Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 962 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 227 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 962 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 31, 284-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Аумақтық суларда (теңізде) жүзу  және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу ережесі:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) зерттеу жұмыстарын жүргізу, зерттеу қызметі - гидрографиялық, гидрологиялық, гидрометеорологиялық, гидрохимиялық және геофизикалық жұмыстарды жүргізуге байланысты қызмет, сондай-ақ сулар мен теңіз түбі флорасының, фаунасының жай-күйін зерттеулер;
      2) кәсіпшілік жұмыстарды жүргізу, кәсіпшілік қызмет - балық аулауға және басқа су жануарлары мен жәндіктерін ұстауға және қорғауға байланысты кез келген жұмыс;
      3) шаруашылық жұмыстарын жүргізу, шаруашылық қызмет - аумақтық сулардағы (теңіздегі) кемелерде жүзеге асырылатын барлық жұмыстар мен қызметтердің түрлері;
      4) іздестіру жұмыстарын жүргізу, іздестіру қызметі - су түбін зерделеуге және пайдалы қазбаларды іздеуге байланысты геологиялық жұмыстар жүргізу.»;
      7-тармақтағы «Қазақстандық теңіз кемелерінің» деген сөздер «Теңіз кемелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақта:
      «Шетелдік» деген сөз «Қазақстандық және шетелдік» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік» деген сөздер алынып тасталсын;
      15-тармақтың екінші абзацында:
      «орындау үшін» деген сөздерден кейін «жүзу құралдарымен және өзге де көлік құралдарымен» деген сөздермен толықтырылсын;
      «хабарлаусыз» деген сөзден кейін «, Шекара қызметімен келісілген тізімдер бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Тізім он жұмыс күні ішінде келісіледі.»;
      16-тармақтағы «халықаралық ұйымдар» деген сөздерден кейін «Шекара қызметімен келіседі және» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады