Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөнінде комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1320 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2010 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1320 қаулысына    
қосымша        

Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар
әзірлеу жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.06.2011 № 705, 01.09.2011 N 994, 13.01.2012 N 41, 02.2012.02.02 № 194, 2012.03.29 N 370, 2012.11.13 N 1445, 05.06.2013 N 575 Қаулыларымен.

Сағынтаев                  - Қазақстан Республикасы
Бақытжан Әбдірұлы            Премьер-Министрінің орынбасары –
                             Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
                             министрі, төраға

Нокин                      - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
Серік Кеңесұлы               вице-министрі, төрағаның орынбасары

Байсүгірова                - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
Мира Сәрсенбіқызы            министрлігінің Тұрғын үй-коммуналдық
                             шаруашылық департаменті директорының
                             орынбасары, хатшы

Нысанбаев                  - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Ерлан Нұралыұлы              ортаны қорғау вице-министрі

Алпысбаев                  - Қазақстан Республикасы Табиғи
Аманжол Әлиханұлы            монополияларды реттеу агенттігі
                             төрағасының орынбасары

Нұрабаев                   - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Базарбай Қанайұлы            жаңа технологиялар министрлігі Геология
                             және жер қойнауын пайдалану комитетінің
                             төрағасы

Галиев                     - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
Владислав Германович         министрлігі Құрылыс және тұрғын
                             үй-коммуналдық шаруашылық істері
                             комитетінің төрағасы, төрағаның
                             орынбасары

Әбішев                     - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Ислам Әлмаханұлы             қорғау министрлігі Су ресурстары
                             комитетінің төрағасы

Уәлиев                     - «Қазақ Суқұбыржоба» акционерлік
Рустам Мақсұтұлы             қоғамының президенті (келісім бойынша)

Ақсақалов                  - "Нұр-Отан" Халықтық демократиялық
Құмар Іргебайұлы             партиясының орталық аппаратының басшысы
                             (келісім бойынша)

Кармазина                  - Қазақстан Республикасының Экономика және
Лена Мағауияқызы             бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Шкарупа                    - Қазақстан Республикасы Табиғи
Анатолий Валерьевич          монополияларды реттеу агенттігі
                             төрағасының орынбасары

Ешімова                    - «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік
Дана Ақылбекқызы             әріптестік орталығы» акционерлік
                             қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары
                             (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2010 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1320 қаулысымен    
бекітілген       

Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар
әзірлеу жөніндегі комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      3. Комиссияның негізгі міндеті халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      4. Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Комиссияның функциялары:
      1) ауылдық және қалалық елді мекендер бойынша одан әрі қаржыландыру үшін сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбелерін бекіту;
      2) ауылдық және қалалық жерлерді ауыз сумен жабдықтау саласын жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия өз құзыреті шегінде:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының ауыз сумен жабдықтау саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қалалық және ауылдық жерлерді ауыз сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбелерін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      3) мемлекеттік органдардан, ведомстволардан және ұйымдардан Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпарат сұратуға;
      4) қажеттілігіне қарай халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайын талдау және зерделеу үшін мемлекеттік органдардың және ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын тартуға;
      5) Комиссия отырыстарында Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;
      6) Комиссияның құзыретіне жататын өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет, ведомствоаралық үйлестіру мен Комиссия әзірлейтін шешімдер үшін дербес жауапты болады.
      Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
      7. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.06.2013 N 575 Қаулысымен.
      8. Комиссияның хатшысы Комиссия отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және отырыстар өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.
      Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды
      9. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
      Комиссияның төрағасы Комиссияның қарауына ұсынылатын материалдардың негізінде Комиссияның жоспардан тыс отырыстарын шақырады.
      10. Егер Комиссияның отырыстарына Комиссия мүшелерінің жалпы
санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болып саналады.
      Комиссияның мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.
      11. Комиссияның отырыстары ашық болып табылады.
      12. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауыс берсе, қабылданған болып саналады және Комиссияның төрағасы немесе отырысты өткізген оның орынбасары, сондай-ақ міндетті түрде оның барлық мүшелер қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
      Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
      Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс.
      13. Комиссияның төрағасы не оның орынбасары отырыстардың күн
тәртібін, сондай-ақ олардың өткізілетін орны мен уақытын белгілейді және нақтылайды.

5. Комиссия қызметінің тоқтатылуы

      14. Комиссияның қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негіз болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады