Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2219 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 14.10.2019 № 759 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесі бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының қорғанысы және қауіпсіздігінің қажеттері үшін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, қаржыландыру және орындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 тамыздағы № 881 қаулысы;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 тамыздағы № 881 және 2002 жылғы 12 қыркүйектегі № 996 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1235 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 505-құжат).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2219 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2017 № 724 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты (бұдан әрі – қорғаныстық тапсырыс) қалыптастыру, орналастыру және орындау тәртібін регламенттейді.

2. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру

      2. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген, осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде жүргізіледі.

      3. Қорғаныстық тапсырыстың жобасы екі кезеңде қалыптастырылады.

      4. Бірінші кезеңде қорғаныстық тапсырысты басты орындаушыларды айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) қоспағанда, қорғаныстық тапсырысқа мемлекеттік тапсырыс беруші (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс беруші) ағымдағы жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) жоспарлы кезеңге арналған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – қорғаныстық тапсырыс өнімі) сатып алу ниеті туралы сұрау салу жолдайды.

      5. Мемлекеттік тапсырыс берушінің сұрау салуы мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы және тактикалық-техникалық сипаттамалары (техникалық ерекшелігі), стандарттары (олар болған кезде);

      2) тауар (өнім) саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;

      3) тауарды (өнімді) жеткізу, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындау орнын және талап етілетін мерзімдері;

      4) жеткізілетін тауарларға (өнімге), орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге кепілдеме мерзімі;

      5) құны тауарлардың (өнімнің), жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнына қосылуға тиіс ілеспе көрсетілетін қызметтер тізбесі;

      6) төлем шарттары, оның ішінде аванстық төлем мөлшері;

      7) қажет болған жағдайда әскери және арнайы киiм нысанын, айырым белгiлерiн және жеке қорғану құралдарын сатып алу кезінде тәжірибелік үлгілерді ұсыну қажеттілігі туралы талап.

      6. Мемлекеттік тапсырыс берушілер сұрау салуға қорғаныстық тапсырыс өнімінің әрбір атауы бойынша негіздеме береді.

      7. Уәкілетті орган күнтізбелік бес күн ішінде мемлекеттік тапсырыс берушінің сұрау салуын, оның ішінде негіздемесін қарайды. Сұрау салу бойынша құжаттар толық көлемде берілмеген, сондай-ақ негіздеме болмаған кезде, оларды жою үшін мемлекеттік тапсырыс берушілердің мекенжайына хабарлама хат жолдайды.

      8. Осы ескертулер келіп түскен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде мемлекеттік тапсырыс берушілер осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген материалдарды уәкілетті органға қайта ұсынады.

      9. Уәкілетті орган ағымдағы жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген сұрау салуды қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі операторлардың (бұдан әрі – операторлар) мекенжайына жолдайды.

      10. Операторлар орындаушыларды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тізілімге енгізілгендер арасынан таңдауды жүзеге асырады.

      11. Қорғаныстық тапсырысты өз бетінше орындауға қабілетті операторлар уәкілетті органның сұрау салуына жауапқа отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізілген ұйымдар тауарының (өнімінің), жұмыстары мен көрсететін қызметтерінің әрбір атауына үш бағалық (коммерциялық) ұсыныс ұсыну жолымен жеткізілетін қорғаныстық тапсырыс өніміне арналған баға негіздемесін қоса береді.

      12. Қорғаныстық тапсырыс өнімін жалғыз отандық беруші болып табылатын операторлар жауапқа өнім құнының калькуляциясымен бір бағалық (коммерциялық) ұсынысты қоса береді.

      13. Ұйымда қорғаныстық тапсырыс өнімін өндірудің осындай түрінің болмауына байланысты тізілімге енгізілгендер арасынан орындаушы таңдау мүмкін болмаған жағдайда оператор уәкілетті органға жауап беруді сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмейтін мерзімде жүзеге асырады.

      Жауапқа сонымен бірге тізілімнен орындаушы таңдаудың мүмкін болмауы себептерін көрсете отырып, негіздемені қоса береді.

      14. Тізілімге енгізілгендер арасынан орындаушы таңдау мүмкін болмаған кезде әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) жеткізу (импорттау) және әскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру мүмкіндіктеріне сүйене отырып, уәкілетті ұйым басты орындаушы болып айқындалады.

      15. Осы жағдайда уәкілетті орган уәкілетті ұйымға қорғаныстық тапсырыстың қажетті өнімін беру мүмкіндігі туралы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген сұрау салуды оператордың жауабын алған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде жолдайды.

      16. Уәкілетті ұйым сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік қырық күннен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті қорғаныстық тапсырыс өнімін беру мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы жауап береді, сондай-ақ кемінде екі бағалық (коммерциялық) ұсынысты не қорғаныстық тапсырыс өнімінің шетелдік өндірушісі талап етілетін өнімнің жалғыз өндірушісі болып табылатын жағдайда бір бағалық (коммерциялық) ұсынысты қоса бере отырып, оның болжамды бағасын ұсынады.

      17. Уәкілетті орган ағымдағы жылғы 10 сәуірден кешіктірмей мемлекеттік тапсырыс берушіге баға негіздемесін қоса бере отырып, тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір атауы бойынша ұсынылатын бағамен оператор таңдаған орындаушы туралы мәліметтерді жолдайды. Әскери және арнайы киiм нысанын, жеке қорғану құралдарын сатып алу кезінде әрбір тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет бойынша бағамен бірнеше орындаушы ұсынылуы мүмкін.

      18. Мемлекеттік тапсырыс берушілер орындаушыларды тандауды, сондай-ақ қорғаныстық тапсырыс өнімдеріне арналған бағаларды келіседі және ағымдағы жылғы 25 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етеді.

      19. Мемлекеттік тапсырыс берушілер бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде өздерінің бюджеттік өтінімдері құрамында қорғаныстық тапсырыс өніміне арналған өтінімдер енгізеді.

      20. Бір уақытта уәкілетті органға тиісті жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру үшін қорғаныстық тапсырыс өніміне арналған өтінім жіберіледі.

      21. Екінші кезеңде ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей мемлекеттік тапсырыс берушілер уәкілетті органға қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруға арналған нақтыланған өтінімдерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

      22. Өтінімдер үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген бағдарламалар, кіші бағдарламалар бөлінісінде ұсынылады.

      23. Өтінімді бірінші басшы немесе өтінімге қол қоюға уәкілетті адам бекітеді.

3. Арнаулы мемлекеттік органдардың қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру

      24. Арнаулы мемлекеттік органдар мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс орындаушыларын таңдауды уәкілетті органмен келісу бойынша өндірістің қажетті шарттарын, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне, талап етілетін сападағы әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) шығару және әскери мақсаттағы жұмыстарды, әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда жүзеге асыру қабілетіне сүйене отырып, отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер және (немесе) уәкілетті ұйымдар арасынан жүргізеді.

      25. Қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдау мақсатында арнаулы мемлекеттік органдар ағымдағы жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей кемінде үш отандық тауар өндірушінің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушінің және уәкілетті ұйымның мекенжайына қорғаныстық тапсырыс өнімін сатып алу ниеті туралы сұрау салу жолдайды. Сұрау салу мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы және тактикалық-техникалық сипаттамалары (техникалық ерекшелігі), стандарттары (олар болған кезде);

      2) тауар (өнім) саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;

      3) тауарды (өнімді) жеткізу, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындау орны және талап етілетін мерзімдері;

      4) сатып алынатын тауарларға (өнімге), орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге кепілдеме мерзімі;

      5) құны тауардың (өнімнің), жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнына қосылуы тиіс ілеспе көрсетілетін қызметтер тізбесі;

      6) төлем шарттары, оның ішінде аванстық төлем мөлшері;

      7) әскери және арнайы киiм нысанын, айырым белгiлерiн және жеке қорғану құралдарын сатып алу кезінде тәжірибелік үлгілерді ұсыну қажеттілігі туралы талап.

      26. Отандық тауар өндірушілерден, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерден сұрау салуға арнаулы мемлекетті органдарға жауап беру сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде, бағалық (коммерциялық) ұсынысты қоса бере отырып жүзеге асырылады.

      27. Қорғаныстық тапсырыс өнімінің жалғыз отандық өнім берушісі болып табылатын ұйымдар қорғаныстық тапсырыс өнімі құнының калькуляциясымен бағалық (коммерциялық) ұсыныстарын қоса береді.

      28. Әлеуетті орындаушылар мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс үшін жоспарланатын соманы ұлғайтуға әкеп соқтырмайтын, тактикалық-техникалық (техникалық) сипаттамалары тапсырыс берушінің сұрау салуында көрсетілгеннен де жақсы өнімді ұсынуы мүмкін.

      29. Отандық тауар өндірушілер, әскери және қосарланған мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер арасынан орындаушыларды таңдауды арнаулы мемлекеттік органдар мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырады:

      1) әлеуетті орындаушылар ұсынатын қорғаныстық тапсырыс өнімі техникалық сипаттамаларының сұрау салу талаптарына сәйкес келуі;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға лицензияның болуы;

      3) қорғаныстық тапсырыс нысанасы болып табылатын, тауарларды (өнімді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді тапсырыс беруші айқындаған көлемде өндіру үшін қажетті өндірістік үй-жайлардың, технологиялық жабдықтардың және білікті мамандардың болуы;

      4) әскери және арнайы киiм нысанын, айырым белгiлерiн және жеке қорғану құралдарын шығару саласында маманданатын орындаушылар үшін қорғаныстық тапсырыс нысанасы болып табылатын, тауарларды (өнімді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді тапсырыс беруші айқындаған көлемде шығару үшін меншік құқығында қажетті өндірістік (қоймалық) үй-жайлар мен технологиялық жабдықтардың, білікті мамандардың болуы.

      30. Орындаушыларды таңдау ең төмен баға және арнаулы мемлекеттік органдардың сұрау салуында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін қорғаныстық тапсырыс өнімдерін ұсынған отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер арасынан жүзеге асырылады.

      31. Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі саласындағы іргелі жəне қолданбалы ғылыми зерттеулердің тақырыбын, орындаушыларын және құнын айқындау, сондай-ақ осы зерттеулерге сараптама жүргізу арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.

      32. Отандық тауар өндірушілердің, әскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің қорғаныстық тапсырысты орындауы мүмкін болмаған жағдайда, олардың арнаулы мемлекеттік органдарға жауап беруі сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.

      33. Арнаулы мемлекеттік органдардың отандық тауар өндірушілер, әскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер арасынан орындаушыны айқындауы мүмкін болмаған жағдайда, басты орындаушы ретінде әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) жеткізу (импорттау) және әскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру мүмкіндіктеріне сүйене отырып, уәкілетті ұйым танылады.

      34. Арнаулы мемлекеттік органдар уәкілетті ұйымға қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу мүмкіндігі туралы осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген сұрау салуды отандық тауар өндірушілерден, әскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерден жауап алған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде жолдайды.

      35. Уәкілетті ұйым сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік қырық күннен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті қорғаныстық тапсырыс өнімін беру мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы жауап береді, сондай-ақ кемінде екі бағалық (коммерциялық) ұсынысты не қорғаныстық тапсырыс өнімінің шетелдік өндірушісі талап етілетін өнімнің жалғыз өндірушісі болып табылатын жағдайда бір бағалық (коммерциялық) ұсынысты қоса бере отырып, оның болжамды бағасын ұсынады.

      36. Егер уәкілетті ұйым көрсетілген мерзімдерде арнаулы мемлекеттік органдарға жауап бермеген не жауап сұрау салу талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті ұйымды қорғаныстық тапсырысты басты орындаушы ретінде таңдау мүмкін емес деп танылады.

      37. Арнаулы мемлекеттік органдар отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық өнім берушілер жəне (немесе) уəкілетті ұйым арасынан орындаушыны таңдауы мүмкін болмаған жағдайда, орындаушы шетелдік заңды тұлғалар арасынан таңдалады.

      38. Арнаулы мемлекеттік органдар ағымдағы жылғы 10 сәуірден кешіктірмей мынадай құжаттарды:

      1) қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға, өндіріс қуатына лицензияларды;

      2) қорғаныстық тапсырыстың нысанасы болып табылатын қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіру үшін қажетті технологиялық жабдықты, еңбек ресурстарын;

      3) қорғаныстық тапсырыс өніміне баға белгілеу мәселелері жөніндегі құжаттарды тексеруді аяқтауы тиіс.

      39. Арнаулы мемлекеттік органдар бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде өздерінің бюджеттік өтінімдері құрамында қорғаныстық тапсырыс өніміне өтінімдер енгізеді.

      40. Бір уақытта уәкілетті органға тиісті жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру үшін қорғаныстық тапсырыс өніміне өтінім жолданады.

      41. Өтінімге көзделген орындаушылардың құқық белгілейтін құжаттары, тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының (лицензияның) көшірмесі, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, сәйкестендіру сертификаттары қоса беріледі.

      42. Уәкілетті орган өтінімді алған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей орындаушыларды келіседі не тапсырыс берушілерге өтінім бойынша ұсыныстар мен ескертулер жолдайды.

      43. Осы ескертулер келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде арнаулы мемлекеттік органдар алған ескертулерді ескере отырып, уәкілетті органға өтінімдерді қайта ұсынады.

      44. Екінші кезеңде арнаулы мемлекеттік органдар уәкілетті органға ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруға арналған нақтыланған өтінімдерді ұсынады.

      45. Өтінімдер үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген бағдарламалар, кіші бағдарламалар бөлінісінде ұсынылады.

      46. Өтінімді бірінші басшы немесе өтінімге қол қоюға уәкілетті адам бекітеді.

4. Қорғаныстық тапсырысты орналастыру және орындау

      47. Қорғаныстық тапсырыс жобасын уәкілетті орган мемлекеттік тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құжаттарының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен міндеттемелерін ескере отырып, тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде әзірлейді және қалыптастырады.

      48. Уәкілетті орган қорғаныстық тапсырыс жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен келіседі және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешені мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына енгізеді.

      49. Қорғаныстық тапсырысты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің тиісті жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешені мәселелері жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімімен енгізіледі.

      50. Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті жылға арналған қорғаныстық тапсырысты бекіткеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде уәкілетті орган оның тапсырмаларын тиісті мемлекеттік тапсырыс берушілерге және басты орындаушыларға жеткізеді.

      51. Мемлекеттік тапсырыс берушілер мен операторлар, операторлар мен тізілімге енгізілген ұйымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар мен қорғаныстық тапсырысты орындаушылар арасында шарттар жасасу жөніндегі рәсімдер қорғаныстық тапсырыс бекітілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде аяқталады.

      Қорғаныстық тапсырысты орындау мемлекеттік тапсырыс беруші мен басты орындаушы, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар мен орындаушы арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.

      52. Шарт ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың, қару-жарақ пен әскери техниканы, басқа да материалдық құралдарды өндірудің, жеткізудің, пайдаланудың, жөндеудің, жаңғыртудың, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық кешенін орындауға және сол сияқты осы жұмыстардың жекелеген түрлеріне де жасалады.

      53. Мемлекеттік тапсырыс беруші өндіру және жалпы жұмыс кезеңдерінің деңгейлерінде қорғаныстық тапсырыс өнімін қабылдауды, олардың белгіленген талаптарға және шарттардың талаптарына сәйкестігіне арналған қорытынды беруді жүзеге асырады.

      54. Мемлекеттік тапсырыс беруші мен қорғаныстық тапсырысты басты орындаушы арасында не арнаулы мемлекеттік органдар мен орындаушы арасындағы шарттар бұзылған жағдайда мемлекеттік тапсырыс беруші дереу уәкілетті органға негіздеме ұсына отырып, жазбаша түрде қабылданатын шешім туралы хабарлайды.

      55. Қорғаныстық тапсырысты басты орындаушылар/орындаушылар қорғаныстық тапсырыс өнімін шартта белгіленген мерзімдерде және бағалар бойынша беруді жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс берушіге қорғаныстық тапсырыс өніміне арналған шығындарға негіздеме ұсынады.

      56. Қорғаныстық тапсырыс өнімінің сапасы шарттың талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      57. Қорғаныстық тапсырысты орындау сапасын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына не жасалған шарттарға сәйкес өнімнің өндірістік циклінің барлық сатыларында аккредиттелген әскери өкілдер және мемлекеттік тапсырыс берушілердің өкілдері жүзеге асырады.

      58. Қорғаныстық тапсырысты нақтылау республикалық бюджетті нақтылаған жағдайда, бірақ жылына 2 реттен асырылмай жүргізіледі.

      59. Мемлекеттік тапсырыс берушілер тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдер ұсынады.

5. Қорытынды ережелер

      60. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруды, орналастыруды және орындауды, қорғаныстық тапсырыстың орындалуын салааралық үйлестіру мен бақылауды уәкілетті орган "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.

      61. Мемлекеттік тапсырыс берушілер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқсан сайын айдың 25 күнінен кешіктірмей уәкілетті органға мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс іс-шараларының орындалуы туралы есепті, сондай-ақ қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде мерзімдерді бұзу туралы есепті және жыл сайын 25 наурыздан кешіктірмей уәкілетті органға мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуы, сондай-ақ қорғаныстық тапсырыс тапсырмаларының орындалмауының барлық фактілері туралы жылдық есептерді ұсынады.

      62. Уәкілетті орган жыл сайын 15 сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуы, сондай-ақ қорғаныстық тапсырыс тапсырмаларының орындалмауының барлық фактісі туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылдық есепті ұсынады.

      63. Мемлекеттік тапсырыс берушілер (қажет болған жағдайда) құрылымдық бөлімшелер арасында қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру жөніндегі өзара іс-қимыл процестерін регламенттейтін (нақтылайтын) ішкі ведомстволық құжаттарды әзірлейді.

      64. Меншік нысанына қарамастан мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруға, орналастыруға және орындауға қатысатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Қағидалардың талаптарын орындамағаны (тиісінше орындамағаны) үшін жауапты болады.


  Мемлекеттік қорғаныстық
тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына
1-қосымша
 
  Құпия
(толтырылуы бойынша)
  Бекітемін
_______________________________
(мемлекеттік тапсырыс берушінің
бірінші басшысы немесе өтінімге қол
қоюға уәкілетті адам)

20__-20__жылдарға арналған Қазақстан Республикасының

қорғаныстық тапсырыс өніміне арналған

өтінім

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік тапсырыс беруші)


Р/с

Қорғаныстық тапсырыс өнімі

Өлшем бірлігі

Саны

Болжамды құны, мың теңге

Орындау мерзімі

Басты орындаушы/
орындаушы

1

2

3

4

5

6

7

1-бөлім

      Қару-жарақты, əскери жəне арнайы техниканы, техникалық құралдарды, оқ-дəрілер мен əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) шығаруға жəне сынауға арналған жабдықты шығару жəне жеткізу

      1.1. Қару-жарақты және әскери техниканы өндіру және (немесе) жеткізу.

      1.1.1. Зымыран-артиллериялық қару-жарақ.

      1.1.2. Байланыс құралдары.

      1.1.3. Әскери-инженерлік мүлік.

      1.1.4. Әскери-химиялық мүлік.

      1.1.5. Әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен техникасы.

      1.1.6. Арнайы және қосарланған мақсаттағы техникалық құралдар.

      Жиыны

2-бөлім

      Мемлекеттің қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігі саласындағы іргелі жəне қолданбалы ғылыми зерттеулер, мемлекеттік тапсырыс берушілердің жарақтандыруындағы қару-жарақтың, əскери жəне арнайы техниканың, техникалық құралдардың, оқ-дəрілер мен əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) шығаруға жəне сынауға арналған жабдықтың тəжірибелік үлгілерін əзірлеу, оларды жаңғырту жөніндегі ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстар

      2.1.___________________________________________

      2.2.___________________________________________

      Жиыны

3-бөлім

      Қару-жарақты, əскери жəне арнайы техниканы, техникалық құралдарды, оқ-дəрілер мен əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) шығаруға жəне сынауға арналған жабдықты жөндеу, жаңғырту жəне оларға регламенттелген техникалық қызмет көрсету

      3.1._____________________________________________

      3.2._____________________________________________

      Жиыны

4-бөлім

      Пайдаланылмайтын əскери мүлікті қатерсіздендіру

      4.1._____________________________________________

      4.2._____________________________________________

      Жиыны

5-бөлім

      Пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін, сондай-ақ оларға жиынтықтаушыларды кəдеге жарату, құртып жіберу, көму арқылы жою, қайта өңдеу, өткізу

      5.1.____________________________________________

      5.2.____________________________________________

      Жиыны

6-бөлім

      Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, әскери, арнайы объектілерді салу және жөндеу, сондай-ақ оларды күтіп-ұстау жəне пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтер

      6.1.____________________________________________

      6.2.____________________________________________

      Жиыны

7-бөлім

      Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери қызметшілері жəне арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін əскери жəне арнайы киім нысанын, айырым белгілері мен жеке қорғану құралдарын өндіру

      7.1.____________________________________________

      7.2.____________________________________________

      Жиыны





  Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына
  2-қосымша
 
  Құпия
  (толтырылуы бойынша)
 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 8 қарашадағы
№ 724 қаулысымен
бекітілген

20__-20__жылдарға арналған

Қазақстан Республикасының қорғаныстық тапсырысы

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік тапсырыс беруші)


Р/с

Қорғаныстық тапсырыс өнімі

Өлшем бірлігі

Саны

Болжамды құны, мың теңге

Орындау мерзімі

Басты орындаушы/
орындаушы

1

2

3

4

5

6

7

1-бөлім

      Қару-жарақты, əскери жəне арнайы техниканы, техникалық құралдарды, оқ-дəрілер мен əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) шығаруға жəне сынауға арналған жабдықты шығару жəне жеткізу

      1.1. Қару-жарақты және әскери техниканы өндіру және (немесе) жеткізу.

      1.1.1. Зымыран-артиллериялық қару-жарақ.

      1.1.2. Байланыс құралдары.

      1.1.3. Әскери-инженерлік мүлік.

      1.1.4. Әскери-химиялық мүлік.

      1.1.5. Әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен техникасы.

      1.1.6. Арнайы және қосарланған мақсаттағы техникалық құралдар.

      Жиыны

2-бөлім

      Мемлекеттің қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігі саласындағы іргелі жəне қолданбалы ғылыми зерттеулер, мемлекеттік тапсырыс берушілердің жарақтандыруындағы қару-жарақтың, əскери жəне арнайы техниканың, техникалық құралдардың, оқ-дəрілер мен əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) шығаруға жəне сынауға арналған жабдықтың тəжірибелік үлгілерін əзірлеу, оларды жаңғырту жөніндегі ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстар

      2.1.___________________________________________

      2.2.___________________________________________

      Жиыны


3-бөлім

      Қару-жарақты, əскери жəне арнайы техниканы, техникалық құралдарды, оқ-дəрілер мен əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) шығаруға жəне сынауға арналған жабдықты жөндеу, жаңғырту жəне оларға регламенттелген техникалық қызмет көрсету

      3.1._____________________________________________

      3.2._____________________________________________

      Жиыны

4-бөлім

      Пайдаланылмайтын əскери мүлікті қатерсіздендіру

      4.1._____________________________________________

      4.2._____________________________________________

      Жиыны

5-бөлім

      Пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін, сондай-ақ оларға жиынтықтаушыларды кəдеге жарату, құртып жіберу, көму арқылы жою, қайта өңдеу, өткізу

      5.1.____________________________________________

      5.2.____________________________________________

      Жиыны

6-бөлім

      Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, әскери, арнайы объектілерді салу және жөндеу, сондай-ақ оларды күтіп-ұстау жəне пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтер

      6.1.____________________________________________

      6.2.____________________________________________

      Жиыны

7-бөлім

      Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери қызметшілері жəне арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін əскери жəне арнайы киім нысанын, айырым белгілері мен жеке қорғану құралдарын өндіру

      7.1.____________________________________________

      7.2.____________________________________________

      Жиыны


  Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына
  3-қосымша
 
  Құпия
  (толтырылуы бойынша)



Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау

жөніндегі мемлекеттік тапсырыс берушілердің

есептілік нысаны


Р/с №

Қорғаныстық тапсырыс өнімі

Өлшем бірлігі

Саны

Жұмсалған қаражат, мың теңге

Орындау мерзімі

Басты орындаушы/ орындаушы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

1








2








3









Жиыны:








      20__ жылға арналған қорғаныстық тапсырыстың орындалмауы туралы есеп

      ____________________________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік тапсырыс беруші)


Р/с№

Қорғаныстық тапсырыс өнімі

Өлшем бірлігі

Саны

Болжамды құны,
мың теңге

Нақты

Орындау мерзімі

Басты орындаушы/орындаушы

Орындалмау себебі (негіздемемен)

игерілген

игерілмеген

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


Орындалмаған іс-шаралар

Р/с №

Қорғаныстық тапсырыс өнімі

Өлшем бірлігі

Саны

Жұмсалған қаражат,
мың теңге

Орындау мерзімі

Басты орындаушы/ орындаушы

Ескертпе

1








2








3









Жиыны:








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады