Байланыс формасы

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 190 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1151 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.09.2012 № 1151 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарды тіркеу жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
      2) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2010 жылғы 10 наурыздағы
№ 190 қаулысымен    
бекітілген       

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе
бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды
қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарды
тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) құзыретті орган (Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі) мен жеке немесе заңды тұлғалар арасында жасалған кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарды тіркеуге қойылатын талаптарды белгілейді (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 8 және 44-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінің 3-бөлімінің 56-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. Z100291P100745 қараңыз
      4. Осы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі мемлекеттік орган «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - тіркеуші орган) болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет мына мекенжай бойынша көрсетіледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, 502-кабинет; www.memr.gov.kz.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны (нәтижесі) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісім-шартты тіркеу актісі болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде рұқсат берілген кезек күтудің ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісім-шартты тіркеу актісін алған кезде рұқсат берілген кезек күтудің ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
      8. Осы мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналасқан: www.memr.gov.kz.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі тіркеуші органның жұмыс кестесі күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі және жексенбі.
      Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының ерекше жағдайлары көзделмеген.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) тұтынушының мемлекеттік қызметті алуға өтініші (еркін нысанда);
      2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісім-шарт;
      3) сенімхатсыз қол қоюға құқығы бар тұтынушының бірінші басшысын қоспағанда, тұтынушының мүдделерін білдіретін адамға берілетін сенімхат.
      13. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілер, өтініш нысандары көзделмеген.
      14. Осы стандарттың 12-тармағында санамаланған құжаттар тіркеуші органның Кеңсесіне мына мекенжай бойынша ұсынылады: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, 301-кабинет, тел. 97-69-31.
      Мемлекеттік қызметті тіркеуші орган көрсеткен кезде Кеңсе қызметкері осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкес құжаттардың болуына тексеруді жүзеге асырады және кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазбаны енгізеді. Құжаттарды толық көлемде бермеген жағдайда, тұтынушының құжаттарын қабылдаудан бас тартылады. Тұтынушының талап етуі бойынша оған құжаттарды қабылдаудан бас тартуға дәлелді жазбаша растама беріледі.
      15. Тіркеуші органның Кеңсесінде тіркеу (мөртабан және кіріс нөмірі, күні) осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың тапсырылғанын растау болып табылады.
      Келісім-шарттарды тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) берілген құжаттар тізбесінің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының және осы стандарттың талаптарына сәйкестігін қарау, тіркеуден бас тарту үшін негіздің жоқтығын анықтау;
      2) жазбаларды жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарды тіркеу журналына енгізу;
      3) тіркелуін растайтын құжаттарды беру.
      16. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісім-шартты тіркеу актісі қолына (өзі барып не сенімхат бойынша өкілге) мына мекен-жай бойынша беріледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, 502-кабинет.
      17.  Осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды бермеу мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Тіркеуші органның қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
      1) адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышты атқару кезінде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық;
      4) толыққанды және толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау мен оның құпиялылығы;
      6) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша наразылық болған жағдайда тіркеуші органның құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің әрекетіне шағым олардың басшысының атына мына мекен-жай бойынша беріледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, 301 кабинет.
      Тіркеуші органның құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін тіркеуші органның Әкімшілік жұмыс департаменті Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы түсіндіреді, 301-кабинет, тел. 97-68-89.
      22. Шағым почта арқылы жазбаша түрде не тіркеуші органның Кеңсесі арқылы 301-кабинетте қолма-қол қабылданады, тіркелгеннен кейін тіркеуші органның басшысына жіберіледі.
      23. Шағымның қабылданғанын растау тіркеуші органның Кеңсесінде тіркеу (мөртабан және кіріс нөмірі, күні) болып табылады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      Шағымға берілген жауапты не шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тіркеуші органның орналасқан жері бойынша мына мекенжайдан алуға болады: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, 301-кабинет, тел. 97-68-89, 97-69-71, 97-69-31.
      Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс.

6. Байланыс ақпараты

      24. Барлық мәселелер бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі 502-кабинет, байланыс телефондары 97-68-62, 97-68-63, 97-68-64.
      Тіркеуші орган басшысының байланыс деректері:
      Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы:
      Мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, 517-кабинет.
      Электрондық мекенжайы: otvetsek@memr.kz
      Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі және жексенбі.

Кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауға, өндіруге немесе   
бірлескен барлау мен өндіруге 
арналған келісім-шарттарды  
қоспағанда, жер қойнауын   
пайдалануға арналған келісім-
шарттарды тіркеу бойынша   
мемлекеттік қызмет көрсету  
стандартына қосымша      

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылғы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

90%



1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан көп емес күткен тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%



2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%



2.2. Лауазымды адам құжаттарды дұрыс ресімдеген жағдайлардың (жүргізілген есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) %-ы (үлесі)

100%



3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%



3.2. Тұтынушының бір дегеннен дұрыс толтырған және тапсырған құжаттар жағдайларының %-ы (үлесі)

90%



3.3. Ақпаратқа интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)

100%



4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізді шағымдардың %-ы (үлесі)

0,1%





4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

100%





4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%





4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%





5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%



      Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі үлгі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі (сайт www.kyzmet.kz).

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2010 жылғы 10 наурыздағы
№ 190 қаулысымен    
бекітілген       

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және
бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды
қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын
тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл беру шартын тіркеуге қойылатын талаптарды белгілейді (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және 14-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінің 3-бөлімінің 57-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. Z100291P100745 қараңыз
      4. Осы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі мемлекеттік орган «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» мемлекеттік мекемесі болып табылады (бұдан әрі - тіркеуші орган).
      Мемлекеттік қызмет мына мекенжай бойынша көрсетіледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, 503-кабинет, www.memr.gov.kz.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны (нәтижесі) осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде рұқсат берілген кезек күтудің ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлікті алу кезінде рұқсат берілген кезек күтудің ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
      8. Осы мемлекеттік қызмет тегін керсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында www.memr.gov.kz. орналасқан.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі тіркеуші органның жұмыс кестесі күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі мен жексенбі.
      Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының ерекше жағдайлары көзделмеген.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) тұтынушының мемлекеттік қызметті алуға өтініші (еркін нысанда);
      2) белгіленген тәртіппен қол қойылған жер қойнауын пайдалану құқығын кепіл шарты;
      3) қарызды тартудың, пайдаланудың және қайтарудың техникалық-экономикалық негіздемесі:
      кепіл мақсаты (қаражатты пайдалану);
      кепіл сомасы мен өтеу мерзімін;
      қарыз көздері мен өтеу кезеңдерін (негізгі борышты және сыйақы пайыздарын жылдар бойынша бөліп);
      4) пайдасына жер қойнауын пайдалану құқығы кепілге берілетін заңды немесе жеке тұлғаның атауы (кепіл ұстаушы), оның заңды мекенжайы және тіркелген орнын;
      5) сенімхатсыз қол қою құқығына ие тұтынушының бірінші басшысын қоспағанда, тұтынушының мүдделерін білдіретін тұлғаға берілген сенімхатты қамтиды.
      Тұтынушы жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат алғаннан кейін тіркеуші органға тіркеу үшін жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын ұсынады.
      13. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілер, өтініш нысандары көзделмеген.
      14. Осы стандарттың 12-тармағында санамаланған құжаттар тіркеуші органның Кеңсесіне мына мекенжай бойынша көрсетіледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, 301-кабинет, тел. 97-69-31.
      Тіркеуші орган мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Кеңсенің қызметкері осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкес құжаттардың болуына тексеруді жүзеге асырады және кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазбаны енгізеді. Құжаттарды толық көлемде бермеген жағдайда, тұтынушының құжаттарын қабылдаудан бас тартылады. Тұтынушының талап етуі бойынша оған құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жазбаша дәлелді растау беріледі.
      15. Тіркеуші органның Кеңсесінде тіркеу (мөртаңба және кіріс нөмірі, күні) осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың тапсырылғанын растау болып табылады.
      Кепіл шарттарды тіркеу мына тәртіппен жүргізіледі:
      1) берілген құжаттар тізбесінің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының және осы стандарттың талаптарына сәйкестігін қарау, тіркеуден бас тарту үшін негіздің жоқтығын анықтау;
      2) жазбаларды жер қойнауын пайдалануға арналған шарттарды тіркеу журналына енгізу;
      3) тіркелуін растайтын құжаттарды беру.
      16. Жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік (өзі барып не сенімхат бойынша өкілге) мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, 503-кабинет.
      17. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды бермеу мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Тіркеуші органның қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
      1) адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық;
      4) жеткілікті және толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау мен оның құпиялылығы;
      6) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша наразылық болған жағдайда тіркеуші органның құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің әрекетіне шағым олардың басшысының атына мына мекен-жай бойынша беріледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, 301 кабинет.
      Тіркеуші органның құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаменті Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы түсіндіреді, 301-кабинет, тел. 97-68-89.
      22. Шағым почта арқылы жазбаша түрде не тіркеуші органның Кеңсесі арқылы 301-кабинетте қолма-қол қабылданады, тіркелгеннен кейін тіркеуші органның басшысына жіберіледі.
      23. Шағымның қабылданғанын растау тіркеуші органның Кеңсесінде тіркеу (мөртабан және кіріс нөмірі, күні) болып табылады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      Шағымға берілген жауапты не шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тіркеуші органның орналасқан жері бойынша мына мекенжайдан алуға болады: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, 301-кабинет, тел. 97-68-89, 97-69-71, 97-69-31.
      Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс.

6. Байланыс ақпараты

      24. Барлық мәселелер бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі 503-кабинет, байланыс телефондары 97-69-79.
      Тіркеуші орган басшысының байланыс деректері:
      Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы:
      Мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, 517-кабинет.
      Электрондық мекенжайы: otvetsek@memr.kz
      Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі және жексенбі.

Кең таралған пайдалы қазбаларды 
барлауға, өндіруге және бірлескен
барлау мен өндіруге арналған   
келісім-шарттарды қоспағанда,  
жер қойнауын пайдалану құқығының
кепіл шартын тіркеу бойынша   
мемлекеттік қызмет көрсету   
стандартына 1-қосымша      

Кесте. Сапа және қол жетімді көрсеткіштердің мәні

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылғы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

100%



1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан көп емес күткен тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%



2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%



2.2. Лауазымды адам құжаттарды дұрыс ресімдеген жағдайлардың (жүргізілген есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) %-ы (үлесі)

100%



3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%



3.2. Тұтынушының бір дегеннен дұрыс толтырған және тапсырған құжаттар жағдайларының %-ы (үлесі)

90%



3.3. Ақпаратқа интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)

100%



4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізді шағымдардың %-ы (үлесі)

0,1%





4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

100%





4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%





4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%





5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%



      Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі үлгі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі (сайт www.kyzmet.kz).

Кең таралған пайдалы қазбаларды 
барлауға, өндіруге және бірлескен
барлау мен өндіруге арналған   
келісім-шарттарды қоспағанда,  
жер қойнауын пайдалану құқығының
кепіл шартын тіркеу бойынша   
мемлекеттік қызмет көрсету   
стандартына 2-қосымша      

Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеу туралы
куәлік

2010 жылғы «__» ________                                      №_____

________________________
    (қала, аудан)

Кепіл беруші: ______________________________________________________
                 (заңды немесе жеке тұлғаның атауы, мекенжайы, СТН)

Кепіл ұстаушы: _____________________________________________________
                      (банктің атауы, оның заңды мекен-жайы)
____________________________________________________________________

Кепіл шарты: _______________________________________________________
                                (нөмірі, күні)

Жер қойнауын пайдалану құқығының сипаттамасы: ______________________
____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану операциясының түрі, кен орнының толық атауы)

Келісім-шарт: ______________________________________________________
                     (келісім-шарттың нөмірімен жасалған күні)

Міндеттеменің сомасы: ______________________________________________
                                  (санмен және жазумен)

Міндеттемені өтеу мерзімі: _________________________________________
                                              (күні)

Ескертпе: __________________________________________________________

      Жер қойнауын пайдалану құқығының
      кепілін тіркеу туралы куәлікті
      берген мемлекеттік орган басшысының Т.А.Ә., қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады