері
Телефон
Факс
е-maіl
Туған күні



Ынтымақтастық жасаушы зерттеушінің Т.А.Ә.
Лауазымы
Институттың орналасқан жері
Телефон
Факс
е-maіl
Туған күні



В. Техникалық ақпарат

      1. Жобаның мақсаттары (200 сөзге дейін)______________________
      2. Ынтымақтастық үшін негіздеме мен болжамды зерттеу саласындағы ұлттық және халықаралық сценарий туралы қысқаша ақпарат (200 сөзге дейін)__________________________________________________
      3. Әдіснаманы қоса алғанда, жобаның қысқаша ғылыми және техникалық сипаттамасы (400 сөзге дейін)___________________________
      4. Бірлескен жұмыс жоспары:

Кезеңі

Қазақстандық тараптың жауапкершілігі

Үнді тарапының жауапкершілігі

1-жыл



2-жыл



3-жыл



      5. Жобалар бойынша жұмыстар жүзеге асырылатын мекемелердегі жоба бойынша кызметке байланысты инфрақұрылым объектілері:

Қазақстандық ынтымақтастық жасайтын институттарда

Үндістандық ынтымақтастық жасайтын институттарда



      6. Жобаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті сапарлар саны:

Кезеңі

Үндістаннан Қазақстанға

Қазақстаннан Үндістанға

Саны

Ұзақтығы

Саны

Ұзақтығы

1-жыл





2-жыл





3-жыл





      7. Осы ынтымақтастықтан күтілетін нәтижелер (мысалы, бірлескен жарияланымдар, патенттер және т.б). Күтілетін нәтижелердің коммерциялық құндылығы бар ма? (100 сөзге дейін)____________________
      8. Қазақстан және Үндістан зерттеушілері туралы мәліметтер (сипаттамада осы Бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес тиісті жарияланымдарға сілтеме жасалып, жобаны зертеушілердің болжалды жұмыс саласындағы арнайы білімдері көрсетілуі тиіс).

С. Әкімшілік және қаржылық ақпарат

1. Жобаның құны______________________________________________________

Жыл

Алмасу бойынша сапарлар

Резерв

Жалпы

Үндістан ғалымдарының Қазақстанға

Қазақстан ғылымдарының Үндістанға

1-жыл





2-жыл





3-жыл





Барлығы





      2. Жобаны зерттеушілердің қолдары

       Қазақстаннан                             Үндістаннан
      ________________                         ______________

      3. Ынтымақтастық жасаушы институттар басшыларының өтініштері
      мыналар:
      институт осы зерттеу жобасына қатысуға келіседі;
      институт бірлескен жобаны орындау үшін инфрақұрылым мен қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді;
      институт орындалатын жобалар бойынша қаржылық және басқа әкімшілік жауапкершілікті өзіне алады;
      институт қажет болған жағдайда маманды алмастыруды қамтамасыз етеді деп бекітілген.

      Институт басшысының қолы мен мөрі:

      Қазақстаннан                             Үндістаннан
      ________________                         ______________

2-қосымша

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Ғылым және технологиялар саласындағы
2009 - 2011 жылдарға арналған ынтымақтастық
бағдарламасы

(Алмасу бойынша сапарға арналған өтінімнің үлгісі)

      1. Жобаның атауы_____________________________________________
      2. Жобаның коды______________________________________________
      3. Тегі, аты, әкесінің аты___________________________________
      4. Лауазымы__________________________________________________
      5. Жынысы____________________________________________________
      6. Туған күні және жері______________________________________
      7. Әкесі мен шешесінің тегі, аты, әкесінің аты____________
___________________________________________________________________
      8. Паспортының нөмірі, берілген күні мен орны
___________________________________________________________________
      9. Ұйымның атауы және орналасқан жері, телефон, факс,
      е-mаіl_______________________________________________________
___________________________________________________________________
      10. Мамандану саласы (өткен 5 жыл ішіндегі маңызды жарияланымдары)
__________________________________________________________
___________________________________________________________________
      11. Болжалды сапардың ұзақтығы, келуінің және кетуінің болжалды күні_______________________________________________________________
___________________________________________________________________
      12. Келудің жоспарлы порты___________________________________
      13. Сапар кезінде баратын институттар (екіден көп емес)______
      14. Сапар мақсаты мен күтілетін нәтижелердің қысқаша сипаттамасы (егер қажет болса, бөлек парақта)______________________

Келуші ғалымның қолы
____________________
Күні________________

О подписании Программы сотрудничества между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Индия в области науки и технологий на 2009 - 2011 годы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июня 2009 года № 896

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Одобрить прилагаемый проект Программы сотрудничества между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Индия в области науки и технологий на 2009 - 2011 годы.
      2. Уполномочить Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Республике Индия Умарова Кайрата Ермековича подписать от имени Правительства Республики Казахстан Программу сотрудничества между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Индия в области науки и технологий на 2009 - 2011 годы, разрешив вносить изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Одобрен         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 12 июня 2009 года № 896

проект

Программа
сотрудничества между Правительством Республики Казахстан и
Правительством Республики Индия в области науки и технологий
на 2009 - 2011 годы

      Правительство Республики Казахстан и Правительство Республики Индии (далее именуемые Сторонами),
      выражая желание и взаимную заинтересованность в углублении сотрудничества в области науки и технологий между государствами Сторон,
      убежденные в том, что осуществление совместных проектов, научных обменов будет способствовать укреплению дружбы между государствами Сторон,
      принимая во внимание положения Соглашения между Республикой Казахстан и Республикой Индия о сотрудничестве в области торгово-экономических отношений, науки и технологии от 22 февраля 1992 года,
      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      В целях реализации Программы сотрудничества между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Индия в области науки и технологий на 2009 - 2011 годы (далее - Программа) Стороны создают казахстанско-индийский Комитет научно-технологического сотрудничества (далее - Комитет).
      Заседания Комитета проводятся один раз в год или по мере необходимости - по взаимному согласию. В состав Комитета входят ученые, исследователи, эксперты, технологи Республики Казахстан и Республики Индии, определяемые сторонами.

Статья 2

      Стороны осуществляют сотрудничество в рамках настоящей Программы следующим образом:
      а) обмен учеными/исследователями/экспертами/технологами (далее - специалистами) в течение кратких и долгосрочных визитов;
      b) обеспечение возможности ознакомления с новейшими разработками в области науки и технологий обеих стран с помощью электронных средств, участие в двусторонних семинарах, международных научных конференциях и выставках;
      c) проведение исследований в рамках совместных научных проектов;
      d) обеспечение проведения взаимных рабочих визитов в течение 2009 - 2011 годов.

Статья 3

      Министерство образования и науки Республики Казахстан и Министерство науки и технологии Республики Индии являются ответственными органами за реализацию настоящей Программы.

Статья 4

      Стороны поддерживают и развивают сотрудничество в следующих направлениях:
      a) биотехнология;
      b) нанотехнология;
      c) космическая деятельность;
      d) информационные технологии;
      e) горно-металлургический комплекс;
      f) возобновляемые источники энергии (биоэнергия, солнечная энергия, солнечно-термическая и ветровая энергия);
      g) химия и нефтехимия;
      h) науки о Земле;
      i) новые и перспективные материалы.
      В рамках настоящей Программы Стороны могут осуществлять сотрудничество по другим направлениям науки и технологий по мере необходимости путем взаимных консультаций Сторон.

Статья 5

      Координация сотрудничества осуществляется Сторонами на равноправной основе.
      Обе Стороны в ходе реализации Программы предлагают проекты, основанные на взаимном интересе. Проекты разрабатываются научными организациями Казахстана и Индии согласно приложению 1 к настоящей Программе. Предложения по совместным проектам направляются ответственным органам Казахстана и Индии для их одобрения.
      Одобренные Комитетом проекты будут реализовываться координаторами проектов (по одному с каждой стороны), назначаемыми ответственными органами. Расходы, связанные с реализацией проектов осуществляет сторона, на территории которой будет происходить их реализация.
      Подготовка годового и окончательного отчета осуществляется научными организациями - координаторами проектов и представляется Комитету.

Статья 6

      Для реализации сотрудничества в рамках настоящей Программы, Стороны осуществляют обмен специалистами в течение кратких визитов с целью ознакомления с новейшими разработками, участия в международных и двусторонних конференциях и выставках, а также в реализации совместных научных проектов.

Статья 7

      Индийская сторона приглашает двух известных специалистов из Казахстана для принятия участия в Индийском научном Конгрессе, который проводится ежегодно в январе месяце в Индии.

Статья 8

      Направляющая сторона представляет ответственному органу принимающей стороны информацию о специалистах, командируемых по обмену согласно приложению 2 к настоящей Программе за два месяца до начала запланированного визита.
      Принимающая сторона в течение одного месяца информирует направляющую сторону о своей готовности принять специалиста.
      Направляющая сторона информирует о точной дате командировки специалиста не позднее, чем за две недели до запланированной даты прибытия специалиста. Количество институтов, посещаемых специалистом, ограничено (не более 2-х).
      Принимающая сторона рассматривает возможность выдачи виз без оплаты специалистам, принимающим участие в выполнении настоящей Программы.

Статья 9

      В целях реализации настоящей Программы направляющая сторона принимает на себя расходы по авиаперелету до аэропорта ближайшего к научному институту страны пребывания, и медицинскому страхованию направляемых специалистов.
      Принимающая сторона оплачивает проживание в свободно меблированных апартаментах, транспортные расходы и организационные расходы для проведения взаимно согласованных встреч и семинаров.

Статья 10

      Настоящая Программа не затрагивает прав и обязательств Сторон, вытекающих из других международных договоров, участниками которых они являются.

Статья 11

      В случае возникновения споров по толкованию или применению положений настоящей Программы Стороны будут разрешать их путем переговоров и консультаций.

Статья 12

      Настоящая Программа вступает в силу со дня подписания и действует до 31 декабря 2011 года.
      По взаимной договоренности Сторон в настоящую Программу могут быть внесены изменения и дополнения, которые оформляются отдельными протоколами, являющимися неотъемлемыми частями настоящей Программы.
      Прекращение действия настоящей Программы не окажет влияния на завершение совместных проектов или другой совместной деятельности, выполняемой в ее рамках.

Статья 13

      Совершено в городе Нью-Дели "____"____________ 2009 года в двух подлинных экземплярах на казахском, русском, хинди и английском языках, причем все тексты имеют одинаковую силу.
      В случае возникновения разногласий в толковании положений настоящей Программы Стороны будут руководствоваться текстом на английском языке.

      За Правительство                              За Правительство
      Республики Казахстан                          Республики Индия

Приложение 1

Программа
сотрудничества между Правительством Республики Казахстан и
Правительством Республики Индия в области науки и технологий
на 2009 - 2011 годы

(Анкета для применения в совместном исследовательском проекте)

А. Идентификация проекта

      1. Название проекта__________________________________________
      2. Сроки реализации проекта, в месяцах_______________________
      3. Ожидаемая дата начала проекта_____________________________
      4. Область науки и технологий, охватываемая проектом_________
      5. Исследователи проекта и сотрудничающие институты:

Сведения

Казахстан

Индия

Ф.И.О. исследователя
Должность
Место нахождение
института
Телефон
Факс
e-mail
Дата рождения



Ф.И.О. сотрудничающего
исследователя
Должность
Место нахождение
института
Телефон
Факс
e-mail
Дата рождения



В. Техническая информация

      1. Цели проекта (до 200 слов)________________________________
      2. Основание для сотрудничества и краткая информация о национальном и международном сценарии в предполагаемой области исследования (до 200 слов)_________________________________________
      3. Краткое научное и техническое описание проекта, включая методологию (до 400 слов)__________________________________________
      4. План совместной работы:

Период

Ответственность
казахстанской
стороны

Ответственность
индийской
стороны

1-й год



2-й год



3-й год



      5. Инфраструктурные объекты, связанные с деятельностью по проекту в учреждениях, в которых будут осуществляться работы по проектам:

В казахстанских
сотрудничающих институтах

В индийских
сотрудничающих
институтах



      6. Количество визитов, необходимых для достижения цели проекта:

Период

из Индии в Казахстан

Из Казахстана в Индию

Количество

Продолжительность

Количество

Продолжительность

1-й год





2-й год





3-й год





      7. Ожидаемые результаты данного сотрудничества (например, совместные публикации, патенты и т.д.). Имеют ли ожидаемые результаты коммерческую ценность? (до 100 слов)________________________________
      8. Сведения об исследователях Казахстана и Индии (описание должно освещать специальные знания исследователей проекта в предполагаемой области работы со ссылкой на соответствующие публикации согласно приложению 2 к настоящей Программе).

С. Административная и финансовая информация

      1. Стоимость проекта__________________________________________

Год

Визиты по обмену

Резерв

Общее

индийских ученых в
Казахстан

казахстанских
ученых в Индию

1-й год





2-й год





3-год





Всего





      2. Подписи исследователей проекта

      от Казахстана                                 от Индии
    _________________                          _________________

      3. Заявления глав сотрудничающих институтов:
      утверждено, что:
      институт согласен принимать участие в данном исследовательском проекте;
      институт обеспечивает инфраструктуру и необходимые условия для выполнения совместного проекта;
      институт берет на себя финансовую и другую административную ответственность по выполняемым проектам;
      в случае необходимости институт обеспечит замену специалиста.

      Подпись и печать руководителя института:

      от Казахстана                                     от Индии
    _________________                               _________________

Приложение 2

Программа
сотрудничества между Правительством Республики Казахстан и
Правительством Республики Индия в области науки и технологий
на 2009 - 2011 годы

(Образец заявки для визита по обмену)

      1. Название проекта _________________________________________
      2. Код проекта ______________________________________________
      3. Фамилия, имя, отчество ___________________________________
      4. Должность ________________________________________________
      5. Пол ______________________________________________________
      6. Дата и место рождения ____________________________________
      7. Фамилия, имя, отчество отца и матери _____________________
      8. Номер паспорта, дата и место выдачи ______________________
      9. Наименование и местонахождения организации, тел., факс,
e-mail_____________________________________________________________
      10. Область специализации (важные публикации в течение прошлых
5 лет)_____________________________________________________________
      11. Продолжительность предполагаемого визита, предполагаемая
дата прибытия и отъезда ___________________________________________
      _____________________________________________________________
      12. Планируемый порт прибытия _______________________________
      13. Институты, посещаемые во время визита (не более двух) ___
      14. Краткое описание цели визита и ожидаемых результатов (если
необходимо, на отдельном листе) ___________________________________

Подпись ученого-посетителя
__________________________
Дата______________________