Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 103 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1501 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 103 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 15-16, 133-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Қызметтің стратегиялық бағыты, мақсаттары мен міндеттері» деген 3-бөлімде:
      Мемлекеттің және экономика салаларының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ететін геодезиялық және картографиялық өнімдерді жасау деген 2-стратегиялық бағытта:
      Цифрлы аэрофототүсірілім негізінде мемлекеттік топографиялық карталарды жаңарту мен қалаларды үлкен масштабты жоспарлармен қамтамасыз ету деген 2.1.2-міндетте:
      «Қалалардың ірі масштабты жоспарларын жасау» деген жолдың «2010 жыл» деген бағанында «Алматы» деген сөз алып тасталсын;
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 6-бөлімде:
      алтыншы абзацта «17 448 863» деген сандар «17 695 641» деген сандармен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «5 724 348» деген сандар «5 971 126» деген сандармен ауыстырылсын;
      3-қосымшада:
      «004 «Топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету және оларды сақтау» деген бюджеттік бағдарламада:
      «Сан көрсеткіштері» деген бөлімде:
      «Қалалардың ірі масштабты жоспарларын жасау» деген жолдың «2010 жыл» деген бағанында «Алматы» деген сөз алынып тасталсын;
      «Сан көрсеткіштері» мынадай редакцияда жазылсын:
«

Сан көрсеткіштері

Гидрографиялық және топографиялық жұмыстарды орындау үшін арнайы жабдықтар сатып алу

дана



97



»;

      «Нәтиже көрсеткіштері» мынадай редакцияда жазылсын:

«

Нәтиже көрсеткіштері

Аэроғарыштық түсірілімді орындау және карталарды жаңарту, желілерді нивелирлеу, теңіз картасын жасау

%

1,5

1

0,5

0,5

0,5

%

2,2

4

4

5

5

%

1

1

1

1

1

%


13

8

21

20

»;

      «2010 жыл» деген бағанда:
      «Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар» деген жолда «1 772 608» деген сандар «2 019 386» деген сандармен ауыстырылсын;
      4-қосымшада:
      «Бюджеттік шығыстардың жиынтығы» деген кестеде:
      «2010 жыл» деген бағанда:
      «2. Әзірлеуге ұсынылатын бағдарламалар, соның ішінде:» деген жолда «5 106 602» деген сандар «5 353 380» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолда «5 106 602» деген сандар «5 353 380» деген сандармен ауыстырылсын;
      004 «Топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету және оларды сақтау» бюджеттік бағдарламасы» деген жолда «1 772 608» деген сандар «2 019 386» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Барлық шығыстар, оның ішінде» деген жолда «5 106 602» деген сандар «5 353 380» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолда «5 106 602» деген сандар «5 353 380» деген сандармен ауыстырылсын;
      5-қосымшада:
      «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер және бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындарды бөлу» деген кестеде:
      «2010 жыл» деген бағанда:
      «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі» деген жолда «5 106 602» деген сандар «5 353 380» деген сандармен ауыстырылсын;
      Мемлекеттің және экономика салаларының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ететін геодезиялық және картографиялық өнімдерді жасау деген 2-стратегиялық бағытта «1 772 608» деген сандар «2 019 386» деген сандармен ауыстырылсын;
      004 «Топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету және оларды сақтау» бюджеттік бағдарламасы» деген жолда «1 772 608» деген сандар «2 019 386» деген сандармен ауыстырылсын;
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады