Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Республикалық ақпараттық талдау орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 2017 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың коммуналдық меншігінен берілетін мемлекеттік кәсіпорындар мүліктік кешендер ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылдансын және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына берілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген мемлекеттік кәсіпорындар оларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Республикалық ақпараттық талдау орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - кәсіпорын) біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      3. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы;
      2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
      2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен;

      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 23.09.2014 № 1005; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 4 желтоқсандағы
N 2017 қаулысына  
қосымша      

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың
жергілікті атқарушы органдарының коммуналдық меншігінен
мүліктік кешендер ретінде республикалық меншікке берілетін
мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі

      1. "Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Медициналық ақпараттық-талдау орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      2. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Медициналық ақпараттық-талдау орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      3. "Алматы облысы Әкімнің денсаулық, сақтау басқармасының "Медициналық ақпараттық-сараптамалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      4. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Медициналық ақпараттық-сараптамалық орталық" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      5. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Медициналық ақпараттық сараптамалық орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      6. "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық медициналық ақпараттық-талдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      7. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының медициналық ақпараттық-талдау орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      8. "Жамбыл облысының әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы медициналық ақпараттық-сараптау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      9. "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Медициналық - ақпараттық талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      10. Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының "Қарағанды облысының медициналық ақпараттық-аналитикалық орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      11. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық медициналық ақпараттық-талдамалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      12. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының медициналық ақпараттық-талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      13. Маңғыстау облысының әкімдігі, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Медициналық ақпараттық-талдау орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      14. "Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Павлодар медициналық ақпараттық-талдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      15. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан медициналық ақпараттық-талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      16. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Медициналық ақпараттық-талдау орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады