Байланыс формасы

Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы N 1647 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 793 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2014 № 793 қаулысымен (12.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына, "Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 3 мамырдағы Заңының 18-1-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2009 жылғы 22 қазандағы 
N 1647 қаулысымен    
бекітілген      

Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы
сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы
сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі
ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына және "Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 3 мамырдағы Заңына сәйкес әзірленді және тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі Қазақстан Республикасының аумағында тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес өндірілген немесе жеткілікті дәрежеде қайта өңделген тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ереже:
      1) техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1633 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарына;
      4) тауар шығарылған елді анықтау жөніндегі сараптамалық ұйымдарға;
      5) тауар шығарылған елді анықтау жөніндегі сарапшы аудиторларға;
      6) тауардың шығу тегі туралы сертификат алуға мүдделі жеке немесе заңды тұлғаларға қолданылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1633 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      адвалорлық үлес - пайдаланылатын материалдар құнының пайыздық үлесі немесе жеткізілетін тауардың "франко-зауыт" бағасында тіркелген пайыздық үлеске жететін қосылған құн;
      тауардың шығу тегі туралы сертификат беру - тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды тіркейтін журналға қол қойғызып, ресімделген және куәландырылған тауардың шығу тегі туралы сертификатты өтініш берушіге беру;
      тауардағы жергілікті қамту үлесі - пайдаланылатын жергілікті материалдар құны мен тауарларды өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарды қайта өңдеуге жұмсаған шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық құрамы;
      өтініш беруші - тауардың шығу тегі туралы сертификат алуға мүдделі жеке немесе заңды тұлға;
      экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуіші - экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдерді жіктеу мен кодтау тәртібін белгілейтін өнім жіктеуіші;
      тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері - тауарлар шығарылған елді айқындау қағидаттарының бірі, оған сәйкес егер тауарды өндіруге екі немесе одан да көп ел қатысса, тауарға тән қасиеттерді беру үшін, тауар соңғы рет елеулі қайта өңдеуге қай жерде ұшыраса, сол елден шығарылды деп саналады;
      кумулятивтік қағидат - тауар шығарылған елді анықтау қағидаттарының бірі, оған сәйкес тауардың шығу тегі тауарды 1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттерде дәйекті түрде қайта өңдеу нәтижесінде түпкілікті тауарды шығарған ел бойынша анықталады;
      тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу - тауардың шығу тегі туралы сертификат бланкісін толтыру;
      кері экспорт - шетелден әкелінген тауарларды қайта өңдемей елден әкету;
      тауардың шығу тегі туралы сертификат - егер әкетілетін елде сертификат тауар шығарылған елден алынған мәліметтер негізінде берілсе, тауар шығарылған елді куәландыратын және осы мемлекеттің немесе әкететін мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжат;
      тауар шығарылған ел - тауар толық шығарылған немесе жеткілікті дәрежеде қайта өңделген ел;
      аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы - Қазақстан Республикасынан экспортталатын немесе кері экспортталатын тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеуді, куәландыруды және беруді жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
      тауар - Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін немесе Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тасымалданатын мүлік, оның ішінде электр, энергияның жылу мен өзге де түрлері, сондай-ақ жолаушылар мен тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдары;
      сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы - сандық белгі немесе топтық сандық белгілер (кодтар) түрінде өзіне тауарлық топтарды, позицияларды, субпозицияларды, субпозицияларға жататындарды қамтитын тауарлар жіктеуіші. Жіктеуіштің кез келген деңгейінде позицияларға берілетін түсініктер, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы түсіндірмесінің негізгі ережелері сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының ажырамас бөлігі болып табылады;
      тауардың шығу тегі туралы сертификатты куәландыру - тауардың шығу тегі туралы сертификатты куәландыруға уәкілетті тұлғаның қолымен, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органның мөрімен растау;
      тауардың шығу тегі туралы сертификатты куәландыру - тауардың шығу тегі туралы сертификатты куәландыруға уәкілетті тұлғаның қолымен және тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органның (ұйымның) мөрімен растау;
      ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат беру жөніндегі уәкілетті орган - ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік орган;
      ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге арналған уәкілетті орган (ұйым) - аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары;
      сараптама ұйымы - штатында тауар шығарылған елді анықтау жөніндегі сарапшы аудиторы бар, тауардың шығу тегіне сараптама жүргізу жөніндегі жұмысты жүзеге асыратын заңды тұлға;
      тауар шығарылған елді анықтау жөніндегі сарапшы аудитор - техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман;
      экспорт - отандық не бұрын шетелден әкелінген және оларды сыртқы нарықта өткізу үшін қайта өңдеуге ұшыраған тауарларды елден әкету;
      сериялы өндіріс тауары - шығарылуы ұзақ уақыт бойы жеке топтамалармен қайталанатын тауар;
      Тауардың бірегей нөмірі – тауардың әр бірлігіне жазылатын және тауардың осы түрі үшін айқындалған қызмет/жарамдылық мерзімі ішінде қолданылатын, салалық стандартқа сәйкес құрылымы бар өзгермейтін бұйым нөмірі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674; 2011.12.29 № 1633 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.26 № 843 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 N 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2-тарау. Тауар шығарылған елді айқындау және Қазақстан
Республикасынан экспортталатын, кері экспортталатын тауарларға
тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру
және беру

§ 1. Тауар шығарылған елді айқындау

      4. Тауар шығарылған елді айқындау үшін, тауардың:
      1) толығымен Қазақстанда шығарылғаны;
      2) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін ескере отырып, Қазақстанда шығарылғандығы;
      3) шетелде шығарылғандығы белгіленуге тиіс.
      5. Мыналар:
      1) елдің аумақтық суларында (теңіздерінде) немесе оның құрлықтық қайраңында оның жер қойнауынан өндірілген пайдалы қазбалар;
      2) осы елде өсірілген немесе жиналған өсімдік тектес өнім;
      3) осы елде туған және (немесе) өсірілген тірі жануарлар;
      4) осы елде өсірілген жануарлардан алынған өнім;
      5) осы елде аңшылық немесе балық аулау кәсіпшілігінің нәтижесінде алынған өнім;
      6) осы елдің кемесімен ие ол жалға алған (кіреге алған) кемемен алынған теңізде балық аулау кәсіпшілігінің өнімі мен теңіз кәсіпшілігінің басқа да өнімі;
      7) осы елдің қайта өңдеуші кемесінің бортында осы баптың 6) тармақшасында көрсетілген өнімнен ғана алынған өнім;
      8) осы елдің сол теңіз түбін немесе сол теңіз қойнауын игеруге арналған ерекше құқықтарының болуы шартымен, осы елдің аумақтық суларынан (теңізінен) тыс жерлердегі теңіз түбінен немесе теңіз қойнауынан алынған өнім;
      9) өндірістік немесе қайта өңдеу жөніндегі өзге де операциялар нәтижесінде алынған қалдықтар мен металл сынықтары (қайталама шикізат), сондай-ақ осы елде жиналған және тек шикізат күйінде қайта өңдеу үшін ғана жарамды, пайдалануда болған бұйымдар;
      10) осы елге тиесілі не ол жалға алған (кіреге алған) ғарыш кемелерінде ашық ғарышта алынған жоғары технологиялар өнімі;
      11) осы елде осы баптың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген өнімнен ғана дайындалған тауарлар толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарлар болып саналады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 қаулысымен.
      6. Егер тауарды өндіруге екі және одан да көп ел қатысса, жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне жауап беретін, тауарды қайта өңдеу жөніндегі соңғы операцияларды жүзеге асырылған ел тауарды шығарған ел болып саналады.
      7. Мыналар:
      1) тауарды қайта өңдеу нәтижесінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауар кодының кез келген алғашқы төрт белгі деңгейінде өзгеруі;
      2) бұл операциялар орын алған ел тауар шығарылған ел болып есептелуі үшін жеткілікті өндірістік немесе технологиялық операцияларды орындау;
      3) құнының пайыздық үлесі түпкі өнімнің бағасындағы тіркелген үлесіне жеткен кездегі тауар құнының өзгеруі (адвалорлық үлес ережесі) тауарға Қазақстан Республикасында өндірілген деген мәртебе беру үшін оны жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері болып табылады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 қаулысымен.
      8. Тауарды жеткілікті қайта өңдеудің негізгі өлшемі үшінші елдер тауарды өндіруде пайдаланған кезде тауарға шығу тегі мәртебесін беру үшін қажетті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесіне енгізілген тауарларды қоспағанда, тауарды қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған алғашқы төрт белгінің кез келгенінің деңгейінде тауардың сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кодын өзгерту болып табылады.
      Аталған тізбеге шарттардың бірі ретінде адвалорлық үлес ережесі жеке де, тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің басқа өлшемдеріне үйлестіріліп те енгізілген.
      Тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін бағалау үшін кумулятивтік қағидат қолданылуы мүмкін, оған сәйкес Келісімге қатысушы мемлекеттерде тауарды дәйекті түрде қайта өңдеу нәтижесінде тауардың шығу тегі тауарды соңғы дайындаған ел бойынша айқындалады.
      Егер Келісімге қатысушы мемлекеттердің бірінде түпкілікті тауарды өндіруде Келісімге басқа қатысушы мемлекеттерден шығарылған, тауардың шығу тегі туралы сертификатпен расталған және Келісімге басқа қатысушы мемлекеттерде кезең-кезеңімен одан әрі өңдеуге ұшырайтын шикізат пен материалдар пайдаланылса, онда тауар соңғы рет өңдеуге ұшыраған ел осындай тауар шығарылған ел болып табылады.
      Шикізаттың немесе материалдардың шығу тегі туралы сертификат болмаған жағдайда, түпкілікті тауарды шығарған елді анықтау осы Ереженің 7-тармағында белгіленген.
      Қазақстан Республикасынан шығарылатын және экспортталатын тауарларды шығарған елді айқындау үшін, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына және Еуропалық қоғамдастыққа, сондай-ақ Бас преференциялар жүйесі шеңберінде АҚШ-қа, Канадаға, Жапонияға, Түркияға, Австралияға, Жаңа Зеландияға, Швейцарияға және Лихтенштейнге, Норвегияға және тауардың шығарылуымен растау "Оригинал" нысанды сертификатпен жүзеге асырылатын елдер үшін шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1478 қаулысымен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімде және Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың № 2454/93 Регламентінде келтірілген.
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін қоспағанда, Қазақстан Республикасында өндірілген және еркін сауда туралы келісім жасасқан елдерге экспортталатын тауарлардың шығу тегі Қазақстан Республикасы үшін күшіне енген халықаралық шарттарда көрсетілген негізде айқындалады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674, 2011.12.08 N 1497 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді), 2012.01.18 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      9. Мыналар:
      1) тауарларды сақтау немесе тасымалдау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі операциялар;
      2) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі операциялар (лекті бөлшектеу, жөнелтуді қалыптастыру, сұрыптау, қайта буып-түю);
      3) жуу, тазарту, шаңды тазалау, тотық, май және басқа заттар жағу;
      4) тоқыманы үтіктеу немесе нығыздау (талшықтар мен иірілген жіптің кез келген түрлері, талшықтар мен иірілген жіптің кез келген түрлерінен жасалған тоқыма материалдар және олардан жасалған бұйымдар);
      5) бояу немесе жылтырату жөніндегі операциялар;
      6) дәнді дақылдарды және күрішті қауыздау, ішінара немесе толық ағарту, қырнау және жылтырату;
      7) қантты бояу немесе кесек қант жасау жөніндегі операциялар;
      8) жемістердің, көкөністер мен жаңғақтардың қабығын алу, тұқымдарын алу және оларды бөлу;
      9) қайрау, қарапайым тарту немесе қарапайым кесу;
      10) елек немесе елеуіш арқылы елеу, сұрыптау, жіктеу, іріктеу, талғау (оның ішінде бұйымдар жинағын жасау);
      11) банкаларға, шақшаларға, қаптарға, жәшіктерге, қораптарға құю, өлшеп салу және буып-түю жөніндегі басқа да қарапайым операциялар;
      12) қарапайым құрастыру операциялары немесе тауарларды бөлшектер бойынша бөлшектеу;
      13) алынған құрауыштардың бастапқы тауардан айтарлықтай ерекшеленуіне соқтырмайтын құрауыштарға тауарларды бөлу;
      14) алынған өнімнің бастапқы құрауыштардан айтарлықтай ерекшеленуіне соқтырмайтын тауарларды (құрауыштарды) араластыру;
      15) мал сою, етті бөлшектеу (сұрыптау);
      16) жоғарыда көрсетілген операциялардың екі немесе одан көп санын біріктіру тауарға Қазақстан Республикасында өңдірілген деген мәртебе беру үшін оны жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне жауап бермейтін шарттар болып табылады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 қаулысымен.
      10. Егер адвалорлық үлес ережесі қолданылған жағдайда, тауар өндірісінде адволарлық үлесті есептеу:
      1) импортталған тауарлар үшін - осы тауарларды түпкі өнім өндіру жүзеге асырылатын елге әкелу кезінде олардың кедендік құны бойынша немесе импортталған тауарлардың шығу тегі белгісіз болған жағдайда түпкі өнім өндіру жүзеге асырылатын елдің аумағына оларды алғаш рет сатудың құжат арқылы расталған бағасы бойынша;
      2) түпкі өнім үшін - сатушы зауыттың (қойманың) тауарды тиеуге, кедендік декларациялауға және экспорт елінен тауарды әкетуге арналған шығыстарды қамтымайтын бағасы («франко-зауыт» жағдайларындағы баға) бойынша жүргізіледі.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1633 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      11. Егер өндірістік немесе көліктік жағдайлар бойынша оларды бір лекпен түсіру мүмкін болмаса, сондай-ақ тауарлар легі қателік немесе мекенжайын дұрыс көрсетпеу салдарынан бірнеше лекке бөлінген жағдайларда, шығарылған елін анықтау кезінде бірнеше лекпен жеткізілетін бөлшектелген немесе құрастырылмаған түрдегі тауарлар декларанттың қалауы бойынша біртұтас тауар ретінде қаралады.
      Осы тармақтың ережелері мына шарттар сақталған кезде қолданылады:
      1) мұндай жеткізудің себептерін көрсетіп, лек-легімен жеткізілетін бөлшектелген немесе құрастырылмаған түрдегі тауарлар туралы кеден органын алдын ала хабардар ету және Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодтарын, әр лекке кіретін тауарлардың құны мен шығарылған елін көрсетіп әр лектің сипаттамасын табыс ету. Қателік немесе мекенжайын дұрыс көрсетпеу салдарынан тауар бірнеше лекке бөлінген жағдайда тауарды бөлудің қате екенін құжатпен растау қосымша табыс етіледі;
      2) тауарлардың барлық легін бір елден бір келісімшарт шеңберінде бір экспорттаушының (өнім берушінің) беруі; тауарлардың барлық легін сол бір кеден арқылы әкелу және рәсімдеу;
      3) тауарлардың барлық легін кедендік декларация қабылданған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде беру.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 қаулысымен.
      12. Тауарлардың шығарылған елін анықтау кезінде оларды өндіру үшін пайдаланылатын жылу және электр энергиясының, машиналардың, жабдықтар мен аспаптардың шығарылуы есепке алынбайды.
      Машиналармен, жабдықтармен, аппараттармен немесе көлік құралдарымен пайдалануға арналған құрал-саймандар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер мен аспаптар, егер бұл құрал-саймандар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер мен аспаптар жоғарыда аталған машиналармен, жабдықтармен, аппараттармен немесе көлік құралдарымен жиынтықта және әдетте осындай құрылғылармен жеткізілетін мөлшерде әкелінсе және сатылса, сол машиналар, жабдықтар, аппараттар немесе көлік құралдары әкелінген елде шығарылған деп есептеледі.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 қаулысымен.
      13. Тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сараптамаға байланысты жұмыстар өтінім мен өтініш беруші тапсырған құжаттар пакеті негізінде осы Ереженің 16-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес шарттық негізде жүргізіледі.
      14. Тауардың шығу тегінің сараптамасын тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудитор тауардың шығу тегін растайтын толық құжаттар пакетімен бірге өтінім ұсынылған және тіркелген сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.18 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      15. Тауардың шығу тегінің сараптамасы мыналарды қамтиды:
      1) техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың сараптамасы;
      2) тауарды сыртқы белгілері бойынша, таңбалауы бойынша (атауы, үлгісі, түрі, қаптамасы, сыныбы, дайындаушы кәсіпорын), қажет болған кезде тауар тұрған жерге барып сәйкестендіру;
      3) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін белгілеу және тауардың қосылған құнын айқындау мақсатында тауарды өндірудің технологиялық үдерісінің сараптамасы.
      16. Тауардың шығу тегіне сараптама жүргізуге арналған осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес, сондай-ақ тауарды қайта экспорттау кезінде өтініммен бірге техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттар ұсынылады.
      Бір келісімшарттың шеңберінде тауарды бірнеше есе жеткізу кезінде бір жыл мерзімге бірінші жөнелтілімнің келісімшарттық партиясына, оның ішінде сериялы шығарылатын тауарларға сараптау актісін беруге жол беріледі.
      Сараптау актісінде тауардың бірінші жіберілетін партиясында тауардың келісімшарттың партиясы немесе шығарылымның жылдық көлемі көрсетіледі.
      Осы тауардағы өндірісті өзгерту технологиясы мен құрамдауыштары, сондай-ақ материалды жеткізуші елдерге Өтініш беруші тауардың шығу тегі туралы сараптау жаңа актісін және шығу тегі сертификатын алу мақсатында осы өзгерістер туралы сараптау ұйымына бес жұмыс күні ішінде хабардар етуі қажет.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.18 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      17. Қосымша зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайда, сараптама ұйымы мыналарды:
      1) шикізаттың, материалдардың, құрауыштардың шығу тегін растайтын рұқсаттардың, лицензиялардың, құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін;
      2) егер зертханалық сынақтар мен зерттеулерсіз тауарды сәйкестендіру мүмкін болмаса, аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген сынақтар хаттамасын сұрайды.
      Құжаттардың түпнұсқалары оларды көшірмелерімен сәйкестендіргеннен кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайтарылады.
      18. Сараптама нәтижелері бойынша сараптама ұйымы осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес тауардың:
      1) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін ескере отырып, Қазақстанда шығарылғандығы;
      2) шетелде шығарылғандығы туралы тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудитор жасаған тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін береді.
      19. Біліктілік аттестатын алған және тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудиторлардың тізіліміне енгізілген тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудитор сараптама жүргізеді және сараптама қорытындысына қол қояды.
      20. Сараптама ұйымын таңдауды өтініш беруші өзі жүзеге асырады. Тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудиторлардың тізілімі мен сараптама ұйымдарының тізімі техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның сайтына орналастырылады.
      21. Тауарды кері экспорттау кезінде аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасына тауардың Қазақстан Республикасына әкелінгенін растайтын қосымша құжаттар ұсынылады (тауардың шығу тегі туралы сертификаттың, кеден декларациясының және тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері).
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1633 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

§ 2. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу,
куәландыру және беру

      22. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу алдында аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасының уәкілетті тұлғасы тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу туралы қорытынды жасайды. Бұл үшін өтініш беруші ұсынған тауардың шығу тегін растайтын құжаттарға талдау және оны тиісті түрде ресімдеу мәніне тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін талдау жүргізіледі.
      23. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру мынадай нысандар бойынша жүзеге асырылады:
      1) "СТ-1" нысанындағы сертификат - Қазақстан Республикасынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне шығарылатын тауарларға;
      1-1) "СТ-2" нысанындағы сертификат - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін қоспағанда, еркін сауда туралы келісім жасалған және қолданылатын елдерге Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарларға;
      2) "А" нысанындағы сертификат - Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдерге, сондай-ақ Бас преференциялар жүйесі шеңберінде АҚШ-қа, Канадаға, Жапонияға, Түркияға, Австралияға, Жаңа Зеландияға, Швейцарияға және Лихтенштейнге, Норвегияға экспортталатын тауарларға;
      3) "Оригинал" нысанындағы сертификат - осы тармақтың 1), 1-1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген елдерге шығарылатын тауарларға ағылшын немесе орыс тілдерінде (өтінім беруші айқындайды).
      Сауда-өнеркәсіп палатасы техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен бланкілердің нысандарына сәйкес тауардың шығу тегі туралы сертификат бланкілерін дайындауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.08 N 1497 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді), 2012.01.18 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      24. Тауардың шығу тегі туралы сертификат осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес өтініш және "Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде бір жұмыс күні ішінде ресімделеді, куәландырылады және беріледі.
      Осы Ереженің 5-тармағында көзделген толықтай Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификат "Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар негізінде беріледі.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 қаулысымен.
      25. Тауарды Қазақстан Республикасының әкеткен шығарған кезде тауардың шығу тегі туралы сертификат сол бір жүк жөнелтушіден сол бір жүк жөнелтушіге бір немесе бірнеше көлік құралымен жүзеге асырылатын тауардың бір мезгілде жөнелтілетін әрбір партиясына ресімделеді.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.18 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      26. Тауардың шығу тегі туралы сертификат үш данада ресімделеді. Сертификаттың түпнұсқасы мен бір көшірмесі өтініш берушіге беріледі, ал екінші көшірмесі тауардың шығу тегі туралы сертификат берген аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасында сақталады.
      27. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасының тұлғасы ресімдейді, куәландырады және береді.
      Бір келісімшарттың шеңберінде тауарды бірнеше мәрте жеткізу кезінде бір мезгілде түпнұсқасы тауардың барлық келісімшарттық партиясына немесе сериялы өндіріс тауарларына ресімделген және экспорттаушы бірінші жөнелтімде ұсынатын сараптама актісінің көшірмесімен жөнелтілетін тауардың әрбір партиясына тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге рұқсат етіледі.
      Тауардың шығу тегі сертификатын алуға арналған өтініште Өтініш беруші жөнелтілетін тауар партиясы өндіріс технологиясының және құрамдауыштарының өзгеріске ұшырамағанын, сондай-ақ бұл тауардың материалдарын жеткізуші елдерді растайды.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.18 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      28. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі:
      "СТ-1" нысан үшін ол берілген күнінен бастап он екі айды;
      "Оригинал" нысан үшін ол берілген күнінен бастап он екі айды;
      "А" нысан үшін ол берілген күнінен бастап он айды құрайды.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.18 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      29. Егер онда тазартып өшірулер, түзетілген жерлері, расталмаған түзетулер болса, қажетті қолдар және (немесе) мөрлер болмаса, тауардың шығу тегі туралы сертификат жарамсыз болып саналады.
      Тауардың шығу тегі туралы сертификатта қамтылған мәліметтер өзгерген жағдайда, жаңа сертификат тек өтініш беруші бұрын берілген және тауардың шығу тегі туралы сертификатты берген кезде негіздеме ретінде тігілетін сертификатты қайтарғаннан кейін ғана, сондай-ақ осы өзгерістерді растайтын қажетті құжаттар болған кезде беріледі.
      30. Ресімделген сертификаттар берілген тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды тіркеу журналына өтініш беруші қол қойғаннан кейін беріледі.
      31. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың өзге тұлғаларға беруге рұқсат етілмейді.
      32. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың көшірмелері мен беруге негіз болған құжаттар аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасында тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген күнінен бастап кемінде үш жыл сақталады.
      33. Тауар шығарылған елде "СТ-1" нысанындағы сертификаттың көшірмесі болса, Келісімге қатысушы мемлекеттер шеңберінде тауарларды кері экспорттау кезінде алмастырушы сертификат берілуі мүмкін.
      Тауарларды Келісімге қатысушы мемлекеттер шеңберінде, олардың аумақтарында дайындалған және Келісімге қатысушы мемлекеттердің кедендік аумақтарына, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесінің 1993 жылғы 24 қыркүйектегі шешімімен бекітілген тауардың шығу тегін айқындау ережесі күшіне енгенге дейін кері экспорттау кезінде, "СТ-1" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат берілуі мүмкін. Сертификатты тауарды шығарушы туралы (атауы, Кеңестер Социалистік Республикалар Одағының Республикасы мен почталық мекен-жайын көрсете отырып) және тауардың дайындалған жылын растаушы құжаттар ұсынылған жағдайда берілуі мүмкін.

3-тарау. Ішкі айналым үшін тауар шығарылған елді айқындау және
тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру
және беру

§ 1. Ішкі айналым үшін тауар шығарылған елді айқындау

      34. Тауар шығарылған елді анықтау үшін, тауардың:
      1) толықтай Қазақстанда шығарылғандығы;
      2) жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін ескере отырып, Қазақстанда шығарылғандығы белгіленуі тиіс.
      35. Толықтай Қазақстан Республикасында шығарылды деп саналатын тауарларды айқындау осы Ереженің 5-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 қаулысымен.
      36. Ішкі айналымға арналған Қазақстанда шығарылған тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері:
      1) осы Ереженің 7-тармағының 1) тармақшасында белгіленген өлшем;
      2) осы Ережеге 9-қосымшада көрсетілген үшінші елдің тауарын өндірісте пайдалану кезінде тауарға шығу тегі мәртебесін беру үшін қажетті шарттарды, өндірістік және технологиялық операцияларды орындау;
      3) тауардың бағасындағы жергілікті қамту үлесі «франко-зауыт» бағасы шарттарымен дайын тауар құнынан кемінде 30 пайызды құраған кезде тауар құнының өзгеруі болып табылады.
      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2014 N 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      37. Үшінші елдердің тауарларын өндірісте пайдаланған кезде тауарға шығу тегі мәртебесін беру үшін қажетті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесіне енгізілген тауарларды қоспағанда, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауар кодын қайта өңдеу нәтижесінде алғашқы төрт белгінің кез келгенінің деңгейінде өзгерту тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің негізгі өлшемі болып табылады.
      Осы тізбеге шарттардың бірі ретінде адвалорлық үлес ережесі дербес те, тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің басқа өлшемдерімен үйлестіріліп те енгізілген.
      Қазақстанда одан әрі айналымға арналған Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар мен бос қоймаларының аумағында өндірілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген немесе тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жеткілікті дәрежеде қайта өңдеуге түскен және Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауарларды шығарған елді анықтау үшін нақты тауарларға қатысты тауарға шығу тегі мәртебесін беруге қажетті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесі көрсетілген Ереженің 9-қосымшасында белгіленген.
      Осы Ереженің 36-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес келмеген жағдайда, осы Ереженің 36-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері қолданылады.
      Ескерту. 37-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674, 2012.01.18 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 N 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      38. Тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сай келмейтін шарттар осы Ереженің 9-тармағында белгіленген.
      Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 қаулысымен.
      39. Егер адвалорлық үлес ережесі қолданылған жағдайда, тауарды өндірудегі адвалорлық үлес есептемесі осы Ереженің 10-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      Тауарды өндірудегі адвалорлық үлес есептемесі осы Ереженің 1-қосымшасындағы формулаға сәйкес жүргізіледі.
      Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 қаулысымен.
      40. Бөлшектенген немесе құрастырылмаған түрде жеткізілетін тауарлар шығарылған елді айқындау осы Ереженің 11-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      Ескерту. 40-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 қаулысымен.
      41. Ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған елін айқындау ерекшеліктері осы Ереженің 12-тармағының талаптары ескеріліп көзделеді.
      Толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарлардың жергілікті қамту үлесі жүз пайызды құрайды. Осы тауардан бөлінбейтін буып-түюдің жергілікті қамту үлесін есептеу жүргізілмейді.
      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2014 N 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      42. Тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сараптамаға байланысты жұмыстар шарттық негізде және өтінім мен осы Ереженің 64-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес өтініш беруші ұсынған құжаттар негізінде жүргізіледі.
      43. Тауардың шығу тегінің сараптамасын тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудитор тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың толық пакеті бар өтінім ұсынылған және тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.18 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      44. Тауардың шығу тегінің сараптамасы:
      1) осы Ереженің 45-тармағына сәйкес тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың сараптамасын;
      2) өндіріс орналасқан жерге барып, тауарды сыртқы белгілері, таңбалануы бойынша сәйкестендіруді (атауы, үлгісі, қаптамасы, сыныбы, дайындаушы-кәсіпорын);
      3) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін белгілеу және тауардың қосымша құнын айқындау мақсатында тауарды өндіру кезіндегі үрдістің сараптамасын қамтиды.
      Ескерту. 44-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.04.2014 N 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      45. Тауардың шығу тегіне сараптама жүргізуге осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес өтініммен бірге мынадай құжаттар тапсырылады:
      1) өтінім берушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттар (заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшін - паспорт, жеке куәлік, дара кәсіпкердің патенті немесе куәлігі);
      2) тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі (тауарды өндірушімен немесе тауарды алуға жасалған шарт, жүкқұжаттар, шот-фактуралар, тауарды тасымалдау туралы құжаттар);
      3) қызмет түріне берілген лицензияның түпнұсқасы және көшірмесі;
      4) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін айқындауға арналған құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері (тауар өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен құрауыштардың құны, шикізатты жеткізуге арналған шарттар және/немесе шот-фактуралар және/немесе жүкқұжаттар, тауар өндіруге негіз болған нормативтік техникалық құжаттардың тізбесі қоса берілетін технологиялық құжаттама, тауар өндірілетін технологиялық құжаттар, шетелде шығарылған шикізат немесе құрауыштардың құнын ескере отырып, тауардың өзіндік құнының есептемесі);
      5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 11.04.2014 N 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
      6) қойманың мекен-жайын көрсете отырып, қоймадағы тауардың бар екендігі және саны туралы қоймалық анықтаманың түпнұсқасы және көшірмесі;
      7) өтініш берушінің мүддесін білдіруге арналған сенімхаттың түпнұсқасы және көшірмесі;
      8) жеміс-көкөніс өнімдері үшін: Қазақстан Республикасының аумақтық бірлігінің жергілікті атқарушы органның өтінім берілген өнім легінің көрсетілген аумақта өсірілгені туралы растау-анықтамасының түпнұсқасы мен көшірмесі және өнімді өндірушімен жасалған шарт, тауарды өндірушімен жасалған шарттың түпнұсқасын немесе нотариалды расталған көшірмесін міндетті түрде ұсына отырып, тауарды сатып алуға арналған шарт.
      Құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен сәйкестендірілгеннен кейін олар бір жұмыс күні ішінде өтінім берушіге қайтарылады.
      Ескерту. 45-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.18 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 N 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      45-1. Сериялы өндіріс тауарының шығу тегіне сараптама жүргізген кезде жүкқұжаттар, шот-фактуралар, тауарды тасымалдау туралы құжаттар, сондай-ақ қоймалық анықтама талап етілмейді.
      Ескерту. Ереже 45-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.18 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      46. Қосымша зерттеу жүргізу қажет болған жағдайда, сараптама ұйымы мыналарды сұратады:
      1) шикізаттың, материалдардың, құрамдауыштардың шығу тегін растайтын рұқсаттардың, лицензиялардың, құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері;
      2) егер тауарды зертханалық зерттеулерсіз сәйкестендіру мүмкін болмаса, аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген сынақтар хаттамасы.
      Құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен сәйкестендірілгеннен кейін олар бір жұмыс күні ішінде өтінім берушіге қайтарылады.
      47. Сараптама нәтижелері бойынша сараптама ұйымы осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес тауар шығарылған елді анықтау жөніндегі сарапшы аудитор жасаған, тауардың:
      1) толық Қазақстанда шығарылғаны;
      2) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін ескере отырып, Қазақстанда шығарылған болып табылатыны туралы тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін куәландырады және береді.
      47-1. Сериялы өндіріс тауарының шығу тегіне сараптама жүргізген кезде сериялы өндіріс тауарының шығу тегі туралы сараптама актісінің қолданылу мерзімі бір жылды құрайды. Бұл ретте тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде 10-бағанда сериялы өндіріс тауарының жылдық көлемі көрсетіледі.
      Тауардың сериялы өндірісін үш жылдан астам жүргізіп жатқан кәсіпорындар үшін және осы Ереженің 45-тармағында көрсетілген тауарды өндіру технологиясының, шикізатты (материалдарды) жеткізуші елдің, сондай-ақ кейінгі үш жылда шикізат пен құрауыштар құнының өзгермегенін дәлелдейтін құжаттарды ұсынған кезде сериялы өндіріс тауарының шығу тегі туралы сараптама актісінің қолданылу мерзімі үш жылды құрайды. Бұл ретте тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде 10-бағанда сериялы өндіріс тауарының үш жылдық көлемі көрсетіледі.
      Тауарды өндіру технологиясы, шикізатты (материалдарды) жеткізуші ел, сондай-ақ шикізат пен құрауыштардың құны өзгерген жағдайда, тауардың шығу тегі туралы жаңа сараптама актісін және ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсатында Өтініш беруші бес жұмыс күні ішінде Сараптамалық ұйымға мұндай өзгерістер туралы хабарлайды.
      Ескерту. Ереже 47-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 Қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2014 N 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      48. Сараптаманы біліктілік аттестатын алған және тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудиторлар тізіліміне енген тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудитор жүргізеді және сараптама қорытындысына қол қояды.
      49. Толықтай Қазақстанда шығарылған тауарлардан (шикізаттан, материалдардан, өнімнен) шығарылған тауардың шығу тегін белгілеу кезінде тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде мыналарды көрсету қажет:
      1) осы тауарды шығарудың технологиялық үдерісі (нормативтік құжат, технологиялық нұсқаулар);
      2) тауарды өндіру кезінде пайдаланылған шикізатты материалдарды және құрамдауыштарды жеткізушілер;
      3) сатып алынған шикізат пен құрамдауыштарға ақы төлеу туралы құжаттардың болуы (атауы, нөмірі).

§ 2. Ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты
ресімдеу, куәландыру және беру

      50. «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес бланкіде ресімделеді, куәландырылады және беріледі.
      «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат мынадай тауарларға:
      1) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жеткілікті дәрежеде қайта өңделген және арнайы экономикалық аймақтардан және бос қоймалардан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне шығарылатын;
      2) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген жеткілікті дәрежеде қайта өңделген және Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауарларға ресімделеді, куәландырылады және беріледі.
      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1633 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат мынадай тауарларға:
      1) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жеткілікті дәрежеде қайта өңделген және арнайы экономикалық аймақтар аумағы мен бос қоймалардан Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне шығарылатын;
      2) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес  Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген жеткілікті дәрежеде қайта өңделген және Қазақстан Республикасының кедендік аумағында сатылатын тауарларға ресімделеді, куәландырылады және беріледі.
      51. Тауарды арнайы экономикалық аймақтар аумағынан және бос қоймалардан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне әкелген және (немесе) тауарды Қазақстан Республикасының аумағында сатқан кезде "СТ-К2" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат тауарды жеткізуге ресімделеді немесе сериялы өндіріске және өндірушіге немесе уәкілетті тұлғаға беріледі.
      Еркін қойма аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында еркін қойма иесі сататын тауарларға әкелінетін тауардың әр партиясына ресімделетін тауардың бірегей нөмірін қамтитын жүкқұжат СТ- KZ сертификатының ажырамас бөлігі болып табылады. Жүкқұжатты өндіруші ресімдейді және салық немесе кеден органы сұратқан жағдайда ғана ұсынылуға жатады.
      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.18 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 № 843 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      51-1. Сериялы өндіріс тауарларына арналған CT-KZ нысанды тауардың шығу тегi туралы сертификат сериялы өндiрiс тауарын өндiрушi болып табылатын өтiнiм берушiге тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің қолданылу мерзiмiне және тауардың шығу тегi туралы сараптама актiсiнде көрсетілген тауар көлеміне беріледі. Тауардың бірегей нөмірін қамтитын, сериялы өндіріс тауарының әкелінетін әрбір партиясына ресімделетін жүкқұжат СТ-KZ сертификатының ажырамас бөлігі болып табылады. Жүкқұжатты өндіруші ресімдейді және салық немесе кеден органы сұратқан жағдайда ғана ұсынылуға жатады.
      Ескерту. Ереже 51-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 Қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 № 843 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      52. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат:
      1) осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес өтінім;
      2) тауардың шығу тегі туралы сараптама актісі;
      3) осы Ереженің 45-тармағына сәйкес өтініш беруші сараптамаға берген құжаттар;
      4) қоса берілген құжаттар тізімдемесі негізінде ресімделеді, куәландырылады және беріледі.
      53. «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат осы Ереженің 60-тармағында баяндалған тәртіпке сәйкес толтырылады, аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының уәкілетті тұлғасы куәландырады.
      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1633 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      54. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары осы Ереженің талаптарына сәйкес «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың бланкілерін жасауды, оларды пайдалануды, сақтауды және беруді есепке алуды ұйымдастырады.
      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1633 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      55. «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат үш данада ресімделеді: біріншісі түпнұсқа, екіншісі мен үшіншісі қорғалған бланкілерде орындалған көшірмелері болып табылады. Сертификаттың түпнұсқасы мен бір көшірмесі өтініш берушіге беріледі, ал екінші көшірмесі аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарында сақталады.
      Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасын көрсеткен жағдайда, аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары өтініш берушінің талабы бойынша қажет