"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2262 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 13 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне босқындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 25 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 330-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.»;
      2) 333-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған осындай іс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан сексенге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      3) 336-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «айлық есептік көрсеткіштің екіге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      екінші бөліктің екінші абзацындағы «бірден екіге» деген сөздер «екіден беске» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.»;
      4) 336-2-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацындағы «бірден екіге» деген сөздер «екіден беске» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «3. Қоғамдық орындарда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды медициналық тұрғыдан тыс тұтынғаны үшін бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жазаға тартылған адам жасаған осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттер, -
      он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.»;
      5) мынадай мазмұндағы 336-4-баппен толықтырылсын:
      «336-4-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз тұрғын
                  үй-жайлардан тыс жерлерде болуы
      1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы, -
      заңды өкілдерін ескертуге әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жазаға тартылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
      заңды өкілдеріне беске дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      6) 371-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «371-бап. Азаматтық және қызметтік қаруды тіркеу (қайта тіркеу)
                ережелерін не оны есепке қою ережелерін бұзу
      1. Мерзімдерін бұзуда көрінген азаматтық және қызметтік қаруды тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін не оны есепке қою ережелерін бұзу:
      1) жеке тұлға оны сатып алғаннан кейін тіркеу және сақтауға және (немесе) алып жүруге рұқсат алу;
      2) жеке тұлғаның азаматтық қаруды сақтауға және (немесе) алып жүруге рұқсатты ұзарту туралы ішкі істер органына өтініш беру;
      3) қару иесінің оған тиесілі қарудың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы ішкі істер органын хабардар ету;
      4) жеке тұлғаның тұрғылықты жерін өзгерткен жағдайда ішкі істер органдарына қаруды есепке қою үшін өтініш беру;
      5) оны сатып алғаннан кейін қызметтік және (немесе) азаматтық қаруларды заңды тұлғалардың ішкі істер органдарында тіркеу, -
      жеке тұлғаларға бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бестен онға дейінгі, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан қырыққа дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жазаға тартылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған іс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға қаруды ақылы тәркілей отырып бестен онға дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан жетпіске дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      7) 531-баптың екінші бөлігінде:
      бірінші абзацтағы «жеке немесе» деген сөздер алып тасталсын;
      екінші абзацтағы «жеке тұлғаларға - бестен онға дейінгі мөлшерінде,» деген сөздер алып тасталсын;
      8) 541-бапта:
      бірінші бөлік «336-1 (үшінші бөлігінде)» деген сөздерден кейін «336-2 (үшінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      1-1-бөліктегі 2) тармақша «336-3 (екінші бөлігі),» деген сөздерден кейін «336-4 (екінші бөлігі)» деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 543-бапта:
      бірінші бөліктегі «336-2, 336-3 (бірінші бөлігінде),» деген сөздер «336-2 (бірінші және екінші бөлігінде), 336-3 (бірінші бөлігінде), 336-4 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      2) тармақша «336-1 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «336-4 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша «336-1 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «336-4 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      10) 636-баптың бірінші бөлігіндегі 1) тармақшасындағы «336-3 (екінші бөлігінде),» деген сөздер «336-2 (үшінші бөлігінде), 336-3 (екінші бөлігінде), 336-4 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар, № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 2 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      471-баптың кестесіндегі 1.54-жолдың екінші бағанындағы «жеке және» деген сөздер алып тасталсын.
      3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат):
      1) 8-баптың үшінші абзацы алып тасталсын;
      2) 10-бапта:
      бесінші абзац алып тасталсын;
      оныншы абзац «Ішкі әскерлердің жоғары» деген сөздердің алдынан «Ішкі әскерлер Қолбасшысының орынбасарларын,» деген сөздермен толықтырылсын.
      4. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат):
      1) 5-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 39) тармақшамен толықтырылсын:
      «39) әкімшілік учаске халқының пікірін ескере отырып, Учаскелік полиция инспекторларын тағайындау ережесін бекітеді.»;
      2) 6-1-бапта:
      тақырыбындағы «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының» деген сөздер «Жергілікті атқарушы органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші абзацтағы «Облыстардың» деген сөз «1. Облыстардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) деңгейде спорттық-бұқаралық, мәдени-бұқаралық ойын-сауық іс-шаралары өткізілетін жерлерде шыны ыдыстағы өнімдерді өткізуге шектеу қояды.»;
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      «2. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары:
      1) ішкі істер органдарымен бірлесіп, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      2) ішкі істер органдарымен бірлесіп, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әкімшілік учаске халқының пікірін ескере отырып, учаскелік полиция инспекторларын тағайындау үшін жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) ұйымдастырады;
      3) аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) деңгейде спорттық-бұқаралық, мәдени-бұқаралық ойын-сауық іс-шаралары өткізілетін жерлерде шыны ыдыстағы өнімдерді өткізуге шектеу қояды.»;
      4) 11-баптың 1-тармағының 39) тармақшасындағы «жеке адамдарды,» деген сөздер алып тасталсын.
      5. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат):
      1) 6-баптың бірінші бөлігіндегі «жеке күзетшілердің, дара кәсіпкерлердің күзет бөлімшелері қызметкерлерінің,» деген сөздер алып тасталсын;
      2) 14-бапта:
      тақырыбындағы «, жеке күзетшілердің, күзет бөлімшелерін құрған дара кәсіпкерлердің» деген сөздер алып тасталсын;
      1-тармақтағы «жеке күзетшілердің, күзет бөлімшелерін құрған дара кәсіпкерлердің» деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақтағы «Күзет бөлімшесін құрған дара кәсіпкер, ұйымның (ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғаның) басшысы» деген сөздер «Ұйымның (ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғаның) басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 15-бапта:
      1-тармақта:
      үшінші бөліктегі «электрлі қару» деген сөздер алып тасталсын;
      сегізінші бөлік «ұңғысыз» деген сөзден кейін «, электрлі» деген сөзбен толықтырылсын;
      екінші бөлікте:
      бірінші абзац «(садақтар мен арбалеттерді)» деген сөздерден кейін «электрлі қаруды» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзацта:
      «(садақтар мен арбалеттерді)» деген сөздерден кейін «, электрлі қаруды» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Рұқсат бес жыл мерзімге беріледі және ұзартылады.»;
      3-тармақтағы «көру қабілетінің бұзылуына, психикалық ауруларға, маскүнемдікке, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты» деген сөздер алып тасталсын;
      4-тармақ «(садақтар мен арбалеттерді)» деген сөздерден кейін «электрлі қаруды» деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақтағы «көру қабілетінің бұзылуына, психикалық ауруларға, маскүнемдікке, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты» деген сөздер «денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдары белгілеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 16-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақшадағы «2» деген сан «3» деген санмен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) тұрғылықты жерін ауыстырған кезде қаруды ішкі істер органдарының есебінен шығаруға және он күн мерзімде жаңа тұрғылықты жері бойынша оны тиісті есепке қоюға, ал бір ауданның немесе ауданға бөлінбейтін қаланың шегінде тұрғылықты жерін ауыстырған кезде бес күн мерзімде бұл туралы аумақтық ішкі істер органдарын хабарландырады.»;
      5) 19-баптың 5) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «қару иеленуге кедергі жоқтығы туралы медициналық қорытындыны табыс етпесе;»;
      6) 23-баптың 2-тармағында «, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қарумен және оның патрондарымен сауда жасауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуға» деген сөздер алып тасталсын.
      6. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      15-бапта:
      3-тармақ «нормативтерге» деген сөзден кейін «, сондай-ақ спорт құрылыстарын пайдалану және өрт қауіпсіздігі ережелеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
      «5. Азаматтар мен қатысушылардың қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етуді күрделендіретін спорт ғимараттарын пайдалану және өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы анықталған жағдайда, оның ішінде мінбенің тіреуіш конструкцияларының ескіруі, мінбе астындағы үй-жайларда жанар-жағармай заттары мен материалдарының, авариялық жарықтандыру мен эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе ақаулары, сондай-ақ өрттің туындауына әкеп соғуы мүмкін электр жабдығын монтаждау және пайдалану ережесін бұзу бөлігінде төтенше жағдайлар жөніндегі органдар енгізетін ұсыным бойынша өз бетінше не ішкі істер органдарының бастамасы бойынша жергілікті атқарушы органдар қауіпсіздік жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейін спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салады.
      6. Спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар іс-шараны өткізгенге дейін он күннен кешіктірмей көрермендердің болжамды саны, бір күн бұрын - сатылған билеттердің, берілген рұқсаттардың саны, оның ішінде автокөлікке, сондай-ақ ішкі істер, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау органдарының арнайы техникасына арналған тұрақ орындары туралы жергілікті атқарушы органдарды хабардар етуге міндетті.».
      7. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      1-тармақтағы «Жеке (дара кәсіпкерлер) және» деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Заңның күші жеке күзет ұйымдарына және де егер ішкі істер органдары туралы Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенті мен Үкіметінің актілерінде өзгеше көзделмесе, ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелеріне қолданылады.»;
      2) 5-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Азаматтарға (жеке кәсіпкерлерге) және» деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақта:
      «жеке күзетшіні,» және «дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшесінде, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшесінде» деген сөздер алып тасталсын;
      «қайта даярлау» деген сөздер «біліктілігін арттыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 6-баптың 5-тармағы «күзет қызметін жүзеге асыратын,» деген сөздерден кейін «оның ішінде олардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуы кезінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 7-баптың 3), 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
      5) 9-баптың 3-тармағындағы «жеке және» деген сөздер алып тасталсын;
      6) 10-бапта:
      1-тармақ «өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға» деген сөздерден кейін «тиісті лицензиясы болған жағдайда күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты қоспағанда, сондай-ақ күзет тәсілі және құқыққа қарсы қол сұғушылықтан заңды қорғау бойынша кеңестер беру және ұсынымдар дайындауды» деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтағы «Күзетшіні арнайы даярлаудың» деген сөздер «Күзет ұйымдарының басшылары мен күзетшілерді арнайы даярлаудың және біліктілігін арттырудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта:
      2) тармақшадағы «қасақана» деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3), 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3) қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамдарды, сондай-ақ ақталмайтын негіздер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігіндегі баптың тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегіндегі мерзім өткенге дейін қылмыстық жауапкершіліктен босатылған;
      4) жеке меншікке, мемлекеттік билік институттарына, белгіленген басқару тәртібіне, қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке қол сұғатын қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын, күзет ұйымының басшысы немесе күзетші жұмысқа қабылдағанға дейін бір жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған;
      5) теріс себептер бойынша кемінде үш жыл бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау, сот және әділет органдарынан босатылған;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Ішкі істер органдарынан кем дегенде бір жыл бұрын босатылған адам егер көрсетілген күзет ұйымы қызметтік міндеттерін өткеру кезеңінде олардың тікелей бақылауында немесе олардың құзыретіне сәйкес олармен тікелей байланысты болған болса жеке күзет ұйымына жұмысқа қабылдана алмайды.»;
      7) 11, 12 және 13-баптар алып тасталсын;
      8) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
      «13-1-бап. Жеке күзет ұйымында күзетші қызметін атқаратын
                 қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері
      1. Жеке күзет ұйымында күзетші қызметін атқаратын қызметкерлер:
      1) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруда, оның ішінде мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде ішкі істер органдарына көмек көрсетуге;
      2) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды ескертуге және жолын кесуге;
      3) құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау мақсатында егер көрсетілген мақсаттарға өзге де әдістермен қол жеткізу мүмкін болмаса, дене күшін және басқа да құралдарды қолдануға құқылы. Бұл ретте осы үшін қажетті шараларды асыруға жол берілмеуге тиіс;
      4) заңдарда көзделген жағдайларда қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстауға және құқық қорғау органдарына жеткізуге құқылы. Қажет болған жағдайда ұсталған адамда қару, сондай-ақ өзге де қауіпті және (немесе) айналымына тыйым салынған заттар бар деп ұйғаруға негіз болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсталған адамның киімін қарауға және құқық қорғау органдарына немесе өзге де мемлекеттік билік органына беру үшін көрсетілген заттарды алуға;
      5) құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан, жол-көлік оқиғаларынан, табиғи зілзалалардан және өзге де төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтарға алғашқы медициналық және өзге де көмек көрсетуде жәрдемдесуге;
      6) азаматтардан қоғамдық тәртіпті сақтауды талап етуге құқылы.
      2. Жеке күзет ұйымында күзетші қызметін атқаратын қызметкерлер:
      1) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға;
      2) дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстардың оларға белгілі болған фактілері туралы ішкі істер органдарына дереу хабарлауға;
      3) заңнамада көрсетілген жағдайларда азаматтардың талап етуі бойынша оның күзет қызметі субъектісіне тиесілігін растайтын куәлігін көрсетуге;
      4) құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілеріне көмек көрсетуге;
      5) қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталған азаматтарға оларға мәжбүрлеу шараларын қолданудың негіздерін түсіндіруге міндетті.»;
      9) 14-бапта:
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) күзету тәсілі мен құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан заңды қорғау бойынша кеңестер беру және ұсынымдар дайындау;»;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «жеке күзет ұйымында күзетші қызметін атқаратын қызметкерлер ерікті түрде қоғамдық тәртіпті қорғауға тартылады.»;
      10) 15-бапта:
      2-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақтағы «және мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелерінің» деген сөздер алып тасталсын;
      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке күзет ұйымдарында күзетші қызметін атқаратын қызметкерлер күзет қызметін өздерінің күзет қызметі субъектісіне тиесілілігін білдіретін арнаулы киіммен жүзеге асырады.»;
      11) 16-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
      12) 17-бап алып тасталсын;
      13) 17-1-бапта:
      2-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі «, дара кәсіпкердің және (немесе) заңды тұлғаның күзет бөлімшесі» деген сөздер алып тасталсын;
      4-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
      «5. Жеке күзет ұйымы күзеттен басқа өзге де қызметті жүзеге асыратын ұйымның еншілес кәсіпорны болып табыла алмайды. Жеке күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) үшін қызметтің осы түрі негізгі болуы тиіс.
      Жеке күзет ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары):
      1) оларға қатысты құрылатын ұйым күзет қызметін көрсететін ұйымдардың құрылтайшысы немесе лауазымды адамдары;
      2) жақын туыстық қатынастағы (ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер), некеде, сондай-ақ осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдармен жегжаттығы бар адамдар, жұбайының (зайыбының) ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер) жеке тұлғалар;
      3) қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар азаматтар, сондай-ақ құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамында көрсетілген адамдар бар заңды тұлғалар;
      4) құрылатын ұйым күзет қызметі көрсететін заңды тұлғалар және олар аффилиирленген заңды тұлғалар;
      5) қоғамдық бірлестіктер болып табыла алмайды.
      6. Жеке күзет ұйымдарының басшыларына және олардың күзетші қызметін атқаратын қызметкерлеріне:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік органдардың ерекше құзыретіне жатқызылған процессуалдық және өзге қызметті жүзеге асыруға;
      2) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өкілеттігін иемденуге;
      3) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіруге;
      4) адам мен азаматтың ар-намысын және абыройын түсіретін немесе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектейтін әрекеттер жасауға тыйым салынады.»;
      14) 4-тараудың тақырыбы «қару» деген сөзден кейін «және арнаулы құралдар» деген сөздермен толықтырылсын;
      15) 18-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тиісті лицензия алғаннан кейін күзет қызметі субъектілерінің өнім беруші заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтік тегіс ұзын ұңғылы және қысқа ұңғылы қару, сондай-ақ жарақат салатын патрондары бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруы мен электрлі қару, арнаулы құралдар сатып алуға құқығы бар. Күзет қызметі субъектілері қызметкерлерінің пайдалануына арналған қарудың түрлерін, үлгілерін, модельдері мен санын, сондай-ақ арнаулы құралдар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Күзет қызметі субъектілеріне қызметтік ойық ұзын ұңғылы және қысқа ұңғылы қару сатып алуға және пайдалануға тыйым салынады.»;
      3-тармақтағы «үш жыл» деген сөздер «бес жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы «, күзет бөлімшесінің қызметкері мен жеке күзетші» деген сөздер алып тасталсын;
      16) 19-бапта:
      2-тармақта:
      бірінші бөлікте «, жеке күзетшілердің және күзет бөлімшелерінің күзетші қызметін атқаратын қызметкерлері» деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөлікте «, жеке күзетшінің, жеке күзет бөлімшесі қызметкерінің» деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақтағы «, жеке күзетшілер, күзет бөлімшелерінің қызметкерлері және мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелерінің штаттағы күзетшілері» деген сөздер алып тасталсын;
      17) 21-баптағы «қайта даярлау» деген сөздер «біліктілігін арттыру» деген сөздермен ауыстырылсын.
      8. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат):
      36-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Баланың заңды өкілдерінсіз тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуына тыйым салынады.».
      9. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз қалуын ескерту туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат):
      9-бапта:
      1-тармақтағы «, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау» деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақтың 10) тармақшасы алып тасталсын.
      10. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 13 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      6-баптың 4-тармағының он бірінші абзацындағы «қызметті» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «күзет қызметін».
      11. «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат):
      мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
      «9-1-бап. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларын өткізген
                кезде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
                ережесін сақтау
      1. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларын өткізуге арналған объектілер мен құрылыстар құрылыс пайдалану және өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келуі тиіс.
      2. Азаматтар мен қатысушылардың қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етуді күрделендіретін спорттық құрылыстарды пайдалану және өрт қауіпсіздігі ережелері талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда, оның ішінде мінбенің тіреуіш конструкцияларының ескіруі, мінбе астындағы ғимаратта жанар-жағармай заттары мен материалдарының, авариялық жарықтандыру мен эвакуация жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе істемеуі, сондай-ақ өрттің туындауына әкеп соғатын электр құралдарын монтаждау және пайдалану ережесін бұзу бөлігінде төтенше жағдайлар жөніндегі органдары енгізген ұсыным бойынша өз бетінше не ішкі істер органдарының бастамасы бойынша жергілікті атқарушы органдар қауіпсіздік жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейін спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салады.
      3. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар осы мақсаттарға арнайы тағайындалмаған орындарда өткізілетін (стадиондар, демалыс аймақтары, парктер, саябақтар, алаңдар, көшелер) іс-шараны өткізгенге дейін он күннен кешіктірмей көрермендердің болжамды саны, бір күн бұрын - сатылған билеттердің, берілген рұқсаттардың саны, оның ішінде автокөлікке, сондай-ақ ішкі істер, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау органдарының арнайы техникасына арналған тұрақ орындары туралы жергілікті атқарушы органдарды хабардар етуге міндетті.».
      12. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16-18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; 2009 жылғы 2 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      27-баптың 10-тармақшасындағы «жеке және» деген сөздер алып тасталсын.

      2-бап.
      1. Осы Заң қолданысқа енгізілген күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағын қоспағанда, осы Заң алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Күзет қызметі субъектілері осы Заңның 1-бабының 7-тармағы қолданысқа енгізілген күнінен бастап үш ай ішінде өз қызметін осы Заңға сәйкес келтіруге міндетті.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады