Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1345 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 546 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Yкiметiнiң 29.09.2016 № 546 қаулысымен.

      "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1345 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полициясы комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасының Бас прокуроры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1345 қаулысына
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық
профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде тиісті ұсыныстар әзірлеу Комиссия қызметінің мақсаты болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері

      4. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру;

      2) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері қызметінің тиімділігін бағалау;

      3) Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      4) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы бағдарламалық құжаттарды іске асыру барысын қарау;

      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарауына құқық бұзушылық профилактикасы шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      6) адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнінде шаралар қолдану;

      7) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды дайындау және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне, тиісті жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жіберу;

      8) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері басшыларының және лауазымды адамдарының жүргізген жұмыстары туралы есептерін тыңдау және олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      9) мемлекеттік органдарға және ұйымдарға лауазымды адамдарды құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде шаралар қолданбағаны үшін тәртіптік және өзге де жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын іске асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге;

      2) мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті ақпарат сұрауға;

      3) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша атқарылған жұмыс туралы мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдауға;

      4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларын құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жұмыстың жай-күйі мен жұмыстағы кемшіліктер туралы хабардар етуге;

      5) құқық бұзушылық профилактикасы проблемаларын шешуде жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасуға құқылы.

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      6. Комиссияны төраға басқарады. Төраға болмаған кезде немесе төрағаның тапсырмасы бойынша оның міндеттерін орынбасары орындайды.

      Комиссия мүшелері ауысу құқығынсыз отырыстарға қатысады. Бұл ретте Комиссия отырыстарына шақырылған адамдар қатыса алады.

      7. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

       8. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

       9. Отырыстардың жұмыс жоспарын, күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу орны мен уақытын Комиссия төрағасы бекітеді.

      10. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      11. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай, кем дегенде тоқсанына бір рет өткізіледі және егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, заңды деп саналады.

      12. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Комиссияның есеп хатында қоса берілуі тиіс.

      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.

      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.

      Комиссия мүшелері келісу парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

       13. Комиссия отырыстары хаттамаларының орындалуын бақылауды оның жұмыс органы жүзеге асырады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

       13-1. Дауыс беру парақтарымен қоса, Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.

      Ескерту. Ереже 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

5. Комиссияның қызметін тоқтату

      14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссияның қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1345 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. "Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 48, 546-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 тамыздағы № 831 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 29, 388-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 ақпандағы № 170 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 9, 93-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 361 қаулысы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қазандағы № 987 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 37, 510-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 мамырдағы № 426 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 18, 173-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 маусымдағы № 532 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 240-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 981 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 40, 460-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 шілдедегі № 729 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 37, 510-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы № 984 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 462-құжат).

      11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 ақпандағы № 199 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 83-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 маусымдағы № 830 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 261-құжат).

      13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2104 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 513-құжат).

      14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы маусымдағы № 525 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады