"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2252 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар, № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; 2009 жылғы 8 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 18 қыркүйекте «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 13 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 377-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «377-бап. Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты
                куәландыратын құжаттарсыз тұру
      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен, не алдыңғы тіркелген жері бойынша тіркеуден шыққан күнінен бастап он бес жұмыс күнінен астам мерзімде, не Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, болатын жері бойынша тіркелген сәттен бастап бір жыл аяқталғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұруы, - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасында шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінсіз не жарамсыз ықтиярхатпен, азаматтығы жоқ адамның куәлігімен он күнтізбелік күннен астам мерзімде тұрақты тұруы, сондай-ақ паспортының жоғалғаны туралы ішкі істер органдарын уақтылы хабардар етпеуі, -
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      2) 396-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «396-бап. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту
                ережелерін бұзу және шетелдіктің немесе азаматтығы
                жоқ адамның еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы
      1. Жұмыс берушінің шетелдік қызметкерлерді уәкілетті органның шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатынсыз тартуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ не Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы, -
      жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - елу, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жұмыс берушінің шетелдік қызметкерді уәкілетті органның шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатында көрсетілген лауазымға (кәсіп немесе мамандыққа) сәйкес келмейтін лауазымға (кәсіп немесе мамандыққа) тартуы, -
      лауазымды адамдарға - елу, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
      жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - бір жүз, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның мұндай рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылатын жағдайда, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жұмысқа орналасуға берілетін рұқсатсыз жүзеге асыруы, -
      Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығара отырып, айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.».
      2. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат, № 9-10, 50-құжат, № 17, 82-құжат, № 18, 84-құжат):
      1) 15-баптың 5) тармақшасы, 18-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 26-бапта:
      3) тармақша «тартуға» деген сөзден кейін «не шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшадағы «адамдармен» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жүрген, білім беру ұйымынан оқу нысаны көрсетілген немесе қабылдаушы ұйымнан кәсіптік даярлау және/немесе тағылымдамадан өтуі туралы анықтаманы және білім алу мақсатымен болуға рұқсатты ұсынбаған шетелдік студенттермен және тағылымдамадан өтушілермен;
      6) Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жүрген, отбасын біріктіру мақсатымен келу және болу рұқсатын және Қазақстан Республикасының және/немесе шетелдік мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органы берген Қазақстан Республикасының азаматымен заңды некеде тұруын растайтын құжатты ұсынбаған шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен»;
      3) 31-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «, оралманның куәлігі» деген сөздермен толықтырылсын.
      3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., 22-І, 22-ІІ, 112-құжат, 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар, № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 2 желтоқсандағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      553-баптың 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға;».
      4. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат):
      1) 14-бапта:
      тақырыбындағы «Азаматтығы» деген сөздің алдынан «Шетелдіктердің және/немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері бар, азаматтығы әртүрлі шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағында туған баласының азаматтығы ата-анасының жазбаша нысанда білдірген, нотариалды куәландырылған келісімі бойынша айқындалады.»;
      2) 17-бапта:
      тақырыбындағы «қабылдаудан» деген сөзден кейін «және азаматтығын қалпына келтіруден» деген сөздермен толықтырылсын;
      бірінші абзацтағы «қабылдау» деген сөзден кейін «және азаматтығын қалпына келтіру» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) террорлық және экстремистік ұйымдарға кірген немесе терроршылдық әрекеті үшін сотталған болса;
      6) мемлекетаралық іздеуде болса, күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе не сот ерекше қауіпті баукеспе деп таныса;»;
      екінші бөліктің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы баптың бірінші бөлігі 7) тармақшасының ережелері Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекетаралық шарттардың қолданысы таралатын, сондай-ақ осы Заңның 16-бабының бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген және шетел азаматтығынан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішпен өздері азаматы болып табылатын мемлекеттің азаматтық мәселелері жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адамына жүгінген адамдарға қолданылмайды.»;
      3) 21-бапта:
      4) тармақша алып тасталсын;
      «болса» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот заңсыз деп таныса,»;
      4) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «26-бап. Қамқоршы белгіленген баланың Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы Қазақстан Республикасының аумағында тұратын 14 жасқа толмаған бала қорғаншысының өтініші бойынша мынадай жағдайларда:
      1) егер оның ата-анасының екеуі де немесе жалғыз ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығынан шықса және бұл орайда ата-ана болу құқығынан айырылса;
      2) басқа мемлекеттердің азаматтары болып табылатын ата-анасының екеуі де немесе жалғыз ата-анасы қайтыс болса немесе із-түзсіз жоғалса, Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады.»;
      5) 28-бап «асырап алған» деген сөздерден кейін «немесе қамқоршылық белгіленген» деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 30-бапта:
      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «өтініш берілген күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұрған адамдардың;
      2) оралмандардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуын жеңілдетілген тәртіппен тіркеуді жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болуын (болмауын) айқындайды.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуды тіркеуді жүзеге асыру ережесін бекітеді.»;
      7) 31-бап мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болуын (болмауын) айқындайды.»;
      8) 32-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Азаматтыққа жеңілдетілген тіркеу тәртібімен қабылдау мәселелері жөніндегі өтініштер ішкі істер органдарына беріледі.»;
      9) 37-баптың бірінші бөлігі бесінші абзацтағы «күннен бастап» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «- Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуы тіркелген күннен бастап».
      5. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат, № 20, 152-құжат 2009 ж., № 17, 82-құжат):
      22-бапта:
      бірінші бөлігіндегі «өзгеше тәртіп белгіленбесе,» деген сөздер «немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлігінің а) тармақшасындағы «мемлекеттік» деген сөз «ұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      жетінші бөлікте:
      «шақыруы және» деген сөздер «шақыруы немесе» деген сөздермен ауыстырылсын,
      «уәкілетті» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын.
      6. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат, № 18, 84-құжат):
      2-баптың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «23) оралмандар - тарихи отанында тұрақты тұру мақсатымен Қазақстанға келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған сәтте шетелде тұрақты тұрып жатқан ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар және олардың Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тысқары жерде туған ұлты қазақ балалары;».
      7. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 21, 382-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2005 ж., № 7-8, 22-құжат; 2007 ж., № 14, 102-құжат):
      8-баптың 6-тармағы 4) тармақшадағы «қызметкерлеріне» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарға және ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасы бойынша қоныс аударушы ішкі көшіп қонушыларға».
      8. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат, № 18, 84-құжат):
      1) 1-баптың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-1) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота (бұдан әрі - квота) - Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін, Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны;»;
      2) 7-баптың 5-1) тармақшасындағы «шетелдік жұмыс күшін тартуға» деген сөздер «жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 10-баптың 4-тармағының екінші бөлігінде:
      «жұмыс берушілер жұмысқа орналастыратын» деген сөздер «жұмысқа орналасатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «берген» деген сөз «берілген» деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) 11-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігіндегі «оны тартуға» деген сөздер «шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-1-тармақтағы «шетелдік жұмыс күшін тартуға» деген сөздер «жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ «тартуға» деген сөзден кейін «және шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 21-баптың 2-тармағындағы «рұқсат алған» деген сөздерден кейін «немесе оларда жұмысқа орналасуға рұқсат алған шетелдік қызметкерлер жұмыс істейтін» деген сөздермен толықтырылсын.
      9. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
      8-баптың 2-тармағының екінші бөлігі «тұратын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатымен келген» деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады