Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 757 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғыт 5 ақпандағы № 75 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1754 Қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1754 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 757 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 356-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбында:
      «өткізу және» деген сөздерден кейін «аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен» деген сөздермен толықтырылсын;
      «қызметті» деген сөз «қызмет түрлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «оған» деген сөз «оларға» деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      1) тармақшада:
      «өткізу және» деген сөздерден кейін «аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен» деген сөздермен толықтырылсын;
      «қызметті» деген сөз «қызмет түрлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада «, өткізу және қолдану», «бекітілсін» деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3), 4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3) пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
      4) пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі және пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      осы қаулыға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 5 ақпандағы
№ 75 қаулысына    
1-қосымша     

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 29 тамыздағы
№ 757 қаулысымен  
бекітілген      

Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және аэдрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрлерін лицензиялау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрлерін лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және:
      1) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
      2) пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
      3) пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрлерін лицензиялау тәртібін айқындайды.
      2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрлерін лицензиялауды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
      3. Осы қызмет түріне белгіленген біліктілік талаптарына біліктілік деңгейі сай жеке немесе заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады.
      4. Лицензия иеліктен шығарылмайтын болып табылады және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
      5. Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрлеріне арналған лицензия қолданылу мерзіміне шек қойылмай берілетін бас лицензия болып табылады.
      Лицензияның күші Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

2. Лицензияны беру, қайта ресімдеу және оны беруден бас тарту тәртібі

      6. Лицензия алу үшін өтініш берушілер лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш;
      2) заңды тұлғалар үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
      3) жеке тұлғалар үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4) дара кәсіпкерлер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
      5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
      6) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
      7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
      7. Лицензия беру туралы өтінішті қарау мерзімі өтініш берілген күннен бастап есептеледі. Өтініш беру фактісі лицензиар жүргізетін өтінімдерді арнайы тіркеу журналында тіркеледі.
      8. Қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласындағы органдардың қорытындыларын алу үшін лицензиар өтініш берушінің лицензияны алуға арналған құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркелген жері бойынша қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласындағы органдарға өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласында қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды ұсыну жөнінде сауал жібереді.
      Қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласындағы органдар лицензиардың сауалы негізінде жиырма бес жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді және лицензиарға өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды жібереді.
      Келісуші орган лицензиардың өтінішіне көрсетілген мерзімде жауап бермеген жағдайда өтініш келісілген болып есептеледі.
      9. Лицензиар лицензияны осы Ереженің 6-тармағында белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берген күнінен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      10. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны бермеген не өтініш берушіні лицензияны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша хабардар етпеген жағдайда, лицензия беруге белгіленген мерзім өткен күннен бастан лицензия берілген болып есептеледі.
      Лицензиар лицензия беру мерзімі өткен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті лицензия беруге міндетті.
      11. Егер:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салынған;
      2) осы Ереженің 6-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған;
      3) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алып енгізілмеген;
      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
      5) өтініш берушіге қатысты оған пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда, лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.
      12. Лицензиар өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын және олардың дұрыс рәсімделгенін тексеруге міндетті. Толықсыздық фактісі (оның ішінде міндетті жолдардың, бекітілген құжат нысандарының толтырылмағаны) анықталған жағдайда лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге одан әрі қарастырудан жазбаша, толық дәлелді бас тарту береді. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда құжаттар жалпы негізде қаралады.
      Осы Ереженің 11-тармағында көзделген өзге де негіздер бойынша лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия беру үшін белгіленген мерзімде өтініш берушіге жазбаша, толық дәлелді жауап береді.
      13. Лицензиясы жоғалған, бүлінген кезде лицензиат лицензияның телнұсқасын алуға құқылы.
      Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкісі лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күнінен бастап жарамсыз деп есептеледі.
      Лицензиар өтініш берілген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді.
      14. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғаның атауы, сондай-ақ қызмет түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол отыз күнтізбелік күн ішінде аталған мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
      Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны қайта ресімдейді.
      Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі лицензия қызметтің әр түрі бойынша жеке беріледі.

3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, одан айыру

      15. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      16. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
      1) лицензия алып қойылғанда;
      2) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастыруды қоспағанда, қайта ұйымдастырылғанда;
      3) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;
      4) лицензияланатындардың тізбесінен пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрлері алып тасталса;
      5) лицензиат лицензиялауға жататын субъектілер қатарынан алып тасталса тоқтатылады.
      Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.

4. Есепке алу және бақылау

      17. Лицензиаттың лицензиялық ережелерді сақтауын лицензиялық бақылауды лицензиар лицензиаттың лицензияланатын қызметті жүзеге асыру кезеңінде жылына екі реттен аспайтын және ұзақтығы екі күннен аспайтын аралықта жүргізеді.
      18. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар туралы мәліметтерді қамтитын лицензиялар тізілімін жүргізеді.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 5 ақпандағы
№ 75 қаулысына    
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2007 жылғы 29 тамыздағы
№ 757 қаулысымен   
бекітілген       

Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары:
      1) өндірістік-техникалық базаның - экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және құрылыс ережелері мен нормаларына сәйкес келетін, өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігі және техникалық жоба талаптарына жауап беретін меншікті немесе жалға алу құқығындағы арнайы өндірістік үй-жайлардың, технологиялық желілердің, арнайы қоймалық үй-жайлардың;
      2) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органы берген пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған арнайы қоймалық үй-жайларға арналған санитариялық паспорттың;
      3) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге (формуляциялауға) арналған технологиялық регламенттің;
      4) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндірудің (формуляциялаудың) экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және құрылыс ережелері мен нормаларына сәйкес келетін техникалық жобасының;
      5) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге (формуляциялауға) арналған ұйым стандартының;
      6) өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтер (улы химикаттар) сапасының техникалық регламенттерге, стандарттар мен нормаларға сәйкестігін бақылауды жүргізу үшін аккредиттелген зертхананың немесе аккредиттелген зертханамен жасалған шарттың;
      7) көлік саласындағы уәкілетті орган берген, қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына берілген лицензияның көшірмесінің, көлік құралын жалға алған жағдайда салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда қауіпті жүктерді тасымалдау үшін көлік құралын жалға алу шартының нотариалды куәландырылған көшірмесінің;
      8) жеке қорғау құралдарының, өртке қарсы мүкәммалдың, өндірістік-техникалық базаның және арнайы қоймалық үй-жайлардың күзет және өрт дабылы құралдарымен жарақтандырылуы және белгіленген тәртіппен бекітілген техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтардың;
      9) денсаулық сақтау және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес міндетті медициналық тексеруден және техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқамадан өткен, пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар, тиісті арнайы білімі бар (химик-технолог) техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының болуын қамтиды.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 5 ақпандағы
№ 75 қаулысына    
3-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 29 тамыздағы
№ 757 қаулысымен   
бекітілген      

Пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары:
      1) экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және құрылыс ережелері мен нормаларына сәйкес келетін, өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін меншікті немесе жалға алу құқығындағы арнайы қоймалық үй-жайлардың;
      2) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органы берген пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған арнайы қоймалық үй-жайларға арналған санитарлық паспорттың;
      3) көлік саласындағы уәкілетті орган берген, қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына берілген лицензияның, көлік құралын жалға алған жағдайда салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда қауіпті жүктерді тасымалдау үшін көлік құралын жалға алу шартының нотариалды куәландырылған көшірмесінің;
      4) жеке қорғау құралдарының, өртке қарсы мүкәммалдың, өткізетін өнімді сақтауға арналған арнайы қоймалық үй-жайлардың күзет және өрт дабылы құралдарымен жарақтандырылуы;
      5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес міндетті медициналық тексеруден және техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқамадан өткен тиісті (агрономиялық) білімі бар білікті маманның болуын қамтиды.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 5 ақпандағы
№ 75 қаулысына    
4-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2007 жылғы 29 тамыздағы
№ 757 қаулысымен   
бекітілген     

Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық
тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік
талаптары

      Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары:
      1) экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және құрылыс ережелері мен нормаларына сәйкес келетін, өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін меншікті немесе жалға алу құқығындағы арнайы қоймалық үй-жайлардың;
      2) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органы берген пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған арнайы қоймалық үй-жайларға арналған санитариялық паспорттың;
      3) көлік саласындағы уәкілетті орган берген, қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына берілген лицензияның, көлік құралын жалға алған жағдайда салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда қауіпті жүктерді тасымалдау үшін көлік құралын жалға алу шартының нотариалды куәландырылған көшірмесінің;
      4) жеке қорғау құралдарының, өртке қарсы мүкәммалдың, өткізетін өнімді сақтауға арналған арнайы қоймалық үй-жайлардың күзет және өрт дабылы құралдарымен жарақтандырылуы;
      5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес медициналық тексеруден және техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқамадан өткен, тиісті (агрономиялық) білімі бар білікті маманның;
      6) химиялық өңдеулердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ететін, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған жеке меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы техникамен жабдықтың;
      7) пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған арнайы техника мен жабдықтың шығарушы зауыт берген паспорттарының болуын қамтиды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады