Кеден одағының кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімнің айналымы туралы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 2068 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімнің айналымы туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат беріле отырып, Кеден одағының кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімнің айналымы туралы келісімге қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К. Мәсімов.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 2068 қаулысымен   
мақұлданған    

жоба

Кеден одағының кедендік аумағында сәйкестікті міндетті
бағалауға(растауға) жататын өнімнің айналымы туралы
келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын кеден одағына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
      2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын Қалыптастыру туралы шартты және 2008 жылғы 25 қаңтардағы Техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімді негізге ала отырып,
      мына:
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) шеңберінде Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру (бұдан әрі - кеден одағы),
      кеден одағының кедендік аумағында өнімнің (тауарлардың) еркін айналымын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау,
      кедендік аумаққа әкелу тәртібін айқындау және сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімді Тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында өткізу мақсатында,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісім бірыңғай кедендік аумаққа әкелінетін, сәйкестігін міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімге (бұдан әрі - өнім), сондай-ақ бір Тарап мемлекетінің аумағынан басқа Тараптар мемлекеттерінің аумағына өткізілетін өнімге қолданылады.
      Осы Келісім осы өнімге арналған ЕурАзЭҚ техникалық регламенті күшіне енгенге дейін өнімге қатысты қолданылады.

2-бап

      Тараптар:
      сертификаттау жөніндегі (сәйкестікті бағалау (растау) органдары (бұдан әрі - сертификаттау жөніндегі орган) мен өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындайтын сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеуді өзара мойындауға;
      өнімнің сәйкестігін міндетті бағалау (растау) (бұдан әрі - сәйкестікті растау) жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін өзара мойындауға;
      өнімнің Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға қатысты Тараптар мемлекеттерінің өтініш берушілері (дайындаушылары, өнім берушілері мен импорттаушылары) үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге қол жеткізу мақсатында сәйкестік растау саласында келісілген саясат жүргізеді.
      Сертификаттау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеуді өзара мойындау шарттары Тараптардың жеке келісімімен айқындалады.

3-бап

      Өнім Тарап мемлекетінің аумағына осы мемлекеттің заңнамасына және осы Келісімге сәйкес айналысқа шығарылады.

4-бап

      1. Осы Келісімді іске асыру мақсатында Кеден одағының сертификаттау жөніндегі органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізілімі (бұдан әрі - Бірыңғай тізілім) қалыптастырылады.
      Сертификаттау жөніндегі органдары мен сынақ зертханаларын (орталықтарын) Бірыңғай тізілімге енгізу, сондай-ақ Бірыңғай тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібін Кеден одағының комиссиясы белгілейді.
      2. Егер оған қатысты Тараптар бірдей міндетті талаптарды, сәйкестікті растаудың бірдей нысандары мен схемаларын, сондай-ақ сәйкестікті растауды өткізген кезде өнімді зерттеудің (сынаудың) және өлшеудің бірдей немесе салыстырмалы әдістерін белгілеген өнім мынадай:
      сертификаттауды Бірыңғай тізілімге енгізілген сертификаттау жөніндегі органның өткізуі;
      сынақтарды Бірыңғай тізілімге енгізілген сынақ зертханаларында (орталықтарында) өткізу;
      сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларацияларды бірыңғай нысан бойынша ресімдеу шарттары сақтала отырып, Тараптар мемлекеттерінің кез келгенінің аумағында сәйкестікті растаудың белгіленген рәсімдерінен өтсе, ол бірыңғай кедендік аумаққа айналысқа жіберіледі.
      Сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай нысанын Кеден одағының комиссиясы белгілейді.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өнім бірыңғай құжаттар беру арқылы кеден одағы шеңберінде Сәйкестікті растауға жататын өнімнің бірыңғай тізбесіне (бұдан әрі - Бірыңғай тізбе) енгізіледі.
      Бірыңғай тізбені қалыптастыруды, бекітуді және жүргізуді Кеден одағының комиссиясы жүзеге асырады.

5-бап

      Мынадай:
      өнімді зерттеудің (сынаудың) және өлшеудің бірдей немесе салыстырмалы әдістерін қолдану;
      Сынақтарды Бірыңғай тізілімге енгізілген сынақ зертханаларында (орталықтарында) жүргізу шарттары сақталған жағдайда өнімнің сәйкестігін растау кезінде бір Тарап мемлекетінде алынған өнімді сынау нәтижелерін (сынақ хаттамаларын) Тарап мемлекетінің Бірыңғай тізілімге енгізілген сертификаттау жөніндегі органы мойындайды.

6-бап

      1. Тарап мемлекетінің аумағында дайындалған, басқа Тараптар мемлекеттеріне жеткізілетін және жеткізілетін Тарап мемлекетінде сәйкестігі декларациялануға жататын өнімнің сәйкестігі туралы декларацияны қабылдауды аумағында өнім дайындалған Тарап мемлекетінің дайындаушысы немесе жеткізілетін Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес жеткізілетін Тарап мемлекетінің жеткізушісі жүзеге асырады.
      2. Егер жіберілген бұзушылықтардың тым болмаса біреуі белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімнің айналысқа шығуына әкеп соқса, аумағында өнім дайындалған, сәйкестік туралы декларацияны жеткізілетін Тарап мемлекетінің декларациялау ережелерін бұза отырып қабылдаған Тарап мемлекетінің дайындаушысы жеткізілетін Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес жауапты болады.

7-бап

      1. Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары өз мемлекеттерінің аумағында мемлекеттік бақылау (қадағалау) жүргізген кезде өнімнің Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкес келмейтінін анықтаған жағдайда, мүмкіндігінше қысқа мерзімде бұл туралы басқа Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарына хабарлайды және мұндай өнімді олардың аумақтарына жібермеу шараларын қабылдайды.
      2. Осы Келісімнің қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттерден (бұдан әрі - үшінші елдер) өзара жеткізілетін немесе жеткізілетін және Тараптардың бірінің мемлекетінде сәйкестікті растаудың белгіленген рәсімдерінен өткен өнімге қатысты сәйкестікті қосымша растау Тараптар мемлекеттерінің техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын және (немесе) үйлестіретін уәкілетті органдарынан, халықаралық ұйымдардан немесе үшінші елдерден осы өнімнің адам өмірі мен денсаулығына, мүлікке және қоршаған ортаны қорғауға, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі мен саулығына қауіп тудыратыны немесе тұтынушыларды жаңылыстырғаны туралы ақпарат келіп түскен жағдайда жүзеге асырылады.

8-бап

      Тараптар Кеден одағы комиссиясының шешіміне сәйкес сәйкестікті растауға қатысты қажетті мәліметтер мен құжаттарды Кеден одағының комиссиясына беруді қамтамасыз етеді.

9-бап

      Осы Келісімді талқылауға және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
      Егер дауласушы Тараптың бірінің екінші дауласушы Тарапқа жіберген консультациялар және келіссөздер өткізу туралы ресми жазбаша өтініші түскен күннен бастап алты ай ішінде Тараптар дауды реттемесе, онда дауласушы Тараптар арасында дауды шешу тәсіліне қатысты өзге уағдаластық болмаған кезде Тараптардың кез келгені осы дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшін береді.

10-бап

      Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

11-бап

      Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісім күшіне енгеннен кейін ол басқа мемлекеттердің оған қосылуы үшін ашық, қосылған мемлекеттерге қатысты осы Келісім қосылу туралы құжатты депозитарий алған күнінен бастап күшіне енеді.
      __________ қаласында 200_ жылғы «____» ___________орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясында сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның расталған көшірмесін жібереді.

      Қазақстан              Ресей                  Беларусь
  Республикасының        Федерациясының         Республикасының
      Үкіметі                Үкіметі                Үкіметі
        үшін                  үшін                    үшін

О подписании Соглашения об обращении продукции, подлежащей обязательной оценке (подтверждению) соответствия, на таможенной территории таможенного союза

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2009 года № 2068

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Одобрить прилагаемый проект Соглашения об обращении продукции, подлежащей обязательной оценке (подтверждению) соответствия, на таможенной территории таможенного союза.
      2. Подписать Соглашение об обращении продукции, подлежащей обязательной оценке (подтверждению) соответствия, на таможенной территории таможенного союза, разрешив вносить изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Одобрен           
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 10 декабря 2009 года № 2068

проект

Соглашение
об обращении продукции, подлежащей обязательной оценке
(подтверждению) соответствия, на таможенной территории
таможенного союза

      Правительства государств-участников таможенного союза, именуемые в дальнейшем Сторонами,
      основываясь на Договоре об учреждении Евразийского экономического сообщества от 10 октября 2000 года, Договоре о Комиссии таможенного союза от 6 октября 2007 года, Договоре о создании единой таможенной территории и формировании таможенного союза от 6 октября 2007 года и Соглашении о проведении согласованной политики в области технического  регулирования, санитарных и фитосанитарных мер от 25 января 2008 года,
      в целях:
      создания таможенной территории и формирования таможенного союза государств Сторон (далее - таможенный союз) в рамках Евразийского экономического сообщества (далее - ЕврАзЭС),
      создания условий для обеспечения свободного обращения продукции (товаров) на таможенной территории таможенного союза,
      определения порядка ввоза на таможенную территорию и перемещения между территориями государств Сторон продукции, подлежащей обязательной оценке (подтверждению) соответствия,
      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Настоящее Соглашение распространяется на продукцию, подлежащую обязательной оценке (подтверждению) соответствия (далее - продукция), ввозимую на единую таможенную территорию, а также продукцию, перемещаемую с территории государства одной Стороны на территории государств других Сторон.
      Настоящее Соглашение применяется в отношении продукции до вступления в силу технического регламента ЕврАзЭС на данную продукцию.

Статья 2

      Стороны проводят согласованную политику в области подтверждения соответствия в целях достижения:
      взаимного признания аккредитации органов по сертификации (оценке (подтверждению) соответствия) (далее - орган по сертификации) и испытательных лабораторий (центров), выполняющих работы по подтверждению соответствия продукции;
      взаимного признания результатов работ по обязательной оценке (подтверждению) соответствия (далее - подтверждение соответствия) продукции;
      обеспечения равных условий для заявителей (изготовителей, поставщиков и импортеров) государств Сторон в отношении подтверждения соответствия продукции требованиям, установленным законодательством государств Сторон.
      Условия взаимного признания аккредитации органов по сертификации и испытательных лабораторий (центров) определяются отдельным соглашением Сторон.

Статья 3

      Продукция допускается к обращению на территории государства Стороны в соответствии с законодательством этого государства и настоящим Соглашением.

Статья 4

      1. В целях реализации настоящего Соглашения, формируется Единый реестр органов по сертификации и испытательных лабораторий (центров) таможенного союза (далее - Единый реестр).
      Порядок включения органов по сертификации и испытательных лабораторий (центров) в Единый реестр, а также формирования и ведения Единого реестра устанавливается Комиссией таможенного союза.
      2. Продукция, в отношении которой Сторонами установлены одинаковые обязательные требования, одинаковые формы и схемы подтверждения соответствия, а также применяются одинаковые или сопоставимые методы исследований (испытаний) и измерений продукции при проведении подтверждения соответствия допускается к обращению на единой таможенной территории, если она прошла установленные процедуры подтверждения соответствия на территории любого из государств Сторон с соблюдением следующих условий:
      проведение сертификации органом по сертификации, включенным в Единый реестр;
      проведение испытаний в испытательных лабораториях (центрах), включенных в Единый реестр;
      сертификаты соответствия и декларации о соответствии оформлены по единой форме.
      Единая форма сертификатов соответствия и деклараций о соответствии устанавливается Комиссией таможенного союза.
      3. Продукция, указанная в пункте 2 настоящей статьи, включается в Единый перечень продукции, подлежащей подтверждению соответствия в рамках таможенного союза с выдачей единых документов (далее - Единый перечень).
      Формирование, утверждение и ведение Единого перечня осуществляется Комиссией таможенного союза.

Статья 5

      При подтверждении соответствия продукции результаты испытаний продукции (протоколы испытаний), полученные в государстве одной Стороны, признаются органом по сертификации, включенным в Единый реестр, государством Стороны назначения, при соблюдении следующих условий:
      применение одинаковых или сопоставимых методов исследований (испытаний) и измерений продукции;
      проведение испытаний в испытательных лабораториях (центрах), включенных в Единый реестр.

Статья 6

      1. Принятие декларации о соответствии продукции, изготовленной на территории государства одной Стороны, поставляемой в государства других Сторон и подлежащей декларированию соответствия в государстве Стороны назначения, осуществляется изготовителем государства Стороны, на территории которого изготовлена продукция, или поставщиком государства Стороны назначения в соответствии с законодательством государства Стороны назначения.
      2. Изготовитель государства Стороны, на территории которого изготовлена продукция, принявший декларацию о соответствии с нарушениями правил декларирования государства Стороны назначения, если хотя бы одно из допущенных нарушений повлекло за собой выпуск в обращение продукции, не соответствующей установленным требованиям, несет ответственность согласно законодательству государства Стороны назначения.

Статья 7

      1. Уполномоченные органы государств Сторон в случае выявления несоответствия продукции обязательным требованиям, установленным законодательством государств Сторон, при проведении государственного контроля (надзора) на территории своих государств в возможно короткий срок уведомляют об этом уполномоченные органы государств других Сторон и предпринимают меры по недопущению такой продукции на их территории.
      2. Дополнительное подтверждение соответствия в отношении продукции, взаимопоставляемой или поставляемой из государств, не являющихся участниками настоящего Соглашения (далее - третьи страны), и прошедшей установленные процедуры подтверждения соответствия в государстве одной из Сторон, осуществляется в случае поступления информации от уполномоченных органов государств Сторон, осуществляющих и (или) координирующих работы по техническому регулированию, санитарным, ветеринарным и фитосанитарным мерам, от международных организаций или от третьих стран о том, что данная продукция представляет опасность для жизни и здоровья человека, имущества и охраны окружающей среды, жизни и здоровья животных и растений, или имеет место введение потребителей в заблуждение.

Статья 8

      Стороны обеспечивают предоставление необходимых сведений и документов, касающихся подтверждения соответствия, в Комиссию таможенного союза в соответствии с решением Комиссии таможенного союза.

Статья 9

      Споры между Сторонами, связанные с толкованием и (или) применением настоящего Соглашения, разрешаются путем проведения консультаций и переговоров.
      Если спор не будет урегулирован Сторонами спора в течение шести месяцев с даты поступления официальной письменной просьбы о проведении консультаций и переговоров, направленной одной из Сторон спора другой Стороне спора, то при отсутствии иной договоренности между Сторонами относительно способа его разрешения любая из Сторон передает этот спор для рассмотрения в Суд Евразийского экономического сообщества.

Статья 10

      По договоренности Сторон в настоящее Соглашение могут быть внесены изменения, которые оформляются отдельными протоколами.

Статья 11

      Настоящее Соглашение вступает в силу с даты получения депозитарием последнего письменного уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.
      Настоящее Соглашение после его вступления в силу открыто для присоединения к нему других государств, в отношении присоединившихся государств настоящее Соглашение вступает в силу с даты получения депозитарием документа о присоединении.

      Совершено в городе ________________ "___" __________ 200__ года в одном подлинном экземпляре на русском языке.
      Подлинный экземпляр настоящего Соглашения хранится в Комиссии таможенного союза, которая, являясь депозитарием настоящего Соглашения, направит каждой Стороне его заверенную копию.

           За                      За                        За
      Правительство           Правительство             Правительство
      Республики               Республики                Российской
       Беларусь                Казахстан                 Федерации