Гоянг-Сити қаласындағы (Оңтүстік Корея) ауыр атлетикадан 2009 жылғы әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының спортшылары мен олардың жаттықтырушыларына сыйлықақы беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қарашадағы N 1968 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының спортшылары - Гоянг-Сити қаласындағы (Оңтүстік Корея) 2009 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаздарын және олардың жаттықтырушыларын көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне қосымшаға сәйкес Гоянг-Сити қаласындағы (Оңтүстік Корея) әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына біржолғы төлемдерді жүзеге асыру үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 6398830 (алты миллион үш жүз тоқсан сегіз мың сегіз жүз отыз) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2009 жылғы 30 қарашадағы
№ 1968 қаулысына     
қосымша         

Гоянг-Сити қаласында (Оңтүстік Корея) ауыр атлетикадан
2009 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері -
Қазақстан Республикасының спортшыларының және олардың
жаттықтырушыларының тізімі
(2009 жылғы 20 - 29 қараша)

P/c
N

Спортшының тегі, аты, әкесінің аты

Орны

Спорт түрі

Жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты

1

Чиншанло Зульфия Салахаровна

1-орын

Ауыр атлетика

Ни Виктор Геннадьевич

2

Манеза Майя

1-орын

Ауыр атлетика

Дигай Леонид Николаевич

3

Подобедова Светлана Николаевна

1-орын

Ауыр атлетика

Ни Алексей Геннадьевич

4

Седов Владимир Владимирович

1-орын

Ауыр атлетика

Дон Лазарь Николаевич

5

Кузнецов Владимир Николаевич

3-орын

Ауыр атлетика

Лю-Шин Анатолий Васильевич

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады