Байланыс формасы

Лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1171 Қаулысы

      «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабы 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 8 қарашадағы
№ 1171 қаулысымен
бекітілген   

Лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» (бұдан әрі - Заң) 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Ақпараттандыру туралы» (бұдан әрі - Ақпараттандыру туралы заң) 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленген және лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімі (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензияларға және (немесе) лицензияларға қосымшалар туралы мәліметтерді орталықтан жүйелеу мақсатында жүргізіледі.

2. Мемлекеттік тізілімді жүргізу тәртібі

      3. Мемлекеттік тізілім оның ажырамас бөлігі болып табылатын лицензиардың электрондық тізілімін (бұдан әрі - Лицензиар тізілімі) жүргізу арқылы құрылады.
      4. Лицензиар берілген (өтініш беруден бас тартылған), қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар туралы мәліметтерді қамтитын Лицензиар тізілімін жүргізумен лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып құратын қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады.
      5. Лицензиар тізілімін жүргізу үшін лицензиар, Заңға сәйкес айқындалған уәкілетті органға және Ақпараттандыру туралы заңға сәйкес айқындалған Ұлттық операторға (бұдан әрі - оператор) лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар беру, қайта ресімдеу туралы өтініштермен оларға қоса берілген құжаттардың көшірмелерін (бұдан әрі - өтініштер) қарау және мәліметтерді қалыптастыруға жауапты адамдар туралы ақпаратты ұсынады. Оператор осы ақпаратты алғаннан кейін Лицензиар тізілімімен жұмысты қамтамасыз ету үшін есеп жазбаларын құрады.
      6. Уәкілетті орган жіктеушілерді, анықтамалықты өзекті жағдайда ұстау үшін лицензиарлардан қажетті ақпарат алумен Мемлекеттік тізілімді әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және базалық алаңдарының мазмұнын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлейді.
      7. Оператор Мемлекеттік тізілімнің қолданбалы бағдарламалық өнімді әкімшілендіруді, техникалық сүйемелдеуді және базалық алаңдарының мазмұнын өзекті етуді жүзеге асырады.
      8. Лицензиар тізілімі мен Мемлекеттік тізілімде көрсетілуі тиіс мәліметтер Заңның 8-бабында көзделген.
      9. Лицензиар тізілімі мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) оператор ұсынатын арнайы қолданбалы бағдарламалық өнім арқылы Лицензиар тізілімін қолданысқа енгізгенге дейін берілген қолданыстағы, тоқтатыла тұрған лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар жөніндегі мәліметтерді енгізу;
      2) электрондық түрде өтініштерді тіркеу, өңдеу;
      3) қағаз тасығыштарда түскен өтініштер жөніндегі мәліметтерді енгізу;
      4) лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар туралы мәліметтерді өзге ақпараттық жүйелерден Мемлекеттік тізілімге енгізу немесе керісінше;
      5) электрондық лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды немесе оларды беруден дәлелді бас тартуды қалыптастыру;
      6) лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар қайта рәсімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған және олардың телнұсқаларын беру жағдайларында мәліметтерді өзекті ету.
      10. Мемлекеттік тізілімге рұқсат деңгейі бойынша пайдаланушылар мынадай санаттарға бөлінеді:
      1) жеке және заңды тұлғалар;
      2) өтініш берушілер және лицензиаттар;
      3) лицензиарлар;
      4) уәкілетті орган.
      11. Мемлекеттік тізілімде жеке және заңды тұлғалар үшін мынадай функциялар қолжетімді:
      1) берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар туралы ақпаратты қарау;
      2) құқықтық және анықтамалық ақпаратпен танысу.
      12. Мемлекеттік тізілімде өтініш берушілер және лицензиаттар үшін мынадай функциялар қолжетімді:
      1) өтініштерді беру;
      2) лицензиялық алымды төлеу;
      3) олар берген өтініштердің мәртебесін көру;
      4) электрондық лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды не оларды беруден дәлелді бас тартуды алу.
      13. Мемлекеттік тізілімде лицензиарлар үшін мынадай функциялар қолжетімді:
      1) қағаз тасығыштарда түскен өтініштер, қолданыстағы, тоқтатыла тұрған лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар жөніндегі мәліметтерді енгізу;
      2) электрондық түрде өтініштерді тіркеу, өңдеу;
      3) мүдделі мемлекеттік органдарға сауалдар жіберу және олардан өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар алу;
      4) электрондық лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды немесе оларды беруден дәлелді бас тартуды қалыптастыру;
      5) өтініштерді мониторингілеу;
      6) есептілікті қалыптастыру.
      14. Мемлекеттік тізілімде өкілетті орган үшін талдамалық, статистикалық есептер қалыптастырылады, сондай-ақ лицензиарлар енгізген берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар жөніндегі мәліметтердің мониторингі жүзеге асырылады.
      15. Жеке және заңды тұлғалар, өтініш берушілер, лицензиаттар үшін Мемлекеттік тізілімге рұқсат интернет желісі бойынша «Сыртқы портал» арқылы қамтамасыз етіледі.
      16. Уәкілетті орган, лицензиарлар үшін Мемлекеттік тізілімге рұқсат мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы бойынша «Ішкі портал» арқылы немесе ақпараттандыру саласындағы өкілетті органмен келісім бойынша қорғалған байланыс арналарын пайдаланумен қамтамасыз етіледі.
      17. Мемлекеттік тізілімдегі құпиялы ақпаратқа қол жеткізу Ақпараттандыру туралы заңға сәйкес реттеледі.
      18. Лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар туралы мәліметтерді басқа ақпараттық жүйелерден Мемлекеттік тізілімге немесе керісінше беру Ақпараттандыру туралы заңда айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
      19. Мемлекеттік тізілім тәулік бойы режимінде қол жетімді болуы тиіс.
      20. Оператор 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей лицензиарға Мемлекеттік тізілімнің жұмысындағы жоспарланған техникалық үзілістер туралы хабарлап, осындай ақпаратты интернет-ресурста орналастырады.
      21. Мемлекеттік тізілімнің жұмысындағы бұзушылықтарды олар туындаған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде оператор жұмыс тәртібімен жояды.

3. Лицензияның сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру

      22. Мемлекеттік тізілімде рұқсат беру құжаттарының 3 (үш) санатының есебі жүзеге асырылады:
      1) қызмет түрлеріне арналған лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар;
      2) тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты және (немесе) импортына арналған лицензиялар;
      3) тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына арналған лицензиялар.
      23. Қызмет түрлеріне арналған лицензияның сәйкестендіру нөмірі осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес 8-таңбалы цифрлық форматқа ие жыл бөлінісіндегі лицензияның реттік нөмірі туралы ақпаратты көрсету жолымен қалыптастырылады.
      24. Лицензияға қосымшаның сәйкестендіру нөмірі осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес 3-таңбалы цифрлық форматқа ие лицензияға қосымшаның реттік нөмірі туралы ақпаратты көрсету жолымен қалыптастырылады.
      25. Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты және (немесе) импортына арналған лицензияның, сондай-ақ тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға арналған лицензияның сәйкестендіру нөмірлері осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес 16-таңбалы символдық-цифрлық форматқа ие тауар, лицензиар органы, жыл бөлінісіндегі лицензияның реттік нөмірі туралы ақпаратты көрсету жолымен қалыптастырылады.

      Ескертпе.
      * электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында.

Лицензиялардың мемлекеттік
электрондық тізілімін  
жүргізу қағидасына  
1-қосымша      

Қызмет түрлеріне арналған лицензияның сәйкестендіру нөмірі

XX

ХХХХХХ

Бірінші фасет

Екінші фасет

Жылдың соңғы екі саны

Өсу тәртібімен алты таңбалы нөмірді беру жолымен қалыптастырылатын лицензияның реттік нөмірі

      Ескертпе:
      XX          ХХХХХХ,
      1-фасет     2-фасет
      екі фасет біріктірілген орын
      X - сан

Лицензиялардың мемлекеттік
электрондық тізілімін  
жүргізу қағидасына  
2-қосымша      

Лицензияларға қосымшаның сәйкестендіру нөмірі

XXX

Бірінші фасет

Өсу тәртібімен үш таңбалы нөмірді беру жолымен қалыптастырылатын қосымшаның реттік нөмірі

      Ескертпе:
      XXX,
      фасет
      бір фасет бар
      X - сан

Лицензиялардың мемлекеттік
электрондық тізілімін  
жүргізу қағидасына  
3-қосымша      

Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына және (немесе) импортына арналған лицензияның, сондай-ақ тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына арналған лицензияның сәйкестендіру нөмірлері

XXX

ҮҮХХ

ҮҮҮ

XXXХХХ

Бірінші фасет

Екінші фасет

Үшінші фасет

Төртінші фасет

Тауар тізімінің (санатының) нөмірі

ҮҮҮ

Өтінішті тіркеуші мемлекеттің альфа 2 коды (Қазақстан Республикасы - КZ)

Уәкілетті орган мөрінің нөмірі (коды)

Өсу тәртібімен алты таңбалы тіркеу нөмірін беру жолымен қалыптастырылатын лицензияның реттік нөмірі

XX

Жылдың соңғы екі сан

      Ескертпе:
      XXХ        ҮҮХХ      ҮҮҮ      ХХХХХХ,
      1-фасет    2-фасет   3-фасет  4-фасет
      төрт фасет біріктірілген орын
      X - сан
      Ү - символ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады