Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 1369 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің  кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 14 қыркүйектегі
N 1369 қаулысымен   
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Қарағанды облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 214-7-жол алынып тасталсын.
      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде реттік нөмірі 222-9-жол алынып тасталсын.
      4. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі N 1021 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 28, 339-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 34-жолмен толықтырылсын:

"

34

"Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті" республикалық мемлекеттік  кәсіпорны

Теміртау қаласы

".

      5. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 77-12-жолмен толықтырылсын:
      "77-12. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады