Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1217 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2337 Қаулысы

             Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1217 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
      Үкіметінің        
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2337 қаулысына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы    
      Үкіметінің          
2008 жылғы 23 желтоқсандағы 
№ 1217 қаулысымен      
бекітілген         

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің
2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Астана

Мазмұны

      1. Миссия және пайымдау
      2. Ағымдағы ахуалды талдау
      3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер
      4. Министрліктің функционалдық мүмкіндіктері мен ықтимал қатерлер
      5. Нормативтік құқықтық актілер
      6. Бюджеттік бағдарламалар

I. Миссия және пайымдау

      Миссия: ішкі және сыртқы нарықтардағы отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттігін үдемелі индустриялық-инновациялық саясат арқылы қамтамасыз ету және отандық тұтынушыны сапасыз өнімнен қорғау.
      Пайымдау: өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы қазақстандық өнімге деген отандық және шетелдік тұтынушылар сұранысының айтарлықтай ұлғаюымен сипатталатын экономиканы тиімді әртараптандыру.

2. Ағымдағы ахуалды талдау

1. Индустриялық даму Инвестициялық қамтамасыз ету Инвестициялар тарту және инвестициялық жобалар мониторингі

      1993 жылдан бастап 2008 жылға дейінгі кезеңде ел экономикасына 69 млрд. АҚШ долл.-нан астам тікелей шетелдік инвестициялар1 тартылған. Негізгі инвестор елдер: АҚШ - (Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынының жалпы көлемінен 23,2 %), Нидерланды - (15,8 %), Ұлыбритания - (8,6 %), Италия - (5,2 %), Франция - (4,7 %). ШИТ-тің салалық құрылымында көрсетілген кезеңде тау-кен өндіру өнеркәсібіне (56,3 %) және геологиялық барлау мен іздестіруге (22,7 %) инвестициялар басым болды. Экономиканың шикізаттық емес секторына тікелей шетелдік инвестициялар 13,6 млрд. АҚШ долл. (19,8 %) құрады, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпке 6,6 млрд. АҚШ долл. (9,5 %).
      2007 жылы Қазақстанға салынған инвестициялар көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 10,5%-ға ұлғайды және 27 млрд. АҚШ долл. жетті. 2007 жылы тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың салалық құрылымында барынша қомақты үлес геологиялық барлау мен іздестіруді жүргізу қызметіне - 6,6 млрд. АҚШ долл. немесе 36 %, тау-кен өндіру өнеркәсібіне - 5,4 млрд. АҚШ долл. немесе 29,2 % тиесілі. Шикізаттық емес секторға 3 млрд. АҚШ долл. немесе шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің 16,2 %-ы, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпке 1,06 млрд. АҚШ долл. немесе 2007 жылы тартылған барлық тікелей шетелдік инвестициялардың 5,8 %-ы тартылған.
      2007 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 2006 жылмен салыстырғанда 60,5 %-ға ұлғайып, 17,5 млрд. АҚШ долл. құрады.
      Технологиялық салалардың негізгі құралдарына инвестициялар бірліктерді және шикізат саласына инвестициялардың пайыздық үлесін құрады, бұл экономиканың шикізаттық ауытқуын туғызды және шикізаттық емес салалардың жай-күйін одан әрі нашарлатты. Технологиялық өндірістердің құлауының негізгі себебі өндірілетін өнімнің ескірген технологияларға, жабдықтарға негізделген бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, нарық талаптарын қанағаттандырмайтын кадрлардың біліктілігінің төмендігі болды.
      Ұзақ мерзімді бағдарламалық құжаттарды Қазақстан аумағында жоғарғы қосылған құны өндірістерді құру арқылы іске асыруға болады. Жаңа өндірістерді құрған кезде Қазақстанда бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды және экономиканың шикізаттық емес секторларында, оның ішінде қазақстандық тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің экспортына ықпал ететін инфрақұрылымды және капиталды дамыту мен құруға байланысты жобаларға басымдық беріледі.

      -------------------
      1Бұл жерде және бұдан әрі мәтін бойынша шетелдік инвестицияларды шикізаттық емес секторға тарту қаржылық қызметті және жылжымайтын мүлікпен, жалға беру/алумен кәсіпорындар қызметтерін есепке алусыз қабылданады.

Қазақстан экономикасының басым салаларына инвестицияларды мемлекеттік қолдау

      Экономиканың басым салаларына бағытталған инвестицияларды мемлекеттік қолдау «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген және инвестициялық преференцияларды беру арқылы жүзеге асырылады.
      Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шеңберінде инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға өтініш берілген инвестициялардың жалпы 2984,4 млрд. теңге сомасына барлығы 425 келісім-шарт жасалды. 2006 жылы - өтініш берілген инвестициялардың жалпы 163 млрд. теңге сомасына 99 келісім-шарт, 2007 жылы - өтініш берілген инвестициялардың 245,0 млрд. теңге сомасына 102 келісім-шарт, 2008 жылы - өтініш берілген инвестициялардың 2283,5 млрд. теңге сомасына 107 келісім-шарт.
      Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген жобаларды іске асыру нәтижесінде салынған нақты инвестициялар көлемі барлығы 4437,1 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде жылдар бойынша:
      2006 жылы - 1166,5 млн. АҚШ доллары;
      2007 жылы - 1093,2 млн. АҚШ доллары;
      2008 жылы - 2177,4 млн. АҚШ доллары;
      Инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласындағы негізгі проблема инвестициялар тарту мәселесінде инвестициялық преференциялар институты рөлінің төмендеуі болып табылады. Көптеген жағдайда инвестициялық преференциялар инвестицияларды жүзеге асыру туралы шешім қабылдауға ынталандырушы әсер етпейді, тек қана оларды инвесторлар инвестициялық жобаны іске асыру кезіндегі шығындарды төмендетудің қосымша тәсілі ретінде қолданады.

Қаржы құралдарын жобаларды қаржыландыруға пайдалану үшін тарату

      Қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Қаржы құралдарының кең спектрін пайдалану жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді. Инвестицияларды, оның ішінде шетелдік реттеу саласындағы айтарлықтай өзгерістерге қарамастан, ең бірінші инвестициялар тарту, сондай-ақ инвестициялық инфрақұрылымдарды жақсарту мақсатында қаржы құралдарын (венчурлік қаржыландыру, инвестициялық қаржыландыру, стратегиялық серіктестік, қаржылық лизинг және басқалары) таңдау және оны қолдануды негіздеу проблемасының пысықталмағандығы екендігін атап кету керек.

Инвестициялар саласындағы негізгі проблемалар

      Экономиканың шикізаттық емес секторының инвестициялық тартымдылығының жеткіліксіздігі (әкімшілік кедергілер, дамымаған көліктік және коммуникациялық инфрақұрылым, білікті жұмыс күшінің жеткіліксіздігі, қазақстандық нарық сыйымдылығының төмендігі);
      отандық өндірушілерді қолдау мен қорғау тетігінің жеткіліксіз дамуы;
      инвестициялар салудың әлеуетті нарықтары мен шетелдік компаниялар үшін осы нарықтарға шығу тәсілдері туралы жеткілікті ақпараттың болмауы.

Өңірлік индустриялық жобаларды үйлестіру

      Қазақстанның Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясына және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық дамуының стратегиясына сәйкес 2006 - 2008 жылдары елдің 7 макроөңірлерінде 7 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құрылды: Сарыарқа - «Сарыарқа» ӘКК ҰК» АҚ, Жетісу - «Жетісу» ӘКК ҰК» АҚ, Ертіс - «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ, Солтүстік - «Тобыл» ӘКК ҰК» АҚ, Каспий - «Каспий» ӘКК ҰК» АҚ, Оңтүстік - «Оңтүстік» ӘКК ҰК» АҚ, Орал - «Батыс» ӘКК ҰК» АҚ.
      ӘКК құрудың бірінші кезеңде қажетті нормативтік-құқықтық базасы, оның ішінде Өңірлік ӘКК құру тұжырымдамасы, ӘКК миссиясы, міндеттері мен функциялары айқындалған ӘКК қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдар және басқалары құрылды. Осы құжаттарға сәйкес ӘКК миссиясы мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлік тәсілдің негізінде бірыңғай экономикалық нарық құру жолымен өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады. ӘКК - бұл жобалардың генераторының рөлін орындайтын, оларды іске асыру үшін инвестициялар тарататын игерілмеген жерлердегі учаскелері мен кен орындарын қоса алғанда берілген мемлекеттік активтерді басқаратын өңірлік даму институттары. ӘКК қызметін үйлестіру (стратегиялық жоспарларды бекіту, қызмет мониторингі және басқалар) өнеркәсіптегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін ӘКК-нің барлық жобалары бойынша деректерді есепке алумен, өңдеумен айналысатын арнайы ұйымдарды жұмысқа тарта отырып, корпоративтік басқарудың бірыңғай жүйесі есебінен жүргізіледі.
      ӘКК-ге өз миссиясын жүзеге асыру мақсатында мына мемлекеттік активтер берілді: жер, жер қойнаулары, мемлекеттік меншіктер, ақшалай қаражат. ӘКК келісілген инвестициялық жобаларды дайындау және іске асыру арқылы индустриялық бағдарламаның жүргізушілері, сондай-ақ ШОБ дамытудың әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейлі экономикалық және коммерциялық негізделген тәсілдерінің негізінде мемлекеттік-жеке кәсіпкерлік шеңберінде тиімді өңірлік қаржылық құрал болуы тиіс.
      Елдің орнықты экономикалық өсімін және бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ететін теңгерімді экономикалық құрылымға өтудің стратегиялық міндетін өнеркәсіпті белсенді құрылымдық қайта құру және экономикалық дамуға жаңа сапа беру жолымен шешуге болады. Сондықтан мемлекет өз күшін экономиканы одан әрі әртараптандыру және әлемдік шаруашылық жүйесіне үйлесімді ықпалдасу үшін жағдай жасауға шоғырландырды. Бұл саясаттың негізгі құралы өңдеуші сектордың дамуын ілгерілетуге және осының негізінде бір жақты шикізаттық бағдарды бірте-бірте еңсеруге бағытталған 2003 - 2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы (бұдан әрі — Стратегия) болып табылады.
      Өңдеуші өнеркәсіпте 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін км дегенде 3 есе ұлғайту және ЖІӨ-нің энергияны қажетсінуін 2 есе азайту Стратегияны іске асрудың тірек көрсеткіштері ретінде таңдалып алынды. Жүргізілген талдау бұл мақсаттарға қол жеткізуге болатынын көрсетеді және ағымдағы сәтте болжамды көрсеткіштерді басып озу байқалып отыр.
      Стратегияның 1-кезеңінде (2003 - 2005 жылдар) одан әрі технологиялық дамудың жүйелік мәселелері шешілді. Жасалған талдау ұмтылған жоспарлардың және бағдарламалық құжаттың болжамды сандық көрсеткіштерінің орындалғанын сипаттайды:
      заңнамалық және нормативтік база дайындалды (30-ға таяу заң), салаларды дамытудың негізгі бағдарламалары қалыптасты (30-дан астам бағдарлама) және өндірістер факторларды дамытудың жүйелік мәселелері шешілді;
      жаңа институционалдық негіз қалыптасты (даму институттары, ӘКК, холдингтер, Ғылым қоры және тағы басқалары);
      пилоттық жобаларды іске асыру және қамтамасыз етуші инфрақұрылымды (кластерлер, технопарктер, АЭА, индустриялық аймақтар) салу басталды.
      Стратегияны іске асырудың 2-кезеңінде немесе «белсенді іске асыру сатысы» (2006 - 2010 жылдар) кезеңінде өнеркәсіпті жаңғырту және экономиканы әртараптандыру жөніндегі жобаларды іске асыру бойынша нақты міндеттер қойылады. Сондықтан ағымдық қызметтің өзекті бағыты басым салаларда өңдеуші технологиялық өндірістер құру болып табылады.
      Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бизнесті дамытуға арналған, атап айтқанда салық жеңілдіктері мен кедендік преференциялар берілетін қолайлы жағдайлар құрылатын аумақтар — арнайы экономикалық аймақтарды ұйымдастыру барынша тиімді ынталандыру тетіктерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты арнайы салықтық және кедендік режимі бар АЭА құру және қажетті инфрақұрылымдық ресурстармен қамтамасыз ету отандық экспорт тауарларын қайта бөлуді тереңдету, қосылған құны жоғары өндірістер мен Қазақстанның көліктік әлеуетін дамыту көзқарасы бойынша перспективалық болып табылады.
      Шекара маңы өңірлерінде арнайы экономикалық аймақтар құру айрықша тартымды болып табылады, өйткені бұл жағдайда аймақ шегінде трансшекаралық аумақтың барлық ерекше проблемаларын іс жүзінде шешуге болады.
      Стратегияда көзделген мақсаттарға қол жеткізу, инвестициялық және инновациялық жобалардың тиімділігін арттыру әрі оларды жедел жылжыту үшін өнеркәсіпте жаңа активтер құру, жаңа технологиялар мен инновациялар енгізу, сондай-ақ өнеркәсіптегі шағын және орта кәсіпорындар үлесін ұлғайту үшін даму институттары қарастыратын жобаларды қолдау жөніндегі жұмысты үйлестіру қажет.
      Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 6 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді.
      «Ақтау» теңіз порты» мен «Астана - Жаңа қала» АЭА ойдағыдай жұмыс істеуде. «Ақпараттық технологиялар паркі» мен «Оңтүстік» АЭА - қалыптасу процесі үстінде. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» және «Бурабай» АЭА-ның қызметін қамтамасыз ету үшін АЭА-ның әкімшілігі, кеден және салық органдарының аумақтық бөлімшелері сияқты қажетті жағдайлар қалыптастырылуда.
      Бұл АЭА-лар алдында ауқымды және нақты міндеттер қойылған. Оларды шешу өңірлердің экономикалық әлеуетін іске асыруға, инвестициялық және бизнес-ахуалды жақсартуға ықпал ететін болады. Сондай-ақ 2 жаңа: Қорғас -Шығыс қақпасы, Достық АЭА құру болжануда.
      Жасалған талдау бұл аймақтардың жұмыс істеуінің оң тиімділігін көрсетіп отыр. Мысалы, салық пен кедендік жеңілдіктер беру және инфрақұрылым мен қамтамасыз ету есебінен:
      «Астана - жаңа қала» АЭА-де қазіргі кезде 857 млрд. теңге (6,8 млрд. АҚШ доллары) тартылып, оның ішінде 60 %-ы жеке инвестициялар, 136 объекті пайдалануға берілді;
      «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА-де қазірдің өзінде 29 компания жұмыс істейді, ал өндірілетін өнімнің жалпы көлемі шамамен 1 млрд. теңгені құрайды.
      «Ақтау» теңіз порты» АЭА-де 348 млн. АҚШ доллары сомасына үш зауыт салынып, 1163 жұмыс орны құрылған, сондай-ақ 10 инвестициялық жоба іске асырылуда.
      «Оңтүстік» АЭА-де АЭА аумағында 5 инвестициялық жобаны іске асыру басталды, олар: «Мақта өнеркәсіп целлюлоза» ЖШС, «Ютекс - KZ» ЖШС, «Oxy Textile» ЖШС, «Есенжол-Назар» ЖШС, «Орта Азия Тоқыма Санаи» ЖШС.
      Сонымен қатар, АЭА-ның тиімді жұмыс істеуі бөлігінде АЭА құру және жұмыс істеуі саласында нақты мемлекеттік саясаттың болмауына және АЭА аумағына салықтық жеңілдіктерді беру бөлігінде салықтық заңнаманың жетілдірілмеуіне байланысты проблемалар бар.

Экономиканың өңдеуші салаларын дамыту

      2007 жылы отандық өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 4,5 %-ға өсті және шамамен 64 млрд. АҚШ долл. жетті.
      Өңдеуші өнеркәсіпте екінші жыл қатарынан (2006 - 2007 жылдар) өңдеуші өнеркәсіптегі өсу қарқыны тау-кен өндіру өнеркәсібіне қарағанда айтарлықтай жоғары болды. 2007 жылы өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 6,7 %-ға ұлғайды, бұл ретте тау-кен өндіру өнеркәсібінде бұл көрсеткіш - тек қана 2,6 %-ды құрады.
      Құрылыс индустриясында және құрылыс материалдары өндірісінде:
      2007 жылы құрылыс материалдары өндірісінің өсімі 2006 жылғы осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда орташа есеппен 26,7 %-ды құрады, ақшалай көріністе құрылыс индустриясы кәсіпорындары 321,4 млрд. теңге сомасына өнім шығарды.
      Құрылыс материалдарын отандық өндірушілер өнімнің көлемі, номенклатурасы бойынша құрылыс саласының қажеттілігін толық мөлшерде қанағаттандырып отырмағанын атап кету қажет. Құрылыс материалдарына қажеттілік көлемі 2007 жылы - 565 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, отандық өндіріс 57 %-ды құрады. 2007 жылы 2,2 млрд. АҚШ долларына құрылыс материалдары импортталды.
      Жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібінде.
      2007 жылы 2006 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстарғанда тері, теріден жасалған бұйымдар өндірісінде және аяқ киім өндірісінде - 47,6 %-ға, сурек өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндірісінде - 12,3 %-ға, целлюлозалық-қағаз өнеркәсібі және баспахана ісінде - 4,5 %-ға, жиһаз өндірісі кіретін өнеркәсіптің өзге салаларында - 18,4 %-ға өсім байқалды. Өндірістің 15,3 %-ға құлдырауы тоқыма және тігін өнеркәсіптерінде болды.
      2008 жылы 2007 жылғы осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда тоқыма және тігін өнеркәсібі өнімдері өндірісінде - 13,6 %-ға; сүрек өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндірісінде - 10,2 %-ға, тері, теріден жасалған бұйымдар өндірісінде және аяқ киім өндірісінде - 63,7 %-ға өсім байқалды. Өндірістің 4,4 %-ға құлдырауы целлюлозалық-қағаз өнеркәсібі және баспахана ісінде болды.

Индустриялық даму саласындағы проблемалар

      Өңдеуші сектор өнімінің бәсекеге қабілетінің төмендігі;
      кәсіпорындардың технологиялық деңгейінің төмендігі, жабдықтардың мүлде тозуы мен моральдық ескіруі;
      айналым қаражатының жеткіліксіздігі мен төменгі пайыздық ставкасы бар ұзақ кредиттерге қол жетпеушілік;
      отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейінің төмендігі;
      өңдеуші өндірісті дамыту үшін салық, кеден заңнамаларындағы ынталандырудың әлсіздігі.

2. Инновациялық даму Ұлттық инновациялық жүйе қалыптастыру

      Отандық өнеркәсіптің өнімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыруда табыстылықтың айқындаушы факторы инновациялық қызмет, отандық және шетелдік әрі ғылыми-техникалық пен технологиялық әлеуетті пайдалану және оның негізінде бәсекеге қабілетті өндірісті құру болып табылады.
      Инновациялық даму саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеті ұлттық инновациялық жүйенің мынадай: ғылыми әлеует, инновациялық инфрақұрылым, қаржылық инфрақұрылым, инновациялық кәсіпкерлік сияқты негізгі элементтерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Министрлік инновациялық дамыту саласындағы уәкілетті орган ретінде мемлекеттің, жеке бизнес пен азаматтық қоғамның басымдықтарын инновациялық қызметті жандандыру және әлемдік экономикадағы қазіргі уақыттағы өзгерістер жағдайында елдің технологиялық деңгейін арттыру басымдықтарын уақтылы қайта бағдарлау бойынша шаралар қабылдайды.
      Заңнамалық базаны жетілдіру шеңберінде «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жүзеге асырылуда. Заң жобасы негізгі қызметі инновациялық саланы дамытуға бағытталған әртүрлі заңды тұлғалардың мүдделерін кеңейтетін нормаларды көздейді. Атап айтқанда, ол мынадай даму институттарына: «Инжиниринг және технологиялар трансферті» АҚ-ға, «Ғылым қоры» АҚ-ға және «ҚазАгроИнновация» АҚ-ға қатысты болады. Заң жобасының тағы бір сипатты ерекшелігі инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін және республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын Инновациялық дамыту шараларының кешенін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады. Инновациялық дамыту шараларының кешенін инновациялық қызмет саласындағы уәкілетті орган қалыптастырады және инновациялық даму институттары іске асыратын болады.
      Заңнамалық және атқарушылық билік органдары өкілдерінің бизнес және ғылыми ортаның мүдделі өкілдерімен тығыз ынтымақтастығы кезінде жоспарланған міндеттер мен әзірленген нормативтік-құқықтық актілерді іске асыру экономиканың нақты секторында инновациялық белсенділікті арттырады, бұл ел экономикасын инновациялық дамудың жаңа жолына шығаруға мүмкіндік береді.
      Ұлттық инновациялық жүйенің негізгі элементтерін қалыптастырудың 1-кезеңінде (2005 - 2007 жылдар) Ұлттық инновациялық қорды, Ғылым қорын, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығын, 8 өңірлік технопарктерді, 11 отандық және шетелдік қорларды қамтитын қаржылық және инновациялық инфрақұрылым құрылды.
      «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ
      «ИТТО» АҚ-ға ұлттық инновациялық жүйеде инновациялық құрылымды қалыптастыру мен даму жөніндегі үйлестіруші рөлі берілді. Осыған байланысты «ИТТО» АҚ өзіне ҰАЖ және ҒЗТҚЖ нәтижелерін дайындау элементі ретінде де және арнайы экономикалық аймақ, индустриялық аймақ және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар негізінде инновациялық өндірісті тәжірибелік құру элементтері ретіндегі технопарктер кіретін бірыңғай ұлттық инновациялық құрылымды құру жөніндегі бағытталған жұмысты жүргізеді.
      Бүгінгі күні Алматы, Қарағанды және Орал қалаларында 3 өңірлік технопарктер құрылды. Өңірлік технопарктер өңірлерде жеткілікті түрде дами қоймаған зертханалық кешен, оқыту орталықтары қызметтерін, технология трансферттері, инжиниринг және т.б. бойынша қызметтер көрсетеді. Қазіргі уақытта, ТЭН әзірленді және Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында терт өңірлік технопарктерді құру жөніндегі жұмыс басталды.
      Бұдан басқа, «ИТТО» АҚ-ға берілген «Ақпараттық технология паркі» АЭА-ның және ҚАЗҒТУ технопаркі активтері республикадағы инновациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі институттың басым мүмкіндіктерін кеңейтті.
      «ИТТО» АҚ-да ақпараттық алмасуды кеңейту және серпінді технологиялар трансфертін жүзеге асыру мақсатында Қазақстандық технологиялар трансферттері желісі (ҚТТЖ) құрылды. Қазіргі уақытта ҚТТЖ Ресей және Белоруссияның технологиялар трансферті желілерінің сертификатталған мүшесі болып табылады және олардың сайттарында өз клиенттерінің әзірлемелерін орналастыру мүмкіндігіне ие. ҚТТЖ бұдан әрі Еуропалық технология трансферттері жүйесіне кіретіні болжанады. Құрылатын Инновация және патенттер банкі ҚТТЖ-ның басым мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
      Қаржылық даму институттары.
      «Ұлттық инновация қоры» АҚ 2003 жылы негізгі мақсаты елде инновациялық белсенділікті арттыруға ықпалдасу және жоғары технологиялық әрі ғылымды қажетсінетін технологияларды дамыту болып табылатын Стратегияны іске асыру шеңберінде құрылды.
      Жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін технологияларды дамыту мақсатында Қор мына міндеттерді кеңейтуге бағытталған еліміздің венчурлік индустриясын қалыптастыру және дамыту бойынша қызметті жүзеге асырады:
      экономиканың инновациялық секторына коммерциялық инвестицияларды тарту және тепе-тең бақылауды қамтамасыз ету;
      жаңа өндірістік қуаттарды игеру, жаңа жұмыс орындарын құру;
      отандық әзірлемелерді коммерциялау және нәтиже ретінде инновациялық өнімнің отандық нарығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
      2008 жылғы 30 қарашадағы жай-күй бойынша Қорға барлығы 502 жоба түсті, оның ішінде: 147 инвестициялық жобалар, 351 ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық әзірлемелер, 4 жоба жыл сайынғы NIF$50К конкурсының жеңімпаздарынікі. 2008 жылғы 30 қарашадағы жай-күй бойынша тау-кен өндіру, мұнай-газ, химия және медицина өнеркәсібі, машина жасау, ауыл және орман шаруашылығы, ақпараттық технология аясы, құрылыс, металлургия тәрізді салаларда 29 ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық әзірлемелер және 5 инвестициялық жобалар аяқталды.
      Қор өз қызметі уақытында 6 қазақстандық венчурлік қорларды құрды:
      1. «ВФ Адвант» АҚ - фармацевтика және биотехнология;
      2. «АИФРИ «Сентрас» АҚ - әртүрлі салалар;
      3. «ФВТ Арекет» АҚ - старт-ап компанияларындағы инвестициялар;
      4. «Glotur Technology Fund» АҚ - ақпараттық технологиялар;
      5. «Almaty Venture Capital» АҚ - құрылыс материалдары және технологиялар;
      6. «LogyCom» АҚ - ақпараттық технологиялар.
      2008 жылғы 30 қарашадағы жай-күй бойынша жергілікті венчурлік қорлар жалпы сомасы 9,0 млрд. теңге 16 жобаны қаржыландыруда, Қор үлесі 3,7 млрд. теңгені құрайды.
      Отандық венчурлік қорлардың жұмыс тиімділігін бағалау үшін кезең ішінде тартылған жобалар және инвестициялардың өсу саны бойынша Тиімділіктің басым көрсеткіштері әзірленді, келісілді және бекітілді. Отандық өндіріске қазіргі технологияларды дамыту және енгізу үшін Қор 5 шетелдік венчурлік қорлар акционері болды.
      Бұдан басқа, отандық және шетел инвесторларын тартумен қазақстандық венчурлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру үшін инвестициялау географиясы бар, ҚР аумағында шектелмеген отандық және шетел инвесторлары бірлесіп 10 жылдық өмір сүру мерзімі мен 2010 жыл ішінде 2 венчурлік қорды құру жоспарлануда.
      Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған жобалардан және таза пайдадан жоспарланған шығындардан қаражат бөлігі жаңа инновациялық жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады. 2010 жылдан бастап 2014 жылы 7 500 млн.теңге сомасына жаңа 15 жобаларды қаржыландыру жоспарлануда, жылына орташа жаңа 3 инновациялық жоба.
      Аталған жобаларды іске асыру нәтижесі жаңа жұмыс орындарын құру, жаңа қызметтер мен өндірісті дамыту болып табылады.
      Қазіргі уақытта Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 3 %-дан сәл астам, бұл ЕО елдерінен анағұрлым төмен. Бұдан басқа, проблемалық мәселе, ғылымды қаржыландыру болып табылады. Осылайша, қолдағы деректер бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге мемлекеттің жыл сайынғы шығыстары орташа алғанда мынаны құрайды (ЖІӨ-ден): АҚШ-та және Жапонияда - 3 %-ды, Германия мен Францияда - 2-2,5 %-ды, Швецияда - 4,0 %-ды. Еуроодақ өзінің барлық мүшелеріне ғылымға деген салымдар деңгейін ЖІӨ-ден 2,5 %-ға дейін жеткізуді ұсынатынын ескеру қажет.
      Салыстыру үшін - Қазақстанда ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге арналған жалпы шығындар 2007 жылы ЖІӨ-ден 0,26 %-ды құрады.

Инновациялық саладағы проблемалар

      Қазақстанда өнертапқыштық коэффициенті төмен (Қазақстан Республикасында көрсеткіш Ресейге қарағанда 1,6 есе, АҚШ пен Германияға қарағанда 5-6 есе және Жапониямен салыстырғанда 30 есе төмен)2.
      ғылыми-технологиялық тізбек аяқталуға жақындағанына қарай өнертапқыштық белсенділігі төмен (Талданатын кезең ішінде Қазақстанда өнеркәсіптік меншікке арналған қорғау құжаттарының 5 249 қолданыста болды, оның ішінде: өнертапқыштыққа - 4 744 (90,4 %), пайдалы модельдерге - 109 (2,1 %), өнеркэсіптік үлгілерге - 396 (7,7 %)3.
      кәсіпорынның технологиялық деңгейі төмен, физикалық тозу және жабдықтың моральдік ескіруі4.
      Осыған байланысты мыналармен байланысты жүйелік сипаттағы мәселелерді шешу алға қойылған:
      ұлттық инновациялық жүйені ыдырату;
      ғылым мен өндіріс арасындағы сақталатын алшақтық;
      ғылым және инновацияны қаржыландырудың мемлекеттік тетігін жетілдіру және ғылыми қызмет басымдылықтарын қайта қарау.

      --------------------
      2 Өнертапқыштыққа резиденттер берген өтінімдер саны 1 млн. адам. Соңғы жылдардағы талдау бойынша аталған коэффициент Қазақстанда 100,5-ті құрады (салыстыру үшін Ресейде - 165, АҚШ-та - 599,6, Германияда -3141,8);
      3Германияда (патенттік белсендік бойынша АҚШ-пен Жапониядан кейін 3-орында) құрылым мынадай көрініс тапты: өнертапқыштыққа сақтау құжаттары-21 %, пайдалы модельдерге-21 %, өнеркәсіптік үлгілер-58 %.
      4 Мұнай өңдеу және металл өндірумен байланысты емес салаларда жабдықтардың тозу деңгейі соңғы 3 жыл ішінде 45 %-дан 62 %-ға дейін құрады. Өндіруші өнеркәсіп кәсіпорындарда толық тозған машиналар, жабдықтар мен көлік құралдарының үлес салмағы 12 %-ға дейін жетті.

3. Сауданы дамыту Ішкі сауда

      Ішкі сауда халықтың өмір тіршілігін қамтамасыз етудің бір саласы ретінде республикадағы нарықтық қайта құру кезеңінде түбегейлі өзгерістерге ұшырады.
      Экономиканың басқа бір де бір саласында, саудадағыдай жоғары кәсіпкерлік белсенділік қалыптасқан жоқ, бұл тұтыну нарығының дамуына әсер етті.
      2007 жылы сауда нарықтарындағы айналым көлемін қамтитын бөлшек тауар айналымының көлемі 1,8 трлн. теңгені немесе 15 млрд. АҚШ долларын құрады және 2006 жылмен салыстырғанда 10 %-ға ұлғайды. 2008 жылғы қаңтар - қазан айларында бөлшек тауар айналымы көлемі 2,0 трлн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (тұрақты бағадағы) 3,3 %-ға ұлғайды.
      Республикада 2007 жылы ЖІӨ-дегі сауда үлесі 11,8 %-ды, 2008 жылғы қаңтар - қыркүйекте 11,7 %-ды құрағанын атап кету керек, бұл ретте ЖЮ өсімі бөлшек сауда айналымының барабар өсімін қамтамасыз ете алмайды, бұл бөлшек саудадағы жүйелі проблемалардың бар екенін көрсетті.
      Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде сауда базарларындағы айналым үлесі 2007 жылы 23 %-ды немесе 420 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 8,8 %-ға төмен. Сауда базарларындағы айналым көлемінің төмендеуі екі негізгі себептен туындады.
      Бірінші, екінші деңгейдегі банктердің сауданы қаржыландыру көлемінің төмендеуі (айналым қаражатын толықтыруға пайыздық ставкалардың жоғарлауы салдарынан). Мәселен, 2007 жылдың аяғында екінші деңгейдегі банктердің сауданы қаржыландыру көлемі 1,5 трлн. теңгені немесе кредит берудің жалпы көлемінің 20 %-ын құрады, ал 2005 жылы сауданы қаржыландыру көлемі 25 %-дан астам болатын.
      Екінші, азық-түлік тауарларына бағалардың жоғарлауы салдарынан халықтың тұтыну белсенділігінің төмендеуі.
      Қазіргі кезде ресми статистика деректеріне сәйкес сауда саласында жұмыс жасайтын халықтың саны 1 млн. астам адамды құрайды, бұл еңбекке қабілетті халықтың 15 %. Көрсетілген сан ішінде: 75 %-ына таяуы зейнеткерлік жастың алдындағы адамдар, әйелдер мен жастар, ал жоғары білімі барлар саны - 48 %.
      Сонымен қатар, нақты жағдай көрсетіп отырғандай сауда саласында жұмыс істейтіндер саны жоғарыда көрсетілген саннан 2 есе артық және елдің еңбекке қабілетті халқының 27 %-ын құрайды.
      Осыған байланысты сауда саласы мамандарға толы және әлеуметтік жағынан әлсіз екенін түсінуге болады.
      Ішкі сауданы дамытудың ілгерінді үрдістері келеңсіз көріністермен қатар өрбіп келеді.
      Ішкі саудада, оның ішінде сауда базарларында көлеңкелі айналымның айтарлықтай көлемі жинақталған, олар мыналарды қамтиды: сатушы кәсіпкерлердің де, базарлардың өздерінің де салық төлеу жүйесінің ашық еместігі; контрабандалық және контрафактілік өнімді сатудың жоғары деңгейі; белсенді алып-сатарлық қызмет; сатылатын тауарларға қолдан жасалған сапа сертификаттарын кең пайдалану; бақылаушы органдар тарапынан ақша жинау.
      Қазақстанда сауда алаңдарының жетіспеушілік проблемасы сол күйінде қалып отыр, бұл базар иелерінің бәсекеге қарсы әрекеттеріне және жалдау ақысының қымбаттауына әкеледі, осының бәрі сатылатын тауардың құнына әсер етеді.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес халықтың, оның ішінде сауда базарларындағы сауда алаңдарымен орташа қамтылуы республика бойынша бір мың адамға 111,7 шаршы м. құрайды. Сауда алаңдарымен ең аз қамтылу Қызылорда (48,8 шаршы м.), Оңтүстік Қазақстан (40 шаршы м.) және Жамбыл (59,3 шаршы м.) облыстарында болса, ал көп қамтылу Солтүстік Қазақстан облысында (186,6 шаршы м.), Астана қаласында (198,7 шаршы м.) және Алматы қаласында (260 шаршы м.) болып отыр.
      Салыстыру үшін, Францияда 1 мың тұрғынға 450 шаршы м. қазіргі заманғы сауда алаңдары тиесілі екен, бұл көрсеткіш Польшада - 350 шаршы м., Чехияда — 200 шаршы м. Бұған қоса әлемнің көптеген елдерінде сауда алаңдарымен қамтылудың нормативтері қабылданған. Мәселен, Белоруссияда ол 1 мың адамға 260 шаршы м., Ресейде қалалық жерлерде бұл норматив 230 шаршы м. деп белгіленген. Қазақстанда мұндай норматив жоқ.

Сыртқы сауда

      2007 жылы жалпы сыртқы сауда айналымы 80,5 млрд. АҚШ долларын құраған және 2006 жылмен салыстырғанда 30 %-ға, оның ішінде экспорт - 47,8 млрд. АҚШ доллларына, 24,8 % ұлғайған, импорт - 32,8 млрд. АҚШ долларына, 38,3 %-ға ұлғайған.
      2008 жылғы қаңтар - қазанда Қазақстандағы тауар айналымы 93,7 млрд. АҚШ долларын құраған және 2007 жылмен салыстырғанда 44,7 %-ға, оның ішінде экспорт 64,6 %-ға ұлғайған және 62,4 млрд. АҚШ долларын құрады, импорт 16,7 %-ға ұлғайып, 31,3 млрд. АҚШ долларын құрады.
      Қазақстан Республикасы тауар айналымының жалпы көлемінде барынша басым салмаққа ие, қазақстандық өнімнің таяу және алыс шетелге экспорттау көлемі - 66,5 %. Бұл ретте импорт көлемі тауар айналымының жалпы көлемінің 33,5 %-ын құрайды.
      Сыртқы сауда географиясы. 2007 жылғы жағдай бойынша Қазақстан әлемнің 188 елімен экспорттық-импорттық операциялар, оның ішінде экспорттық операцияларды әлемнің 119 елімен, импорттық операцияларды әлемнің 178 елімен жасайды.
      Қазақстандық тауарлардың көпшілік бөлігі (84,4 %) алыс шетелдерге тиесілі (52,6 млрд. АҚШ доллары), 2008 жылғы қаңтар-қазан айларында ТМД елдеріне 9,7 млн. АҚШ доллары сомасына қазақстандық тауарлар әкетілген (15,6%).
      Қазақстандық өнімнің негізгі сатып алушылары: Италия (экспорттың жалпы көлемінің 17,2 %), Швейцария (16,0 %), Қытай (10,3 %), Ресей Федерациясы (8,9 %), Франция (7,5 %), Нидерланды (6,4 %), Израиль (3,2 %), Иран (2,9 %).
      2007 жылы алыс шетелдерден 18,2 млрд. АҚШ доллары сомасына (55,4 %), ТМД елдерінен - 14,6 млрд. АҚШ доллары сомасына (44,6 %) тауарлар әкелінген. 2008 жылғы қаңтар - қазанда тиісінше 16,7 млрд. АҚШ долларына (53,5 %), оның ішінде ТМД елдерінен - 14,6 млрд. АҚШ долларына (46,5 %) тауар әкелінген.
      Импорттық өнімнің негізгі жеткізушілері: Ресей Федерациясы (импорттың жалпы көлемінің 31,7 %), Қытай (11,1 %), Германия (6,9 %), АҚШ (5,0 %), Украина (5,0 %), Италия (3,4 %), Ұлыбритания (1,8 %).
      Сыртқы сауда құрылымы. 2007 жылы экспорттық негізгі үлесін шикізат тауарлары иеленді - 86,8 % (2006 жылғы қаңтар-желтоқсанда - 88 %), оның ішінде минералдық өнімдер - 69,7 % (71,9 %), асыл емес металдар мен одан жасалған бұйымдар 17,1 % (16,1 %).
      2007 жылы импорттың жалпы көлемінде инвестициялық тауарлар 14,9 млрд. АҚШ долларын немесе 45,4 %-ды (2006 жылы - 11,0 млрд. АҚШ доллары немесе 46,5 %) құрады.
      Экспорт құрылымында тауарлардың мынадай түрлері үлкен үлеске ие: минералдық өнімдер - 33276,1 млн. АҚШ доллары, металдар мен олардан жасалған бұйымдар - 8176,2 млн. АҚШ доллары, химия және онымен байланысты өнеркәсіп саласының өнімдері - 1839,4 млн. АҚШ доллары.
      Импорт құрылымында тауарлардың мынадай түрлері ең үлкен үлеске ие: машиналар, жабдықтар, көлік құралдары - 8807,7 млн. АҚШ доллары, металдар мен одан жасалған өнімдер - 4354,4 млн. АҚШ доллары, минералдық өнімдер - 4275,6 млн. АҚШ доллары, химия және онымен байланысты өнеркәсіп саласының өнімдері - 2129,8 млн. АҚШ доллары.
      Келтірілген көрсеткіштер бүгінде қалыптасқан қазақстандық экспорттық шикізаттық бағыттылығын және экономиканың қайта өңдеу деңгейі жоғары тауарлар импортына тәуелділік үрдісін көрсетеді.

Сыртқы сауда қатынастарын дамыту

      Қазіргі уақытта Қазақстан сыртқы сауда қатынастарын әлемнің 191 елімен жүзеге асырады. Сауда-экономикалық келісімдер 50-ге жуық елмен жасалды, олардың көбі сауданы анағұрлым қолайлылық режимі негізінде жүзеге асырады. ТМД елдерімен еркін сауда режимі бекітілді, өңірлік ықпалдастыру процестерін тереңдету бойына жұмыстар жалғасуда.
      Қазақстан экономикасын әлемдік сауда жүйесіне ойдағыдай ықпалдастыру мақсатында Үкімет Қазақстанның экономикалық пайдалы жағдайда ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер процесін аяқтау бойынша жұмысты жалғастырып келеді.
      Бүгінде Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыс тобына мүше 21 елмен тауарлар және қызметтер нарығына енуі жөніндегі екі жақты келіссөздерді аяқтады, оның ішінде 2007 жылы - Израилмен, Бразилиямен және Малайзиямен, 2008 жылы - Канадамен және Австралиямен. Қазақстандық заңнаманы ДСҰ-ның міндетті келісімдерінің ережелерімен толықтай сәйкес келтіру және іскер қоғамдастыққа ДСҰ-ның құралдары туралы ақпарат беру жөніндегі жұмыстар жалғасын табуда.
      Қазақстанның ДСҰ-ға әлемдік сауда жүйесінің толыққанды мүшесі ретінде қосылуы сауданы реттеудің халықаралық танылған тетіктерін және ДСҰ жүйесінің басымдықтарын, оның ішінде сауда дауларын шешу тетігін пайдалануға мүмкіндік береді.
      Қазақстанның сыртқы сауда саясатының басым бағыттарының бірі Еуразия экономикалық қауымдастық жұмысына қатысу болып табылады. ЕурАзЭҚ шеңберінде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы басқа ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер, олардың дайындығына байланысты бұдан әрі кеден одағына қосылуды қалыптастыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
      Кеден одағын қалыптастыру тараптар арасындағы кедендік шекаралар жойылатын, үшінші елдерге қатысты сауда режимдері бірізге түсіріліп, тауар айналымын реттеу саласындағы заңнама үйлестірілетін бірыңғай кедендік аумақты құруды болжайды.
      Қазіргі уақытта 2010 жылға дейін кеден одағын қалыптастырудың іс-қимыл жоспарына сәйкес кеден одағының шартты-құқықтық базасын қалыптастыру жөніндегі жұмыстар аяқталуда, бұл ретте 2007 жылдан бастап 2008 жыл кезеңінде 27 құжат қабылданды.
      Қазақстан үшін ЕурАзЭҚ кеден одағының жұмыс істеуі ЕурАзЭҚ шеңберіндегі Бірыңғай экономикалық кеңістікті одан әрі ықпалдастыру-құру кезеңі үшін алаң болып табылады. Болашақта Қазақстан ЕурАзЭҚ-ны бастамашысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев болып табылатын, мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одағы жолындағы ықпалдастыру процестеріне үдемелі дамудағы баспалдақтарының бірі ретінде қарастырылады.

Экспорттық бақылау және лицензиялау

      Отандық өндірушілердің мүдделерін қорғаудың маңызды құрушысы олардың қызметін, тауарлардың экспорты мен импортын және лицензиялауды заңнамалық реттеумен қамтамасыз ету болып табылады. Жалпы «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы жаңа Заңын іске асыру үшін қызметтің лицензияланатын түрлері бойынша жеті жаңа қаулы қабылданды.
      2002 жылдан бастап экспортты бақылаудың автоматтандырылған жүйесі (ЭБАЖ) енгізілді. ЭБАЖ лицензияларды беру жөнінде орталықтандырылған деректер қорын жүргізе, лицензияларды белгіленген үлгідегі қорғалған бланкілерде баса және статистикалық сипаттағы анықтама қалыптастыра отырып, Индустрия және сауда министрлігі деңгейінде жұмыс істейді.
      Лицензияларды қорғалу деңгейі бар белгіленген үлгідегі бланкілерде беру тәртібін оңайлату, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сұрауларын қанағаттандыратын статистикалық сипаттағы анықтамаларды қалыптастыру, берілген, уақытша тоқтатылған, кері қайтарылып алынған лицензиялар т.б. бойынша бірыңғай деректер қорын жүргізу мақсатында қызмет түрлеріне лицензия беруді автоматтандыру қажет.

Сауда саласындағы проблемалар

      Сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамалық қамтамасыз етудің әлсіздігі (экспортты реттеу мәселесі бойынша);
      отандық өндірушілердің тауарлардың өспелі, демпингтік және субсидияланған импортынан қорғану мүмкіндігі туралы ақпараттың жеткіліксіздігі;
      экспорттық бақылау және лицензиялау жүйесін техникалық қамтамасыз етудің әлсіздігі;
      ішкі сауда инфрақұрылымын дамыту деңгейінің төмендігі (сауда алаңдарының жетіспеушілігі, қазіргі заманғы көлік-логистикалық орталықтардың жоқтығы);
      сауда базарларындағы көлеңкелі айналым деңгейінің жоғарылығы;
      шикізаттық емес тауарлар экспортын сервистік қолдау деңгейінің жеткіліксіздігі (Қазақстанның шетелдердегі сауда өкілеттіктері желісінің дамымағандығы);
      халықаралық нарық талаптары туралы аз харбарлануы;
      экспортты тұтынуды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы құралдарының болмауы;
      экспорт құрылымының әлсіз әртараптануы;
      экспортты дамыту саласында мемлекеттік саясатының жетілмеуі;
      кәсіпорындарда, сондай-ақ қазіргі маркетинг әдістемелері және экспортқа тауарларды жылжытуда экспорттық қызметті жүргізу деңгейінің әлсіздігі.

4. Техникалық реттеу және метрология жүйесін дамыту

      2007 жылдың басынан бастап «Техникалық регламенттерді әзірлеудің 2007 - 2009 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 қаулысына сәйкес республикада бірінші рет техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша жұмыс басталды. Белгіленген техникалық регламенттердің талаптарын сақтауды мемлекеттік қадағалау және бақылау объектілері өнімдер, оның тіршілік циклінің процестері, сәйкестікті растау органдары және техникалық регламенттің күші қолданылатын сынақ зертханалары болып табылады.
      Жоғарыда айтылған 2007 - 2009 жылдарға арналған техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі Жоспарға сәйкес 97 техникалық регламенттерді қабылдау көзделуде, бүгінгі күнде оның 49 техникалық регламентін Үкімет қабылдады.
      Техникалық реттеудің жаңа жүйесіне көшу жағдайында стандарттаудың негізгі мақсаты халықаралық талаптармен үйлесімдендірілген мемлекеттік стандарттар түріндегі техникалық регламентпен деректер базасын қалыптастыру болады.
      Жыл сайын экономиканың басым салалары (текстиль өнеркәсібі, тамақ, мұнай-газ, машина жасау т.с.с.) бойынша мемлекеттік стандарттар әзірлеуді қамтитын мемлекеттік стандарттау жөніндегі Жоспар қалыптасып, іске асырылуда, сондай-ақ, экономикалық салаларға мемлекеттік стандарттарды енгізу мақсатымен қабылданған стандарттарды қарастыратын стандарттаудың салалық жоспарларын әзірлеу жөніндегі жұмыс жүргізілуде.
      Соңғы 3 жылда мемлекеттік стандарттарды жаңарту қарқыны ұлғайды - 2006 жылдың басында үйлесімдендіру пайызы 53 %-ды, 2007 жылы 60,8 %-ды, 2008 жылы 62,7 %-ды құрады.
      Халықаралық стандарттармен үйлесімдендіру көрсеткіштерінің жоғарғы деңгейі жол-көлік және темір жол техникаларын өндіру саласы, тамақ өнеркәсібі, мұнай және газ, құрылыс материалдары және құрылыс салаларына және төменгі деңгейі энергетика және электротехника, машина жасау салаларына тиесілі болып отыр.
      Қазіргі таңда халықаралық тәжірибе есебімен стандарттарды әзірлеу үшін республикада құрамына мемлекеттік органдар, өндірушілер, тұтынушылар және т.б. бар 49 техникалық комитет, сондай-ақ стандарттау жөніндегі 2 мемлекетаралық техникалық комитет жұмыс істейді.
      Мұнай-газ саласындағы стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің РГ 4 «Терминология» ИСО/ТК 193 «Табиғи газ» енуі бойынша процедура өткізілді. Халықаралық стандарттарды әзірлеу сатысында қазақстандық тауар өндірушілердің мүдделерінің ескерілуіне мүмкіндік беретіндіктен, қазақстандық техникалық комитеттердің халықаралық және мемлекетаралық техникалық комитеттердің қызметіне қатысуын жандандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
      Қазақстан стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың (ИСО және МЭК) мүшесі ретінде ИСО 17 техникалық комитетінің мүшесі, ассоциацияланғын мүшелер сипатындағы 4 ИСО/ТК бақылаушы-мүшесі болып табылады.
      Халықаралық комитеттермен өзара бірлесіп әрекет ету шеңберінде халықаралық стандарттар жобасы қаралып, республиканың мүдделі тұлғаларының қатысуымен сайлау процедурасы өткізілігі жатыр.
      ДСҰ-ға мүше мүдделі елдерге Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттар бойынша мағлұмат беру үшін 2005 жылы Үкімет аймақтардағы аумақтық бөлімшелермен және ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау министрліктері жанындағы ішкі орталықтармен Саудадағы техникалық кедергілері, санитарлық және фитосанитарлық өлшемдері жөніндегі ақпараттық орталықты құрды.
      ДСҰ Хатшылығынан, ДСҰ-ға мүше елдерден түскен ТБТ және СФС мәселелері жөніндегі хабарландыруларды Ақпараттық орталығы өңдеп, www.memst.kz сайтына, ал филиалдар және кіші орталықтар аймақтардағы әкімдіктер мен жергілікті басқару органдарының сайттарына орналастырады.
      Соңғы 3 жылда Дүниежүзілік сауда ұйымының саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық өлшемдер жөніндегі келісімінің шеңберінде ДСҰ Хатшылығы мен ДСҰ-ға мүше елдерден саудадағы техникалық кедергілер жөнінде 3 977, санитарлық және фитосанитарлық өлшемдер жөнінде 3 761 хабарландыру түсіп, өңделді.
      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық регламенттер мен стандарттардың Мемлекеттік қоры қалыптасып жұмыс істеуде, оның нормативтік құжаттарының жалпы саны 51 645 атаулардан тұрады, оның ішінде 2 382 мемлекеттік, 19 527 мемлекетаралық стандарттар; 19 000 мыңнан астам халықаралық стандарттар т.с.с.
      Менеджмент жүйелерін әзірлеген, енгізген және сертификаттаған ел кәсіпорындарының саны мынадай түрде өзгереді: 2005 жылы - 470 кәсіпорын менеджмент жүйесін әзірледі, енгізді және сертификаттады, тағы да 160 кәсіпорын енгізу және сертификаттау үстінде; 2006 жылы 700 (263); 2007 жылы 1132 (337).
      Отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті өнімдерінің өндірісін ынталандыру мақсатында Республикада Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алу үшін жыл сайын конкурстар мен «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсы өткізілуде.
      Сонымен қатар, қазақстандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілетін арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында техникалық реттеу және менеджмент жүйесі саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
      Техникалық реттеу және менеджмент жүйесі саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру шеңберінде 2008 жылы 416 адамды оқыту жүзеге асырылды.
      Оқыту рәсімдерін жетілдіру мақсатында қашықтықтан оқыту мен электронды тестілеуді енгізу жөніндегі шаралар кешені (қашықтықтан оқытуды енгізудің теориялық тәжірибесін зерттеу, электронды тестілеудің деректер базасын құру үшін тестілер әзірлеу, электронды оқулық жобасын жасау) әзірленуде. Бұдан басқа, кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру жөніндегі біртұтас орталық құру мәселелері талқылануда.
      Метрологиялық қызметтің негізгі мақсаты «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын өлшемдердің дұрыс емес нәтижелерінің салдарынан ел экономикасының мүдделері мен азаматтарының құқықтарын қорғау болып табылады.
      Экономиканың өсуімен елдің өлшем құралдарына мен олардың дәлдігін арттыруға мұқтаждықтары өсіп келеді.
      Қазіргі уақытта республиканың эталондық базасы 98 эталондық бірліктерден және эталондық жабдықтан тұрады, оның ішінде 50 бірлігі мемлекеттік эталондар, 27 бірлігі жұмыс эталондары және 21 бірлігі эталондық жабдықтар.

Техникалық реттеу және метрология саласындағы
проблемалық мәселелер

      Өнеркәсіптің базалық салаларында (мұнай-газ секторы, құрылыс, тау-кен металлургиялық кешені, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы) техникалық регламенттер мен стандарттарды енгізу;
      халықаралық талаптармен стандарттау саласындағы нормативтік құжаттарды үйлесімдендіру деңгейінің жеткіліксіздігі (Қазақстанның стандарттары - 2382 бірлік, үйлесімдендіру деңгейі - 62,7 %, МЕМСТ-тар - 19527 бірлік, үйлесімдендіру деңгейі - 12 %, жыл сайын қайта қабылданған үйлесімдендірудің МЕМСТ деңгейі 50 % астамды құрайды);
      республикалық кәсіпорындарға сапа менеджмент жүйесін енгізу деңгейінің жеткіліксіздігі;
      кәсіпкерліктің менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттарын енгізуге қызығушылығының төмендігі (бүгінгі күні республикада статистика деректері бойынша 247 930 заңды тұлға тіркелген, олардың ішінде 2 065 кәсіпорын ИСО-9000, 14000, 18000, 22000, SА 8000 стандарттарын сертификаттады);
      республикада өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі және өңірлерде сынақтық зертханалар желілерін тең емес орналастыру.

3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер

      1. Индустриялық даму
      2. Инновациялық даму
      3. Сауданы дамыту
      4. Техникалық реттеу және метрология жүйесін дамыту

Атауы

Өлшем бірл.

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2007 (есеп)

2008 (баға)

2009

2010

2011

1-бағыт Индустриялық даму

1.1-мақсат Инвестициялық қамтамасыз ету

Нысаналы индикаторлар:

Өңдеуші өнеркәсіптегі инвестициялар өсімінің қарқыны

%

2,7

2,9

3,13

3,38

3,65

Экономиканың шикізаттық емес секторында тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі

Млрд. АҚШ долл.

2,9

1,8

1,5

1,8

2,0

1.1.1- міндет Халықаралық шартты-құқықтық базаны дамыту

Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы шетелдік мемлекеттермен жасалған келісімдер

Бірл.

2

2

1

2

2

Инвестицияларды тарту бойынша шетелдік инвесторлармен жасалған құжаттар (келісімдер, меморандумдар, шарттар және т.б.)

Бірл.

10

10

18

15

18

1.1.2- міндет Қазақстан Республикасының оң беделін  және инвестициялық мүмкіндіктерін жылжыту

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін жылжыту жөніндегі ақпараттық-тұсаукесерлік іс-шаралардың саны

Бірл.

9

16

16

14

14

Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері жөніндегі талдамалық ақпаратты әзірлеу және басу, оның ішінде:







«Инвестордың жол сілтеушісі» ақпараттық-анықтамалығын шығару

Бірл.

2000

2000

2000

2000

2000

Буклеттерді дайындау

Бірл.

0

0

0

7000

7000

1.1.3- міндет. Өңірлік индустриялық жобаларды үйлестіру

ӘКК-нің 1 теңгеге тартылған қаражат көлемі

Теңге

-

2

2

2

3

Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің көрсеткіші бойынша ағымдағы деңгейдің төмендеу қатерін азайту:
«Бизнесте тікелей шетел инвестицияларын реттейтін ережелердің әсері» (101 орын);
«Тікелей шетел инвестициялары және технологиялары» (104 орын).

1.2-мақсат Индустриялық инфрақұрылымды дамыту

Нысаналы индикаторлар

Арнайы экономикалық аймақтардың санының өсуі (өспелі қорытындыларымен)

Бірл.

4

6

6

6

8

оның ішінде белсенді жұмыс істейтіндер (өспелі қорытындыларымен)

Бірл.

3

3

4

4

5

Индустриялық аймақтарды құру (өспелі қорытындыларымен)

Бірл.

2

2

2

2

2

оның ішінде белсенді жұмыс істейтіндер (өспелі қорытындыларымен)

Бірл.

1

1

1

1

2

1.2.1- міндет Арнайы экономикалық аймақтар аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау

АЭА-ның мақұлданған инвестициялық жобаларының саны (өспелі қорытындыларымен):

Бірл.

30

42

53

65

73

оның ішінде іске асырылатындар (өспелі қорытындыларымен)

Бірл.

-

20

14

19

21

1.2.2-міндет Индустриялық аймақтар аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау

ИА мақұлданған инвестициялық жобалардың саны

Бірл.

10

29

33

34

38

оның ішінде іске асырылған (өспелі қорытындыларымен)

Бірл.

-

0

3

12

17

1.3-мақсат Экономиканың өңдеуші салаларын дамыту

Нысаналы индикаторлар

Өңдеуші өнеркәсіптің нақты көлемінің өсімі

%

6,7

-2,6

-8,3

2,1

3,2

Өңдеуші өнеркәсіпте қайта құрылған өндірістердің саны (жыл сайын)

Бірл.

120

130

140

150

150

Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің көрсеткіші бойынша ағымдағы деңгейдің төмендеу қаупін азайту:
«Кластерлік даму» (80 орын)

1.3.1-міндет Тау-кен металлургиялық кешенін дамыту

Дайын металл өнімдерін өндіру

Млн. теңге

1 306 183

123 759

89 449

128 966

148 724

1.3.2-міндет Химия және фармацевтика өнеркәсібін дамыту

Жалпы тұтыну көлеміндегі отандық өндірістің фармацевтикалық өнімдері көлемінің үлесі

%

10

31,1

30

33,5

35

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің жалпы көлеміндегі химия саласы өнімдерінің үлесі

%

0,9

1,09

1,1

1,2

1,3

1.3.3 міндет Құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын дамыту

Тұтынудың жалпы көлеміндегі отандық өндірістің құрылыс материалдарының үлесі

%

57

59

64

70

75

1.3.4-міндет Қазақстанның ауыл шаруашылығы машинасын жасауды қоса алғанда, машина жасау саласын дамыту

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің жалпы көлеміндегі сала өнімінің үлесі

%

3,6

2,9

3

3,2

3,4

1.3.5-міндет Жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту

Өндірістің көлемі бойынша өңдеуші өнеркәсіптің құрылымындағы өнімдердің үлесі

%

4,4

3,6

2,5

2,0

2,0

1.4-мақсат Жергілікті қамтуды дамыту

Нысаналы индикаторлар

Жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алудың жалпы көлемінде қазақстандық қамтудың үлесін ұлғайту

%

-

-

60

65

70

1.4.1- міндет Қазақстандық қамтуды дамыту саласындағы құқықтық алаңды жетілдіру

Қазақстандық қамтуды дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру (жыл сайын)

Бірл.

-

-

10

3

3

1.4.2-міндет Қазақстандық қамтуды дамытудың мәселелері бойынша семинарлар, конференциялар, көрмелер өткізу

Қазақстандық қамтуды дамытудың тетіктері туралы семинарлар, конференциялар өткізу

Бірл.

-

-

1

1

1

Нақты шарт жасасу мақсатында отандық тауар өндірушілердің қазақстандық тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді әлеуетті тұтынушылармен кездесулерін ұйымдастыру үшін «Мемтапсырыс-2010» кермесін өткізу

Бірл.

-

-

1

1

1

1.4.3- міндет «Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесін құру және енгізу

«Қазақстандық тауар өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесін қалыптастыру және енгізу

Бірл.

-

0

500

2000

3000

2-бағыт Инновациялық даму

2.1-мақсат Экономиканың нақты секторының инновациялық дамуын қамтамасыз ету

Нысаналы индикаторлар

ҚР-да инновациялық-белсенді кәсіпорындардың деңгейі

%

5

4,0

4,2

4,5

4,8

ҚР-да шығарылатын өнімдердің жалпы көлемінде инновациялық өнімдерді және инновациялық сипаттағы қызметтерді шығару

%

2,6

2,8

3,0

3,2

3,5

Инновациялық жобалардың өспелі қорытындылары бар қаржыландырылған даму институттарының саны

Бірл.

-

-

-

7

15

Мультипликативтік әсері (Қорға 1 теңгеге қанша теңге жеке инвестициялар тартылды )

Теңге

-

-

-

1,04

1,22

2.1.1-міндет Инновациялық инфрақұрылымдарды дамыту

Инновациялық инфрақұрылымдардың құрылған объектілерінің саны, оның ішінде:







Технопарктер (4 технопарк 2007 жылға дейін құрылды)

Бірл.

5

-

-

1

3

Тәжірибелік-конструкторлық бюро (ТКБ)

Бірл.

-

-

2

3

-

Инжинирингтік ұйым

Бірл.

-



1


«Пайдалануға берілген» тапсырылатын дайын жобалардың саны

Бірл.


3

2

3

3

Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің көрсеткіші бойынша ағымдағы деңгейдің төмендеу қаупін азайту:
«Өнімді дамыту үшін шарттар» (52 орын)

2.1.2-міндет Трансфертік технологияларды дамыту

Инновациялық өнімдерді коммерциализациялауға арналған шарттардың саны

Бірл.

-

-

2

2

3

Қазақстанға тартылған озық шетелдік технологиялардың саны

Бірл.

-

-

2

5

8

Инновациялық технологияларға арналған сатып алынған конструкторлық-технологиялық құжаттамалар, лицензиялар мен патенттердің