Байланыс формасы

Қазақстан Республикасында минералдық шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1530 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 15-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1530 қаулысымен  
бекітілген      

1. Бағдарлама паспорты

      Ескерту. 1-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.09.2013 № 1002; 31.12.2013 № 1491 қаулыларымен.

Атауы               Қазақстан Республикасында минералдық шикізат
                    кешенін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға
                    арналған бағдарлама

Әзірлеу үшін        2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Қазақстан
негіздеме           Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық
                    дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған
                    мемлекеттік бағдарлама, 2010 жылғы 14 сәуірдегі
                    № 302 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                    Қазақстан Республикасын үдемелі
                    индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі
                    2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік
                    бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар
                    жоспарының 15-тармағы

Бағдарламаның       Қазақстан Республикасы Индустрия және
әзірлеуге және      жаңа технологиялар министрлігі
іске асыруға
жауапты
мемлекеттік орган

Мақсаты             Өнеркәсіптің барлық салаларын белсенді дамыту
                    үшін минералдық ресурстардың ұтымды және кешенді
                    пайдаланылуы мен молықтырылуын қамтамасыз ету

Міндеттері          1. Болжамалды ресурстарды бағалай отырып,
                    Қазақстан аумағының зерттелуін қамтамасыз ету.
                    2. Пайдалы қазбалардың негізгі түрлері бойынша
                    қорлардың өсімі.
                    3. Ел тұрғындарын жерасты суларының көздерінен
                    сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.
                    4. Геологиялық ақпарат пен геоақпараттық
                    жүйелердің дерекқорын қалыптастыру.

Іске асыру          2010 - 2014 жылдар
мерзімдері

Нысаналы            1. 2014 жылы пайдалы қазбалардың негізгі
индикаторлар        түрлерінің қорын толтыру пайызы (өсу бойынша
                    өндірілген қорлардың өтелген қорларға
                    қатынасы) – 50 %.
                    2. 2015 жылға қарай ауылдарды жерасты суларының
                    қорларымен қамтамасыз ету және iрi елдi мекендер
                    үшiн кен орындарын қайта бағалау.
                    3. 2015 жылға қарай Геологиялық ақпарат
                    дерекқорын 95 % дейiн көлемде толықтыру.
 

Қаржыландыру        Бағдарламаны іске асыруға арналған қаржылық
көздері             шығындар республикалық бюджет есебінен
мен көлемі          көзделеді, жыл сайынғы көлемі республикалық
                    бюджетте көзделетін көлемге сәйкес нақтыланады:
                    2010 жыл - 4998,6 млн. теңге;
                    2011 жыл - 6591,2 млн. теңге;
                    2012 жыл - 13124,6 млн. теңге;
                    2013 жыл - 8402,0 млн. теңге;
                    2014 жыл - 15890,5 млн. теңге

2. Кіріспе

      Қазақстан Республикасында минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына сәйкес әзірленген.

3. Ағымдағы жағдайды талдау

3.1. Сала жай-күйінің ағымдағы жағдайын, сондай-ақ осы саланың
елдің әлеуметтік және қоғамдық-саяси дамуына әсерін талдау

      Әлемдік минералдық шикізат нарығының жалпы жай-күйі қазіргі уақытта мына факторлармен сипатталады:
      нарық мейлінше қанық және ұзақ мерзімді жеткізулерге бағдарланған;
      сату бағасы мен көлемін халықаралық картельдер қатаң бақылайды;
      дамушы елдердің нарығына шығуға байланысты бәсекелестік күшейіп келеді;
      нарық әлемдік стандарттарға жауап беретін жоғары технологиялы минералдық-шикізаттық өнімге бағдарланған.
      Қазақстан минералдық шикізат ресурстарының саны мен әралуандағы жағынан әлемдегі жетекші орындардың бірін иеленеді. Барланған қорлардың базасында қуатты мұнай-газ өндіруші, уран және көмір өнеркәсіптері, қара, түсті және асыл металдарды, металл емес пайдалы қазбалардың әрқилы түрлерін өндіретін және өңдейтін өнеркәсіптер құрылды.
      Қорғасын, мырыш, мыс, мұнай, хром, темір, марганец, қалайы, алтын, фосфорит, бор және калий тұздарының қорлары бойынша Республика әлемдегі жетекші он елдің қатарына кіреді. Бірақ нарықтық жағдайлар минералдық шикізат қорларының бір бөлігі бәсекеге қабілетсіз болып шықты. Алтын бойынша кен қорларының 86 %-ы, қорғасын және мырыш бойынша - 68 %-ы, мыс бойынша - 58 %-ы бәсекеге қабілетті. Марганец және хромит өнеркәсібінің шикізат базасы бәсекеге неғұрлым қабілетті.
      Жер қойнауын пайдаланушыларға берілген кен орындарын тиімді игеру мақсатында кешенді автоматтандырылған басқарудың соңғы жетістіктерін пайдалану арқылы минералдық шикізатты өндірудің мен қайта өңдеу неғұрлым алдыңғы қатарлы технологиялары енгізілуде («Қазмырыш» АҚ), сондай-ақ геологиялық зерттеуден бастап металлургиялық бөлініске дейін жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануды бақылау күшейтілуде.
      Пайдалы қазбаларды қайта өңдеудің технологиялары тау-кен-металлургия саласының бағдарламасында көзделген.
      Жер қойнауын тиесілі және кешенді пайдалану мынадай шарттардың орындалуымен қамтамасыз етіледі:
      пайдалы компоненттерді толық және кешенді алу;
      аз қалдықты және қалдықсыз шикізатты өндірісте пайдалану;
      өндіріс қалдықтарын терең тазарту және технологиялық пайдалану;
      игерілген кен орындарының жерін қалпына келтіру.
      Қазақстанда мемлекеттік геологиялық зерттеу:
      республикалық бюджеттің;
      жер қойнауын пайдаланушылардың инвестициялары;
      мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік геологиялық зерттеу 70 жоба бойынша өңірлік, іздеу-бағалау және іздеу-барлау жұмыстарын 2010 жылы 3575,9 млн. теңге қаржыландырумен жүргізіледі.
      1996 - 2009 жылдар аралығында жер қойнауын пайдалану инвестициясына 130 млрд. АҚШ доллары, соның ішінде 2009 жылы 20 млрд. АҚШ долларынан артық тартылды.
      Геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен жер қойнауын пайдаланушылардың жеке қаражатынан 0,9 млрд. теңгеге жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу аясында қатты пайдалы қазбалар бойынша жұмыстарды өндіруге арналған келісімдер жасалды. Барлығы 7 келісім жасалды, оның ішінде: асыл металдар - 3, түсті металдар - 2, кенді емес - 2.
      Сонымен бірге, шетелдік атап айтқанда - Австралиялық компаниялардың қызығушылықтары бар, геологиялық зерттеу саласында Республика Геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде.
      2010 жылғы 1 шілдедегі жай-күйі бойынша жер қойнауын пайдалану объектілерінің жалпы саны - 2690, оның ішінде көмірсутекті шикізатқа - 215, қатты пайдалы қазбаларға - 382, жерасты суларына - 207, кең таралған пайдалы қазбаларға - 1350, өндіруге байланысы жоқ операциялар - 26.

3.2. Күшті және әлсіз жақтарын, осы сала үшін мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау

      Объективті талдау жасау үшін оның күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ, қазіргі мүмкіндіктер мен қауіптерді нақты анықтау қажет.

Оң факторлар

Теріс факторлар

Күшті жақтары
1. Барланған қорлардан бірнеше есе асып түсетін пайдалы қазбалардың барлық түрлерінің болжамдық ресурстарында жасалған елдің үлкен әлеуеті.
2. Жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттың болуы және оған автоматтандырылған қол жеткізу.
3. Жұмыстардың барлық түрлері мен кезеңдерін жүргізу тәжірибесі бар геологиялық барлау кәсіпорындарының болуы.
4. Қазақстанның жер қойнауына геологиялық зерттеулерді жоспарлы және нәтижелі жүргізу.

Әлсіз жақтары
1. Жоғарғы жеңіл қолжетімді кен орындары қорларының азаюы.
2. Пайдалы қазбалар сапасының нашарлауы.
3. Нарықтың сыртқы және ішкі конъюнктурасына тәуелділік.
4. Білікті мамандардың тапшылығы.
5. Геологиялық салаға 35 жасқа дейінгі жас кадрлардың ағынының азаюы.
6. Мемлекеттік салалық ғылыми-зерттеу ұйымдарының жоқтығы.

Мүмкіндіктер

Қауіптер

1. Минералдық шикізатты өндіру мен тұтыну қарқынын арттыру.
2. Минералдық шикізатқа бағаның өсуі.
3. Трансұлттық компаниялар мен жекелеген елдердің шектеулі санының иелігіндегі минералдық-шикізат ресурстарының шоғырлану процесін күшейту.
4. Кендерді технологиялық қайта өңдеуді тереңдету.
5. Жер қойнауының перспективалы учаскелеріне қол жеткізу үшін компаниялар арасында күрестің шиеленісуі.

1. Жаңа кен орындарын табудың негізгі перспективалары үлкен тереңдіктермен және жетуі қиын өңірлермен байланысты.
2. Сапасы төмен барланған кендерден металдарды алудың тиімді технологиясының жоқтығы, бұл оларды әзірленімге тартуды тежейді.
3. Кадрларды кәсіби даярлаудың жеткіліксіздігі.

3.3. Тиісті саланы дамытудың негізгі проблемалары,
үрдістері және алғышарттары

      Үйінділерде, үйінді сақтауларда және Қазақстанның тау-кен-өнеркәсіптік кәсіпорындарының жинақтауларында техногендік минералдық түзілімдер (бұдан әрі - ТМТ) 34 млрд. тонна жинақталған, оның ішінде: 72 % - жыныс үйінділері, 20 % - кендерді байытудың жыныс үйінділері, 8 % - басқа да ТМТ. Мемлекеттік теңгерімде ескерілген техногендік минералдық түзілімдердің барлығы - 775 (109 - жер қойнауын пайдаланудан бос, 666 - қолданыстағы кәсіпорындарда және кен орындарында орналасқан).
      Кендерді концентратқа байыту кезінде жеткізілген кендердегі негізгі металдардың 75-85 % алынады, қалған бөлігі үйінділерде жинақталады. Металлургиялық бөліністе негізгі металдардан бастапқы өнімді алу 80-95 % құрайды, қалған бөлігі үйінділерге кетеді. Көптеген кен орындарының кендері кешенді, олардың өнеркәсіптік құндылығын анықтайтын негізгі құраммен қатар асыл (алтын, күміс, платина және басқалар), шашыранды және сирек кездесетін (висмут, селен, теллур, рений, кадмий, титан, кобальт, никель, ванадий және т.о.) металдар да бар, олар көп жағдайда негізгі массада бірге бос жыныстармен, кондицияға сәйкес емес кендермен және байыту үйінділерімен бірге үйінділерге кетеді.
      Ашық жыныстар мен байыту үйінділері тек металдарды екінші рет алу (хром, кобальт, никель, темір, титан, платина) үшін ғана емес, сондай-ақ жоғарғы тазалықтағы магний оксидінің өндірісі үшін, отқа шыдамдылығы, кешенді құймалары, құрылыс материалдары, минералдық тыңайтқыштар, инженерлік құрылыстардың үймелері үшін де пайдаланылады.
      ТМТ көлемінің жыл сайын артуы байқалады, пайдалы қазбаларды өндірудің және қайта өңдеудің көлемін арттырудың нәтижесінде 350-400 млн. тоннаны құрайды. Соған қарамастан, ТМТ тұтынудың жалпы жылдық тұтыну деңгейі жылдық шығымның шамамен 11 %-ын құрайды, ал дамыған индустриялық елдерде өнеркәсіптік үйінділерді пайдалану деңгейі 70-80 % құрайды.
      ТМТ қайта пайдаланудың ықтимал салалары бойынша 3 түрге бөлінеді:
      құрылыс шикізаты;
      шығарылатын металдар бойынша - мыс, мырыш;
      аралас түрдегі - құрылыс материалдары және металдарды алу үшін жарамды.
      Бірінші түрді қайта өңдеу алаңдарды босатуды қамтамасыз етеді, екінші түр - металды алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бірақ қалпына келтірудің мәселелерін шешпейді, себебі үйінділердің екінші рет қайта өңделуде ондағы пайдалы құрамның төмендігіне байланысты, дәл сол қалдықтарды береді. Үшінші түрі жерді қайта қалпына келтіруге және металды алуға жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
      ТМТ тиімді пайдалану және аумақты босату үшін:
      ТМТ қайта өңдеуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынуға арналған конкурстарды жүргізуге мақсатты түрде бастамашылық ету ұсынылады;
      минералдық-шикізат кешенін қайта өңдеу жөніндегі Ұлттық орталыққа қалған металдарды алудың жаңа технологияларын әзірлеу қажет.
      Саланы дамытудың алғышарттары мыналар:
      елдің тұрақты саяси және экономикалық жай-күйі;
      барлық пайдалы қазбалар түрлерінің болжамдық ресурстарымен қамтамасыз етілген минералдық-шикізат базасының үлкен әлеуеті;
      әлемдік шикізат нарығының қолайлы конъюнктурасы;
      Қазақстанның ұзақ мерзімді перспективадағы геосаяси және экономикалық мүдделері елдің минералдық-шикізат базасының жай-күйіне байланысты болады.
      Бағдарламаны іске асыру екі бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады:
      өңірлік және геологиялық-түсіру, ірі масштабты алаңдық іздестіру және іздеу-бағалау жұмыстары мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен жүргізіледі;
      кен орындарын барлау және игеру инвестициялар есебінен жүргізіледі.

3.4. Қазіргі нормативтік құқықтық базаның сипаттамасын қоса
алғанда, саланы дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы
саясатын, қолданыстағы практиканы және саланы дамытуды
қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру
нәтижелерін талдау

      Ескерту. 3.4-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1491 қаулысымен.

      Мемлекеттік реттеу саясаты минералдық шикізат ресурстарын ұдайы өндіруге, жер қойнауын тиімді және кешенді пайдалануға бағытталған саланың тұрақты дамуын көздейді. Пайдалы қазбалардың қосымша қорларын анықтауға бағытталған геологиялық зерттеулердің тиімді жүйесін құру мен жетілдіру және жер қойнауын тиімді және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысымен бекітілген Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді.
      2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заң жер қойнауын геологиялық зерттеудің нормативтік-құқықтық базасы болып табылады. Геологиялық зерттеулердің барлық түрлері геологиялық барлау жұмыстарының барлық түрлері үшін әзірленген нұсқаулықтар мен нормативтік талаптарға сәйкес жүргізіледі.
      Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы дамыту мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылардың мүдделерін есепке алу, олардың арасындағы өзара қарым-қатынастың айқын сызбасын жасау негізінде осы саладағы мемлекеттік реттеу ресімдерін жеңілдету мақсатында жасалған.
      Минералдық-шикізат кешенін тиімді дамытуды жалғастыру үшін мынадай шаралар көзделеді:
      1) минералдық шикізаттың тапшы түрлерін барлау саласына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау (салалық заңнамаға, пайдалы қазба қорларының жіктемесі мен санаттылығына, геологиялық барлау жұмыстарының кезеңділігіне өзгерістер енгізу және тағы басқа), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Геологиялық саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген геологиялық саланың инфрақұрылымын жетілдіру;
      2) тұжырымдаманың негізгі стратегиялық мақсаты Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасын ұдайы өндіру болып табылатын «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамын (бұдан әрі – «Қазгеология» ҰГК» АҚ) еліміздің минералдық-шикізат базасын дамыту міндетін шешуге белсенді тарту;
      3) мыналар негізгі стратегиялық даму бағыттары:
      Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру;
      құнының тұрақты өсуін қамтамасыз ету мақсатында тау-кен активтерін тиімді басқару;
      қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеруде мемлекеттің қатысуын өсіру;
      жер қойнауын пайдаланушылармен және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаты бойынша жұмыстарды орындау болып табылатын «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-мен тығыз әріптестікті орнату арқылы Қазақстан Республикасының минералдық-шикізатын пайдаланудың тиімділігін арттыру.

3.5. Қазіргі проблемаларды шешуде Қазақстан Республикасының
жағдайларына бейімдеуге болатын шетелдік оң тәжірибеге,
сондай-ақ қажет болған жағдайда жүргізілген маркетингтік
зерттеулердің нәтижелеріне шолу

      Қазіргі уақытта минералдық-шикізаттық ресурстарды өндіру бойынша мәселелердің өткірлігін түсіну мен шешудің қажеттілігі ғаламдық сипатқа ие. Жаңа бәсекеге қабілетті кен орындарын анықтау жөніндегі іс-шаралардың әмбебаптағы елдердің географиялық орналасуы мен олардың экономикалық даму деңгейіне тәуелсіз ортақ іс-шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
      Минералдық ресурстарды өндірудің үдерісіне мемлекеттік қатысу әлемнің барлық дамыған елдерінде бар.
      Ол пайдалы қазбалардың кен орындарын анықтауда мемлекеттік инвестициялардың, сондай-ақ жеке қордың да қатысу принципіне негізделген.
      Бұл жеңілдікті кредиттерді пайдалану, геологиялық ақпараттарды пайдалануға төлемдер, келісімшарттарды, жұмыстық бағдарламаларды орындауды бақылау, келісімшарттық міндеттемелерді бұзу айыппұлдары сияқты жазалайтын, сондай-ақ ынталандырушы сипатқа ие тиісті салық саясатымен қамтамасыз етіледі.
      Бұдан алынған қаражат пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын анықтау бойынша геологиялық-барлау жұмыстарына пайдалануы мүмкін.
      Ресей Федерациясының тәжірибесі көрсеткендей, геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру жүйесімен қатар, кен орындарын іздеу мен барлаудың заманауи тәсілдерін кеңінен енгізу, геологиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, геологиялық барлау техникалары мен құралдарының жаңа түрлерін енгізу, геологиялық зерттеуде іздеуге басымдық беру қажет.
      Мұнда жақын уақытта Қазақстан әлемдік интеграцияда минералдық-шикізат мемлекеті ретінде қала береді және негізгі экспорттық тауар минералдық ресурстар мен оның шегіндегі өнімдер болып қала бермек.
      Халықаралық тәжірибеге сәйкес Қазақстанның геологиялық саласы соңғы нәтижелікке - елдің шикізат, саяси және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін минералдық шикізаттың жаңа қорларын анықтауға бағытталады.

4. Бағдарламаны жүзеге асырудың мақсаттары, міндеттері,
нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері

4.1. Бағдарламаның мақсаты

      Осы Бағдарламаның мақсаты өнеркәсіптің барлық салаларын белсенді дамыту үшін минералдық ресурстарды ұтымды және кешенді пайдалану мен ұдайы өндіруді қамтамасыз ету.

4.2. Әрбiр мiндет бойынша жоспарланған мәнге қол жеткiзу
болжанып отырған нақты (орта мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi)
кезеңдi көрсете отырып, бағдарлама мiндеттерiнiң шешiлу
дәрежесiн сипаттайтын, сандық және сапалық жағынан өлшенетiн
мәндер ретiнде белгiленетiн нәтижелер көрсеткiштерi

      Ескерту. 4.2-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1491 қаулысымен.

Мақсаты: Өнеркәсiптiң барлық салаларын белсендi дамыту үшiн минералдық ресурстардың ұтымды және кешендi пайдаланылуы мен қайта өндірілуін қамтамасыз ету

Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 жылы пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің қорын толтыру пайызы (өсу бойынша өндірілген қорлардың өтелген қорларға қатынасы) – 50 %.

%

23

25

25

30

0

50

1-мiндет. Пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің болжамдық ресурстарын бағалау

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Болжамды ресурстарды бағалау:








алтын

тонна

102,8

110

105

108

0

100,4

мыс

мың тонна

0,95

1

1

1

0

1

полиметаллдар

мың тонна

4,95

6,1

3,6

6,1

0

5,2

2-мiндет. Пайдалы қазбалардың негiзгi түрлерi бойынша қорлардың өсiмi

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Қорлардың өсуi:








алтын

тонна

10,161

10

1,0

13,5

0

15

мыс

мың тонна

561,7

150,0

100,0

105

0

110

полиметаллдар

мың тонна

0

0

0

115

0

120

Нысаналы индикаторлар

Өлш. бiрл.

2009
ж.

2010
ж.

2011
ж.

2012
ж.

2013
ж.

2014
ж.

Ауылдық елді мекендерді жер асты суларының қорларымен қамтамасыз ету

%

30,8

30,8

33,5

43,2

49,5

57,3

3-мiндет. Ауылдарды жерасты суларының көздерiнен шыққан сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Жерасты су қорларымен қамтамасыз етілетін ауылдардың саны

ауыл

-

-

52

0

341

216

Iрi елдi мекендердi және топтық су құбырларын жерасты сулары қорларымен қамтамасыз ету үшiн жерасты суларының қорларын қайта бағалау арқылы жете барлау

кен орны

2

4

12

0

35

30

Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

2009
ж.

2010
ж.

2011
ж.

2012
ж.

2013
ж.

2014
ж.

Дерекқорды геологиялық ақпаратпен толықтыру

%

-

-

-

-

-

95

4-мiндет. Геологиялық ақпараттың және геоақпараттық жүйелердің дерекқорын қалыптастыру

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Геологиялық ақпаратты санға айналдыру

Тб

-

-

-

-

-

20

4.3. Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге,
нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік
және өзге органдар

      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі.

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

5.1. 1:200000 масштабында жер қойнауын геологиялық жете зерттеу

      2010 жылы Солтүстік Жоңғарияда, Үлкен Қаратау жотасының шегіндегі аудандарда Көкшетау, Қостанай және Жезқазған жаңартылған геологиялық негіз құру және пайдалы қазбалардың әр алуан түрлерінің болжамды ресурстарын бағалау мақсатында жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Шыңғыс-Тарбағатайда, Жәйрем-Үшқатында, Мұғажар және Алматы облысының Шығыс Балқаш аудандарында геологиялық-түсіру жұмыстары басталды.
      2011 жылы Торғай ойпатының солтүстік шығысында, Теңіз ойпатының оңтүстік бортының шегінде, Кенді Алтайда 1:200000 масштабта 12 номенклатуралық парақтың аумағында өңірлік зерттеулерді бастау жоспарлануда.
      2012 жылы 2010 - 2011 жылдары басталған жұмыстар жалғастырылатын болады және Павлодарлық Ертіс маңында дала жұмыстары басталады.
      2013 жылы 2011 жылы басталған жұмыстар аяқталады және Қарағанды тау-кен-өнеркәсіптік ауданындағы өңірлік зерттеулердің басталуы жоспарлануда.
      2014 жылы - бұрын басталған барлық жұмыстарды аяқтау және масштабы 1:200000 алаңдарды геологиялық жете зерттеулердің көпжылдық циклін аяқтайтын бес номенклатуралық парақтың шегінде жұмыстарды бастау.

5.2. 1:200000 масштабта геологиялық-минералогиялық картаға түсіру

      2010 жылы Кетмен кенді құрылымының, Текелі және Арқарлы тау-кен аудандарының шегінде жұмыстар аяқталады. Бозшакөл құрылымдық-металлогенді аймағының шегінде жұмыстар жалғасады. Оңтүстік-Валерьян аймағында, Байұлысты-Ақсу-Жолымбет және Сауыр алаңдарында зерттеулерді бастау жоспарлануда.
      2011 жылы Бозшакөл алаңын зерттеу аяқталады және бұрын басталған алаңдардағы жұмыстар жалғасады. Сарытұма және Жалайыр-Найман құрылымдық-металлогендік алаңдарында минерагендік зерттеулерді бастау көзделуде.
      2012 жылы Оңтүстік-Валерьян, Байұлысты-Ақсу-Жолымбет және Сауыр алаңдарының шегінде жұмыстар аяқталады. Кіндіктас, Текелі-Өсек, Батыс Тарбағатай және Подольск-Дрожиловск алаңдарының аумақтарында жұмыстар басталады.
      2013 жылы Сарытұма және Жалайыр-Найман аймақтарының шегіндегі жұмыстарды аяқтау және Орталық Қаратау, Нұра және Байқоңыр аудандарында жұмыстарды бастау жоспарлануда.
      2014 жылы іс жүзінде үш геологиялық-минерагендік зерттеулерден басқа барлық жобалар аяқталады.

5.3. 1:200000 масштабта терең геологиялық карталау

      2010 жылы бұл түрдегі жұмыстар жоспарланбаған.
      2011 жылы 6 жоба бойынша Батыс, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Қазақстандағы борпылдақ шөгінділер қабығымен жабылған аумақты терең зерттеулерді бастау жоспарлануда.
      2012 жылы басталған жобалар бойынша аумақты зерттеу жүргізілетін болады.
      2013 жылы терең геологиялық карталау бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.

5.4. 1:200000 масштабында жер қойнауын жете гидрогеологиялық
зерделеу және инженерлік-геологиялық зерттеулер

      2010 жылы - Семей ядролық полигоны, Азғыр, Ембі-5 полигондары аудандарында, сондай-ақ алаңы 13,65 мың шаршы км. Ресеймен шекаралас Шығыс Қазақстанда жұмыстарды аяқтау және 4 жоба бойынша Каспий маңының солтүстік-батысында, Солтүстік, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Қазақстан аудандарында 8,42 мың шаршы км алаңда жұмыстарды бастау.
      2011 жылы 2010 жылы басталған алаңы 8,0 мың шаршы км 4 объекті бойынша жұмыстар жалғасады және тұщы жерасты суларының тапшылығы және қарқынды техногендік жүктемесі сезілетін аудандардағы 6 объекті бойынша, сондай-ақ Ресеймен шекаралас Шығыс және Батыс Қазақстан аумағында 12,0 мың шаршы км алаңда жұмыстар басталады.
      2012 жылы 2010 жылы басталған 7,49 мың шаршы км алаңдағы 4 объекті бойынша жұмыстарды аяқтау, сондай-ақ 2011 жылы басталатын 13,95 мың шаршы км алаңда 6 объекті бойынша жұмыстарды жалғастыру, 7,87 мың шаршы км алаңдағы Батыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның бұрын түсірілмеген аумақтарындағы 3 объекті бойынша жаңа зерттеулерді бастау.
      2013 жылы 2011 жылы басталған 6,42 мың шаршы км алаңдағы 6 объекті бойынша жұмыстарды аяқтау, 2012 жылы басталған 7,44 мың шаршы км алаңдағы 3 объекті бойынша жұмыстарды жалғастыру, және батыс Арал маңы, Тайсойған полигоны, мен Ресеймен шекаралас аумақтарда түсірілмеген 10 объекті бойынша жаңа зерттеулерді жалғастыру, сондай-ақ тұщы жерасты суларының тапшылығы және қарқынды техногендік жүктемені сезінетін аудандардағы 22,21 мың шаршы км алаңда жұмыстар бастау.
      2014 жылы 2012 жылы басталған 4,35 мың шаршы км алаңдағы 3 жоба бойынша жұмыстарды аяқтау, 2013 жылы басталған 22,9 мың шаршы км алаңдағы 10 объекті бойынша жұмыстарды жалғастыру және тұщы жерасты суларының тапшылығы мен 8,82 мың шаршы км алаңдағы қарқынды техногендік жүктемені сезінетін аудандардағы батыс Арал маңының, Батыс және Орталық Қазақстанда түсірілмеген аумақтарда 4 объекті бойынша жаңа зерттеулерді бастау.

5.5. Жер қойнауының тереңдегі құрылымын зерттеу
жөніндегі геофизикалық зерттеулерді жүргізу

      2010 - 2014 жылдары Қазақстанның жер қойнауын өңірлік зерттеу шеңберінде Бағдарламада Солтүстік Торғай, Теңіз, Ертіс маңындағы геофизикалық зерттеулерді тіреу-параметрлік ұңғымаларды бұрғылау арқылы геофизикалық зерттеулер жүргізу қарастырылуда. Зерттеулер іздеудің геохимиялық әдістерін қолдана отырып, сейсмикалық, аэрогеофизикалық, космогеологиялық және жер үстіндегі геофизикалық гравиметриялық жұмыстарды қамтитын әдістер кешенімен орындалатын болады.
      Бұдан басқа, заманауи технологиялар мен техникалық құралдарды пайдалану арқылы бастапқы сейсмикалық материалдарды қайта түсіндіру көзделуде. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ғаламдық тектоникада кен орындарының қалыптасу және орналасу заңдылықтарын анықтауға және өңірлік болжамның сенімділігін арттыруға мүмкіндік беретін Қазақстанның шығыс жартысының бассейн құрылымының көп факторлы модельдері құрылады.

5.6. Іздеу, іздеу-бағалау және іздеу-барлау жұмыстары

      Бұрыннан белгілі объектілер, сондай-ақ геологиялық жете зерттеу кезінде анықталған перспективалы кенді аймақтар, тораптар мен учаскелер масштабы 1:50000 сәйкес болжам және одан ірі геофизикалық, геохимиялық, тау-кен және бұрғылау жұмыстарымен бағаланады. Пайдалы қазбалар үлгісіне, физикалық қасиеттеріне, кен объектілерінің орналасу тереңдігі мен параметрлеріне қарай геологиялық барлау жұмыстарының неғұрлым тиімді кешендері мен әдістері таңдалып алынады. Бастапқы жұмыстар перспективалы учаскелерде 100 х 20 м желісі бойынша кейіннен перспективалы учаскелерде нақтылана отырып, 200 х 40 м желісі бойынша литогеохимиялық және жеңіл геофизикалық әдістермен жүргізіледі. Гравиметриялық барлау мен электрлік барлау объектілерді іздестіріп бұрғылауға дайындау кезеңінде шағын көлемде жүргізіледі. Анықталған геофизикалық және геохимиялық ауытқулар тереңдігі 200-300 метрге дейінгі ұңғымаларды іздестіріп, бұрғылаудың бірнеше бейінімен бағаланады. Зерттеудің сейсмикалық әдістерімен және ұңғымаларды бұрғылау арқылы перспективалы мұнай-газ құрылымдарын бағалау көзделеді.
      Халықты жерасты суларының қорларымен қамтамасыз ету бойынша іздеу-барлау жұмыстарының объектілері жыл сайынғы облыс әкімдіктерінің өтініштері және әкімшілік облыстардың, алаңдарын тексерудің нәтижелері бойынша анықталады. Бұдан басқа, іздеу-барлау жұмыстарын сүйемелдеу көзделеді, ол Қазақстан Республикасының елді мекендерінің және экономика секторларының, әкімшілік облыстардың, экономикалық аудандарының, өзен бассейндерінің іздеу-барлау жұмыстарының бағыттарын негіздеу бойынша жерасты суларының ресурстарымен және қорларымен қамтамасыз етілу жай-күйін анықтауға мүмкіндік береді.
      Іздеу-барлау жұмыстарының 2 жылдық зерттеу циклі болады және геологиялық-гидрогеологиялық талаптардың қиындығына байланысты бағдарлық тексеруді, ұңғымаларды бұрғылауды, геофизикалық зерттеулерді, тәжірибелік-сүзгілік жұмыстарды, жерасты суларының мониторингін, химиялық-талдамалық зерттеулерді, ғылыми өңдеу жұмыстарын қамтиды. Жұмыстардың нәтижелері қорлары бекітілетін және оларды Мемлекеттік балансқа қоятын мемлекеттік геологиялық сараптамадан өтеді.
      Іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарына жеке инвестицияларды тарту «Тау Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы мен өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары арқылы мемлекеттік-жеке әріптестік принциптері негізінде жүзеге асады.
      Бүгінгі күні Геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен жасалған сомасы 964,0 млн. теңгені құрайтын инвесторлардың жеке қаражаты есебінен мемлекеттік геологиялық зерделеуге арналған 7 жоба бар, соның ішінде: қатты пайдалы қазбалар - 664,0 млн. теңге, көмірсутекті шикізат - 300,0 млн. теңге. Қолданыстағы тау-кен өндіруші кәсіпорындарды қорлармен қамтамасыз ету бойынша сирек кездесетін және түрлі-түсті металдардың басым бағыттарына арналған іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарына инвестицияларды тарту бойынша іс-шаралар жалғасады.

5.6.1. Қатты пайдалы қазбаларға арналған ірі масштабты
алаңдық іздеу жұмыстары

      Қазіргі уақытта өңірлік геологиялық зерттеулерді жүргізудің нәтижесінде бағаланған болжамды ресурстардың едәуір көлемі бар әр түрлі пайдалы қазбалардың әр алуан түрлерінің қара, түсті және асыл металдар, кенді емес шикізат кенорындарын анықтауға арналған әлеуетті перспективалы көптеген алаңдар анықталды. Шикізат әлеуетін одан әрі жүзеге асыру мақсатында іздеу-бағалау жұмыстары үшін кен объектілерінің перспективалы алаңдарында анықтау үшін алаңдық іздеу жұмыстарын жүргізу қажет.
      2011 жылы Қазақстанның әр түрлі өңірлерінде 15 жоба бойынша ірі масштабты іздеу жүргізу көзделген. 4,2 мың шаршы км алаңда жұмыстарды жүргізу жоспарлануда.
      2012 жылы алдыңғы жылғы іздеуге қатыстырылған учаскелердегі жұмыстар жалғасады.
      2013 жылы кен объектілерінің әлеуетті өнеркәсіптік құндылықтарды анықтау және одан әрі іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізу үшін ұсыныстар беру арқылы 15 жоба бойынша жұмыстар аяқталады.

5.6.2. Қатты пайдалы қазбаларға арналған іздеу-бағалау
жұмыстары

      2010 жылы - бұрын басталған төрт учаскедегі жұмыстарды жалғастыру, түсті және асыл металдар қорларының есімін алу мақсатында 10 учаскеде жұмыстарды бастау.
      2011 жылы төрт учаскеде жұмыстарды аяқтау, 10 учаскеде жұмыстарды жалғастыру және 20 учаскеде жұмыстарды бастау.
      2012 жылы 10 учаскеде жұмыстарды аяқтау және бұрын басталған 20 учаскеде жұмысты жалғастыру жоспарланып отыр.
      2013 жылы - 20 учаскеде жұмыстарды аяқтау.
      2014 жылы ірі масштабты алаңдық іздеу жұмыстары кезінде анықталған учаскелерде жұмыстарды бастау жоспарлануда.

5.6.3. Көмірсутегі шикізатына арналған іздеу-бағалау жұмыстары

      Бағдарламаға сәйкес мыналар көзделеді:
      2010 жылы Каспий теңізінің қазақстандық секторы аумағында жалпы аумағы 115000 шаршы км гравимагниттік түсірілімдерді бастау жоспарлануда.
      2011 жылы Каспий теңізінің қазақстандық секторы аумағындағы гравимагниттік түсірілімдерді аяқтау жоспарлануда және Каспий маңы ойпатының батыс қаптал бөлігі шегіндегі Захатсор учаскесінде іздеу-бағалау жұмыстарын бастауға болжам жасалып отыр.
      2012 жылы Захатсор учаскесінде іздеу-бағалау жұмыстарын жалғастыруға болжам жасалып отыр.
      2013 жылы Сауырбай, Алмазный және Шалқар учаскелерінде іздеу-бағалау жұмыстарын бастауға болжам жасалып отыр.
      2014 жылы Захатсор учаскесінде іздеу-бағалау жұмыстарын аяқтау, Алмазный, Шалқар және Сауырбай учаскелерінде жұмыстарды жалғастыру және Құсанқұдық-Қарабек және Каспий маңы ойпатының орталық бөлігіндегі Орсай-Сарымбет учаскелерінде іздеу-бағалау жұмыстарын бастау жоспарлануда.

5.6.4. Іздеу-барлау жұмыстары

      Осы Бағдарламаның шеңберінде іздеу-барлау жұмыстары мына бағыттар бойынша жүргізілетін болады:
      ауыз судың жіті тапшылығын сезінетін 3547 ауылдың 1273-ін, соның ішінде 2010 жылы - 51, 2011 жылы - 341, 2012 жылы - 249, 2013 жылы - 302, 2014 жылы - 330 ауылды жерасты сулары қорларымен қамтамасыз ету үшін іздеу-барлау жұмыстары;
      олардың пайдалану мерзімінің өтуіне байланысты жерасты суларының 156 барланған кен орындарының қорын қайта бағалау мақсатында жете барлау, соның ішінде 2010 жылы - 16, 2011 жылы - 35, 2012 жылы - 35, 2013 жылы - 35, 2014 жылы - 35;
      2011 - 2012 жылдары Арқалық және Ақкөл қалаларының тұрғындарын жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын барлау;
      16 объекті бойынша іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу, оның ішінде 2011 жылы - 4, 2012 жылы - 4, 2013 жылы - 4, 2014 жылы - 4.

5.7. Минералдық-шикізат базасының мониторингі және жер қойнауын пайдалану

      Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасының мониторингі Қазақстанның минералдық-шикізат базасын толықтыруда болжау міндеттерін шешу үшін осының алдындағы 20 жылдық кезеңді шола отырып, пайдалы қазбалардың көмірсутегі шикізаты және жерасты суы бойынша анықтамалық-талдамалық жүйе негізінде жүзеге асырылады. Анықтамалық-талдамалық жүйені жаңғырту және оны жаңа деректермен үнемі толықтыру, пайдалы қазбалар кен орындары сапасының техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің мониторингі Қазақстан аумағындағы көмірсутегі шикізаты, қатты және кеңінен таралған пайдалы қазбалар бойынша лицензиялық және тендерлік объектілер жөніндегі мониторингілік карталарды тоқсан сайын жаңарту, редакциялау мен шығару, жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын қамтамасыз етуге арналған нормативтік-техникалық құжаттар жасауы минералдық шикізат базасының жай-күйі туралы анықтамалықтар дайындау мен «Геология және жер қойнауы» журналын шығару көзделіп отыр.
      Бағдарламада тұрақты негізде минералдық-шикізат базасының мониторингін жүзеге асыру көзделеді. Мониторингтің нәтижелері мемлекеттік органдарды Республиканың минералдық-шикізат ресурстарының ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

5.8. Жерасты сулары мен қауіпті геологиялық үдерістердің
мониторингі

      Мыналар көзделеді:
      жерасты суларының және қауіпті геологиялық үдерістердің мониторингін жұмыс істеп тұрған, посттарда және полигондарда жүйелі режимдік бақылаулар жүргізу;
      Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мемлекеттік деректер банкінің құрамында жерасты суларының мемлекеттік су кадастрын және «Жерасты суларының» қосалқы жүйесін жүргізу;
      трансшекаралық өзендердің бассейндерінде және гидрогеологиялық бассейндерде, жерасты суларына арналған қарқынды техногендік әрекет ету аудандарында жерасты сулары мониторингінің бақылау пунктерін, посттарын және полигондарды, сондай-ақ тау бөктерінде және өнеркәсіптік-қалалық агломерацияларда қауіпті геологиялық үдерістердің мониторингін құру.
      2010 жылы - 5000 бақылау пунктерінде жерасты суларының, 5 техногенді ластанған полигонында (Мырғалымсай-Түркістан, Қошқарата, Елек, Семей және Рудный-Қостанай), 13 постта (Алматы болжамдық полигонындағы Ақкөл, Сарыжас, Боғұты, Казачка, Қопа, Түрген, Қаскелең, Медеу, Луговая посттарында, Солтүстік Қазақстандағы Шалқар полигонында, Шығыс Қазақстандағы «Зайсан» постында, Атыраудағы «Егіз» және Маңғыстау облысындағы «Беке» постында) мониторингін жалғастыру, 42 постта (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстары) және 2 полигонда (Ертіс және Қаскелең-Талғар) қауіпті геологиялық процестерді зерделеу;
      жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мемлекеттік деректер банкінің құрамында жерасты суларының мемлекеттік су кадастрын және «Жерасты суларының» қосалқы жүйесін жүргізу;
      жерасты сулары мен қауіпті геологиялық үдерістердің (зерттеудің кашықтықтағы әдістерін пайдалана отырып, бағдарламалық, техникалық, ақпараттық және картографиялық мониторингті қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз етілушілікті, ресурстарды және ластануды, тақырыптық карталарды жасақтау мен шығаруды қоса алғанда, оның ішінде өзендердің бассейндері гидрогеологиялық, аумақтарды аудандастыруды қосылғанда жерасты суларының жай-күйін бағалау, бағдарламалар мен нормативтік құжаттарды әзірлеу) жүргізуді сүйемелдеу.
      2011 жылы - 5000 бақылау пунктеріндегі, жерасты суларының, техногенді ластанудың, 5 полигонында, жер сілкіністерінің гидродинамикалық хабаршыларын зерделеудің 13 постта мониторингті жалғастыру, 42 постта және 2 полигонда қауіпті геологиялық үдерістерді зерделеу, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мемлекеттік деректер банкінің құрамында жерасты суларының мемлекеттік су кадастрын және «Жерасты суларының» қосалқы жүйесін жүргізу, жерасты сулары мен қауіпті геологиялық үдерістердің жүргізуді сүйемелдеу.
      2012 жылы - 5000 бақылау пунктерінде, жерасты суларының техногенді ластанудың 5 полигонында, жер сілкіністерінің гидродинамикалық хабаршыларын зерделеудің 13 постта мониторингті жалғастыру, 42 постта және 2 полигонда қауіпті геологиялық үдерістерді зерделеу, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мемлекеттік деректер банкінің құрамында жерасты суларының мемлекеттік су кадастрын және «Жерасты суларының» қосалқы жүйесін жүргізу, жерасты сулары мен қауіпті геологиялық үдерістерді мониторингін жүргізуді сүйемелдеу.
      2013 жылы - 5000 бақылау пункттерінде жерасты суларының техногенді ластанудың 5 полигонында, жер сілкіністерінің гидродинамикалық хабаршыларын 13 постта зерделеудің мониторингін жүргізу, 42 постыда және 2 полигонда қауіпті геологиялық үдерістерді зерделеу, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мемлекеттік дерекқордың құрамында жерасты суларының мемлекеттік су кадастрын және «Жерасты суларының» қосалқы жүйесін жүргізу, жерасты сулары мен қауіпті геологиялық үдерістердің мониторингін жүргізуді сүйемелдеу.
      2014 жылы - 5000 бақылау пункттерінде жерасты суларының, техногенді ластанудың 5 полигонында, жер сілкіністерінің гидродинамикалық хабаршыларын зерделеудің 13 постында мониторинг жүргізу, 42 постта және 2 полигонда қауіпті геологиялық процестерді зерделеу, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мемлекеттік дерекқордың құрамында жерасты суларының мемлекеттік су кадастрын және «Жерасты суларының» қосалқы жүйесін жүргізу, жерасты сулары мен қауіпті геологиялық үдерістердің мониторингін жүргізуді сүйемелдеу.

5.9. Мұнай және өздігінен төгілетін гидрогеологиялық
ұңғымаларды жою және консервациялау

      2002 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1449 қаулысымен бекітілген Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес мұнай және өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау бойынша жұмыстар жүргізілді.
      2002 - 2009 жылдар аралығында 99 мұнай ұңғымасы, оның ішінде Каспий теңізінің су басу аймағында 47, құрлықта 52 ұңғыма жойылды.
      2003 - 2009 жылдар аралығында 516 гидрогеологиялық ұңғымалар, оның ішінде 149 - радионуклидті ластанған ұңғыма жойылды. 2324,1 мың шаршы метр алаңдағы радионуклидті және химиялық ластанудың тәулігіне 335,4 мың текше метр табиғи су ресурстарын жоғалту қаупі жойылды, сондай-ақ жалпы көлемі 2062,8 мың шаршы метр алаңдағы аумақ құрғатылды.
      2010 жылы Бағдарламада Каспий теңізінің қазақстандық секторында және Каспий теңізінің су басу аймағы шегінде 1900 мұнай ұңғымасын мен құрлықтағы 11000 мұнай және газ ұңғымаларын тексеру көзделеуде. Зерттеу нәтижелері бойынша Каспий теңізінің су басу аймағындағы және құрлықтағы 12 апатты мұнай және газ ұңғымаларын: 2011 жылы - 3 ұңғыманы, 2012 жылы - 3 ұңғыманы, 2013 жылы - 3 ұңғыманы, 2014 жылы - 3 ұңғыманы жою жүргізу жоспарлануда.
      2010 жылы - 3500 гидрогеологиялық ұңғыма тексерілетін болады. 2011 жылы - 86, 2012 жылы - 86, 2013 жылы - 86 және 2014 жылы - 65 өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғыма жойылады.
      Тексерулер бойынша жұмыстарды орындау кезінде анағұрлым экологиялық қауіпті техногендік объектілер ретінде консервациялаудағы «қараусыз» ұңғымаларға түгендеу жүргізіледі, олардың теңгерімдік тиістілігі анықталады, техникалық жай-күйі тексеріледі және Ұңғымалар кадастры жасақталады. Ұңғымаларды тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша анықталған апатты ұңғымаларды жою бойынша жұмыстардың одан әрі бағыты анықталатын болады.

5.10. Геология саласының басым бағыттарын ғылыми-техникалық
қолдау

      Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер минералдық-шикізат базасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерін шешуде және елдің шикізаттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аса маңызды талап болып табылады. Олар Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасын нығайтуға бағытталған ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін ескере отырып, геологиялық саланы дамытудың теориялық негізін құруды көздейді.
      Қазақстанда геология саласындағы ғылыми зерттеулер екі бағыт бойынша дамуда. Іргелі зерттеулер геология саласының ғаламдық мәселелерін: кен генезі мен кенді таратпаудың теориялық мәселелерін, терең үдерістері бар кендену мен мұнай-газдылықтың байланысын, жерді зерттеу - барлық минералдық ресурстардың көзі ретінде шешуге бағытталған.
      Екінші бағыт - геология саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер елдің минералдық-шикізат базасын толтыру міндеттерін шешуге, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеудің тиімді әдістерін әзірлеуге, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің жаңа технологияларын әзірлеуге және жетілдіруге бағытталған.
      Қазіргі уақытта іргелі ғылым мен қолданбалы ғылыми зерттеулер арасындағы айырмашылық оң жолға қойылды. Осы екі бағыт та бір негізгі міндетті шешуге - пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын анықтауға негізделген.
      Өткен жүзжылдықтың 90-жылдарында геологиялық ғылым қиын кезеңді бастан өткізді. Республиканың негізгі ғылыми ұйымдары-мемлекеттік кәсіпорындар (Қазақ минералдық шикізат ғылыми-зерттеу институты, Бүкілодақтық барлау геофизика институтының Қазақ филиалы және басқа да ғылыми бағыттағы ұйымдардың бірқатары, Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау институты және басқалар) ретінде өздерінің жұмыс істеуін тоқтатты.
      Қазіргі уақытта олардың жеке меншік кәсіпорын мәртебесі бар. 2010 жылы қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру толығымен тоқтатылды, бұл жоғары білікті мамандардың кетуіне алып келді.
      Қазақстан тәуелсіздік алған және халық шаруашылығының нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде геология саласы қалыптасудың қиын жолынан өтті. Геологиялық барлау ұйымдарының көпшілігі акционерлік қоғам болды және олар қазіргі уақытта негізгі міндетті - елдің өнеркәсіптік кешенін минералдық шикізат қорымен қамтамасыз етуді табысты орындап отыр. Бірақ, бұлардың барлығы геологиялық ғылымның құлдырауы көрінісінде өтіп жатыр. Бай кен орындарды анықтаудың ғылыми негізін құру бойынша зерттеулер толығымен тоқтатылды, заманауи деңгейде минерагения мәселелері мен кен орындарының орналасу заңдылықтары шешілмей отыр.

5.11. Геологиялық ақпаратты қалыптастыру

      Геологиялық ақпаратты қалыптастырудың міндеті «Қазгеоақпарат» Республикалық геологиялық ақпарат орталығында орындалады. «Қазгеоақпарат» Республикалық геологиялық ақпарат орталығы мемлекеттік мекемесі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің қормағында және жер қойнауы туралы геологиялық ақпаратты жинау, сақтау және пайдалануға беруге ұсыну, пайдалы қазбалар қорларының теңгерімін жүргізу, кен орындарының және пайдалы қазбалар кадастрын жүргізу, жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық және келісімшарттық талаптарын орындау мониторингі, жер қойнауын пайдалану нәтижелерін статистикалық есепке алу бойынша бас үйлестіруші орталық болып табылады.
      Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы автоматты ақпаратты жинақтау, есепке алуды, толықтыруды, өңдеуді, талдауды және пайдалануды қамтамасыз ететін ықпалдасқан көп деңгейлі аумақтың бөлуші компьютерлі жүйесін одан әрі дамыту көзделеді.
      Табиғи тасымалдаушыларда геологиялық ақпараттарды сақтау мақсатында (бұрғылау ұңғымаларының керні, мұнайдың флюидтері, шлифтер, аншлифтер, сынамалардың телнұсқалары), барлық талдауларды қазіргі заманғы негізде жүргізу үшін «Казкерн» халықаралық сертификатталған зертханалық-талдымалық кешенін құру жоспарлануда. Міндеттерді екі кезеңді іске асыру болжануда.
      2010 жылы 1-кезең - мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен кешенді құрудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу.
      2011 жылы 2-кезең - инвестицияларды тарту арқылы кешенді құру. Геобарлаудың қашықтықтан зондтаудың аэроғарыштық аппараттары, геофизикалық жабдықтары, тау және бұрғылау жабдықтары, химиялық-талдамалық жабдықтың түсіндіруге мамандандырылған техникалық құралдарын пайдалана отырып алынған бастапқы геологиялық ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу бойынша «Мамандандырылған ақпараттық орталық» ұйымдастыру жоспарлануда. Электрондық мұрағат дала жағдайында тікелей алынған және камералы өңдеуге, субъективті түсіндіруге түспеген және т.б. бастапқы геологиялық ақпараттармен толықтырылады. Осылайша, Жер қойнауы туралы Мемлекеттік деректер банкінде (бұдан әрі - ЖҚМД) қамтылған геологиялық ақпараттың расталушылығы мен толықтығы арта түседі, бұл пайдаланушылар үшін тартымдылықты және бәсекеге қабілеттілікті арттырады.
      Бағыт шеңберінде мына міндеттерді шешу көзделеді:
      1. Мамандандырылған ақпараттық кешенді (бұдан әрі - МАК) ұйымдастыру, оның ішінде МАК үй жайын сатып алу, үй жай үшін мамандандырылған жабдықтар сатып алу, аумақтық МАК үшін бес үй-жайды сатып алу, МАК-ты ұстауды қамтамасыз ету, жабдықтарды бейімдеу және күйге келтіру, бағдарламалық қамтамасыз етулерді орнату (БҚ), БҚ пысықтау, жүйемен жұмыс істеуге мамандарды оқыту, компьютерлік жабдықтарды сатып алу, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етулерді сатып алу.
      2. ЖҚМД жедел толтыру, оның ішінде бастапқы геологиялық ақпаратты цифрлау, геологиялық есептерді цифрлау, деректер бөлініп цифрлық геологиялық ақпаратпен толықтыру.
      3. Ақпараттық, оның ішінде аумақтық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, және деректерді өңдеу, оның ішінде МАК жұмыстарын өңдеу және қамтамасыз ету тобын ұйымдастыру, ЖҚМД ақпараттық жүйесін сүйемелдеу, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің - Өңіраралық аумақтық департаменті (бұдан әрі - ҰАД) байланыс арналарының жұмысын қамтамасыз ету.
      Жобаның миссиясы Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат кешенін зерделеу және ресурстық әлеуетін пайдалану жөнінде сенімді ақпараттың база құру, сондай-ақ мемлекеттік геологиялық ақпаратты өңдеудің және пайдалануға ұсынудың бәсекеге қабілетті жоғары технологиялы жүйесін құру болып табылады.

5.12. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      1. «Қазақмыс», «Қазмырыш» тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының және мұнай компанияларының пайдалы қазбалардың қосымша қорларын анықтау үшін маңызды тау-кен және мұнай-газды өндіретін аудандарын Семей, Сарышаған және Сарыөзек әскери-сынау полигондарының аумағы бойынша жаңа буынды картографиялық негіздері жасақталатын болады.
      2. Палеозой іргетасын желдету қабығын литохимиялық түсірілім деректері және кен сыйымдылығының қалыңдығы мен аймағының терең геохимиялық карталау бойынша жаңа нәтижелер алынатын болады.
      3. Жаңа мұнай-газ құрылымдары, кен тораптары мен учаскелері анықталады, көмірсутегі шикізаты кен орындарының, олардың болжамдық ресурстарын бағалай отырып мыстың, қорғасынның, мырыштың, алтынның, сирек кездесетін металдардың орналасу заңдылықтары белгіленеді, пайдалы қазбалардың кен орындарының түзілім әрекеттерінің модельдері әзірленеді және жаңа буынның болжамдық-іздеу технологиялары жасалады.
      4. Анықталған кен орындары өндірістік күштерді орналастыруды сапалы жүргізуде, индустриялық-инновациялық дамудың жол картасын нақтылауға, халық шаруашылығының салаларын 20-30 жылға дамыту стратегиясын анықтауға мүмкіндік береді.
      5. Барлауға мемлекет салған қаражат қол қойылған бонустар түрінде, тарихи шығындардың орнын толтыру, пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық түрінде бюджетте қайтарылады.
      6. Мемлекеттік органдар республиканың ағымдағы минералдық-шикізат ресурстарының жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
      7. Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде қорлардың өсімін мынадай ауқымда алу күтіледі: алтын - 83 тонна, мыс - 905 мың тонна, полиметалдар - 900 мың тонна. Өңірлік жұмыстарды жүргізу кезінде анықталған болжамдық ресурстар: алтын - 507 тоннаны, мыс - 10 млн.тоннаны, полиметалдар - 38 млн.тоннаны құрайды.
      8. Ауыз судың жаңа кен орындарын іздеу үшін шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жаңа перспективалық учаскелері, жерасты суларының ластанған учаскелері қауіпті геологиялық үдерістерді көріністерді анықталып карталанады, тұщы жерасты сулардың жай-күйі мен ресурстары бағаланды, жаңа буынның гидрогеологиялық карталары дайындалды.
      9. Іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде:
      Ауыз судың тапшылығы сезілетін 3547 ауылдан 1273 ауыл жерасты суларының қорларымен қамтамасыз етіледі;
      жерасты суларының бұрын барланған 156 кен орнының қорлары, оның ішінде Атбасар, Атбасар-Есіл маңы, Нұра және Рождественское кен орны Астана қаласын сумен қамтамасыз ету үшін олардың мерзімі өтуіне байланысты жете барланады;
      Арқалық және Ақкөл қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларының қорлары бағаланады.
      10. Пайдалы қазбалардың кен орындарын болжау, іздеу, бағалау әдістерін негіздеуге мүмкіндік беретін ғылыми-зерттеу жұмыстары кеңейтіледі.
      11. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Мемлекеттік компьютерлік деректер банкін дамыту іске асырылды, геологиялық ақпаратты толық автоматтандырылған есепке алуды, сақтауды және толықтылуды, пайдалы қазбалардың мемлекеттік қорлары мен жер қойнауын геологиялық зерттеу мониторингін қамтамасыз ететін, цифрлық геологиялық ақпаратпен толықтырылған мамандандырылған ақпараттық орталықтар құрылатын болады.
      12. Тұщы жерасты суларының ресурстарын қалыптастыру үрдістері, жерасты суларының пайдалануға берілетін кен орындарының жай-күйі, олардың тозушылығы мен ластануы белгіленіп, қауіпті геологиялық үдерістер көріністері, оларды белсендіру ауқымы мен үрдістерін анықтау бағаланды.
      13. Жер қойнауы ресурстарын экономикалық тиімді игеру үшін жоғары технологияларды пайдаланудың және кен орындарын әзірлеудің оң тәжірибесі негізінде жағдайлар жасалады.
      14. 12 мұнай және 323 өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғымалар жойылатын, бұл жерасты суларының, топырақтың және жер қойнауының химиялық және радиоактивті ластануынан экономикалық және экологиялық зардаптың төмендеуіне алып келеді.

6. Қажетті ресурстар

      Ескерту. 6-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.09.2013 № 1002 қаулысымен.

      2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен 49006,9 млн. теңге қажет.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу және бағалау жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан жүзеге асырылғанда жүзеге мемлекеттік геологиялық зерделеудің бюджеттен тыс қаржыландыру мүмкіндігі көзделген.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1530 қаулысына   
1-қосымша      

Қазақстан Республикасында минералдық шикiзат кешенiн дамыту
жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған
iс-шаралар жоспары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.09.2013 № 1002 қаулысымен.

Р/с

Iс-шара

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзiмi

Болжамды шығыстар
(мың теңге)

Қаржыландыру көздері

Бюджеттiк бағдарламаның №

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2010 ж.
қаңтар, шілде

2010 ж. - 32000

республикалық бюджет

003

2

Қазақстан Республикасында өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2011 ж. - 2013 ж.
қаңтар, шілде

2011 ж. - 16050
2012 ж. - 19050
2013 ж. - 27197

республикалық бюджет

029

3

Геологиялық ақпаратты қалыптастыру:
геологиялық ақпараттың жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны қалыптастыру;
деректер банкін цифрлық геологиялық ақпаратпен толтыру;
«Қазкерн» кешенін құрудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2010 - 2014 жж.
қаңтар, шілде

2010 ж. - 199023
2011 ж. - 178903
2012 ж. - 256544
2013 ж. - 316390
2014 ж. - 1086073

республикалық бюджет

039

4

Өңірлік, геологиялық-түсіру, іздеу-бағалау және іздеу-барлау жұмыстары, оның ішінде:
1:200000 масштабында жер қойнауын геологиялық жете зерттеу;
1:200000 масштабында геологиялық-минерагендік карталау;
1:200000 масштабында терең геологиялық карталау;
1:200000 масштабында гидрогеологиялық жете зерттеу және инженерлік-геологиялық зерттеулер;
жер қойнауының терең құрылымын зерттеу бойынша геофизикалық зерттеулерді жүргізу;
іздеу, іздеу-бағалау және іздеу-барлау жұмыстары;
қатты пайдалы қазбаларға арналған ірі ауқымды алаңдық іздеу жұмыстары;
қатты пайдалы қазбаларға арналған іздеу-бағалау жұмыстары;
көмірсутек шикізатына арналған іздеу-бағалау жұмыстары;
іздеу-барлау жұмыстары

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2010 - 2014 жж.
қаңтар, шілде

2010 ж. - 3575974
2011 ж. - 2944726
2012 ж. - 7263734
2013 ж. - 8085313
2014 ж. - 14201011

республикалық бюджет

040

5

Минералдық шикізат базасымен жер қойнауын пайдалану, жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестер мониторингі, оның ішінде:
минералдық шикізат базасы мен жер қойнауы мониторингін жүргізу(2010 – 2014 жж.);
жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестер мониторингі (2010 – 2014 жж.);
жерасты сулары мониторингі (2010 – 2014 жж.);
пункттерде;
жер сілкіністері алғышарттарын зерттеу бойынша бекеттерде;
жерасты суларының техногендік ластану полигондарында;
жерасты суларының мемлекеттік кадастрын жүргізу;
қауіпті геологиялық процестер мониторингі (2010 – 2014 жж.);
бекеттерде;
полигондарда;
жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестер мониторингін жүргізуді сүйемелдеу (2010 – 2014 жж.).

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2010 - 2014 жж.

2010 ж. - 743 237
2011 ж. - 675 877
2012 ж. - 585 292
2013 ж. – 615 975
2014 ж. - 603 425

республикалық бюджет

041

6

Өздігінен төгілетін мұнай және гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау, оның ішінде:
Каспий теңізінің суы басқан аймақта және құрлықта 10 апатты мұнай және газ ұңғымаларын жою;
2013 - 2014 жж.;
өздігінен төгілетін 323 гидрогеологиялық ұңғыманы жою

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2010 - 2014 жж.

2010 ж. - 448 411

республикалық бюджет

042

7

Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу

нормативтік құқықтық актілер

ИЖТМ

2010 - 2014 жж.

талап етілмейді


 
 

 
 

8

Тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша әр объекті бойынша жоспарларды жыл сайын бекіту

ИЖТМ
ГЖК бұйрығы

ИЖТМ


 
 

талап етілмейді


 
 

 
 

9

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін және құқық қолдану тәжірибесін түсіндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен семинарлар, минералдық шикізат базасын толықтыру және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылар мен семинарлар өткізу

семинар

ИЖТМ

2010 - 2014 жж.

талап етілмейді


 
 

 
 

10

«Қазгеология» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру

«Қазгеология» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру

ИЖТМ

2011 ж.

2011 ж. - 75600

республикалық бюджет

109

11

Кейіннен «Қазгеология» АҚ жарғылық капиталын ұлғайта отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

«Қазгеология» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

ИЖТМ

2011 ж.

2011 ж. - 2700000

республикалық бюджет

050

12

Кейіннен «Қазгеология» АҚ жарғылық капиталын ұлғайта отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

«Қазгеология» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

ЭБЖМ

2012 ж.

2012 ж. - 5000000

республикалық бюджет

051

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар  министрлігі;
      ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
      ГЖК – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті;
      «Қазгеология» АҚ – «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің      
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1530 қаулысына  
2-қосымша      

САЛАДАҒЫ НЕГІЗГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

      Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.09.2013 № 1002 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің      
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1530 қаулысына    
3-қосымша        

Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат кешенін дамыту
жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасының
қысқаша ақпараты

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.09.2013 № 1002; 31.12.2013 № 1491 қаулыларымен.

1.

Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

1.
 
 

2.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Paу Альберт Павлович

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі,
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі,
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

2.

Өзекті проблемалар тізбесі

1.

Жаңа кенорындарын табудың негізгі перспективалары үлкен тереңдіктермен және жетуі қиын өңірлермен байланысты.

2.

Сапасы төмен барланған кендерден металдарды алудың тиімді технологиясының жоқтығы, бұл оларды әзірлеуге тартуды кідіртеді.

3.

Кадрларды кәсіби даярлаудың жеткіліксіздігі.

3.

Өзекті міндеттер
(міндеттер тобы бойынша)

Нысаналы индикаторлар

1.

Өнеркәсiптiң барлық салаларын белсендi дамыту үшiн минералдық ресурстардың ұтымды және кешендi пайдаланылуы мен қайта өндірілуін қамтамасыз ету.

2014 жылы пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің қорын толтыру пайызы (өсу бойынша өндірілген қорлардың өтелген қорларға қатынасы) – 50 %.
2015 жылға қарай ауылдарды жерасты суларының қорларымен қамтамасыз ету және iрi елдi мекендер үшiн кен орындарын қайта бағалау.
2015 жылға қарай Геологиялық ақпарат дерекқорын 95 % дейiн көлемде толықтыру.

4.

Міндеттер

Міндеттер көрсеткіші

1

Өңірлік, геологиялық-түсірілім, іздеу, іздеу-бағалау және іздеу-барлау жұмыстары.

Қазақстан аумағын болжамалы ресурстар бағалауы арқылы зерттелуін қамтамасыз ету.

2

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану мониторинг жерасты суларының және қауіпті геологиялық процесс мониторингі

Пайдалы қазбалардың негізгі түрлері бойынша қорлардың өсімі.

3

Мұнай және өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау.

Елдің тұрғындарын жерасты суларының көздерімен сапалы ауызсумен қамтамасыз ету.

4

Жер қойнауын пайдалану геология саласындағы  қолданбалы ғылыми зерттеулер.

Дерекқорды геологиялық ақпаратпен және геоақпараттық жүйелермен қалыптастыру.

5

Геологиялық ақпаратты қалыптастыру.


6

Жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпараттық жүйелерді дамыту.


5.

Қажетті ресурстар

Ресурстарды сипаттау

Бастау көздер

1.

49006,9 млн. теңге

Республикалық бюджет

6.

Ықтимал қатерлер

Қатерлерді басқару жөніндегі шаралар

1.

Республиканың аумағын геологиялық зерттеу және болжамдық қорларды бағалау қарқынның төмендеуі.


 
 
 
 
 
 

Геологиялық саланы бюджеттік қаржыландыруды көбейту.

2.

Пайдалы қазбалардың, перспективалық мұнайлы-газды құрылымдарының жаңа кен орындарының анықталмауы.

3.

Пайдалы қазбалар қорларының орнын толтыра алмау.

4.

Пайдалы қазбалардың кен орындарын ғылыми болжауды дамытудың кейіндеп қалу қаупі.

5.

Мұнай және гидрогеологиялық ұңғымалардан ағатын радионуклидті және химиялық ластаулар қаупі.

6.

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Дерекқорды толтыруды консервациялау.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің      
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1530 қаулысына    
4-қосымша        

Бағдарламаға графикалық қосымшалар

      1. 2010 - 2014 жылдары 1:200000 масштабта геологиялық жете зерттеудің алаңдарын орналастыру кестесі.
      2. 2010 - 2014 жылдары 1:200000 масштабта геологиялық-минерагендік карталау алаңдарын орналастыру кестесі.
      3. 2010 - 2014 жылдары 1:200000 масштабта терең геологиялық карталау алаңдарын орналастыру кестесі.
      4. 2010 - 2014 жылдары 1:200000 масштабта инжерлік-геологиялық зерттеулер арқылы гидрогеологиялық жете зерттеу алаңдарын орналастыру кестесі.
      5. 2010 - 2014 жылдары ірі масштабты іздеу жұмыстарын жүргізудің алаңдарын орналастыру кестесі.
      6. 2010 - 2014 жылдары қатты пайдалы қазбаларға арналған іздеу-бағалау жұмыстарының учаскелерін орналастыру кестесі.
      7. 2010 - 2014 жылдары көмірсутекті шикізатқа арналған іздеу-бағалау жұмыстарын орналастыру кестесі.
      8. Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін сумен қамтамасыз ету үшін іздеу-барлау жұмыстарының учаскелерін орналастыру кестесі.
      9. Қорларды қайта бағалауды қажет ететін барланған жер асты сулары кен орындарын орналастыру кестесі.
      10. 2010 - 2014 жылдары арналған жер асты сулары мен қауіпті геологиялық үдерістер мониторингінің мемлекеттік желісін орналастыру кестесі.
      11. 2010 - 2014 жылдары арналған жоюға және консервациялауға жататын, өздігінен асып төгілетін мұнай және гидрогеологиялық ұңғымаларды орналастыру кестесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады