Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 35 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1598 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 533-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)» деген баған жаңа редакцияда жазылсын:
      «Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)» «0», «82,96», «55,31», «55,31», «55,31».
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады