Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау конкурсын өткізу қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1268 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 № 1719 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 № 1719 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабы 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау конкурсын өткізу қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1268 қаулысымен  
бекітілген    

Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау конкурсын өткізу қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау конкурсын өткізу тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      2) конкурстық комиссия - уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілетін, құрамына конкурстық комиссияның төрағасы, конкурстық комиссия төрағасының орынбасары, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, ішкі істер органдарының өкілдері (келісім бойынша) кіретін, кемінде бес адамнан тұратын алқалы орган;
      3) конкурстық комиссияның хатшысы - конкурстық комиссияның ұйымдық қызметін қамтамасыз ететін адам. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның өкілі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс құқығы болмайды;
      4) конкурсты ұйымдастырушы - уәкілетті орган;
      5) қатысушы - конкурсқа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлға;
      6) аппараттық-бағдарламалық кешен - ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы.

2. Конкурсты өткізу тәртібі

      3. Конкурсқа мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын ұйымдастыру, әкімшілік ету және жүйелік-техникалық қызмет көрсету бойынша мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелеріне қызмет көрсету жөніндегі құқық қойылады.
      4. Конкурсты ұйымдастырушы республикалық және жергілікті мерзімді баспа басылымында, сондай-ақ уәкілетті органның www.mci.gov.kz интернет-ресурсында конкурсты өткізуге дейін он бес күнтізбелік күн бұрын конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламаны жариялайды.
      5. Конкурсқа қатысу үшін өтінімді конкурстық комиссия қойған талаптарға сәйкес ресімдеген және оны ақпараттық хабарламада белгіленген мерзімнен кешіктірмей ұсынған, белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалар жіберіледі.
      6. Кез келген қатысушы өзінің бастамасы бойынша өзіне мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын қолдау мен дамытуға ықпал ететін қосымша міндеттерді қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді. Осындай ұсыныстардың болмауы конкурстық өтінімді кері қайтару үшін негіз болып табылмайды.
      7. Конкурстық өтінім басып шығарылады немесе өшірілмейтін сиямен жазылады және қатысушы тігілген, беттері нөмірленген, соңғы беті бірінші басшының (немесе сенімді тұлғаның) қолымен және мөрімен куәландырылған күйінде ұсынады.
      8. Қатысушы мыналарды:
      атауы мен мекенжайын;
      конкурсты ұйымдастырушыны және оның мекенжайын көрсетіп, конкурстық өтінімді конвертке салып мөр соғады, сондай-ақ оған «Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау конкурсы» және «__ жылғы «__»_________ дейін «АШУҒА БОЛМАЙДЫ» (нақты уақыты мен күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
      9. Конкурстық өтінімдер конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін қолма-қол немесе пошта арқылы ұсынылады.
      10. Конкурсты ұйымдастырушы (оның жауапты тұлғасы) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер қабылданбайды және оларды ұсынған қатысушыларға қайтарылады.
      11. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді барлық келген қатысушылардың немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.
      12. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде конкурстық комиссия қатысушы адамдарға конкурсқа қатысқан қатысушылардың атауын және тұратын жерін, конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың болуы мен жоқтығы туралы жариялайды.
      13. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі бойынша конкурстық комиссия хатшысы ашу хаттамасын жасайды, оған конкурстық комиссия төрағасы, оның орынбасары, конкурстық комиссия хатшысы мен мүшелері қолдарын қояды.
      14. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдердің толық болуын және ресімделудің дұрыстығын, сондай-ақ конкурста жеңімпаз атанған жағдайда мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын ұйымдастыру, әкімшілік ету және жүйелі-техникалық қызмет ету бойынша тиімді қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуге қатысушының мүмкіндіктері болуы тұрғысында қатысушылардың ұсынған конкурстық ұсыныстарды зерделейді.
      15. Конкурс жеңімпазын анықтау кезінде мынадай сипаттамаларымен аппараттық-бағдарламалық кешенінің болуы негізгі өлшем болып табылады:
      ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден жоғары дәрежеде қорғайтын, трафиктің барлық түрлерін ұсынатын және оларды қосу, редакциялау мүмкіндігімен телекоммуникациялық қызметтердің шектелмеген спектрін бөліп ұсынатын, белгіленген тарифтері бар қазіргі заманғы цифрлық технологияларға негізделеді;
      мемлекеттік органдар үшін виртуалды желілерді ұйымдастыру арқылы мультисервистік көлік ортасын құруды көздейді;
      мынадай технологияларды: ІР (ІРv4 және ІРv6), МРLS, ІSDN қолдауды қамтамасыз етеді;
      қызмет көрсету сапасына қойылатын әр түрлі талаптармен әркелкі трафикті беруді қолдайды;
      Қазақстан Республикасында қауіпсіздіктің үшінші деңгейінен аспайтын талаптарға сәйкестігіне сертификатталған ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын қоса алғанда, уәкілетті органның талаптарына сәйкес мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арналарының ақпараттық қауіпсіздігін, электрондық ақпараттық ресурстардың және ақпараттық жүйелердің қорғалуын қамтамасыз ету жүйесінің болуы*.
      16. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер ол үшін комиссия мүшелерінің жалпы санынан дауыстардың көпшілігі берілсе, дауыс қабылданған болып саналады. Егер дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Конкурстық комиссия мүшелері ерекше пікірлер айтқан жағдайда, оны жазбаша түрде жазады және конкурстық комиссияның хаттамасына қоса береді.
      17. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылған күнінен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде конкурс қорытындысын шығарады. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді, ол қатысушыға мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелеріне телекоммуникациялар қызметтерін көрсету құқығын беретін құжат болып табылады.
      18. Конкурстық комиссия отырысының қорытындылары бойынша конкурстық комиссияның хаттамасы ресімделеді, онда қатысушылардың атауы, орналасқан жері, деректемелері және негізінде конкурс жеңімпазы анықталған шарттар, оларды қабылдамау себептерін көрсетумен белгіленген талаптарға жауап бермейтін қатысушылардың атауы мен орналасқан жері көрсетіледі.
      Конкурстық комиссияның хаттамасына конкурстық комиссияның барлық мүшелері кол қояды. Конкурсты ұйымдастырушы уәкілетті органның бұйрығына қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде:
      республикалық және жергілікті мерзімді баспа басылымында, сондай-ақ уәкілетті органның www.mci.gov.kz интернет-ресурсында конкурста жеңген қатысушыны көрсетумен конкурс нәтижелерін жариялайды;
      конкурста жеңген қатысушыға мәлімдеме және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын ұйымдастыру, әкімшілік ету және жүйелік-техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсету шартын (бұдан әрі - Шарт) жолдайды.
      19. Конкурста жеңген қатысушы Шартты алған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде конкурсты ұйымдастырушымен бес жыл мерзімге Шарт жасасады.
      20. Конкурсты, егер оған екі қатысушы қатысса немесе қатысушылардың барлық конкурстық өтінімдері осы Қағиданың талаптарына жауап бермейді деп қабылданбаса, конкурстық комиссия өткізілмеді деп танылады.
      21. Егер дәл сол конкурсқа жалғыз өтінім екі рет келіп түссе, онда конкурстық комиссия шешімі негізінде мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын ұйымдастыру, әкімшілік ету және жүйелік-техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет көрсету құқығы аталған жалғыз қатысушыға беріледі.

      *ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау жөніндегі іс-шаралар, оның ішінде мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасында ақпаратты крипторграфиялық қорғау құралдарын пайдалану, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірлескен құпия жұмыстарды орындау бойынша мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын ұйымдастыру әкімшілік ету және жүйелік-техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсету шартына толықтыруға сәйкес жүзеге асырылады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады