Жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру кағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 1373 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 398 бұйрығын қараңыз.


      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру қағидасы бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасындағы жер қойнауының мемлекеттік мониторингі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 106 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 2, 24-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2010 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1373 қаулысымен    
бекітілген        

Жер қойнауына мемлекеттік мониторингті
жүзеге асыру қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 31) тармақшасына сәйкес әзірленген және жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      2. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі жер қойнауының мемлекеттік қорын ұйымды пайдалануды қамтамасыз ету мен олардың өзгеруін уақтылы анықтау, келеңсіз үдерістер зардаптарын бағалау, олардың алдын алу және жою үшін жер қойнауының жай-күйін бақылау жүйесі болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және ондағы болып жатқан үдерістер жер қойнауы мемлекеттік мониторингінің объектісі болып табылады.
      4. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің, оның ішінде жер қойнауының сапасы нормативтерін қадағалау кезінде өндірістік мониторингтің (әсер ету мониторингі) бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
      5. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі Қазақстан Республикасы қатысатын жер қойнауы мен қоршаған ортаның жаһандық халықаралық бағдарламасына қосылады.
      6. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі жер қойнауының мемлекеттік қорын ұтымды пайдалану үшін оны басқаруды қамтамасыз етеді.
      7. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі тау-кен аудандарын, мұнай-газ провинцияларын, жерасты суларының бассейндерін, пайдалы қазбалардың, оның ішінде жерасты суларының кен орындарын, су кешендері мен көкжиектерді, су жібермейтін қабаттарды, геологиялық үдерістер өтіп жатқан геологиялық денелерді, геофизикалық, сейсмикалық, гравитациялық және басқа өрістерді, жер қойнауын пайдалану және жерасты суларының су пайдалану учаскелерін, ластанған жер қойнауын, тау-кен қазбаларын және су жинауды қоса алғанда, табиғи және табиғи-техногендік жүйелерде өткізіледі.

2. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингін
жүзеге асыру тәртібі

      8. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі үш деңгейде жүзеге асырылады:
      1) жергілікті - жер қойнауын пайдалану мен су пайдалану учаскелерін, пайдалы қазбалар (карьерлер, шахталар, ұңғымалар, су жинау құрылыстары, көму полигондары, су төмендету қондырғылары) кен орындарын барлау мен өндіруді, өндіруге және (немесе) барлауға байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды, жер қойнауының ластануын, урбанизацияланған аумақтарды, суару алқаптарын қамтитын жекелеген табиғи-техногендік жүйелер шеңберінде;
      2) өңірлік - геология құрылымдық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және басқа ерекшеліктер, әкімшілік, экономикалық, экологиялық және басқа шекаралар, жер қойнауының жай-күйіне әсер ететін табиғи және техногендік факторлар кешені ескеріле отырып, жекелеген табиғи жүйелердің аумағында;
      3) республикалық - қажет кезінде жалпымемлекеттік маңызы бар ірі өңірлерді, сондай-ақ трансшекаралық жерасты су объектілерін бөле отырып, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында.
      9. Жер қойнауы жай-күйінің мемлекеттік мониторинг жүйесі мынадай кіші жүйелерді қамтиды:
      1) жерасты суларының мониторингі;
      2) қауіпті экзогендік геологиялық үдерістердің мониторингі;
      3) қауіпті эндогендік геологиялық үдерістердің мониторингі;
      4) көмірсутегі кен орындарының мониторингі;
      5) қатты пайдалы қазбалар кен орындарының мониторингі;
      6) пайдалы қазбаларды өндірумен және барлаумен байланысы жоқ мақсаттарда пайдаланылатын жер қойнауы учаскілерінің мониторингі;
      7) жер қойнауын пайдаланумен байланысы жоқ шаруашылық қызметтің әсеріне ұшырайтын жер қойнауы учаскелерінің мониторингі.
      10. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі:
      1) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен құрылған, жер қойнауының табиғи, сондай-ақ бұзылған алаңдарда орналастырылған мемлекеттік желілерінің бақылау пункттері мен полигондарында;
      2) геологиялық және тау-кенді бөлудегі жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) берген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттық талаптарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ арнайы су пайдалануға арналған рұқсаттардың шарттарына сәйкес су пайдаланушылар құрған жеке меншік желіні бақылау пункттерінде жүргізіледі.
      11. Жер қойнауының жай-күйін ұдайы болжауды қоса алғанда, деректерді сақтау және өңдеу үшін уәкілетті органның Жер қойнауы туралы мемлекеттік деректер банкінің автоматтандырылған ақпараттық жүйелері (бұдан әрі - автоматтандырылған ақпараттық жүйе) қолданылады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйеде түрлі деңгейлер арасында, сондай-ақ «Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі» ақпараттық жүйесі мен табиғи ресурстар мониторингі» басқа жүйелерінің дерекқорының арасында ақпаратты стандартталған түрде алмасуды қамтамасыз ететін ақпаратты бірыңғай әдістемелік негізде жинақтау, өңдеу және сақтау жүзеге асырылады.
      12. Жер қойнауын пайдаланушылар мен жерасты суларын пайдаланушылар бастапқы есепке алу материалдарына негізделген жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептілікті жартыжылдық үшін ағымдағы жылдың 15 - тамызына және бір жыл үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 - ақпанына Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін арнайы нысандар бойынша уәкілетті органға тапсырады.
      13. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі координаттар мен биіктіктердің, жіктегіштердің бірыңғай жүйесін, бірліктердің, деректердің стандартты форматтарының, көрсеткіштер кешені мен бірыңғай нормативтік-әдістемелік және техникалық база жүйесін пайдалануға негізделген бастапқы әр текті деректерді салыстыру шарттары сақтала отырып жүргізіледі.
      14. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүргізу кезінде алынатын жер қойнауының жай-күйі туралы ақпаратты уәкілетті орган жыл сайын ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда қорытылған түрде табиғат пайдалану саласындағы шешімдерді қабылдау кезінде қолдану үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне жібереді.
      15. Уәкілетті орган жер қойнауының мониторингін жүзеге асыру бөлігінде мыналарды:
      1) республикалық және өңірлік деңгейлерде жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыруды;
      2) бақылау пункттері мен полигондарды құруды, пайдалануды, ұстауды, консервациялауды және жоюды, мемлекеттік желіні оңтайландыруды, сондай-ақ тақырыптық, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, нормативтік-техникалық құжаттардың әзірленуін, жер қойнауының мемлекеттік мониторингін қамтамасыз ету үшін геологиялық және гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геоэкологиялық және өзге де арнайы карталар жасауды қоса алғанда, мемлекеттік бақылау желілерінде жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүргізуді;
      3) бақылау деректері мен нәтижелерін ұсынуды;
      4) жер қойнауына мониторинг жүргізудің нормативтік-техникалық нұсқаулығын;
      5) Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы мемлекеттік дерекқорын ұйымдастыруды және жүргізуді;
      6) бақылау пункттері мен полигондар және жер қойнауының мемлекеттік мониторингінің мемлекеттік желісіне кіретін басқа да құрылыстар салу мен пайдалану үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жер учаскелерін алуды;
      7) жер қойнауының жай-күйі туралы деректерді жинауды, оларды жинақтап қорытуды, оның өзгеруін талдауды және болжауды, сондай-ақ әкімшілік шешімдер қабылдау үшін ұсынымдарды әзірлеу мен белгіленген тәртіппен мүдделі органдарға тиісті ақпаратты тапсыруды қамтамасыз етеді.
      16. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүргізу мәселелері бойынша уәкілетті орган өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Об утверждении Правил осуществления государственного мониторинга недр

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2010 года № 1373. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года № 941

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 24.11.2015 № 941 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра по инвестициям и развитию РК от 31.03.2015 г. № 398.


      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления государственного мониторинга недр.
      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 27 января 1997 года № 106 "Об утверждении Положения о государственном мониторинге недр в Республике Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., № 2, ст. 24).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 20 декабря 2010 года № 1373

Правила
осуществления государственного мониторинга недр

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с подпунктом 31) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" определяют порядок осуществления государственного мониторинга недр.
      2. Государственный мониторинг недр представляет собой систему наблюдений за состоянием недр для обеспечения рационального использования государственного фонда недр и своевременного выявления их изменений, оценки, предупреждения и устранения последствий негативных процессов.
      3. Объектом государственного мониторинга недр являются недра Республики Казахстан и происходящие в них процессы.
      4. Государственный мониторинг недр является составной частью единой государственной системы мониторинга состояния окружающей среды и природных ресурсов, в том числе производственного мониторинга (мониторинга воздействий) при отслеживании нормативов качества недр.
      5. Государственный мониторинг недр включается в международные программы глобального мониторинга недр и окружающей среды с участием Республики Казахстан.
      6. Государственный мониторинг недр обеспечивает управление государственным фондом недр для его рационального использования.
      7. Государственный мониторинг недр проводится в природных и природно-техногенных системах, включая горнорудные районы, нефтегазоносные провинции, бассейны подземных вод, месторождения полезных ископаемых, в том числе подземных вод, водоносные комплексы и горизонты, водоупорные толщи, геологические тела с протекающими в них геологическими процессами, геофизические, сейсмические, гравитационные и другие поля, участки недропользования и водопользования подземных вод, загрязнения недр, горные выработки и водозаборы.

2. Порядок осуществления государственного мониторинга недр

      8. Государственный мониторинг недр осуществляется на трех уровнях:
      1) локальном в пределах отдельной природно-техногенной системы, включающей участки недропользования и водопользования, разведки и добычи месторождений полезных ископаемых (карьеры, шахты, скважины, водозаборные сооружения, полигоны захоронения, водопонизительные установки), строительства и (или) эксплуатации подземных сооружений не связанных с разведкой и (или) добычей, загрязнения недр, урбанизированные территории, массивы орошения;
      2) региональном на территории отдельных природных систем с учетом геолого-структурных, гидрогеологических, инженерно-геологических и других особенностей, административных, экономических, экологических и других границ, комплекса природных и техногенных факторов, оказывающих влияние на состояние недр;
      3) республиканском на всей территории Республики Казахстан с выделением, при необходимости, крупных регионов, имеющих общегосударственное значение, а также трансграничных подземных водных объектов.
      9. Система государственного мониторинга состояния недр включает следующие подсистемы:
      1) мониторинг подземных вод;
      2) мониторинг опасных экзогенных геологических процессов;
      3) мониторинг опасных эндогенных геологических процессов;
      4) мониторинг месторождений углеводородов;
      5) мониторинг месторождений твердых полезных ископаемых;
      6) мониторинг участков недр, используемых для целей, не связанных с разведкой и добычей полезных ископаемых;
      7) мониторинг участков недр, испытывающих воздействие хозяйственной деятельности, не связанной с недропользованием.
      10. Государственный мониторинг недр осуществляется на:
      1) пунктах наблюдений и полигонах государственной сети, созданных за счет государственного бюджета, размещенных на площадях, как с естественным, так и с нарушенным состоянием недр;
      2) пунктах наблюдений частной сети, созданных недропользователями в соответствии с контрактными условиями на недропользование в пределах выданных уполномоченным органом по изучению и использованию недр (далее - уполномоченный орган) геологического и горного отводов, а также водопользователями подземных вод в соответствии с условиями разрешений на специальное водопользование.
      11. Для хранения и обработки данных, включая регулярные прогнозы состояния недр, используются автоматизированные информационные системы (далее - автоматизированная информационная система) Государственного банка данных о недрах уполномоченного органа. В автоматизированной информационной системе осуществляется накопление, обработка и хранение информации на единой методической основе, обеспечивающий обмен информацией в стандартизированном виде между различными уровнями, а также банками данных иных систем мониторинга природных ресурсов в информационной системе "Единая государственная система мониторинга окружающей среды и природных ресурсов".
      12. Геологическая отчетность о состоянии недр, базирующаяся на материалах первичного учета, представляется недропользователями и водопользователями подземных вод в уполномоченный орган по специальным формам, утверждаемым Правительством Республики Казахстан, за полугодие к 15 августа текущего года и за год к 15 февраля года, следующего за отчетным периодом.
      13. Государственный мониторинг недр ведется с соблюдением условий сопоставимости исходных разнородных данных, основанного на применении единой системы координат и высот, классификаторов, системы единиц, стандартных форматов данных, комплекса показателей и единой нормативно-методической и технической базы.
      14. Информация о состоянии недр, получаемая при ведении государственного мониторинга недр, ежегодно в первом квартале текущего года направляется уполномоченным органом в обобщенном виде государственным органам Республики Казахстан, акиматам областей, городов Астана и Алматы для использования при принятии решений в области природопользования.
      15. Уполномоченный орган в части осуществления мониторинга недр обеспечивает:
      1) осуществление государственного мониторинга недр на республиканском и региональном уровнях;
      2) ведение государственного мониторинга недр на государственной сети наблюдений, включая создание, эксплуатацию, содержание, консервацию и ликвидацию пунктов и полигонов наблюдений, оптимизацию государственной сети, а также тематические, научно-исследовательские и опытно-конструкторские работы, разработку нормативно-технических документов, составление геологических и гидрогеологических, инженерно-геологических, геоэкологических и иных специальных карт для обеспечения государственного мониторинга недр;
      3) предоставление данных и результатов наблюдений;
      4) нормативно-техническое руководство ведения мониторинга недр;
      5) организацию и ведение государственного банка данных о недрах Республики Казахстан;
      6) получение земельных участков в установленном законодательством порядке для сооружения и эксплуатации пунктов и полигонов наблюдений и других сооружений, входящих в государственную сеть наблюдений государственного мониторинга недр;
      7) сбор данных о состоянии недр, их обобщение, анализ и прогноз его изменения, а также разработку рекомендаций для принятия административных решений и передачу необходимой информации заинтересованным органам в установленном порядке.
      16. По вопросам ведения государственного мониторинга недр уполномоченный орган взаимодействует с государственными органами в пределах компетенции.