"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес пен жеке меншікті заңсыз тартып алуға (рейдерлікке) қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1142 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес пен жеке меншікті заңсыз тартып алуға (рейдерлікке) қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес пен жеке меншікті заңсыз тартып алуға (рейдерлікке) қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; №  4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 759-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 12 қазанда «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 13 қазанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мынадай мазмұндағы 204-1-баппен толықтырылсын:
      «204-1-бап. Бағалы қағаздар иелерінің құқықтарын жүзеге асыруға
                  кедергі келтіру немесе заңсыз шектеу
      1. Бағалы қағаздар иелерінің жалпы жиналысын шақырудан заңсыз бас тарту немесе шақырудан жалтару, жалпы жиналысқа қатысу құқығы бар адамдардың бағалы қағаз иелерінің жалпы жиналысына қатысуы үшін тіркеуден заңсыз бас тарту, қажетті кворум болмаған кезде бағалы қағаздар иелерінің жалпы жиналысын өткізу, сол сияқты мүліктік пайда табу мақсатында бағалы қағаздар иелерінің құқықтарын жүзеге асыруға өзге де кедергі келтіру немесе заңсыз шектеу, егер бұл әрекеттер ірі залал келтірсе, -
      сегіз жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекет, -
      бір мыңнан екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      2) мынадай мазмұндағы 226-1-баппен толықтырылсын:
      «226-1 бап. Рейдерлік
      1. Рейдерлік, яғни меншік иесінің еркінен тыс заңды тұлғаның активтерін (активтердің бір бөлігін) иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) билік ету құқығын заңсыз алуға бағытталған әрекет не заңды тұлғаға қатысушылардың заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлестерін және (немесе) акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларын иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) билік ету құқығын алу арқылы заңды тұлғаның үстінен бақылау орнату, -
      бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не мүлкін тәркілеп немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару не белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Күш қолданумен не бөтен мүлікті жоюмен немесе бүлдірумен қорқыту арқылы:
      а) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен немесе ұйымдасқан топпен;
      б) бірнеше рет;
      в) қызмет бабын пайдаланып жасалған әрекет, -
      мүлкі тәркіленіп және бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж. № 18, 142-құжат; 2004 ж. № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат, № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж. № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113,115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; 2010 жылғы 23 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 24 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 12 қазанда «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 13 қазанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      192-баптың үшінші бөлігіндегі «226-бабында (екінші бөлігінде)» деген сөздерден кейін «226-1,» деген цифрлармен толықтырылсын.
      3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; 2010 жылғы 23 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 24 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      24-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Соттар азаматтық (корпоративтік дауларды қоса алғанда), отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастар мен басқалардан да туындайтын даулар бойынша істерді қарайды.
      Корпоративтік дауларға заңды тұлғаны құруға, оны басқаруға немесе коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаға, сондай-ақ коммерциялық ұйымдардың қауымдастығына (одағына), коммерциялық ұйымдарды және (немесе) жеке кәсіпкерлерді біріктіретін өзге де коммерциялық емес ұйымдарға, заңға сәйкес өзін-өзі реттейтін мәртебесі бар коммерциялық емес ұйымдарға қатысуға байланысты даулар (бұдан әрі - корпоративтік даулар), оның ішінде:
      1) заңды тұлғаның құрылуына, қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты даулар;
      2) шаруашылық серіктестіктердің акцияларды жарғылық капиталындағы үлестерін, кооператив мүшелерінің жарналарын қамтитын мұраға қалдырылған мүлікті бөлуге немесе ерлі-зайыптылардың ортақ мүліктерін бөлуге байланысты туындайтын дауларды қоспағанда, акциялардың тиесілігіне, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы үлеске, кооператив мүшелерінің жарналарына, олардың ауыртпалықтарын анықтауға және олардан туындайтын құқықтарды жүзеге асыруға байланысты даулар;
      3) құрылтайшылардың, қатысушылардың, заңды тұлға мүшелерінің (бұдан әрі - заңды тұлғаға қатысушылар) заңды тұлғаға келтірілген залалдың орнын толтыру, заңды тұлғамен жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану және (немесе) мұндай мәмілелердің жарамсыз салдарын қолдану туралы талап арыздары жөніндегі даулар;
      4) басқару органдарының құрамына кіретін немесе кірген тұлғаларды тағайындауға немесе сайлауға, олардың өкілеттіктерін тоқтатуға және жауапкершіліктеріне байланысты даулар, сондай-ақ өкілеттіктерді жүзеге асыруға, тоқтатуға, тоқтата тұруға байланысты аталған тұлғалар мен заңды тұлғалардың арасындағы азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын даулар;
      5) бағалы қағаздардың эмиссиясына байланысты даулар;
      6) акциялар мен бағалы қағаздарға құқықтарды ескере отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін бағалы қағаздарды орналастыруға және (немесе) айналымға шығаруға байланысты заңда көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға байланысты бағалы қағаз ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу бойынша туындайтын даулар;
      7) заңды тұлғаға қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы даулар;
      8) заңды тұлғаның басқару органдарының шешімдеріне шағымдану туралы даулар жатады.».
      4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126,128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат, № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 12 қазанда «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 13 қазанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мынадай мазмұндағы 158-4-баппен толықтырылсын:
      «158-4-бап. Заңды тұлғаны құруға, оны басқаруға немесе оған
                  қатысуға байланысты дау туралы ақпаратты ұсынбау
                  немесе уақтылы ұсынбау
      Заңды тұлғаны құруға, оны басқаруға немесе оған қатысуға байланысты дау туралы ақпаратты заңды тұлғаның қатысушыларына (акционерлеріне, мүшелеріне, құрылтайшыларына) ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау, егер осындай құжаттарды ұсыну заңда көзделген болса, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға - бір жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      2) 541-баптың бірінші бөлігі «158-3,» деген цифрлардан кейін «158-4,» деген цифрлармен толықтырылсын;
      3) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма тоғызыншы абзацы «157,» деген цифрлардан кейін «158-4,» деген цифрлармен толықтырылсын.
      5. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж. № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
      1) 3-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «өзге кредиторлардың борышкерге қоятын талабы жеке кәсіпкерлерге - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын, заңды тұлғаларға - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын соманы құрайтын болса, онда банкроттық туралы істерді сот қарайды;»;
      2) 36-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) банкротты сәйкестендіретін мәліметтер (салық төлеушінің тіркеу нөмірі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы жазбалар, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі);»;
      3) 41-1-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Сырттай байқау енгізілген жағдайда борышкердің кепілге салынған мүлкінен, оның ішінде соттан тыс тәртіппен өндіріп алуға тыйым салынады.»;
      4) 41-3-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «борышкердің олардың орындалуы борышкерге залал келтіруі мүмкін, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер жасауына қатысты сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттерін келісу, қайта ұйымдастыруды жүргізу;».
      6. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат):
      34-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушыдан үлесті мәжбүрлеп сатып алу бағалау жөніндегі халықаралық стандарттар негізінде уәкілетті орган белгілеген талаптарға жауап беретін тәуелсіз бағалаушы айқындаған нарықтық баға бойынша жүзеге асырылады.».

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады