"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1290 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 12 қазанда «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 13 қазанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 282-баптың бірінші бөлігі «егер бұл әрекеттер» деген сөздерден кейін «қоршаған ортаға аса ірі мөлшерде зиян келтірумен ұштасып,» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 286-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «286-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу,
                жер қойнауын өз бетінше пайдалану»;
      бірінші бөлік «әкеп соқса» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жер қойнауын өз еркімен пайдалану, егер бұл әрекет ірі зиян келтіруге әкеп соқса» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік «, сондай-ақ жер қойнауын өз бетінше пайдалану, егер бұл әрекет аса ірі зиян келтіруге әкеп соқса» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      3. Жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында абайсызда адамдардың жаппай ауыруына немесе кісі өліміне әкеп соққан жалпы экологиялық талаптарды бұзу,-
      үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      3) 288-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен
толықтырылсын:
      «Қылмыс жасалған сәтте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен елу мың есе асатын зиян осы тарауда қоршаған ортаға аса ірі зиян деп танылады.»;
      4) 290-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «290-бап. Жабайы жануарлар және өсімдіктер түрлерімен және (немесе) олардың өнімдерімен заңсыз іс-әрекеттер
      1. Жабайы жануарлар және өсімдіктер түрлерін, және (немесе) олардың өнімдерін заңсыз сатып алу, сату, әкету, сол сияқты жабайы жануарлар және өсімдіктер түрлерін жою, егер бұл әрекеттер айтарлықтай зиян келтіріле отырып жасалса -
      екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не төрттен алты айға дейінгі мерзімге қамауға не қылмыстық әрекеттер объектісі, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлік тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
      2. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және (немесе) олардың өнімдерін заңсыз алу, сатып алу, сату, тасымалдау, әкету, сол сияқты Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін немесе
олар мекендейтін жерлерді, сондай-ақ аулауға тыйым салынған жануарларды немесе олардан алынған өнімдерді жою -
      үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сотталған адамның мүлкі, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектісі, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлік тәркіленіп, дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      5) 292-бапта:
      бірінші бөлік «зақымдау» деген сөзден кейін «, егер осы әрекет қоршаған ортаға аса ірі зиян келтірсе» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «2. Қоршаған ортаға аса ірі зиян келтіруге әкеп соқтырған дәл сол әрекет-бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не алты айға дейінгі мерзімге қамауға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      екінші бөлік үшінші болып есептелсін.
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № до, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар, № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; 2010 жылғы 12 қазанда «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 13 қазанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 69-баптың бірінші бөлігіндегі «алты ай» деген сөздер «бір жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 122-баптың бірінші абзацы «жасау,» деген сөзден кейін «егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -» деген сөздермен толықтырылсын
      3) 240-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 240-1-баптың екінші абзацы «жиырма бес,» деген сөздерден кейін «лауазымды адамдарға,» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) мынадай мазмұндағы 240-2 және 240-3-баптармен толықтырылсын:
      «240-2-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар
                  жоспарын орындамау
      1. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар жоспарын орындамау,
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіш жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерліктің субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      240-3-бап. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын
                 орындамау және (немесе) өндірістік экологиялық
                 бақылау бойынша есептер бермеу
      1. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын орындамау және
(немесе) өндірістік экологиялық бақылау бойынша есептер бермеу, -
      Лауазымды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерліктің субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
      дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жеті жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      6) 241-баптың екінші абзацы «жиырма бес,» деген сөздерден кейін
«лауазымды тұлғаларға,» деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 243-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «243-бап. Қоршаған ортаға экологиялық рұқсатсыз эмиссияларды
                жүзеге асыру
      1. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қоршаған ортаға экологиялық рұқсатсыз эмиссияларды жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
      лауазымды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      8) мынадай мазмұндағы 243-1, 243-2 және 243-3-баптармен толықтырылсын:
      «243-1-бап. Қоршаған ортаға экологиялық рұқсатта белгіленген
                  эмиссиялар нормативтерінің асырып кетуі
      1. Қоршаған ортаға экологиялық рұқсатта белгіленген эмиссиялар
нормативтерінің асып кетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза
қолданылатын әрекет белгілері болмаса,-
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға -айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің сегіз жүз елуден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерліктің субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      243-2-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталардың
                 белгіленген көлемінің асып кетуі
      Квотаның бір бөлігін (бірліктерін) сатып алмай немесе квотаның жетіспейтін көлеміне жобалық тетіктер бойынша бірліктерді алмай парниктік газдар шығарындыларына квоталардың белгіленген көлемінің асып кетуі, -
      заңды тұлғаларға парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген көлемінен қос тотықты көміртегінің эквивалентінің әрбір асып кететін тоннасы үшін он айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      243-3-бап. Аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың түгендеу,
                 верификация және валидация (детерминация) туралы
                 бұрмаланған деректерді беруі
      Аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың түгендеу, верификация және валидация (детерминация) туралы бұрмаланған деректер беруі,-
      лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұрып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейін мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұрып, айлық есептік көрсеткіштің төрт жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      9) 244-баптың екінші абзацында:
      «жиырмадан елуге» деген сөздер «отыздан жетпіске» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «жүзден екі жүзге» деген сөздер «бір жүз елуден екі жүз елуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 245-баптың екінші абзацындағы «елуден екі жүзге» деген сөздер «үш жүз елуден бес жүзге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 246-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацында:
      «орта кәсіпкерлік» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
      «он бестен отызға» деген сөздер «жиырмадан қырыққа» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацында:
      «орта кәсіпкерлік» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
      «отыздан алпысқа» деген сөздер «алпыстан сексенге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 248-баптың екінші бөлігінің екінші абзацында:
      «жиырмадан қырыққа» деген сөздер «елуден алпысқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «елуден» деген сез «жетпістен» деген сөзбен ауыстырылсын;
      13) 250-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацында:
      «жиырмадан қырыққа» деген сөздер «отыздан елуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің сегіз жүз елуден бір мыңға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацында:
      «он беске» деген сөздер «жиырмаға» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «жиырма бестен қырыққа» деген сөздер «елуден сексенге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «жүз елуден екі жүзге» деген сөздер «төрт жүзден бес жүзге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 261-баптың екінші абзацындағы «қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің үш жүз елуден бес жүзге дейінгі мөлшерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) мынадай мазмұндағы 261-1,261-2-баптармен толықтырылсын:
      «261-1-бап. Қауіпті қалдықтар бойынша есептілікті табыс ету
                  жөніндегі талаптарды бұзу
      1. Қауіпті қалдықтар бойынша есептілікті жүргізу талаптарын бұзу, қауіпті қалдықтар жөніндегі дұрыс емес есептер беру, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
қауіпті қалдықтар бойынша есептер бермеу, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      261-2-бап. Қалдықтарды басқару бағдарламасын орындамау
      Қалдықтарды басқару бағдарламасын орындамау, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      16) мынадай мазмұндағы 298-2-баппен толықтырылсын:
      «298-2-бап. Жабайы жануарлардың және өсімдіктердің түрлерімен
және (немесе) олардың өнімдерімен заңсыз іс-әрекеттер
      1. Жабайы жануарлардың және өсімдіктердің түрлерін және (немесе) олардың өнімдерін заңсыз сату және сатып алу, сондай-ақ қылмыстық жаза қолданылатын белгілерді қамтымайтын оларды әкелу және әкету, -
      жабайы жануарлардың және өсімдіктердің түрлері мен олардың өнімдерін тәркілеп, жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген бір жыл ішінде бірнеше рет (екі және одан көп рет) жасалған іс-әрекеттер, -
      жабайы жануарлардың және өсімдіктердің түрлері мен олардың өнімдерін тәркілеп, жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз,
      ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      17) мынадай мазмұндағы 306-3-баппен толықтырылсын:
      «306-3-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласында қызмет көрсету
                  кезінде дұрыс емес деректер беру
      1. Қоршаған ортаны қорғау саласында қызмет көрсететін жеке және
заңды тұлғалардың эмиссия нормативтерін, табиғат қорғау іс-шараларын,
өндірістік экологиялық бақылау және олар бойынша есептер әзірлеу кезінде дұрыс емес деректер беруі, -
      лауазымды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге, заңды тұлғаларға - бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
      лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, лауазымды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жетпістен бір жүзге дейінгі мөлшерінде, лицензияның қолданысын тоқтата тұрып немесе онсыз, заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді жасау, егер ол қоршаған ортаға ірі зиян келтіруі мүмкін болса не жүйелі түрде (үш реттен артық) бұзу және егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
      лицензиясынан айыра отырып, лауазымды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден бір жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лицензиясынан айыра отырып, заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үш жүз елу мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      18) 356-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы «он беске» деген сөздер «жиырмаға» деген сөзбен ауыстырылсын;
      19) 541-бапта:
      бірінші бөлік «298-1 (екінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «298-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
      «306-2,» деген цифрлардан кейін «306-3 (екінші және үшінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      20) 543-баптың бірінші бөлігі «298-1 (бірінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «298-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
      21) 554-бапта:
      бірінші бөлікте:
      «261» деген цифр «261 - 261-2» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «306-1 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «306-3 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
      облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары және мемлекеттік экологиялық аға инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға - елуге дейінгі, заңды тұлғаларға - екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға - жетпіске дейінгі, заңды тұлғаларға екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық аға инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің қырыққа дейінгі, лауазымды адамдарға - үш жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық бас инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі, лауазымды адамдарға - бір жүз елуге дейінгі, заңды тұлғаларға - екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып жүргізілген сомадан не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасында процентпен көрсетілген айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық бас инспекторы жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі, лауазымды адамдарға - бір жүз елуге дейінгі, заңды тұлғаларға екі мыңға дейінгі мөлшерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып жүргізілген сомадан не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасынан процентпен көрсетілген айыппұл салуға құқылы.».
      3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат, 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының жылжымалы көзі - отынның әр түрлі түрлерінде жұмыс істейтін, ішкі жану қозғалтқыштарымен жабдықталған көлік құралдары, техника және өзге де жылжымалы құралдар  және қондырғылар;
      2) ақпаратты тәуелсіз жеткізуші - парниктік газдар шығарындыларын және сіңірулерін реттеудің нарықтық тетігі саласындағы жобалық тетіктерді есепке алу, мониторингі және іске асыру бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      3) биологиялық әртүрлілік - бір түр аясында, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегі жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерінің әртүрлілігі;
      4) биологиялық ресурстар - генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері, популяциялар немесе экологиялық жүйелердің адамзат үшін нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттері;
      5) белгіленген мөлшердің бірлігі - Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерге сәйкес парниктік газдар
шығарындыларының шекті деңгейін айқындау мақсатында баламасы бір тонна қос тотықты көміртекке сай келетін айналымға енгізілген есептік бірлік;
      6) бірлесіп жүзеге асыру - парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) қысқарту бойынша сандық міндеттемелері бар елдердің заңды тұлғалары арасында көміртек бірліктерін табыстауға мүмкіндігін беретін бірлесіп жүзеге асырудың инвестициялық жобаларын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерінде көзделген тетік;
      7) белгіленген мөлшер - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелер шегінде айқындалған парниктік газдардың сіңірілуін ескере отырып, парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі;
      8) байқау пункті - метеорологиялық, агрометеорологиялық және гидрологиялық сипаттамаларды байқаудың стационарлық немесе жылжымалы пункттері.»;
      9) валидация (детерминация) - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда аккредиттелген тәуелсіз ұйым жүзеге асыратын, парниктік газдар шығарындыларын қысқарту және сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлеу шеңберінде жобалық шешімдерді және құжаттарды дайындау әдістемелерін және тәртібін қолдануды Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестік мәніне тексеру;
      10) верификация - парниктік газдар шығарындыларын қысқарту
саласында қабылданған ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда аккредиттелген
тәуелсіз ұйым жүзеге асыратын парниктік газдар шығарындыларының көлемін қысқартуға қатысты деректерді растау процесі;
      11) генетикалық түрлендірілген организмдер - өсімін молайтуға немесе тұқым қуалайтын генетикалық материалды беруге қабілетті, табиғи организмдерден ерекше, гендік инженерия әдістері қолданыла отырып алынған және құрамында гендік-инженерлік материал (гендер, олардың фрагменттері немесе гендер комбинациясы) бар организмдер;
      12) генетикалық түрлендірілген өнімдер - гендік инженерия әдістері пайдаланыла отырып алынған, құрамында жансыз генетикалық түрлендірілген организмдер немесе солардың компоненттері бар өсімдіктен және (немесе) жануарлардан алынатын өнімдер;
      13) ең озық қолжетімді технологиялар - пайдаланылатын және
жоспарланатын салалық технологиялар, шаруашылық қызметтің қоршаған
ортаға теріс әсерінің деңгейін қоршаған орта сапасының нысаналы
көрсеткіштері қамтамасыз етілетіндей деңгейге дейін азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететін техника және жабдық;
      14) жойылмайтын органикалық ластауыштар - ыдырауға тұрақтылық танытатын, биожинақтағыштығымен сипатталатын және ауамен, сумен және көшетін түрлері бойынша трансшекаралық таралу объектісі болып табылатын, сондай-ақ құрлық экожүйелері мен су экожүйелерінде жинақталып, өздерінің шығарынды көздерінен алыс қашықтықта шөгетін, тірі организмдердің иммундық, эндокриндік жүйесінің бұзылуына және онкологиялық ауруларды қоса алғанда, түрлі ауруларға алып келетін неғұрылым қауіпті органикалық қосылыстар;
      15) квота бірлігі - парниктік газдар шығарындыларын және сіңірілуді реттеудің нарықтық тетіктері шеңберінде қолданылатын, баламасы бір тонна қос тотықты көміртекке сай келетін есептік бірлік;
      16) климаттың өзгеруіне бейімделу - зиянды азайту немесе қолайлы мүмкіндіктерді пайдалану мүмкіндігін беретін, климат немесе оның салдарының нақты немесе күтілетін әсеріне жауап ретінде табиғи немесе антропогендік жүйелердің ыңғайлануы;
      17) коммуналдық қалдықтар - елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы және жиналу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары;
      18) көміртек бірліктері мемлекеттік тізілімінің операторы - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес көміртек бірліктері мемлекеттік тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым;
      19) көміртек бірліктері - парниктік газдар қысқартулары,
шығарындылары мен сіңірулерінің баламасы қос тотықты бір тонна көміртекке сай келетін есептік бірлік;
      20) көміртек бірліктерінің мемлекеттік тізілімі - парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін есепке алу, сондай-ақ белгіленген мөлшердегі бірліктерінің, шығарындылардың және олардың өзге де туындыларын қысқарту бірліктерін алу, беру және айналымы жүйесі;
      21) көмірсутек бірліктердің қайталама айналымы - парниктік газдардың шығарындылар нарығы субъектілерінің арасында көмірсутек бірліктерді беру, сату және басқа айналым үрдісінде қалыптасатын құқықтық қатынастар;
      22) қалдықтар сыныптауышы - қалдықтарды сыныптау нәтижелері қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;
      23) қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары және олармен жұмыс істеу тәсілдері туралы ақпаратты жинау және беру жүйесі;
      24) қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөніндегі операциялар;
      25) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою;
      26) қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану;
      27) қалдықтарды көму - қалдықтарды шектеусіз мерзім ішінде қауіпсіз сақтау үшін арнайы белгіленген орындарға жинап қою;
      28) қалдықтарды өңдеу - қалдықтардың көлемін немесе қауіпті
қасиеттерін азайту үшін олардың сипатын өзгертетін, олармен жұмыс істеуді жеңілдететін немесе оларды кәдеге жаратуды жақсартатын сұрыптауды қоса алғанда, физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық процестер;
      29) қалдықтардың жиналуы - ағымдағы күнтізбелік жылға дейін өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру;
      30) қауіпті қалдықтар паспорты - қалдықтардың шығу көзі бойынша пайда болу процестерінің, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерінің, мұндай қалдықтармен жұмыс істеу ережелерінің, оларды бақылау әдістерінің, бұл қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) тұлғалар мүлкіне зиянды әсер ету түрлерінің стандартталған сипаттамасы, қалдықтарды шығарушылар, меншігінде қалдықтар бар өзге де тұлғалар туралы мәліметтер қамтылған құжат;
      31) қалдықтарды орналастыру - өндіріс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму;
      32) қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейіннен кәдеге жарату, өңдеу, жою және/немесе көму үшін арнайы белгіленген жерлерде жинап қою;
      33) қалдықтарды сыныптау - қалдықтардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіптілігіне сәйкес оларды деңгейге жатқызу тәртібі;
      34) қалдықтардың түрі - шығу көзіне, қасиеттеріне және жұмыс істеу технологиясына сәйкес жалпы белгілері бар, қалдықтар жіктеуіші негізінде айқындалатын қалдықтар жиынтығы;
      35) қалдықтармен жұмыс істеу - қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және оларды азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, өңдеуді, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлері;
      36) қауіпті қалдықтар - құрамында қауіпті қасиеттері (уыттылығы, жарылыс қаупі, радиоактивтілігі, өрт қаупі, жоғары реакциялық қабілеті) бар зиянды заттар болатын, дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тікелей немесе ықтимал қауіп төндіретін қалдықтар;
      37) қауіпті емес қалдықтар - қауіпті қасиеті жоқ қалдықтар;
      38) қауіпті химиялық заттар - адам денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей немесе әлеуеті зиян әсер етуі мүмкін қасиеттері бар заттар;
      39) қолайлы қоршаған орта - жай-күйі экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды, биоәртүрлілікті сақтауды, ластануды болғызбауды, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды молықтыруды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін қоршаған орта;
      40) қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердің озон қабаттың, жер бетіндегі және жер астындағы суларды, жерді, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ осылардың өзара әрекетінен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектілердің жиынтығы;
      41) қоршаған ортаға келтірілетін залал - табиғи ресурстардың жұтаңдауы мен сарқылуын немесе тірі организмдердің қырылуын туындататын немесе туындататындай етіп қоршаған ортаны ластау немесе табиғи ресурстарды белгіленген нормативтерден артық алу;
      42) қоршаған ортаға эмиссиялар - ластағыш заттардың шығарындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету, қоршаған ортада күкіртті ашық түрде орналастыру және сақтау;
      43) қоршаған ортаға эмиссияларға арналған квота - нақты табиғат пайдаланушыға белгілі бір мерзімге бөлінген қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттің бір бөлігі;
      44) қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттер - белгілі бір мерзімге арнап белгіленетін қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтік көлемі;
      45) қоршаған орта сапасының нормативтері - қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштер;
      46) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері - қоршаған ортаның сапасын біртіндеп жақсарту қажеттігі ескеріле отырып, қоршаған ортаның белгілі бір уақыт кезеңіне арнап нормаланатын параметрлерінің шекті деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер;
      47) қоршаған ортаны қорғау - қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіруге, шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерін болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі;
      48) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган - қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;
      49) қоршаған ортаның авариялық ластануы - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруы кезінде болған авариядан туындаған және зиянды заттарды атмосфераға шығару және (немесе) суға ағызу салдары немесе жер беті учаскесінде, жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ түріндегі ластағыш заттардың жайылуы немесе иістің, шудың, тербелістің, радиацияның пайда болуы немесе сол уақыттағы жол берілетін деңгейден асатын электромагниттік, температуралық әсер ету, жарықтың әсері немесе өзге де физикалық, химиялық,
биологиялық зиянды әсер ету арқылы қоршаған ортаны кенеттен абайсызда
ластауы;
      50) қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ластағыш заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс және тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ шудың, тербелістердің, магнит өрістерінің және өзге де зиянды физикалық әсерлердің қоршаған ортаға ықпалы;
      51) қоршаған ортаның ластану учаскелері - жер бетін, жер қойнауын және жер асты суларын ластауды болдырмайтын қалдықтарды орналастыру және сарқынды суларды ағызу үшін жабдықталған және арналған объектілерді қоспағанда, қауіпті химиялық заттармен белгіленген нормативтерден артық ластанған жер бетінің шектеулі учаскелері және су объектілерінің учаскелері;
      52) қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен
қасиеттерінің сипаттамасы;
      53) қондырғы операторы - жұмыс істеуі парниктік газдар
шығарындыларын көздейтін Қазақстан Республикасы аумағында меншігінде
немесе заңды пайдалануында қондырғысы бар заңды тұлға;
      54) қондырғы паспорты - дереккөздердің тізбесін, қызмет түрін және пайдаланылатын технологияның сипаттамасын, шығарындылардың базалық көлемі мен есептеу әдістемесін, сондай-ақ мониторинг жоспары мен қондырғыларды есепке алу үшін қажетті басқа да мәліметтерді қамтитын құжат;
      55) қондырғы - парниктік газдар шығарындыларын нүктелік көзі;
      56) мемлекеттік экологиялық бақылау - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;
      57) мемлекеттік байқау желісі - қоршаған ортада болып жатқан
физикалық және химиялық процестерді бақылауға, оның метрологиялық,
климаттық, аэрологиялық, гидрологиялық, гелиогеофизикалық,
агрометеорологиялық сипаттамаларын айқындауға арналған байқаудың
стационарлық және жылжымалы пункттері, зертханалар, орталықтар жүйесі;
      58) озон бұзатын заттарды кәдеге жарату - қалпына келмейтін озонды бұзатын заттардың рециклингі немесе залалсыздандыру мақсатында
техникалық қызмет көрсету барысында немесе есептен шығару алдында тетіктердер, жабдықтардан, контейнерлерден және басқа да құрылғылардан алынатын озон бұзатын заттарды жинауға және сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені;
      59) озонды бұзатын заттарды залалсыздандыру - қоршаған ортаға, оның ішінде озон қабатына зиянды әсер етпейтін, үнемі түрленуіне немесе компоненттерге бөлінуіне әкелетін бұзуы арқылы озонды бұзатын заттардың қауіпті қасиеттерін жою;
      60) озонды бұзатын заттар - жеке немесе қоспада қолданылатын, шаруашылық және өзге қызметте пайдаланылатын немесе осы қызметтің өнімі болып табылатын және озон қабатына зиянды әсер етуі мүмкін химиялық зат;
      61) осалдық - климаттың өзгеруі нәтижесінде қолайсыз әсерге ұшырау немесе оның сезгіштігін және оның бейімделу қабілеттілігін ескере отырып, осы өзгерістерге қарсы тұра алмау табиғи-шаруашылық жүйенің дәрежесі;
      62) өндіріс пен тұтынудың тұрақты моделі - қайта жаңартылмайтын ресурстарды тұтынуды азайту, қайта жаңартылатын ресурстарды қалпына келтіру және қоршаған ортаның антропогендік ластануын азайту кезінде өндірістің өсуімен сипатталатын әлеуметтік-экономикалық модель;
      63) өндіріс қалдықтары - шикізаттың, материалдардың, заттардың,
жартылай фабрикаттардың, бұйымдардың және өнім өндіру және (немесе)
энергия шығару немесе жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) процесінде
пайда болған және бастапқы тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара
жоғалтқан өзге де өнімдердің қалдықтары; пайдалы қазбаларды өндіру кезінде пайда болатын сыйымды және аршылған, шығатын технологиялық газдарды және сарқын суларды тазалау кезде ұсталатын жыныстар; ауыл
шаруашылығының қалдықтары;
      64) парниктік газдарды сіңіру бірлігі - қос тотықты көміртектің сіңірілуін есептеу үшін қолданылатын баламасы бір тонна қос тотық көміртекке сай келетін есептік бірлік;
      65) парниктік газдарды мемлекеттік түгендеу - Қазақстан
Республикасының аумағында жүзеге асырылатын парниктік газдар
шығарындылары және сіңірулері көлемінің сандық анықтамасы;
      66) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері көздерінің
мемлекеттік кадастры - қондырғы операторының белгіленген шекарасындағы парниктік газдар шығарындылар көздерінің есептік жүйесі, сондай-ақ олардан шығарылған парниктік газдар шығарындылар мен жұтулар мөлшері;
      67) парниктік газдар - шығу табиғи және (немесе) антропогендік атмосфераның жылу беретін инфрақызыл сәулені сіңіретін және (немесе) оны шығарушы көзі болып табылатын, газ тәрізді құрамдас бөліктер;
      68) радиоактивті қалдықтар - мөлшері мен шоғырлануы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген радиоактивті заттар үшін регламенттелген мәндерден асатын радиоактивті заттары бар қалдықтар;
      69) рециклинг - озон бұзатын заттарды оларды қайта пайдалану мақсатында өңдеу;
      70) сараптама объектісін іске асыру - жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасында көзделген шешімдерге сәйкес өнеркәсіптік және өзге де объектілерді салу, пайдалану, жою, қызметтер көрсету, бұйымдар мен технологиялардың шаруашылық айналымға түсуі жөніндегі жұмыстардың басталуы мен барысы, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актінің қолданысқа енгізілуі, сараптама объектісінің өзге де нақты жүзеге асырылуы;
      71) сарқынды сулар — өндірістік немесе тұрмыстық мұқтаждықтарға пайдаланылған және бұл ретте олардың бастапқы құрамын немесе физикалық қажетін өзгерткен қосымша қоспа (кір) қосылған сулар. Атмосфералық жауын-шашын түскен сәтте елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағынан, көшелерге су себу немесе одан кейін ағатын сулар, пайдалы қазбаларды өндіру кезінде пайда болған сулар да сарқынды сулар болып есептеледі;
      72) су объектілері - құрлық бетінің рельефінде және жер қойнауында шоғырланған, шекаралары, көлемі мен су режимі бар сулар;
      73) сұйық қалдықтар - сарқынды суларды қоспағанда, бұрғылау
жұмыстарын жүргізу процессінде пайда болатын құрамында мұнай бар
суларды қоса алғанда, сұйық түрдегі кез келген қалдықтар;
      74) сарқынды суды жинақтаушы - конструкциясы ластаушы заттардың топыраққа және жер асты суларына енудің мүмкін еместігіне кепіл беретін және төгінділердің жол беретін шекті нормативтерін әзірлемей, шоғырланған сарқынды суларды (сұйық қалдықтарды) оларды өңдеуге немесе жоюға дейін ұзақ сақтауға арналған жасанды (техногенді), толықтай оқшауланған ыдыс;
      75) табиғатты пайдаланушы - табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      76) табиғи объектілер - шекарасы, көлемі және тіршілік режимі бар табиғи объектілер;
      77) табиғи ресурстар - тұтыну құндылығы бар табиғи объектілер: жер, жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі;
      78) табиғи ресурстарды қорғау - табиғи ресурстардың әрбір түрін олардың тұтыну қасиеттерін жоғалтуға әкеп соғатын тиімсіз пайдаланудан, құрып кетуден, жұтаңдаудан қорғауға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі;
      79) табиғи ресурстардың сарқылуы - табиғи ресурстар қорларының сандық сипаттамаларының ішінара немесе толық жоғалуы;
      80) таза даму тетігі - парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) қысқарту бойынша сандық міндеттемелері жоқ елдер аумағында парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) қысқарту бойынша сандық міндеттемелері бар елдердің заңды тұлғалары қаржыландыратын парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) қысқарту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру тетігі;
      81) тіршілік ету ортасы - қандай да бір организмнің немесе популяцияның табиғи мекендейтін жерінің типі немесе орны;
      82) тұтыну қалдықтары - қатты тұрмыстық қалдықтарды, буып-түю
қалдықтарын, сондай-ақ мәдени-тұрмыстық, оқу мекемелерінің, сауда және қоғамдық тамақтану ұйымдары мен кәсіпорындардың және қоғамдық мақсаттағы өзге де кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі кезінде пайда болатын қалдықтарды қоса алғанда, дайын өнімді тұтыну және (немесе) пайдалану нәтижесінде пайда болатын барлық қалдықтардың түрлері; тұтыну және (немесе) пайдалану процесінде табиғи немесе моральдық тозуы нәтижесінде өзінің бастапқы тұтыну қасиеттерін ішінара немесе толық жоғалтқан, сондай-ақ одан әрі пайдаланумен сыйыспайтын зақымдалған заттардың, материалдардың, нәрселердің, бұйымдардың қалдықтары;
      83) тұрмыстық қатты қалдықтар - тұтыну, оның ішінде тамақ дайындау, тұрғын үй-жайларды жинау және жөндеу, үй маңайы аумақтар және ортақ пайдалану орындарын күтіп ұстау, тұрғын үй-жайларда үй жануарлары мен құстарды ұстау кезінде пайда болатын қалдықтар, сондай-ақ ескірген, жарамсыз болған үй тұрмысының заттары;
      84) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрі - нәтижесінде қоршаған орта авариялық ластанатын немесе ластануы мүмкін болатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметі;
      85) шығарындылардың стационарлық көзі - белгілі аумақта тұрақты
немесе уақытша орналасқан немесе әрекет ететін, атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының кез келген көзі;
      86) шығарындыларды ішкі сертификатталған қысқарту бірлігі - баламасы бір тонна қос тотықты көміртекке сай келетін Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тетік шеңберінде жүзеге асырылатын жобаны іске асыру нәтижесінде қысқартылған немесе сіңірілген есептік бірлік;
      87) шығарындыларды сертификатталған қысқарту бірлігі - баламасы бір тонна қос тотықты көміртекке сай келетін, Қазақстан Республикасының климаттың өзгеру туралы халықаралық шарттық тетіктеріне сәйкес жүзеге асырылатын жобаны іске асыру нәтижесінде қысқартылған немесе сіңірілген есептік бірлік;
      88) шығарындыларды қысқарту бірлігі - баламасы бір тонна қос тотықты көміртекке сай келетін Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі туралы халықаралық шартының тетігіне сәйкес жүзеге асырылатын жобаны іске асыру нәтижесінде қысқартылған немесе сіңірілген есептік бірлік;
      89) шығарындыларға арналған квота сертификаты - баламасы қос
тотықты көміртек тоннасымен өлшенетін, қондырғы операторы үшін тиісті жылға белгіленетін парниктік газдардың шығарындыларына арналған квотаны анықтайтын құжат;
      90) шығарындыларға арналған квоталармен сауда - парниктік газдар шығарындыларын және қысқартуларын реттейтін нарықтық тетік шеңберінде парниктік газдар шығарындыларына арналған квоталарды сатып алу және сату;
      91) экологиялық ағарту ісі - қоғамда экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру мақсатында экологиялық білім, қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйі, экологиялық қауіпсіздік туралы ақпарат тарату;
      92) экологиялық аудит - аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де қызметін экологиялық тәуекелдерді анықтау мен бағалау және олардың қызметінің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу бағытында тәуелсіз тексеру;
      93) экологиялық білім беру - жеке адамның қоршаған ортаның жай-күйі үшін экологиялық жауапкершілігін қамтамасыз ететін білім мен дағды жүйесін, құндылық бағдарларды, имандылық-эстетикалық қатынастарды қалыптастыруға бағытталған, жеке адамды тәрбиелеудің, оқытудың, оның өз білімін көтеруінің және дамуының үздіксіз процесі;
      94) экологиялық жүйе (экожүйе) - бірыңғай функционалдық тұтастық ретінде өзара әрекетте болатын организмдердің және солар мекендейтін жансыз ортаның өзара байланысты жиынтығы;
      95) экологиялық қауіп - антропогендік және табиғи әсерлер ықпалынан, оның ішінде дүлей зілзалаларды қоса алғанда, зілзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйі бұзылуының, өзгеруінің болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмірлік маңызы бар мүдделеріне қауіп төндіретін жай-күй;
      96) экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсер ету нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
      97) экологиялық қауіпті объект - салынуы және қызметі адамдар денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуі мүмкін немесе зиянды әсерін тигізетін шаруашылық объектісі және өзге де объект;
      98) экологиялық қауіпті технологиялар - өндіріс процесінде жүзеге асырылатын және қоршаған ортаға қауіп төндіретін шикізатты, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, жасау, олардың жай-күйін, қасиеттерін, нысанын өзгерту әдістерінің жиынтығы;
      99) экологиялық қауіпті техника мен жабдық - шаруашылық немесе өзге де қызметте пайдаланылатын және қоршаған ортаға қауіп төндіретін
механизмдер, машиналар, құрылғылар, аспаптар;
      100) экологиялық менеджмент - қоршаған ортаны қорғауды әкімшілік басқару, ол кәсіпорынның экологиялық саясатын әзірлеуге, енгізуге, орындауға, талдауға және қолдауға арналған ұйымдастыру құрылымын, жоспарлауды, жауапкершілікті, әдістерді, рәсімдерді, процестер мен ресурстарды қамтиды;
      101) экологиялық мониторинг - қоршаған ортаның жай-күйін және оған әсер етуді жүйелі түрде байқау мен бағалау;
      102) экологиялық нормалау - ережелердің (нормалардың) және олардағы қоршаған орта жай-күйінің және оған әсер ету дәрежесінің сандық және сапалық көрсеткіштердің (нормативтердің) жүйесі;
      103) экологиялық рұқсат - жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат;
      104) экологиялық сараптама - көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ осы қызметтің қоршаған ортаға тигізуі мүмкін қолайсыз әсерлерінің және солармен байланысты әлеуметтік зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісін іске қосуға жол берілуін айқындау;
      105) экологиялық таза өнім белгісі - таңбаланған өнімнің экологиялық таза өнім стандарттарына сәйкестігін растайтын тіркелген белгі;
      106) экологиялық талаптар - осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік-техникалық құжаттарында қамтылған, қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс ықпал жасайтын шаруашылық және өзге де қызметті шектеу және оларға тыйым салу;
      107) экологиялық таңбалау - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестігі растаудан өткен өнімге экологиялық таза өнім белгісін беру;
      108) экологиялық тәуекел - белгілі бір факторлардың ықпалы салдарынан қоршаған орта және (немесе) табиғи объектілер жай-күйінің қолайсыз өзгерістерге ұшырау ықтималдығы;
      109) экологиялық (жасыл) инвестициялар - іске асыру нәтижесінде
парниктік газдар шығарындыларының көлемі азаятын немесе сіңірілуі
көбейетін жобалар, бағдарламалар және іс-шаралар үшін белгіленген мөлшер бөлігін беруден түскен қаражатты әкімшілік реттеу субъектілерінің төлемдеріне инвестициялау;
      110) эмиссиялар нормативтері - қоршаған орта сапасы нормативтерінің сақталуы қамтамасыз етілетін жол берілетін эмиссиялар көрсеткіштері;
      111) эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері - қоршаған ортаға эмиссиялардың уақыт бірлігіне немесе шығарылатын өнім бірлігіне немесе басқа да көрсеткіштердегі, еліміздің экономикасы үшін қолдануға болатын шығындар кезінде оларды нақты. техникалық құралдармен қамтамасыз ету мүмкіндігі негізінде айқындалатын шамалары.»;
      2) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 7-3) және 7-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-1) парниктік газдар шығарындылары квотасына сертификат беруді;
      7-2) парниктік газдар шығарындылары және сіңірулерін түгендеудің мемлекеттік жүйесін;
      7-3) парниктік газдар шығарындылары мен қысқаруын реттеудің нарықтық тетігін орнатуды;
      7-4) парниктік газдар шығарындыларының нақты көлемінің мониторинг жүйесін;»;
      3) 16-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) Қазақстан Республикасының парниктік газдар шығарындылар және сіңірулері саласындағы халықаралық шарттар бойынша міндеттемелерді орындауы жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;»;
      2) тармақша «сондай-ақ» деген сөзден кейін «гидрометеорология,» деген сөзбен толықтырылсын;
      7) тармақшада:
      «ережелерін бекітеді.» деген сөздер «ережелерін;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «парниктік газдар шығарындыларына квота бөлудің ұлттық жоспарын бекітеді.»;
      9) тармақшада:
      «тәртібін белгілейді.» деген сөздер «тәртібін;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «мемлекеттік реттеу объектілері болып табылатын парниктік газдардың тізбесін;
      белгіленген мөлшердің бір бөлігін, шығарындыларды қысқарту бірліктерін, шығарындыларды сертификатталған қысқарту бірліктерін, сіңіру және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды біліктерді құру, айналысы және беру тәртібін;
      парниктік газдар шығарындыларын қысқартуға және сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру тәртібін;
      парниктік газдар шығарындыларына арналған квоталардың белгіленген саны мен көлемінің резервін қалыптастыру тәртібін;
      парниктік газдар шығарындыларына арналған квота беру тәртібін;
      экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру тәртібін белгілейді.»;
      11) тармақшадағы «қабылдайды.» деген сөз «қабылдайды;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      «12) қысқартулар мен сіңіргіштерді, өткізуден бір бөлікті немесе үлесін, оларды өткізу немесе «жазыл көміртек қоры» мемлекеттік тізіліміне және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде басқа елдердің тізіліміне беру кезінде жобалық тетіктерді ұстап қалуға талаптар қояды.»;
      4) 17-бапта:
      13) тармақша алып тасталсын;
      20) тармақшадағы «Парниктік газдардың мемлекеттік кадастрын және» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2) және 20-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «20-1) көміртек бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
      20-2) парниктік газдарды шығарындылары және сіңіргіштері көздерінің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
      20-3) қалдықтарды кәдеге жаратуды ынталандыру және олардың пайда болу көлемдерін азайту жөніндегі іс-шаралар тізбесін айқындайды;»;
      мынадай мазмұндағы 28-2), 28-3 және 28-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «28-2) Парниктік газдардың шығарындыларына арналған квоталарды бөлудің ұлттық жоспарының, жобалық тетіктерін түгендеудің, іске асырудың мониторингі мен бақылау жүйесін әзірлейді;
      28-3) Парниктік газдар шығарындыларына арналған квоталарды бөлудің ұлттық жоспарын әзірлейді;
      28-4) шығарындыларға арналған квоталарды бөлу тәртібін әзірлейді;»;
      29) тармақшада:
      сегізінші абзац алып тасталсын;
      «талаптарды белгілейді.» деген сөздер «талаптарды;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «жобалық тетіктердің бірлігін квота бірлігіне ауыстыру тәртібін;
      экономиканың қысқартулардың ішкі жобалары мен олар жүзеге асырылуы мүмкін салалары мен секторларының тізбесін әзірлеу тәртібін;
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квота бірліктері мен оның баламаларын өзара тануды жүзеге асыру тәртібін;
      парниктік газдар шығарындыларымен сауда жасау тәртібін;
      сауда мақсатында парниктік газдар шығарындыларының есептік бірлігі бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу тәртібін;
      қондырғы паспортының нысанын;
      парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есептің нысанын;
      парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау тәртібін;
      Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы квоталар бірліктерімен саудаға және жобалық тетіктерге қатысты парниктік газдар шығарындыларын қысқартуларды және сіңіргіштерді есептеу әдістемесін;
      қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаның нысаны;
      қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаның нысаны мен әзірлеу тәртібін;
      жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі туралы мәліметтер ұсынуының нысанын белгілейді.»;
      30) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «нарықтық реттеу тетігінің субъектілері үшін парниктік газдар шығарындыларының квоталарын белгілейді;»;
      мынадай мазмұндағы 36-1), 36-2), 36-3), 36-4), 36-5), 36-6) және 36-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «36-1) Қазақстан Республикасының парниктік газдар шығарындылары мен шығарындыларды сіңіргіштер саласындағы халықаралық шарттарын іске асыруды жүзеге асырады;
      36-2) Қазақстан Республикасының парниктік газдар шығарындылары және шығарындыларды сіңіргіштер саласындағы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі жұмыс органын айқындайды;
      36-3) шығарындыларды қысқарту жобаларын және Қазақстан Республикасы аумағындағы іске асырылатын басқа да жобалық тетіктерді мақұлдайды;
      36-4) экологиялық (жасыл) инвестициялардың жобаларын қарайды және іске асырылуы мен қаржыландырылуын қамтамасыз етеді;
      36-5) парниктік газдар шығарындыларын қысқарту және сіңіргіштер саласындағы кәсіби верификациялық, валидациялық қызметті жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттейді;
      36-6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес экономиканың парниктік газдарды ішкі қысқарту жобаларын іске асыру жүзеге асырылатын салаларының тізбесіне толықтырулар енгізеді;
      36-7) парниктік газдардың мемлекеттік түгендеу сапасын қамтамасыз ету және бақылау тәртібін айқындайды.»;
      38) тармақшадағы «бекітеді.» деген сөз «бекітеді;» деген сөзбен
ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 39), 40), 41), 42), 43) және 44) тармақшалармен толықтырылсын:
      39) табиғи және мәдени мұраны сақтау бойынша ұлттық баяндамаларды әзірлеу жөніндегі орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;
      40) Қазақстан Республикасының жойылмайтын органикалық
ластаушылар туралы халықаралық шартын іске асыруды ұйымдастырады;
      41) Қазақстан Республикасының халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы халықаралық шартын іске асыру жөніндегі ұлттық органның функциясын жүзеге асырады;
      42) гидрометерологиялық мониторинг жүргізуге арналған нұсқау әдістемелік құжаттарды бекітеді;
      43) эмиссияларды есептеу жөніндегі нұсқау-әдістемелік құжаттарды бекітеді, эмиссияларды есептеу үшін бағдарламалық кешендерді пайдалануды келіседі;
      44) Қазақстан Республикасының жойылмайтын ластаушылар туралы, қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды жоюды бақылау туралы және халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты негізделген алдын ала келісімнің рәсімі туралы халықаралық шарттарының міндеттемелерін орындау шеңберінде жойылмайтын органикалық ластаушыларды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.»;
      5) 19-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) өз құзыреті шегінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін, әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты дамуға көшудің нысаналы көрсеткіштерін бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) парниктік газдар шығарындыларын және қысқартулар мен сіңіргіштердің өндіріс аймақтық бағдарламалары мен жобаларын бекітеді;»;
      6) 20-бапта:
      16) тармақшадағы «табыс етеді.» деген сөздер «табыс етеді;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      «17) аумақты дамыту бағдарламаларын және парниктік газдар шығарындыларын қысқартулар мен сіңіргіштердің жобаларын әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын;
      «Жергілікті атқарушы органдар нарықтық реттеу тетігі субъектілерін қоспағанда, парниктік газдар шығарындыларын түгендеудің, есепке алу мен есептілігінің өздерінің құзыретіне және коммуналдық меншікке кіретін көздерден аумақтық жүйесін құруға құқылы.»
      7) 25-бапта:
      4) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау жатады.»;
      8) 26-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Жылжымалы көздер үшін эмиссиялардың техникалық үлес нормативтері жылжымалы көздерге арналған техникалық регламенттерде белгіленеді.»;
      9) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «27-бап. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің жол
               берілетін шекті нормативтері, өндіріс және тұтыну
               қалдықтарын орналастыру нормативтері
      1. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің, парниктік газ шығарындыларынан басқа, жол берілетін шекті нормативтері қоршаған орта сапасының немесе қоршаған ортаның нысаналы көрсеткіштері нормативтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететіндей шартпен әрбір шығарынды көзіне және тұтас кәсіпорынға есептеулер негізінде белгіленетін, сондай-ақ белгілі бір аумақта орналасқан өндірістік кәсіпорындар және көлік (шекті мүмкін болатын шығарындылар нормативінің алдын ала есептеулері) эмиссиялардың шамалары болып табылады.
      2. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің жол берілетін шекті нормативтері қоршаған ортаға эмиссияларға арналған рұқсаттар беру кезінде, нормативтердің есептеу мәндерін, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтерін жылжымалы және стационарлық шығарылады көздері, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерінің белгіленген мәндерін қамтитын жобалар құрамында пайдаланылады. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің белгіленген жол берілетін шегінің қолданылу мерзімі, өндіріс және тұтыну қалдықтарын нормативті орналастыру нормативтері бар жобаларға берілген мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларының қолданылу мерзімімен айқындалады.»;
      10) 28-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоршаған ортаға эмиссия нормативтері белгіленген шаруашылық және басқа қызмет түрлерін немесе жеке құжат түрінде жұмыс жасайтын кәсіпорын үшін қоршаған ортаға әсерін бағалау құрамына негізделеді.»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Заттар құрамының фондық деңгейінің белгілі бір құрамдастарының өлшемі болмаған жағдайда аумақтағы эмиссия жиынтық есебінің нәтижесіне негізделген мәліметтер бойынша анықталады.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Жылжымалы көздерден туындайтын эмиссиялар нормативтері бекітілмейді.
      Стационарлы көздерден туындайтын эмиссиялар нормативтерін анықтау кезінде қоршаған ортаға эмиссия нормативтерін анықтау әдістемесіне сәйкес жылжымалы көздерден туындайтын шығарулар есепке алынады.»;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Аумақ бойынша эмиссиялардың жиынтық нормативтерін әзірлеу және оның қолданылу қағидалары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады.»;
      11) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:
      «34-1 бап. Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері саласындағы стандарттар
      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган метрология және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен бірге Қазақстан Республикасы территориясында верификация, валидация (детерминации), түгендеу жүргізуде, жобалық механизмдерді іске асыруда пайдаланылатын халықаралық және ұлттық міндеттемелер және ерікті стандарттар қағидаларын, ережелерін және мойындау критерилерін әрекетінің мүмкіндігін дайындау.
      2. Мемлекеттік реттеу субъектілері және жобалық тетіктерді іске асырудың қатысушылары өздерінің қызметінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган таныған және рұқсат еткен стандарттарын басшылыққа алады.»;
      12) 36-баптың 3-тармағында «жұмыс істеп тұрған» деген сөздер «қолданыстағы» деген сөзбен ауыстырылсын;
      13) 38-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тапсырыс беруші мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарының шынайылығына жауапты болады.»;
      14) 39-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы «атмосфералық ауаға» деген сөздердің алдынан «парниктік газдар шығарындыларының әсерін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      15) 41-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында «, ниеті туралы декларацияны» деген сөздер алып тасталсын;
      16) 44-бап алып тасталсын;
      17) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «47-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері
      1. Міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға мыналар жатады:
      1) қоршаған ортаға әсер ететін, жоспарланып отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалық құжаттама, оларға ілеспе, осы Кодекстің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары;
      2) мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар жобаларды, оларға ілеспе, қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары;
      3) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобалары;
      4) қабылдау салдары экологиялық қауіп, оның ішіндегі қоршаған ортаны қорғауда радиациялық қауіп төндіретін заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің жобалары;
      5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарттар жобалары;
      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту, мемлекеттік табиғи қорықтарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумағын азайту жөніндегі табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;
      7) жануарлар және өсімдік дүниесі ресурстарын өндіріс және пайдалануға биологиялық негіздемелер;
      8) қалалар мен аумақтарды, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметті жүргізудің айрықша режиміндегі аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары;
      9) осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызуды негіздейтін, аумақтарды тексеру материалдары;
      10) шектес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуі мүмкін немесе оны жүзеге асыру үшін көршілес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын немесе шектес мемлекеттердің халықаралық шарттарда белгіленген мүдделерін қозғайтын шаруашылық қызметінің жобалары;
      11) көлік құралдарын қоспағанда, технологияларды, техникалар мен жабдықтарды Қазақстан Республикасына алып өткізілетін (әкелінетін), қолдану жөніндегі құжаттама.
      Парниктік газдар шығарындылары мемлекеттік экологиялық сараптама объектісі болып табылмайды.
      2. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері мынадай
жағдайларда:
      1) мемлекеттік экологиялық сараптама объектісі бұрын жүргізілген мемлекеттік экологиялық сараптама ескертулері бойынша пысықталған;
      2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін жобалау және өзге де құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайларда;
      3) сот шешімінің негізінде қайтадан мемлекеттік экологиялық
сараптамадан өткізіледі.
      3. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері осы Кодекстің
40-бабында келтірілген объектілердің сыныпталуына сәйкес I, II, III, IV санаттарға бөлінеді.
      I санатқа орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін қабылдану салдары қоршаған ортаны қорғауда экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіп төндіретін, қауіпсіздік мемлекеттік, салалық бағдарламалардың жобалары, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобалары, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген объектілер жатады.
      II санатқа жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін,
қабылдану салдары қоршаған ортаны қорғауда экологиялық, оның ішінде
радиациялық қауіп төндіретін өңірлік бағдарламалардың жобалары,
заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобалары жатады.
      IV санатқа осы тармаққа сәйкес сыныпталуға жатпайтын жобалар да жатады.»;
      18) 50-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қайта жүргізу мерзімі I санаттағы объектілер үшін бір айдан аспауы және II, III және IV санаттағы объектілер үшін қарауға келіп түскен күнінен бастап екі аптадан аспауы тиіс»;
      19) 51-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік экологиялық сараптама табиғатты пайдалану және қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету бөлігінде міндетті сипатта және құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдерді қабылдауда бұдан бұрын болуы тиіс. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қортындысыз жобаны іске асыруға тыйым салынады.»;
      3-тармақта «ол белгілеген мерзімде» деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақта «берілген күнінен бастап» деген сөздер «белгіленген нормативтердің қолданылу күнінен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын.»;
      20) 52-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында «құруға» деген сөз «құру жөнінде ұсыныс енгізуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) 60-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен
толықтырылсын:
      «Парниктік газдар шығарындылары қоғамдық сараптама объектісі болып табылмайды.»;
      22) 68-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен
толықтырылсын:
      «Қоршаған ортаға эмиссиялардың барлық көздерінен экологиялық рұқсатсыз эмиссияларды жүзеге асыруға тыйым салынады.
      Парниктік газдар шығарындылары экологиялық рұқсат пәні болып табылмайды»;
      23) 70-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 3-тармақтармен
толықтырылсын:
      «1-1. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияға қосымша болып табылатын қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаны және өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын орындауға міндетті.»;
      «3. Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың 25 күнінен кешіктірмей тоқсан сайын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдарына, объектінің тұрған жері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда қоршаған ортаға шығарылған эмиссияларының нақты көлемі туралы ақпаратты ұсынады.»;
      24) 72-баптың 2-тармағының 4) тармақшасында және 3-тармағының 2) тармақшасында «есептелген эмиссиялар нормативтерінің жобасын» деген сөздерін «есептелген эмиссия нормативі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      25) 74-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Осы баптың 1-тармағында белгіленген рұқсаттар алуға өтініш беру мерзімінен кеш берілген жағдайда, рұқсаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап есептеледі.
      Рұқсатта белгіленген эмиссиялар лимиті, рұқсаттың қолданылу мерзімі ескеріле отырып, эмиссиялар нормативтерінің көрсеткіштерімен сәйкес болуы тиіс»;
      26) 75-баптың 1 және 2-тармақтарының 2) тармақшасында «қоршаған
ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобасы» деген сөздер «қоршаған ортаға эмиссиялар нормативі» деген сөздерге ауыстырылсын;
      27) 77-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен
толықтырылсын:
      «Егер рұқсат табиғатты пайдаланушыға бірнеше өндірістік объектілерге берілген жағдайда, рұқсаттың қолданылуы табиғатты пайдаланушы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген рұқсатта, экологиялық талаптар мен нормаларда көрсетілген табиғатты пайдалану шарттарын бұзушылыққа жол берген объекті бойынша тоқтатылады.»;
      28) 78-баптың 1-тармағы «қайта ресімдеу» деген сөздерден кейін «, бір ай мерзімде» деген сөздермен толықтырылсын, «жағдайда және қоршаған ортаға ауыртпалықты арттыруға әкеп соқпайтын өзге де жағдайларда» деген сөздер «және қоршаған ортаға жүктемені арттыруға әкеп соқтырмайтын жағдайларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      29) 80-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен
толықтырылсын:
      «Парниктік газдар шығарындылары экологиялық аудит жүргізу кезінде талдау мәні болып табылмайды.»;
      30) 81-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен
толықтырылсын:
      «Осы тармақтың қолданылу аясы, жүзеге асырылуы парниктік газдар шығарындыларын көздейтін қызметке таралмайды.»;
      31) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «89 бап. Экологиялық аудиторлар палатасы
      1. Экологиялық аудиторлар палатасы мемлекеттік органдардағы
экологиялық аудиторлармен экологиялық аудиторлық ұйымдардың
құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін білдіру үшін құрылады.
      Экологиялық аудиторлар палатасы мүшелері өзінің жалпы жиналысында бекітетін жарғы негізінде әрекет ететін және мүшелік жарналар есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби және өзін өзі басқаратын ұйым болып табылады.
      2. Экологиялық аудиторлар палатасының негізгі міндеттері:
      1) экологиялық аудиторлар қызметін материалды техникалық,
анықтамалық-ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету;
      2) экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыруға кәсіби бақылауды ұйымдастыру болып табылады;
      3. Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдар қызметін реттейді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық аудит стандарттарын халықаралық практика негізіндегі әзірлейді.
      4. Экологиялық аудиторлық ұйымдардың экологиялық аудиторлар палатасына мүшелілігі міндетті болып табылады. Экологиялық аудиторлар жеке кәсіпкер ретінде экологиялық аудиторлық қызметі жүзеге асырған жағдайда мүшелікке қабылданады.
      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы болған кезде Экологиялық аудиторлар палатасына қабылдауға тыйым салынбайды.
      5. Аудиторлар палатасынан шығару мынадай жағдайларда жүргізіледі:
      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензиядан айырылған немесе қолданысы тоқтатылған;
      2. экологиялық заңнаманың талаптарымен нормаларын экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның өрескел не бірнеше рет бұзған;
      3) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық
ұйымдардың өздерінің кәсіби міндеттерін орындамай алмайтыны анықталған жағдайда;
      4) Экологиялық аудиторлар палатасының құрылтайшылық құжатында
көзделген басқада жағдайларда.
      6. Экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйымдарды осы баптың 4-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шығару экологиялық аудиторлық қызметпен лицензиядан шұғылдануға арналған айыппұлға әкеп соғады.»;
      32) мынадай мазмұндағы 9-1 -тараумен толықтырылсын:
      «9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу
      94-1 бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласында мемлекеттік реттеудің негізгі ережелері
      Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласында мемлекеттік реттеу:
      1) табиғатты пайдаланушыларға осы Кодекстің 94-2 бабында
айқындалған парникті газдар шығарындыларына квоталар бөлуді;
      2) парникті газдар шығарындыларын азайту мен сіңірулері бойынша
нарықтық тетіктерді белгілеуді;
      3) осы Кодекстің 94-6-бабында белгіленген табиғатты пайдаланушыларды әкімшілендіруді қамтиды.
      94-2-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квота
      1. Қызметтері өнеркәсіп, мұнай газ, энергетика, тау-кен металлургиясында, экономиканың химия саласында, ауыл шаруашылығында және көлікте жүзеге асырылатын табиғатты пайдаланушыларға жылына көміртек қос тотығы 20 000 (жиырма мың) тоннадан асатын көлемде парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асырылатын парниктік газдар шығарындыларына квота алмай қызмет етуге тыйым салынады.
      2. Парниктік газдар шығарындыларына квота Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, Парниктік газдар шығарындыларына квота бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес беріледі.
      3. Табиғатты пайдаланушы есепті кезең ішінде әрекет ететін әрбір қондырғыға парниктік газдар шығарындыларының көлеміне квота алады.
      4. Парниктік газдар шығарындыларына квота қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін сертификатта бекітіледі.
      5. Сертификат табиғатты пайдаланушының қондырғысы паспортының деректері негізінде беріледі.
      Сертификат табиғатты пайдаланушыға парниктік газдар шығарындылары бойынша өз міндеттемелерін орындау және шығарындылар саудасына қатысу мақсатында берілетін парниктік газдар шығарындыларының рұқсат етілген көлемін белгілейтін құжат болып табылады.
      6. Сертификатты беру кезінде парниктік газдар шығарындылар көздерінің есепке алу жүйесінде жазба жүргізіледі.
      Сертификат парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері көздерінің есепке алу жүйесіне реттеу және сауданың нарықтық тетігі шеңберінде операциялар жүргізу үшін көміртек бірлігі түрінде енгізіледі.
      7. Табиғатты пайдаланушыларға тиісті жылы парниктік газдар
шығарындыларына арналған сертификатта белгіленген квотаны арттыруға
тыйым салынады.
      8. Табиғатты пайдаланушылар есепті кезеңнен кейінгі 1 сәуірге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есепті кезеңдегі парниктік газдар шығарындыларының нақты көлемі мөлшерінде парниктік газдар шығарындыларына сертификат ұсынуы тиіс.
      Табиғатты пайдаланушылар есепті жылдағы өз міндеттемелерін жабу үшін жетпеген көлемге Қазақстан Республикасының шарттарына немесе халықаралық шарттарына сәйкес басқа табиғатты пайдаланушылардан сатып алынған жобалық тетіктерді іске асыру нәтижесінде алынған қысқартудың сертификатталған бірліктерін ұсына алады.
      9. Белгілі бір кезеңі ішінде парниктік газдар шығарындыларына белгіленген квота көлемінен артылған және парниктік газдар шығарындыларын қысқартуға арналған міндеттемелерді орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда, табиғатты пайдаланушы парниктік газдар шығарындыларына квоталардың жетпеген бөлігін (бірлігін) және парниктік газдар шығарындыларына квоталардың белгіленген көлемінің резерві бар, басқа табиғатты пайдаланушыдан шығарындыларды қысқартуға арналған міндеттемелердің бөлігін сатып ала алады.
      10. Егер табиғатты пайдаланушыда парниктік газдар шығарындыларына квоталардың белгіленген көлемімен салыстырғанда парниктік газдар шығарындыларына квоталар және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға міндеттемелерінің резерві бар болған жағдайда ол шығарындыларға квоталар бөлігін және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға квоталардың бір бөлігін басқа табиғатты пайдаланушыларға сатуға ұсына алады.
      Парниктік газдар шығарындыларына квоталардың белгіленген көлемімен салыстырғандағы квоталар резерві өндірісті азайту есебінен алынуы мүмкін емес.
      11. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген экологиялық заңнама талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікке тарту, табиғатты пайдаланушыны есепті жыл ішінде парниктік газдар шығарындыларының нақты көлеміне тең мөлшерде сертификаттар ұсыну міндетін орындаудан босатпайды.
      12. Табиғатты пайдаланушылар парниктік газдар шығарындыларына квоталар алу және парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңірулерінің сауда жүйесіне қатысу мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға, тәуелсіз аккредиттелген ұйым растаған мынадай құжаттарды:
      1) есепті жыл үшін түгендеу туралы есепті;
      2) қондырғы паспортын;
      3) парниктік газдар шығарындыларын азайту бағдарламасын;
      4) парниктік газдар шығарындыларын азайту жобаларын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға міндетті.
      94-3-бап. Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру шарттары және мазмұны
      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қондырғыдан (қондырғылардан), не оның бөліктерінен парниктік газдар шығарындыларына құқық беретін сертификат береді.
      Парниктік газдар шығарындыларына сертификат бір оператор басқаратын, сол өнеркәсіптік алаңдағы бір немесе бірнеше қондырғыға берілуі мүмкін.
      2. Сертификат мынадай ақпараттан тұрады:
      1) қондырғы операторының атауы және мекен жайы;
      2) қызмет түрлерінің және қондырғыдан шыққан парниктік газдар шығарындылары көлемінің сипаттамасы;
      3) қондырғыға қолданылатын мониторинг стандартын көрсете отырып мониторингқа қойылатын талаптар;
      4) есеп беруге, сондай-ақ осы қондырғы шығарындыларының есепті жылдағы нақты көлемі бойынша тәуелсіз аккредиттелген ұйымның растауымен сертификатты тапсыру мерзіміне қойылатын талаптар.
      94-4-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу
      1. Табиғатты пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан есепті мерзім ішінде құрылғылардың мінездемесіне немесе жұмыс істеуінде жоспарланған өзгертулер немесе парниктік газдардың жаңа көздерін енгізу жағдайларында берілген квота көлемін қайта қарауды сұрай алады.
      2. Құрылғы операторы ауысқан (бөлектену, қайта құрылу, ұйымдық-құқық нысанының, заңды тұлға атауының өзгеруі) жағдайларында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган растайтын құжаттар негізінде жаңа оператордың атауын және мекен жайын көрсете отырып, сертификатты қайта ресімдейді.
      Сертификатта белгіленген міндеттемелер міндетті тәртіппен жаңа операторға өтеді.
      3. Жойылған заңды тұлғаның парниктік газдар шығарындыларына квотасы Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу ұлттық жоспарының квоталар көлемінің резервіне өтеді.
      4. Парниктік газдар шығарындыларына квотаны өзгерту тәртібін және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган анықтайды.
      94-5-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің ұлттық жоспары
      1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің ұлттық жоспарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті мерзімге бекітеді.
      2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің ұлттық жоспарында парниктік газдар шығарындыларына квоталардың жалпы көлемі белгіленеді, экономика салалары және осы квоталар берілген табиғатты пайданушылар айқындалады.
      3. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің ұлттық жоспары табиғатты пайданушылар қондырғыларының паспорты мәліметіне негізделген және табиғатты пайданушылардың арасында квоталарды бөлуді көздейді.
      Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің ұлттық жоспары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін шығарындыларға квоталарды бөлу ережелеріне сәйкес әзірленеді.
      4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің ұлттық
жоспары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін экономиканың
басымды секторларында жаңа қондырғыларды пайдалануға енгізу жағдайында шығарындыларға квоталарды бөлу үшін қажет квоталар көлемінің резервін құрайды.
      Резервті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымына опцион шартымен сату үшін басқаруға беріледі.
      5. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің ұлттық
жоспарын орындау табиғатты пайданушылар үшін міндетті болып табылады.
      94-6-бап. Табиғатты пайдаланушыларды әкімшілік ету
      Табиғатты пайдаланушыларды әкімшілік ету субъектілері (әкімшілік ету субъектілері) - мынадай салаларда: өнеркәсіп, мұнай газ, энергетика, тау-кен металлургиясы, экономиканың химия саласында, ауыл шаруашылығында, көлікте, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында жылына көміртек қос тотығы 20 000 тоннадан аспайтын көлемде парниктік газдар шығарындыларымен байланысты қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғалар.
      2. Әкімшілік ету субъектілері:
      1-топ - парниктік газдар шығарындыларының көлемі жылына 1000 (бір мың) - 5 000 (бес мың) тоннаға дейінгі;
      2-топ - парниктік газдар шығарындыларының көлемі жылына 5 000 (бес мың) - 10 000 (он мың) тоннаға дейінгі;
      3-топ - парниктік газдар шығарындыларының көлемі жылына 10 000 (он мың) - 20 000 (жиырма мың) тоннаға дейінгі үш топқа бөлінеді.
      3. Әкімшілік ету субъектілері жыл сайын бір жолғы көміртек алымын төлейді, оның мөлшері осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленген әкімшілік ету субъектілерінің тобына қарай айқындалады. Әкімшілік ету субъектілері үшін көміртек алымдарын анықтау тәртібін және көміртек алымының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітеді.
      4. Әкімшілік ету субъектілері топты өзгертуге әсер ететін парниктік газдар шығарындыларының көлемін көбейту кезінде өзгертілген топқа сәйкес көміртек алымын төлеуге міндетті.
      5. Осы Кодекс нормаларының қолданылуы әкімшілік ету субъектілеріне парниктік газдар шығарындыларына субъектілер жүзеге асыратын квоталар бөлу рәсімі бөлігінде қолданылмайды.
      6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындылары көлемін тиісті топқа жатқызу және тиісті кезеңде көмірсутек алымының жүргізілген төлемі жөніндегі бақылауды қамтамасыз етеді.
      7. Әкімшілік ету субъектілерінен көміртек алымы республикалық
бюджетке түседі.
      94-7-бап. Парниктік газдар шығарындыларын және сіңірулерін
                азайту жөніндегі нарықтық тетік
      1. Парниктік газдар шығарындыларын және сіңірулерін азайту жөніндегі нарықтық тетік:
      1) парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасын;
      2) жобалық тетіктер есебінен сертификатталған азайтулар саудасын;
      3) елдер арасындағы белгіленген мөлшердегі бірліктердің парниктік газдар шығарындыларына шектеуі және (немесе) қысқартулары бар және олардың заңды тұлғалары арасындағы халықаралық сауда.
      2. Парниктік газдар шығарындылары нарығының субъектілері парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңіру жобалық тетігін іске асыруға қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биржалық сауда қатысушылары болып табылады.
      3. Бір тонна баламасындағы қос тотық көміртегімен өлшенетін және сауда жүйесінде пайдаланылатын көміртек бірлігі тауар болып табылады.
      4. Сіңіру бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайтуларын, шығарындыларды азайту, квоталарды, екінші айналымдағы шығарындылардың ішкі сертификатталған азайтуларын іске асыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген ұйымдастырылған сауда алаңдарында (биржаларда) жүргізіледі.
      5. Квоталардың, азайтулардың және сіңірулердің бір бірлігінің, сондай-ақ жобалық тетіктердің және белгіленген мөлшердегі бірліктерінің бір тонна баламасындағы қос тотық көміртегіне қалыптылығы тең болады.
      94-8-бап. Тәуелсіз ақпарат жеткізуші
      Тәуелсіз ақпарат жеткізушілердің негізгі міндетті консультациялық қызмет ұсыну, сондай-ақ табиғатты пайдаланушыларға парниктік газдар шығарындыларын басқару бойынша, оның ішінде парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңірулерінің жобалық тетіктерін іске асыруға көмектесу болып табылады.
      94-9-бап. Шығарындылар саудасына қойылатын талаптар
      1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды сату жүйесіне
қатысушы квота бірліктері тек ішкі сауда нарығында басқа да елдердің
белгіленген мөлшердегі есептік жүйесіне беру құқығынсыз жүре алады. Квота бірліктері басқа да халықаралық биржалық алаңдарда осы квота бірліктеріне баға кесу мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
      Қазақстан Республикасының көміртектік бірліктері белгіленген мөлшердегі есепке алу жүйесінен екі жақты негіздегі халықаралық шарт қабылданған жағдайда айрылуы мүмкін, олардың көлемі парниктік газдар шығарындыларының жыл сайынғы көлемінен аспайтын көлемнен артуы мүмкін емес.
      2. Жобалық тетіктер азайтуларының сертификатталған бірліктері ішкі және халықаралық сауда мақсаттарында пайдаланылуы мүмкін және
белгіленген мөлшердегі мемлекеттік есепке алу жүйесінен басқа да елдердің есепке алу жүйесіне өтуімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
      94-10-бап. Парниктік газдар шығарындыларын қысқартудың ішкі жобалары
      1. Парниктік газдар шығарындыларын азайтулардың ішкі жобалары
Қазақстан Республикасы аумағында парниктік газдар шығарындыларын
қысқартуға бағытталған және олардың меншігі болып табылмайтын және
олардың заңды пайдалануындағы емес тек басқа қондырғыларға қатысты заңды тұлғалар іске асырады.
      2. Азайтулардың ішкі жобалары экономиканың мынадай:
      1) тау-кен металлургиясы (шахталық метанды кәдеге жарату жобалары бөлігінде);
      2) ауыл шаруашылығы;
      3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;
      4) ормандық және далалы аумақтарды көгалдандыру;
      5) жердің құлдырауының алдын алу;
      6) қайта жаңартылатын энергия көздері;
      7) коммуналдық және өнеркәсіп қалдықтарды қайта өңдеу;
      8) көлік;
      9) энерготиімді құрылыс салаларында іске асырыла алады.
      3. Қысқартулардың ішкі жобаларының қарау және мақұлдау, есепке алу, есептілік және мониторингке әзірлеу ережелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      94-11-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарының ішкі сауда сызбасы үшін мониторинг, бақылау процедуралары
      1. Парниктік газдар шығарындыларына квота бөлу субъектілері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемелер негізінде мониторинг жоспарын әзірлеуге, және осы жоспарды орындауға міндетті.
      2. Мониторинг жоспарын әзірлеу және орындау Қазақстан
Республикасының аумағында қолданыстағы жобалық механизмдер шегінде
жүзеге асырылатын парниктік газдар шығарындыларын қысқарту және сіңіру жобалары үшін міндетті болып табылады.
      3. Мониторингті жүргізудің, парниктік газдарды түгендеу жөніндегі есепті әзірлеу дұрыстығын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен критериялар және әдістемелерге сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген тәуелсіз ұйым бақылайды.
      94-12-бап. Жасыл инвестициялар
      1. Парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемінің бір бөлігінен белгіленген мөлшер бірліктерінің резерві құрылады, оны қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      2. Резерв қоршаған ортаның қорғау саласындағы уәкілетті орган
ведомстволық бағыныстағы ұйымына басқаруға беріледі.
      3. «Жасыл инвестициялар» тетігі шеңберіндегі жобаларды қаржыландыру резервтен белгіленген мөлшердегі бірліктерді іске асырудан немесе пайдаланудан алынған қаражат көлемінде жүзеге асырылады.»;
      33) 95-баптың 5) тармақшасында «эмиссиялар» деген сөз
«шығарындылар» деген сөзбен ауыстырылсын;
      34) 96-баптың 2-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) тұрақты органикалық ластаушыларды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған;»;
      8) тармақшадағы «іс-шаралар жатқызылады.» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) парниктік газдар шығарындыларының көлемін азайтуға және (немесе) парниктік газдардың сіңірілуіне бағытталған іс-шаралар жатқызылады.»;
      35) 98-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары және өңірлердің бюджеттік параметрлері жоспарлары мен бағдарламалары, аумақтарды дамыту бағдарламалары, облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарлары оларды бекіткенге (мақұлдауға) дейін, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды айқындау әдістемесіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады.»
      36) 105-баптың 1-тармағында «міндеттемелер саудасының» деген
сөздерден кейін «, оның ішінде аумақтар бойынша ластайтын заттар
эмиссияларының есептеулеріне негізделген» деген сөздермен толықтырылсын;
      37) 106-бап алып тасталсын;
      38) 108-баптың 3-тармағында «су» деген сөзден кейін «, жер» деген сөзбен толықтырылсын;
      39) 116-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік экологиялық бақылауды іске асыратын лауазымды тұлғаларға:
      Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы;
      Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары;
      Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      облыстардың бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары (республикалық маңызы бар қала, астана);
      облыстардың аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары (республикалық маңызы бар қала, астана);
      облыстардың мемлекеттік экологиялық инспекторлары (республикалық маңызы бар қала, астана);
      облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың мемлекеттік экологиялық инспекторлары.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген лауазымды тұлғаларға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарына жатқызу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органымен айқындайды.»;
      5-тармақта «жоғары тұрған мемлекеттік органға және (немесе) лауазымды адамға» деген сөздер «мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын жоғары тұрған мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын;
      «6. Инспекторлық экологиялық тексерулерді жүргізуге мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар ғана жібереді.
      7. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының, облыстардың (мемлекеттік маңызы бар қалалар мен астананың) бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы жазылған құжаттарының бланкілері бар.»;
      40) 137-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Осы баптың әрекет аясы, жүзеге асырылуы парниктік газдар шығарындыларын көздейтін қызметке қолданылмайды. Парниктік газдар шығарындылары саласындағы қоршаған орта жағдайын бақылау жүйесі осы Кодекстің 20-1-тарауымен айқындалады.»;
      41) мынадай мазмұндағы 145-1 және 145-2-баптармен толықтырылсын:
      «145-1-бап. Мемлекеттік бақылау желісін қорғау
      1. Мемлекеттік бақылау желісі, соның ішінде желіге енгізілген жер бөліктері және акваторийлар, сондай-ақ қатар мүлік тек мемлекеттік меншікке жатады және мемлекет қорғауында болады және жекешелендіруге жатпайды.
      2. Стационарлық және жылжымалы бақылау пункттерінің қызметін ұйымдастыру, олардың орналасу орнын анықтау тиісті жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. Көрсетілген бақылау пункттерінің қызметін тоқтату тек қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы анық ақпарат алу мақсатында
шаруашылық қызметке шектеу қойылатын қорғау аймақтары құрылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі стационарлық қадағалау пункттері туралы ережені белгілейді.
      4. Мемлекеттік бақылау желісіне кіретін стационарлық қадағалау
пункттеріне өту немесе көлікпен өту жүзеге асырылатын жер учаскелерінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалған тәртіппен сервитуттар белгіленуі мүмкін.
      145-2 бап. Ұлттық гидрометерологиялық қызметтің жұмысын
                 қамтамасыз ету
      1. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет мемлекеттік қадағалау желісін пайдалану арқылы метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті енгізуді қамтамасыз етеді. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет республикалық бюджет есебінен құрылады және жұмыс істейді.
      2. Гидрометеорологиялық қызмет осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өнімді және қызмет көрсетуді стандарттау, сертификаттау туралы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес іске асырылады.
      3. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолдан алу және жою мемлекеттік біріңғай жүйесіне кіреді және өзінің қызметін Қазақстан Республикасының табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы заңнамасына сәйкес төтенше жағдайларда өз қызметін жүзеге асырады.
      4. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет Қазақстан Республикасы Қорғаныс Күштерін ақпараттық өніммен қамтамасыз ету жөніндегі осы Кодекске және Қазақстан Республикасының «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      42) мынадай мазмұндағы 20-1-тараумен толықтырылсын:
      «20-1-тарау. Антропогенді шығарындыларды және парниктік газдар
                   сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі
      158-1 бап. Парниктік газдар шығарындыларын және сіңірулерін
                 мемлекеттік түгендеу жүйесі
      1. Парниктік газдар шығарындыларын және сіңірулерін мемлекеттік
түгендеу жүйесі тиісті мерзімдегі парниктік газдар шығарындыларының және сіңірулерінің нақты көлемдерін бағалауға, есептеуге немесе өлшеуге қажетті мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және талдау жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралар жиынтығын қамтиды.
      Түгендеу жүйесінің объектілері тікелей және жанама парникті әсерлі парниктік газдар шығарындыларының кез келген басқа газдар, сондай-ақ климаттың өзгеруі саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдеріне сәйкес парниктік газдар сіңірулері және парниктік газдар эмиссияларының қысқарту көздері болып табылады.
      2. Парниктік газдарды мемлекеттік түгендеу үшін ақпарат жинау статистикалық есеп, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес берілетін түгендеу паспорттарында ұсынылатын мәліметтерге негізделеді.
      3. Мемлекеттік түгендеу жүйесінің қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
      4. Парниктік газдарды мемлекеттік түгендеудің толықтылығын,
тұнықтығын және сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгіленген тәртіппен жыл сайынғы негізде оның сапасына бақылау жүргізіледі.
      158-2-бап. Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастры
      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын әзірлеуді және жүргізуді ұйымдастырады.
      2. Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастры парниктік газдар шығарындыларының көздері, қондырғы операторлары, парниктік газдар шығарындылары және сіңірулерінің саны туралы мәліметтерді қамтиды.
      3. Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
      4. Мемлекеттік кадастр мәліметтері негізінде уәкілетті орган парниктік газдар шығарындыларын және сіңірулерін талдау және болжауды, парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көлемдеріне мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру жүйесін, Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасының жыл сайынғы есеп беру міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді.
      158-3 бап. Көміртектік бірліктердің мемлекеттік тізілімі
      1. Көміртектік бірліктердің мемлекеттік тізілімін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қалыптастырады және жүргізеді.
      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, сондай-ақ көміртектік бірлік тізілімінің операторын оның қызметін қамтамасыз ету үшін белгілейді.
      2. Мемлекеттік тізілімнің негізгі функциялары қолданысқа енгізілген, сақтауға берілген, табысталған, сатып алынған, жойылған, қолданыстан алынған бірліктердің нақты есебін қамтамасыз ету, сондай-ақ өзге де ұлттық тізілімдермен мәліметтермен алмасу болып табылады.
      Көміртек бірліктерінің мемлекеттік реестрінің құрылу және қызмет ету тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган анықтайды.
      158-4 бап. Верификация және валидация (детерминация)
      1. Верификация және валидация (детерминация) жүргізетін тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеуді әзірленген критерияларға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген тәуелсіз ұйым түгендеу, верификация, валидация (детерминация) жөніндегі мәліметтердің дұрыстығына жауап береді.
      3. Табиғатты пайдаланушылардың түгендеу жөніндегі жыл сайынғы есебі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген тәуелсіз ұйымның міндетті растауына жатады.
      4. Табиғатты пайдаланушылар түгендеуді, верификацияны, валидацияны (детерминацияны) растауды өз есебінен жүргізеді.
      5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген тәуелсіз ұйым Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы жобалық тетіктері шеңберінде бір жобаға қысқартуға және сіңіруге валидацияны (детерминацияны) және верификацияны жүргізе алмайды.»;
      43) 199-бапта:
      2-тармақ «пайдалануға беру» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Шаруашылық және өзге де қызметтерді жүзеге асыру кезінде табиғатты пайдаланушылар:
      1) нысаналы мақсаттарға және оларды ұсыну шарттарына сәйкес табиғи ресурстарды пайдалануға;
      2) шаруашылық және өзге де қызметтерге қойылатын белгіленген
экологиялық нормативтерді және экологиялық талаптарды, қолданыстағы
стандарттарды, техникалық шарттарды сақтауға;
      3) ұсынылған табиғи ресурстарды үнемдеп пайдалануға, қоршаған ортаға залал келтірмеуге және басқа да табиғатты пайдаланушылар құқығының бұзылуына жол бермеуге;
      4) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды толық көлемде жүзеге асыруға;
      5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жасайтын органдарға қажетті ақпараттарды органдардың сұрауы бойынша беруге;
      6) өндірістік экологиялық бақылау жүргізуге міндетті.»;
      10-тармақта «шығарылған» деген сөзден кейін «және төгілген» деген сөздермен толықтырылсын;
      44) 215-бапта:
      4-тармақта «Бұзылған» деген сөзден кейін «және ластанған (радионуклидтермен, химиялық биологиялық ластаушылармен, мұнай өнімдері қалдықтарымен)» деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақта «сараптаманың» деген сөз «және санитарлық эпидемиологиялық сараптаманың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      45) 219-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сарқынды суларды жер астындағы су тұтқыш горизонттарға айдауды, шаруашылық ауыз су пайдаланылмайтын немесе пайдалануға келмейтін жоғары минералданған жерасты суларын қоспағанда, бальнеологиялық, техникалық қажеттіліктер үшін, ирригация және мал шаруашылығы мақсатында, сондай-ақ ілеспе өндірілетін карьерлік сулар төгінділерін ол үшін нормативтік заттарды белгілеу талап етілетін және су көлемі текше метрге ғана нормаланатын арнайы жинағыштарға ағызуды қоспағанда заттардың нормативтік көрсеткіштерге дейін тазаланбаған сарқынды суларды жер қойнауына ағызуға тыйым салынады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың және басқа да сараптамалардың оң қортындысын алған жобалар мен технологиялық регламенттерде көзделген пайдалы қазбалармен ілеспе өндірілген суларды кері толтыру, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру үшін жер қойнауына технологиялық ерітінділерді толтыру сарқынды суларды төгу болып табылмайды.»;
      46) 225-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сарқынды суларды жинақтаушылар оларды қайта пайдалану мүмкіндігі мақсатында сарқынды суларды сақтауға және қосымша тазартуға арналған, (кәсіпорындардың немесе елді мекендердің тазалағыш құрылыстарынан кейін сарқынды сулардың булануы) олар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігінің және қоршаған табиғи ортаның экологиялық қауіпсіздігінің кепілі болуы тиіс.
      Сарқынды сулар жинақтаушысы бар табиғатты пайдаланушылар олардың қоршаған ортаға әсерінің алдын-алу бойынша қажетті шараларды қабылдауға, сондай-ақ оларды пайдалану тоқтатылғаннан кейін осы жинақтаушылар орналасқан жердің рекультивациясын жүзеге асыруға міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Жаңа (қолданыстағыны кеңейту) жинақтаушы - буландырғыштар құру облыстарының жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен пайда болатын ағындарды кәдеге жаратудың немесе қалдықсыз өндіріске ауыстырудың басқа да әдістері мүмкіндігінің болмауы негізделген кезде жіберіледі.
      Жобаланған (пайдалануға жаңадан енгізілетін) өндірістік сарқын суларды жинақтаушы-буландырғыштарға қойылатын талаптар:
      1) сүзгіге қарсы экранның болуы;
      2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қортындысы бар жобалық шешімдерге сәйкес нормативтік-тазартылған ағындарды орналастыру.»;
      4-тармақта «ашық» деген сөз «беткі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      «7. Сарқынды суларды су объектілеріне, жер қойнауына, сарқынды су жинағыштарына, жергілікті жердің рельефіне немесе су бөлудің тұйықталған цикліне ағызуды жүзеге асырушы су пайдалану аспабын су көлемін есепке алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануы мен суды тұтыну және суды бөлуді есепке алу журналын пайдалануы тиіс.
      8. Сарқынды суларды су объектілеріне* жер қойнауына, сарқынды су жинағыштарына, алдын ала тазартусыз жергілікті жердің рельефіне ағызуға тыйым салынады.»;
      237-баптың 4-тармағында «, жаңа техника, технология, материалдар мен заттар енгізу» деген сөздер алынып тасталсын;
      239-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген, құрамында тұрақты органикалық қосылыстар бар пестицидтерді өндіруге және пайдалануға тыйым салынады. Осы заттардың экспорты мен импорты жою мақсаттары үшін ғана рұқсат етіледі.»;
      49) 259-баптың 1-тармағында ««Мұнай туралы» және «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына» деген сөздер ««Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын»;
      50) 262-баптың 9-тармағы «бұрғылау» деген сөзден кейін «және сарқынды сулар» деген сөздермен толықтырылсын;
      51) 267-бапта:
      1-тармақта «мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардан» деген сөздер «экологиялық тексеруден және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу заңнамасының талаптарына сәйкес сусымалы материалдарды, химиялық реагенттер мен қауіпті жүктерді тасымалдау олардың қоршаған ортаға жайылуын болдырмайтын жабық контейнерлерде және арнаулы ыдыстарда жүзеге асырылуға тиіс»;
      52) 268-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Пайдаланудан шығарылған өнім өндірілетін үйінді аралдарды жою туралы шешім жою жөніндегі жұмыстардың әсер етуін жүргізілген бағалау негізінде қабылдануы тиіс.»
      53) 269-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өндірістік қызметі, жоспарлаудан және одан әрі жүзеге асырудан бастап жыл сайын (4 климаттық мезгіл бойынша) барлық келісім шарттық аумақтар бойынша қоршаған ортаның өндірістік мониторингін жүргізуге міндетті.»;
      3-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мұнай операцияларының (геофизикалық зерттеулер (сейсмика), инженерлік - геологиялық іздестірулер (ИГІ), бұрғылау, құрылыс, жайластыру, пайдалану, жою және т.б.) әрбір кезеңінің қоршаған ортаға әсерін бағалау материалдарында өндірістік мониторинг жүргізу көзделуге тиіс, ол:
      1) қоршаған ортаның жағдайын зерттеуді - өндірістік объектілерде мұнай операцияларының әр кезеңдерінен тікелей зерттеулер жүргізуді қамтиды;»
      54) 270-баптың 2-тармағында «алдын ала» деген сөздер алынып тасталынсын;
      55) 280-бапта:
      «Ықтимал қауіпті» деген сөздер «1. Ықтимал қауіпті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген тұрақты органикалық қосылыстарды қамтитын өнімдерді өндіруге және оларды импорттауға тыйым салынады.
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген химиялық заттарды өндіруге және пайдалануға шектеу қойылады.»;
      56) 284-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган иесіз қалдықтарды тапқан жағдайда, сондай-ақ осы қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке түскен деп тану туралы талаппен сотқа жүгіне алады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Иесіз қауіпті қалдықтар сот шешімімен республикалық меншікке түседі. Иесіз қалдықтарды басқару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Мұндай қалдықтарды басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.»
      57) 286-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «286-бап. Өндіріс және тұтыну қалдықтары және олардың түрлері
      1. Өндіріс және тұтыну қалдықтары қауіптілік деңгейі бойынша қауіпті  және қауіпсіз болып бөлінеді.
      2. Осы тараудың әрекеті, айналымы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңымен реттелетін, пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде пайда болған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге келісім шарт жасалған техногендік минералдық пайда болуларға, сондай-ақ, беткі  және эффузивті және интрузивті әртүрлі жастағы қалдықты жыныстарға (аршу жыныстары), радиоактивті қалдықтарға қолданылмайды.»;
      58) 288-бапта:
      3-тармақта «Қалдықтарды» деген сөзден кейін «уақытша» деген сөзбен толықтырылсын;
      5-тармақта «олардың құралу» деген сөзден кейін «және орналасу» сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. Қазақстан Республикасының тұрақты органикалық ластаушылары туралы халықаралық шарттарында көзделген, пайдалану нәтижесінде тұрақты органикалық қоспалар пайда болатын өнімдерді шығаруға және импорттауға тыйым салынады.»;
      59) 291-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) оларды қайта өңдеу, кәдеге жарату, залалсыздындыру және қауіпсіз жою не осы іс-шараларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға беру жолымен қысқарту жөніндегі шараларды көздейтін қалдықтарды орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеуге.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақшасымен толықтырылсын:
      «2-1) Құралатын да, сол сияқты бұрын жинақталғандарын да қалдықтарды басқару бағдарламасын қайта өңдеу мерзімдері мен көлемдерін, не көрсете отырып, құралатын да, сол сияқты бұрын жинақталғандарын да кәдеге жаратылатын қалдықтардың көлемін, олардың орындалу мерзімдерін көрсете отырып әзірлеуге;»
      60) 293-бапта:
      1 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қызметі процесінде қауіпті қалдықтар құралатын жеке және заңды тұлғалар, олардың құралуының тоқтатылуына немесе қысқартылуына және (немесе) олардың қауіптілік деңгейінің төмендеуіне бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға тиіс.
      Қауіпті қалдықтардың меншік иесі қауіпті қалдықтардың жиналу көлемін қысқартуға және олардың қауіптілік деңгейін азайтуды қамтамасыз етуге тиіс.
      Құрылатын және жинақталған қалдықтар көлемін қысқарту жөніндегі шаралар оларды қайта өңдеу, кәдеге жарату, залалсыздандыру және қауіпсіз алып тастау, не осы іс-шараларды жеке және заңды тұлғаларға беру жолымен жүзеге асырылады.»;
      «4. Қалдықтарды көму кезінде топырақ сезіп, тығыздау үшін қауіпсіз қалдықтарды қолдану жағдайларынан басқа, қауіпті қалдықтарды қауіпсіз қалдықтармен, сондай-ақ оларды тасымалдау мен сақтау ісі процесінде оларды өзара араластыруға тыйым салынады.»;
      61) мынадай мазмұндағы 293-1-баппен толықтырылсын:
      «293-1 бап. Тұрақты органикалық ластаушылары бар қалдықтарды
                  сақтау бойынша экологиялық талаптар
      1. Тұрақты органикалық ластаушылары бар қалдықтарды сақтау
пункттері тұрақты органикалық ластаушылардың қоршаған ортаға және халық денсаулығына әсерін болдырмауды қамтамасыз ететін қорғаныс құралдарымен жабдықталуы тиіс.
      2. Тұрақты органикалық ластаушылары бар қалдықтар есебі қатал есептік журналында жүргізілуі тиіс. Қоршаған орта саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз тұрақты органикалық ластаушылары бар қалдық иелерін алмастыруға тыйым салынады.
      3. Тұрақты органикалық ластаушылар бар қалдықтар кадастрын жүргізу қалдықтардың Мемлекеттік кадастры шеңберінде жеке бөлім болып жүргізіледі.
      4. Тұрақты органикалық ластаушылары бар қалдық иелері және меншік иелері қалдықтарды меншігіне немесе жеке иелігіне алған күннен бастап үш ай ішінде қаржыландырудың белгілі бір көзі бар, 2025 жылға дейін оларды жою жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беруге тиіс»;
      62) 297-бапта:
      2-тармақта «айқындай алады» деген сөздер «айқындайды» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3, 4, 5, 6, 7-тармақтармен толықтырылсын:
      «3. Кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және олардың көлемі мен қауіптілік қасиетін азайтудың өзге де әдістеріне алынған өндіріс және тұтыну қалдықтарының жиналған көлемдеріне қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарлама шегінде, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      4. Қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны жиналған қалдықтарды кәдеге асыруды, және қайта өңдеуді немесе олардың көлемі мен қауіптілік қасиетін азайтудың өзге де әдістерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынады.
      5. Қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаның нысанын және әзірлеу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      6. Табиғатты пайдаланушылар мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қортындысын алған қалдықтарды басқару бағдарламасын орындауға міндетті.
      7. Қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарлама шарттарын орындамаған кезде кәдеге асыруға, қайта өңдеуге және олардың көлемі мен қауіптілік қасиетін азайтудың өзге де әдістеріне алынған қалдықтар көлемін орналастыруға төлем Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.»;
      63) 298-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Тұрақты органикалық ластаушылар туралы халықаралық келісімдерде қарастырылған тұрақты органикалық қоспалар бар қалдықтарды көму тыйым салынады. Осындай қалдықтардың экспорты және импорты тек жою мақсатында рұқсат етіледі.»;
      64) 299-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында «инертсіз қалдықтар» деген сөздер «коммуналдық (қатты-тұрмыстық)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      65) 300-бапта:
      1 тармағында «Инертті» деген сөз «қауіпсіз» деген сөзбен алмастырылсын;
      3 тармақта «қауіпті емес және инертті» деген сөздер «және қауіпті емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Белгіленбеген жерге қалдықтарды орналастыру және қоқыстардың жаппай қалыптасуына тыйым салынады.»;
      11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жою қорынсыз полигонды пайдалануға тыйым салынады.»;
      66) 305-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Газ мониторингі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес, қатты-тұрмыстық қалдықтарды орналастыруға арналған полигонның әр секцияларында жүргізіледі.»;
      67) 306-баптың 3-тармағында «және 1-сыныптағы полигондар үшін - отыз жыл бойы, 2-сынып полигондары үшін жиырма жыл бойы» деген сөздер «, рекультивациялық жұмыстар аяқталғанға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      68) 45-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «45-тарау. Парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды жүзеге асыруға қойылатын экологиялық талаптар»;
      69) 313-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «313-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды регламенттеу
      1. Озонды бұзатын заттарды мемлекеттік реттеу және тұтыну мақсатында озонды бұзатын заттардың шекті жол берілетін шығарындыларының және тұтыну лимиттері (квоталары) белгіленеді.
      Озонды бұзатын заттарды тұтыну лимитін (квоталарын) озон қабатын бұзатын заттар бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      2. Озонды бұзатын заттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және озонды бұзатын заттарды Қазақстан Республикасының аумағынан шығару қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады.»;
      70) 314-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтарымен
толықтырылсын:
      «3. Озонды бұзатын заттар бар өнімді және (немесе) озонды бұзатын заттарды шығаратын импорттайтын және (немесе) экспорттайтын заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер:
      1) өнімге «озон қабатын бұзады» деп жазуға және осындай жазуы бар ораманы есептеп таңбалауға міндетті, онда озонды бұзатын заттар немесе озон бұзатын өнімдер сақталады тасымалданады;
      2) олардың қауіпсіз тасымалдалуын және сақталуын қамтамасыз ету;
      3) тауарға қосымша құжатта озон бұзатын заттардың атын және санын, сонымен қатар өнім құрамындағы заттарды көрсету;
      4) озонды бұзатын заттарды уақытылы жинау шараларын және
заласыздандыру және (немесе) жою мақсатында герметикалық тарада сақтауды дайындау және іске асыру;
      4. Озонды бұзатын заттарды кәдеге жаратуға және (немесе) залалсыздандыруға арналған объектілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұтыну үшін шектеу қылған немесе тыйым салынған озон бұзатын заттар тізбесіне енгізілген озон бұзатын заттар айналымын көздейтін технологияларды, жабдықтарды, заттар мен материалдарды пайдалана отырып, объектілерді жобалауға, қайта жаңғыртуға, техникалық қайта жасақтандыруға, кеңейтуге, жаңадан салуға тыйым салынады.»;
      71) мынадай мазмұндағы 314-1-баппен толықтырылсын:
      «314-1-бап. Қондырғыларға қойылатын талаптар
      1. Қондырғы операторы көздерден болатын парниктік газдар
шығарындыларын түгендеу туралы жылсайынғы есеп ұсынуға міндетті,
осының негізделе қондырғы паспортын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда әзірленеді және аккредиттелген тәуелсіз ұйым растайды.
      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қондырғы
паспортын бекітеді.
      3. Қондырғы паспорты мынадай мәліметтерді: парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыратын қондырғы орналастыруының
географиялық орны туралы деректерді, көздер тізбесін, пайдаланылатын
технологиялардың қызмет түрлері мен сипаттамаларын, шығарындылардың
базалық көлемін және есептеу әдістемесін, сондай-ақ мониторинг жоспары мен қондырғыларды есепке алуға қажетті басқа да мәліметтерді қамтуы тиіс.
      4. Қондырғы паспортының деректері парниктік газдар
шығарындыларының және сіңіру көздері мемлекеттік кадастрының ажырамас
бөлігі болып табылады.»;
      72) 315-бапта «Атмосфераға парниктік газдар шығарындыларының
көздері бар және озонды» деген сөздер «Озонды» деген сөзбен ауыстырылсын;
      73) 317-бап алынып тасталсын;
      74) 318-бапта:
      тақырыбындағы және мәтіндегі «парниктік газдарды және», «парниктік газдардың және», «парниктік газдар мен» деген сөздер алып тасталсын;
      75) 321-бап мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен
толықтырылсын:
      «7. Жердің үстін, жер қойнауын және жер асты суларының ластануын алдын алатын жабдықтармен және қалдықтарды орналастыруға және сарқынды суларды ағызуға арналған объектілерге қалдықтарды нормативтен тыс орналастыру және ластайтын заттарды нормативтен тыс ағызу жағдайлары қоршаған ортаға зиян ретінде қаралмайды.
      8. Жердің үстінде, жер қойнауына және жер асты суларына ластауды болдырмайтын қорғаныс құрылыстарымен (қоршаулар және басқалар) қоршалған өндірістік алаңдарға химиялық заттардың немесе сарқынды сулардың төгілу жағдайлары қоршаған ортаға зиян ретінде қаралмайды.»;
      76) 324-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің бірінші ұлттық жоспары 2012 жылға бекітіледі.».
      4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжат; № 15, 71-құжат):
      53-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай мазмұндағы жиырма бірінші абзацпен толықтырылсын:
      «парниктік газдар шығарындылары көлемін азайтуға немесе сіңірулерді көбейтуге бағытталған жобалар;».
      5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18 құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат, 23-құжат; № 7, 29-32-құжаттар; № 15, 71-құжат):
      1) 494-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «494-бап. Төлем ставкалары
      1. Қоршаған ортаға эмиссиялардың:
      1) ластағыш заттар шығарындыларының;
      2) ластағыш заттар төгінділерінің;
      3) егер осы тармақпен өзгеше белгіленбесе, өндіріс пен тұтыну
қалдықтарын, сондай-ақ күкіртті орналастырудың белгіленген нормативтері шегіндегі және (немесе) одан тыс қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.
      Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган берген тиісті қорытынды болған кезде кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және олардың көлемі мен қауіптілік қасиетін азайтудың өзге де әдістеріне жататын өндіріс және тұтыну, сондай-ақ күкірт қалдықтарының жинақталған көлемдеріне қолданылмайды.
      2. Мемлекеттік меншікке жататын өндіріс пен тұтыну қалдықтарының, сондай-ақ күкірттің жинақталған қалдықтары төлем объектісі болып табылмайды.
      3. Осы тараудың мақсаттары үшін өндіріс және тұтынудың сондай-ақ күкірттің жиналған қалдықтары, өндіріс және тұтыну, сондай-ақ күкірттің ағымдағы салық кезеңіне дейін орналастырылған қалдықтарының көлемі танылады.»;
      2) 495-бапта:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Өндірістің және тұтынудың сондай-ақ күкірттің жинақталған қалдықтарынан басқа, өндіріс және тұтыну сондай-ақ күкірт қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

Р/с

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы ставкалары
(АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабек-
керель (Гбк) үшін

1

2

3

4

1.

Өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастырғаны үшін:



1.1.

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы)

0,19


1.2.

Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар:



1.2.1

«қызыл» тізім

7


1.2.2

«янтарь» тізім

4


1.2.3

«жасыл» тізім

1


1.2.4

Жіктелмегендер

0,45


1.3.

Бұдан басқа:



1.3.1

аршынды жыныстар

0,002


1.3.2

жанас таужыныстары

0,013


1.3.3

байыту қалдықтары

0,01


1.3.4

шлактар, шламдар

0,019


1.3.5

күл мен күлшлактар

0,33


1.3.6

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары

0,009


2.

Радиоактивтік қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):



2.1.

Трансуранды


0,38

2.2.

Альфа-радиоактивті


0,19

2.3.

Бета-радиоактивті


0,02

2.4.

Шынақты радиоактивті көздер


0,19

3.

техникалық және элементарлық күкірт

3,77


                                                               »;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Ағымдағы салық кезеңіне дейін орналастырылған жинақталған өндіріс және тұтыну, сондай-ақ күкірт қалдықтарын орналастыру үшін төлемақы ставкалары:


р/с


Қалдықтардың
түрлері және
олардың
қауіптілігінің
деңгейлері


Төлемақы ставкалары (АЕК)

Қалдықтар көлемі


1 тонна
үшін

1 гигабек-
керель
(Гбк) үшін

1.

Өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастырғаны үшін:




1.1.





Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы)





0,2


1 мың тоннаға дейін

0,042


1 мың тоннадан 100 мың тоннаға дейін

0,015


100 мың тоннадан 1 млн. тоннаға дейін

0,009


1 млн. тоннадан 1 млрд. тоннаға дейін

0,0002


1 млрд. тонна және одан жоғары

1.2.

Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар:




1.2.1.

«қызыл» тізім

0,7


1 мың тоннаға дейін

0,1


1 мың тоннадан 100 мың тоннаға дейін

0,05


100 мың тоннадан 1 млн. тоннаға дейін

0,005


1 млн. тоннадан 1 млрд. тоннаға
дейін

0,0007


1 млрд. тонна және одан жоғары

1.2.2.





«янтарь» тізім





0.4


1 мың тоннаға дейін

0.05


1 мың тоннадан 100 мың тоннаға дейін

0,005


100 мың тоннадан 1 млн. тоннаға дейін

0,0005


1 млн. тоннадан 1 млрд. тоннаға дейін

0,00005


1 млрд. тонна және одан жоғары

1.2.3.





«жасыл» тізім





0.1


1 мың тоннаға дейін

0,01


1 мың тоннадан 100 мың тоннаға дейін

0,001


100 мың тоннадан 1 млн. тоннаға дейін

0,0001


1 млн. тоннадан 1 млрд. тоннаға дейін

0,00001


1 млрд. тонна және одан жоғары

1.2.4.






«жіктелмегендер»






0,05


1 мың тоннаға дейін

0,005


1 мың тоннадан 100 мың тоннаға дейін

0,0001


100 мың тоннадан 1 млн. тоннаға дейін

0,00005


1 млн. тоннадан 1 млрд. тоннаға дейін

0,000005


1 млрд. тонна және одан жоғары

1.3.

Бұдан басқа:




1.3.1.





аршынды жыныстар





0,0005


1 мың тоннаға дейін

0,0001


1 мың тоннадан 100 мың тоннаға дейін

0,00005


100 мың тоннадан 1 млн. тоннаға дейін

0,00001


1 млн. тоннадан 1 млрд. тоннаға дейін

0,000005


1 млрд. тонна және одан жоғары

1.3.2.





жанас таужыныстары





0,001


1 мың тоннаға дейін

0,0005


1 мың тоннадан 100 мың тоннаға дейін

0,0001


100 мың тоннадан 1 млн. тоннаға дейін

0,00005


1 млн. тоннадан 1 млрд. тоннаға дейін

0,00001


1 млрд. тонна және одан жоғары

1.3.3.






байыту қалдықтары






0,001


1 мың тоннаға дейін

0,0005


1 мың тоннадан 100 мың тоннаға дейін

0,0001


100 мың тоннадан 1 млн. тоннаға дейін

0,00001


1 млн. тоннадан
1 млрд. тоннаға дейін

0,000001


1 млрд. тонна және одан жоғары

1.3.4.





шлактар, шламдар





0,003


1 мың тоннаға дейін

0,0008


1 мың тоннадан 100 мың тоннаға дейін

0,0001


100 мың тоннадан 1 млн. тоннаға дейін

0,00008


1 млн. тоннадан 1 млрд. тоннаға дейін

0,000005


1 млрд. тонна және одан жоғары

1.3.5.





күл мен күлшлактар





0,005


1 мың тоннаға дейін

0,001


1 мың тоннадан 100 мың тоннаға дейін

0,0005


100 мың тоннадан 1 млн. тоннаға дейін

0,0001


1 млн. тоннадан 1 млрд. тоннаға дейін

0,00005


1 млрд. тонна және одан жоғары

1.3.6.






ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары






0,005


1 мың тоннаға дейін

0,001


1 мың тоннадан 100 мың тоннаға дейін

0,0008


100 мың тоннадан 1 млн. тоннаға дейін

0,0003


1 млн. тоннадан
1 млрд. тоннаға дейін

0,0001


1 млрд. тонна және одан жоғары

2.

Радиоактивтік қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):




2.1.


Трансуранды



0,02

100 мың Гбк-ға дейін


0,005

100 мың Гбк-дан жоғары

2.2.




Альфа-радиоактивті





0,02

100 мың Гбк-ға дейін


0,005

100 мыңнан 1 млн. Гбк-ға дейін


0,001

1 млн. Гбк және одан жоғары


0,0001

1 млрд Гбк және одан жоғары

2.3.




Бета-радиоактивті





0,002

100 мың Гбк-ға дейін


0,0005

100 мыңнан 1 млн. Гбк-ға дейін


0,0001

1 млн.-нан 1 млрд. Гбк-ға дейін


0,00005

1 млрд Гбк және одан жоғары

2.4.




Шынақты радиоактивті Көздер





0,02

100 мың Гбк-ға дейін


0,005

100 мыңнан 1 млн. Гбк-ға дейін


0,001

1 млн.-нан 1 млрд. Гбк-ға дейін


0,0005

1 млрд Гбк және одан жоғары

3.


Техникалық және элементарлық күкіртті арнайы бөлінген жерлерде орналастырғаны үшін:

0,3






                                                               »;
      8-тармақ «көзделген коэффициенттер» деген сөздерден кейін «сондай-ақ, осы баптың 6-1-тармағында көзделген төлемақы ставкасына,» деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақта:
      «Жергілікті өкілді органдардың» деген сөздер «Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жергілікті өкілді органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың ережелері осы баптың 6-1-тармағында көзделген төлем ставкаларына қолданылмайды.»;
      3) 496-баптың 5-тармағы «қоршаған ортаға эмиссиялардың» деген сөздерден кейін «жинақталған өндіріс және тұтыну, сондай-ақ күкірт қалдықтарының көлемдерін қоса алғанда» деген сөздермен толықтырылсын.
      6. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат):
      145-баптың 7) тармақшасы «және қауіпті химиялық заттарға, соның ішінде тұрақты органикалық ластаушыларға» деген сөздермен толықтырылсын.
      7. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
      74-баптың 4-тармағы:
      4) тармақшада «енгізілмейді.» деген сөз «;» белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) сіңірудің көміртек бірлігі, шығарындылардың сертификатталған қысқартулары, шығарындыларды қысқарту, квота, шығарындылардың ішкі сертификатталған қысқартулары енгізілмейді;».
      8. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат, № 5, 23-құжат):
      1) 26-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;
      2) 27-баптың 2-тармағында:
      16) тармақшада «міндетті.» деген сөз «;» белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      «17) қоршаған ортаға эмиссия жүргізгенде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға міндетті.».
      9. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат):
      17-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйелері (сертификатталған жүйе) және (немесе) мемлекеттік стандарттар талабына сәйкес техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкес растайды.»;
      2-бап. Осы Заң:
      1) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақтың 8) тармақшасының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші абзацтарын, 3-тармақтың 32) тармақшасының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы абзацтарын, 3-тармақтың 42) тармақшасының он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші абзацтарын, 3-тармақтың 71) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарын, 7-тармақтың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарын;
      2) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақтың 15) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтарын, 3-тармақтың 62) тармақшасының төртінші, жетінші, сегізінші абзацтарын, 1-баптың 5-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады