Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі N 1167 Қаулысы

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесі бекітілсін.
      1-1. Қоса беріліп отырған «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі бекітілсін.
      Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерін және "Алтын сапа" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы N 1059 қаулысының (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 41, 449-бап) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 31 шілдедегі
N 1167 қаулысымен 
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын
алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын
ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсы және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына (бұдан әрі - Жарлық) сәйкес әзірленді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа (бұдан әрі - конкурс) қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртібін белгілейді.
      2-1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 11.03.2015 № 125 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2-2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 11.03.2015 № 125 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2-3. Сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.
      Ескерту. 1-тарау 2-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.03.2015 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Материалдарды ресімдеу және ұсыну тәртібі

      Ескерту. 2-бөлімде «заңды тұлға», «заңды тұлғаның», «Заңды тұлғаның», «Заңды тұлға» деген сөздер «конкурсқа қатысушы», «конкурсқа қатысушының», «Конкурсқа қатысушының», «Конкурсқа қатысушы» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің
2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      3. Конкурсқа қатысу үшін конкурсқа қатысушы 1 шілдеге дейін конкурсты ұйымдастырушыға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді және мыналарды:
      1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама-декларацияны;
      2) оның қызметінің және сапа саласындағы нақты нәтижелерінің деңгейін өзіндік бағалауды білдіретін конкурсқа қатысушының есебін – А4 форматындағы 38 парақтан аспайды;
      3) есепке қосымшаны (диаграммалар, графиктер, кестелер, құжаттардың көшірмелері) – А4 форматындағы 30 парақтан аспайды;
      4) конкурсты ұйымдастырушы белгілеген нысан бойынша өлшемдер көрсеткіштері негізінде толтырылған конкурсқа қатысушының сапа саласындағы қызметін өзіндік бағалау бойынша сауалнаманы;
      5) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.08.25 N 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
      6) салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;
      7) менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмесін қамтитын құжаттар жиынтығын тапсырады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2012.08.25 N 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.03.2015 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      4. Конкурсқа қатысушының есебі мыналардан тұруға тиіс:
      1) конкурсқа қатысушы қызметіне қысқаша шолу;
      2) Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының моделіне сәйкес белгіленген өзіндік бағалау өлшемдерінің сипаты.
      5. Көлемі А4 пішіміндегі 6 парақтан аспайтын шолуда мыналар қамтылуға тиіс:
      1) конкурсқа қатысушының тарихы;
      2) өнімнің (қызметтердің) негізгі түрлерінің сипаты;
      3) ұйымдық құрылымы;
      4) өнімнің (қызметтердің) сапасына қойылатын негізгі талаптар;
      5) өнімді өткізетін негізгі нарықтар немесе көрсетілген қызметтер туралы ақпарат (өңірлік, республикалық, халықаралық);
      6) өнімді (қызметтерді) негізгі тұтынушылардың сипаттамасы;
      7) конкурсқа қатысушының маңыздылығын білдіретін өзге ақпарат.
      6. конкурсқа қатысушы конкурсқа қатысуға өтінім берген сәттен бастап конкурсты ұйымдастырушы, Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы және сараптамалық топтар конкурс материалдарында қамтылған ақпаратқа қатысты толық құпиялылықты қамтамасыз етеді.
      7. Конкурсқа қатысушы қызметінің мүмкіндіктерін және нәтижелерін сипаттайтын өлшемдерді (бұдан әрі - өлшемдер) конкурсты ұйымдастырушы айқындайды.

3. Материалдарды алдын ала бағалау тәртібі

      8. Ұсынылған материалдарға алдын ала бағалау жүргізу мыналарды қамтиды:
      1) конкурсқа қатысушылардың материалдарына және қызметіне жергілікті жерлерде алдын ала бағалау жүргізу;
      2) конкурс ұйымдастырушысы комиссиясының конкурсқа қатысушылардың материалдарын алдын ала бағалауы және олар бойынша алдын ала қорытынды дайындауы.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.03.2015 № 125 қаулыымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметiне жергiлiктi жерлерде алдын ала бағалау жүргiзу үшiн конкурсты ұйымдастырушының шешiмiмен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар, қоғамдық бiрлестiктердiң, жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi арасынан сараптамалық топтар құрылады.
      Сараптамалық топтың жергілікті жерлердегі сандық құрамы 3 адамнан кем болмауға тиіс.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.25 N 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.03.2015 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      10. Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметін жергілікті жерлерде алдын ала бағалауды сараптамалық топтар конкурсты ұйымдастырушы бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады.
      Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметін жергілікті жерлерде алдын ала бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық топтар өлшемдерге сәйкес баллмен бағасын қойып, сараптамалық қорытындыны жасайды.
      Сараптамалық қорытынды осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
      11. Сараптамалық топтар жергiлiктi жерлерде конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметiн алдын ала бағалауды жүргiзгеннен кейiн құжаттар жиынтығы мен сараптамалық қорытынды 15 қыркүйекке дейінгі мерзiмде конкурсты ұйымдастырушыға жiберiледi.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.03.2015 № 125 қаулыымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Конкурсқа қатысушылардың материалдарына алдын ала бағалау жүргізу және олар бойынша алдын ала қорытынды дайындау үшін конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар және өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы құрылады.
      Конкурсты ұйымдастырушы комиссиясының сандық құрамы 9 адамнан кем болмауға тиіс.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.03.2015 № 125 қаулыымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      13. Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы конкурсқа қатысушылардың материалдарын, сараптамалық топтардың сараптамалық қорытындыларын қарайды.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      14. Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы ұсынылған материалдарды алдын ала бағалауды жүргізгеннен кейін және сараптамалық топтардың сараптамалық қорытындыларын қарап осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдын ала қорытынды шығарады және конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.03.2015 № 125 қаулыымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      15. Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атақтарын беру жөніндегі комиссияның қарауына конкурсқа қатысушылардың қорытынды материалдарын және осы материалдар бойынша алдын ала қорытындыны ұсынады.

Қазақстан Республикасы Президентінің
"Алтын сапа" сыйлығын алуға   
арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну және
алдын ала бағалау ережесіне  
1-қосымша           

Тіркеу нөмірі__________ Конкурсты ұйымдастырушы –
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын
алуға арналған конкурсқа қатысуға арналған
өтінім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.03.2015 № 125 қаулыымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Өтінім беруші
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы
_____________________________________________________________________
Мекенжайы ___________________________________________________________
Жұмыс істеу кезеңі __________________________________________________
2. Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің басшысы
_____________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________
Лауазымы ____________________________________________________________
Мекенжайы ___________________________________________________________
Қызметтік телефоны, факс ____________________________________________
3. Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің сипаттамасы
Қызметкерлердің жалпы саны __________________________________________
Филиалдар саны (бар кезде) __________________________________________
Қосымша:
Құжаттар жиынтығы.
Басшының қолы
______ жылғы «__»___________

Қазақстан Республикасы Президентінің
"Алтын сапа" сыйлығын алуға   
арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну және
алдын ала бағалау ережесіне  
2-қосымша           

Тіркеу нөмірі____________________ Қазақстан Республикасы Президентінің
"Алтын сана" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушының
сауалнама-декларациясы

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.03.2015 № 125  қаулыымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Конкурсқа қатысушы
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы _____________________________
Заңды мекенжайы ___________________________________________________
2. Басшы
Тегі, аты, әкесінің аты____________________________________________
___________________________________________________________________
Лауазымы __________________________________________________________
___________________________________________________________________
Почталық мекен-жайы________________________________________________
___________________________________________________________________
Қызметтік телефоны_________________________________________________
3. Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы туралы мәліметтер
Қызметкерлердің жалпы саны ________________________________________
Филиалдар саны (болған кезде) _____________________________________
Шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)
аса маңызды түрлерінің үш атауы), СЭҚ ТН коды _____________________
4. Уәкілетті және конкурсқа жауапты адам
Тегі, аты, әкесінің аты____________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Лауазымы___________________________________________________________
___________________________________________________________________
Телефоны___________________________________________________________
факс_______________________________________________________________
5. Декларация
      Кәсіпорын атынан біздің конкурсқа қатысушылар үшін белгіленген ережелерді орындауға келісетінімізді және Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы лауреаттарының атақтарын беру жөніндегі комиссияның шешімі түпкілікті деп қабылдайтынымызды мәлімдеймін. Жергілікті жерлерде алдын ала бағалау жүргізу қажет болған жағдайда, біз оны ашық және күнілгері кесіп-пішпей өткізуге жәрдемдесеміз. Біз кәсіпорынның осындай сараптамаға байланысты шығыстарды көтеретінін түсінеміз.

Басшының қолы
_____жылғы "___"________

Қазақстан Республикасы Президентінің
"Алтын сапа" сыйлығын алуға   
арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну және
алдын ала бағалау ережесіне  
3-қосымша           

Негізгі көрсеткіштер туралы ақпаратты ұсыну нысаны
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алатын ұйымның атауы ________________________________________

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.03.2015 № 125 қаулыымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Алдыңғы 2 жылда

Өсу қарқыны %

Бизнес- жоспар

20__ жылы

20__ жылы

1

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі

млн. тг.

2

Өндірілген өнім көлемі

млн. тг.

3

Өнімдерді жеткізудің жалпы көлемінде экспортқа жеткізудің үлес салмағы

%

4

Экспорттың өсу қарқыны

%

5

Рентабельділігі

%

6

Жұмыс істеушілердің орташа айлық саны

адам

7

Орташа айлық еңбекақы

тг.

Кәсіпорын басшысы___________ _____________
Бас бухгалтер ___________ ________________

Қазақстан Республикасы Президентінің
"Алтын сапа" сыйлығын алуға   
арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну және
алдын ала бағалау ережесіне  
4-қосымша           

Тіркеу нөмірі___________ Сараптамалық қорытынды

Кәсіпорынның атауы

Конкурсқа қатысушының құжаттары

Сараптамалық бағалау

Ескертпе

Өтінім:

Сауалнама-декларация:

Бағалау бойынша сауалнама:

Есеп:

Шешімдер:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Ұсыныстар:

Қолдары

_____жылғы "__"______

Қазақстан Республикасы Президентінің
"Алтын сапа" сыйлығын алуға   
арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну және
алдын ала бағалау ережесіне  
5-қосымша           

Тіркеу нөмірі________________ Алдын ала қорытынды

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.03.2015 № 125 қаулыымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы

Өлшемдер

Конкурсқа қатысушының өзін-өзі баллмен берілген бағалауы

Баллмен берілген сараптамалық бағалау

Баллмен берілген түпкілікті бағалау

Өлшемдер атауы

Баллмен берілген ең жоғары баға

1. Басшылықтың көшбасшылық рөлі

2. Сапа саласындағы саясат және стратегия

3. Персонал

4. Серіктестік және ресурстар

5. Ұйым жүзеге асыратын үдерістер

6. Тауарлар сапасына тұтынушылардың қанағаттануы

7. Персоналдың қанағаттануы

8. Ұйымның қоғамға ықпалы

9. Ұйым жұмысының нәтижелері

10. Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (менеджменттің сертификатталған жүйелерінің болуы)

11. Кәсіпорынның саланың дамуына қосқан үлесі туралы салалық қауымдастықтың бағасы (бар болса)

Барлық  өлшемдер бойынша баллдардың жалпы саны

Шешімдер:
____________________________________________________________

___жылғы "___"_______

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2009 жылғы 31 шілдедегі
№ 1167 қаулысымен   
бекітілген      

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі»

      Ескерту. Қаулы Ережелермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну  және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Ереже «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына (бұдан әрі - өңірлік конкурс, республикалық конкурс) ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртібін белгілейді.
      3. «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының (бұдан әрі – конкурс) ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурстарының ұйымдастырушылары облыстар, республикалық маңызы бар қала мен астананың кәсіпкерлер палаталары (бұдан әрі – өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар) болып табылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.03.2015 № 125 қаулыымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Республикалық конкурсты және республикалық конкурстың марапаттау рәсімін өткізу Жарлыққа сәйкес Дүниежүзілік сапа күніне орайластырылған салтанатты жағдайда өткізіледі.

2. Өңірлік конкурстарға ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау тәртібі

      5. Өңірлік конкурсқа қатысуға:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіп, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы (қару-жарақ пен әскери техника өндірісін қоспағанда) өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын;
      2) өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету және оны жүйелі түрде жақсарту бойынша оң нәтижелері бар заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер (бұдан әрі - конкурсқа қатысушылар) үміткер бола алады.
      6. Конкурсқа қатысушылар мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес өтінім;
      2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес сауалнама-декларация;
      3) сәйкестік сертификаттары мен сапа және қауіпсіздік туралы қорытындылардың көшірмелері (бар болса);
      4) менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмелері (бар болса);
      5) негізгі параметрлер мен сипаттамалардың сандық мәндері көрсетілген өнімнің негізгі тұтынушылық қасиеттерінің сипаты;
      6) конкурсқа қатысушылар өз нәтижелерін және осы көрсеткіштердің өзгеру үрдісін бағалайтын көрсеткіштер;
      7) конкурсқа қатысушылар қызметінің нәтижелері туралы ақпарат (ұсынылған сандық деректердің маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік беретін қысқаша түсініктермен сүйемелденуге тиіс кестелер немесе диаграммалар түрінде ұсынылады).
      7. Өңірлік конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімдерді алдын ала сараптамалық бағалауды жүргізу үшін өңірлік сараптамалық топ құрылады.
      8. Өңірлік сараптамалық топтар өңірлік конкурсты ұйымдастырушының шешімімен құрылады.
      Сараптамалық топтардың құрамына жергілікті атқарушы органдардың, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатарынан тағайындалатын төраға, сарапшылар кіреді.
      Сараптамалық топтардың сандық құрамы кемінде үш адамды құрауы тиіс.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.03.2015 № 125 қаулыымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Сараптамалық топтар жергілікті жерлерде конкурсқа қатысушылардың материалдарын және өнімді алдын ала сараптамалық бағалауды өңірлік конкурсты ұйымдастырушы бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады.
      Сараптамалық топтар конкурсқа қатысушылардың материалдары мен өнімді алдын ала сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша алдын ала сараптамалық қорытынды жасайды.
      10. Өңірлік конкурстар өңірлік конкурстарды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде, бірақ конкурстар өткізілетін жылдың 30 тамызынан кешіктірілмей өткізіледі.
      11. Өңірлік конкурстардың ұйымдастырушылары конкурстар өткізілетін жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей өңірлік конкурстар жеңімпаздарының қажетті құжаттарын конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.
      Өңірлік конкурстардың ұйымдастырушылары сараптамалық топтардың алдын ала сараптамалық қорытындыларын ескере отырып:
      1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
      2) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес «Халық тұтынатын үздік тауарлар»;
      3) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша өңірлік конкурстардың жеңімпаздарын анықтайды.
      12. Өңірлік конкурстардың жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысады.

3. Республикалық конкурсқа ұсынылатын материалдар
мен өнімді алдын ала сараптамалық бағалау тәртібі

      13. Республикалық конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімді алдын ала сараптамалық бағалауды жүргізу үшін республикалық конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сараптамалық топтар (бұдан әрі - сараптамалық топтар) құрылады.
      14. Сараптамалық топтардың сандық құрамы кемінде бес адамды құрауы тиіс.
      15. Сараптамалық топтардың құрамына:
      1) осы Ережеге 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес қалған ұстанымдарды сызып тастай отырып, кестеде өзінің құзыреттілігінің деңгейі жеткілікті деп есептейтін ұстанымдарға ғана баға қоятын;
      2) алдын ала сараптамалық қорытынды дайындайтын сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар, өзге де мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатарынан тағайындалатын төраға, оның орынбасары, сарапшылар кіреді.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.03.2015 № 125 қаулыымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. Конкурсты ұйымдастырушы сараптамалық топтардың алдын ала сараптамалық қорытындыларын және жинақталған құжаттар құрамында сараптамалық бағалаудың толтырылған кестелерін Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияға жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілгенге дейін бес күн бұрын жібереді.

«Қазақстанның үздік тауары»  
өңірлік және республикалық   
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдынала сараптамалық
бағалау ережесіне       
1-қосымша            

Тіркеу нөмірі__________
Конкурсты ұйымдастырушы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Өтінім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.03.2015 № 125 қаулыымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Өтінім беруші
Конкурсқа қатысушының атауы _________________________________________
Мекенжайы ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жұмыс істеу кезеңі __________________________________________________
2. Басшы
Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________
Лауазымы ____________________________________________________________
Мекенжайы ___________________________________________________________
Қызметтік телефоны, факс
_____________________________________________________________________
3. Конкурсқа қатысушының сипаттамасы
Қызметкерлердің жалпы саны __________________________________________
Филиалдар саны (бар болса) __________________________________________
Қосымша:
1) сауалнама-декларация;
2) сәйкестік сертификаттары мен сапа және қауіпсіздік туралы қорытындылардың көшірмелері (бар болса);
3) менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмелері (бар болса);
4) негізгі параметрлер мен сипаттамалардың сандық мәндері көрсетілген өнімнің негізгі тұтынушылық қасиеттерінің сипаты;
5) конкурсқа қатысушылар өз нәтижелерін және осы көрсеткіштердің өзгеру үрдісін бағалайтын көрсеткіштер;
6) конкурсқа қатысушылар қызметінің нәтижелері туралы ақпарат.

Басшының қолы
20__ ж. «___» ________

«Қазақстанның үздік тауары» 
өңірлік және республикалық  
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау ережесіне       
2-қосымша           

Тіркеу нөмірі__________________ Сауалнама-декларация

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.03.2015 № 125 қаулыымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Конкурсант
Конкурсқа қатысушының атауы__________________________________________
Заңды мекенжайы______________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Басшы
Тегі, аты, әкесінің аты______________________________________________
_____________________________________________________________________
Лауазымы_____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Пошталық мекенжайы___________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жұмыс телефоны ______________________________________________________
3. Конкурсқа қатысушы туралы мәліметтер
Қызметкерлердің жалпы саны __________________________________________
Филиалдар саны (болған кезде) _______________________________________
Шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)
аса маңызды түрлерінің үш атауы, СЭҚ ТН коды ________________________
4. Өкілетті және конкурсқа жауапты тұлға
Тегі, аты, әкесінің аты______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Лауазымы_____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Телефон______________________________________________________________
факс_________________________________________________________________

5. Декларация
      Кәсіпорын атынан конкурсқа қатысушылар үшін белгіленген ережелерді орындауға келісетінімізді мәлімдеймін және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия шешімін түпкілікті деп қабылдайтын боламыз. Жер-жерде алдын ала бағалауды жүргізу қажет болған жағдайда, біз оны ашық және күнілгері кесіп-пішпей өткізуге көмек көрсетеміз. Біз осындай сараптамаға байланысты шығыстарды кәсіпорын көтеретінін түсінеміз.

Басшының қолы
20 жылғы « »

«Қазақстанның үздік тауары»
өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына    
ұсынылатын материалдар мен
өнімді ресімдеу, ұсыну және
алдын ала сараптамалық  
бағалау ережесіне     
3-қосымша         

«Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар» номинациясы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.03.2015 № 125 қаулыымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Облыс _______________________________________________________________
Ұйым ________________________________________________________________
Өнім ________________________________________________________________
Бұйымның қорытынды балы _____________________________________________

Сараптамалық бағалау кестесі

Р/с

Өлшемдер, талаптар, көрсеткiштер

Сарапшылар (Т.А.Ж.)

Орташа балл

1

2

3

4

1

Отандық аналогпен салыстырғанда тұтыну ерекшелігінің деңгейі (1-10 балл)

2

Өндiрiлетiн өнiм көлемiндегi экспортқа шығарылатын өнiм үлесi (10 % үшiн 1 балл)

3

Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнiмдi өндiру көлемiнiң ұлғаюы (әрбір 10 % үшiн 1 балл)

4

Тұтынушылар, мемлекеттiк бақылаушы органдар сатып алатын ұйымдардың тарапынан сараптамалық-расталған шағымдардың болуы/болмауы (0, 10 балл)

5

Тұтынушылардың, сатып алатын ұйымдардың пiкiрлерi (республиканың әртүрлi өңiрлерiнен және одан тыс жерлерден кемiнде 10 ресми ресiмделген) (0, 10 балл)

6

Өнімдегі жергілікті қамту үлесі (әрбiр 10 % үшiн 1 балл)

7

Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (менеджменттің сертификатталған жүйелерінің болуы) (әр сертификат үшін 0, 10 балл)

8

Өнімнің қауіпсіздігін растайтын көрсеткіштер тұрақтылығының деңгейі (сәйкестік сертификаты, сәйкестік декларациясы) (әр сертификат/декларация үшін 0, 10 балл)

9

Өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында компанияның маркетингтік саясатының тиімділігі (1-10 балл)

10

Бұйымды дайындаған кезде қолданылатын инновациялар («ноу-хаудың», өнертабыстың, патенттердің болуы, конструкциялардың жаңалығы) (0, 10 балл)

Бұйымның қорытынды балы (S (сомасы) орт. балл)

      Комиссия төрағасы (Т.А.Ж.)_____________________________________
      Сараптамалық топ хатшысы (Т.А.Ж.) _____________________________
      Сараптамалық топ мүшелері _____________________________________
                                _____________________________________

«Қазақстанның үздiк тауары» 
өңiрлiк және республикалық 
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнiмдi  
ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
сараптамалық бағалау ережесiне
4-қосымша         

«Халық тұтынатын үздiк тауарлар» номинациясы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.03.2015 № 125 қаулыымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Облыс _______________________________________________________________
Ұйым ________________________________________________________________
Өнім ________________________________________________________________
Бұйымның қорытынды балы _____________________________________________

Сараптамалық бағалау кестесі

Р/с

Өлшемдер, талаптар, көрсеткiштер

Сарапшылар (Т.А.Ж.)

Орташа балл

1

2

3

4

1

Отандық аналогпен салыстырғанда тұтыну ерекшелігінің деңгейі (1-10 балл)

2

Өндiрiлетiн өнiм көлемiндегi экспортқа шығарылатын өнiм үлесi (10 % үшiн 1 балл)

3

Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнiмдi өндiру көлемiнiң ұлғаюы (әрбір 10 % үшiн 1 балл)

4

Әлеуметтік маңыздылық деңгейі (аналогпен салыстырғанда бағасы және тұтынушылардың түрлі санаты үшін қазақстан нарығындағы қолжетiмдiлiгi) (1-10 балл)

5

Тұтынушылар, мемлекеттiк бақылаушы органдар сатып алатын ұйымдардың тарапынан сараптамалық-расталған шағымдардың болуы/болмауы (0, 10 балл)

6

Тұтынушылардың, сатып алатын ұйымдардың пiкiрлерi (республиканың әртүрлi өңiрлерiнен және одан тыс жерлерден кемiнде 10 ресми ресiмделген) (0, 10 балл)

7

Өнімдегі жергілікті қамту үлесі (әрбiр 10 % үшiн 1 балл)

8

Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (менеджменттің сертификатталған жүйелерінің болуы (әр сертификат үшін 0, 10 балл)

9

Өнімнің қауіпсіздігін растайтын көрсеткіштер тұрақтылығының деңгейі (сәйкестік сертификаты, сәйкестік декларациясы) (әр сертификат/декларация үшін 0, 10 балл)

Бұйымның қорытынды балы (S (сомасы) орт.балл)

      Комиссия төрағасы (Т.А.Ж.) ____________________________________
      Сараптамалық топ хатшысы (Т.А.Ж.) _____________________________
      Сараптамалық топ мүшелері _____________________________________
                                _____________________________________

«Қазақстанның үздік тауары» 
өңірлік және республикалық  
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау ережесіне       
5-қосымша           

«Үздiк азық-түлік тауарлары» номинациясы

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.03.2015 № 125 қаулыымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Облыс _______________________________________________________________
Ұйым ________________________________________________________________
Өнім ________________________________________________________________
Бұйымның қорытынды балы _____________________________________________

Сараптамалық бағалау кестесі

Р/с

Өлшемдер, талаптар, көрсеткiштер

Сарапшылар (Т.А.Ж.)

Орташа балл

1

2

3

4

1

Отандық аналогпен салыстырғанда тұтыну ерекшелігінің деңгейі (1-10 балл)

2

Өндiрiлетiн өнiм көлемiндегi экспортқа шығарылатын өнiм үлесi (10 % үшiн 1 балл)

3

Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнiмдi өндiру көлемiнiң ұлғаюы (әрбір 10 % үшiн 1 балл)

4

Тұтынушылар, мемлекеттiк бақылаушы органдар сатып алатын ұйымдардың тарапынан сараптамалық-расталған шағымдардың болуы/болмауы (0, 10 балл)

5

Тұтынушылардың, сатып алатын ұйымдардың пiкiрлерi (республиканың әртүрлi өңiрлерiнен және одан тыс жерлерден кемiнде 10 ресми ресiмделген) (0, 10 балл)

6

Өнімдегі жергілікті қамту үлесі (әрбiр 10 % үшiн 1 балл)

7

Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (менеджменттің сертификатталған жүйелерінің болуы (әр сертификат үшін 0, 10 балл)

8

Өнімнің қауіпсіздігін растайтын көрсеткіштер тұрақтылығының деңгейі (сәйкестік сертификаты, сәйкестік декларациясы) (әр сертификат/декларация үшін 0, 10 балл)

9

Өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында компанияның маркетингтік саясатының тиімділігі (1-10 балл)

10

Бұйымды дайындау кезінде қолданылатын инновациялар («ноу-хаудың», өнертабыстың, патенттердің болуы, конструкциялардың жаңалығы) (0, 10 балл)

Бұйымның қорытынды балы (S (сомасы) орт.балл)

      Комиссия төрағасы (Т.А.Ж.) ____________________________________
      Сараптамалық топ хатшысы (Т.А.Ж.) _____________________________
      Сараптамалық топ мүшелері _____________________________________
                                _____________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады