Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 345 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.12.2015 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:
      «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау» деген 1-бөлімде:
      «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту» деген кіші бөлімде:
      10-тармақ «тапсырыс берушілерді» деген сөздерден кейін «және мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары өзіне «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпиялары бар мәліметтер мен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, таратылуы шектелген қызметтік ақпараты бар мәліметтерді қамтитын жағдайларды» деген сөздермен толықтырылсын;
      «Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі» деген 9-бөлімде:
      «Құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздіктің, құпиялылық режимінің сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі кепілдігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті, құпиялылық режимінің сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің кепілдігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
      251. Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу құпиялылық режимін сақтауды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ерекше тәртібін белгілеу талап етілетін жағдайда, құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтер құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.
      Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу жабық рәсімдер қолданыла отырып, конкурс тәсілімен өткізіледі.
      252. Жабық рәсімдерді қолдана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алудың веб-порталында және тапсырыс берушілердің интернет-ресурстарында мемлекеттік сатып алудың конкурс тәсілімен жүзеге асырылатыны туралы хабарландыруды, конкурстық құжаттамалардың мәтіндерін, конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу, конкурста қатысуға жіберу туралы және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы қол қойылған хаттамаларды орналастырмастан жүзеге асырылады.
      253. Жабық рәсімдерді қолдана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жазбаша шақыру хатында белгіленген мерзімде олардың осындай шақыру алғанын растау шартымен кемінде екі әлеуетті өнім берушінің атына жазбаша шақыру жібереді.
      254. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер пайдаланылмайтын, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, таратылуы шектелген қызметтік ақпараты бар мәліметтер пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, жабық рәсімдер қолданылатын конкурсқа қатысу үшін жазбаша шақыру хат жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланатын жұмыстарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның органдары белгіленген тәртіппен беретін рұқсаты болуы тиіс.
      255. Аттарына шақыру жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің тізімін тапсырыс беруші Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді ескере отырып жасайды және тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.
      256. Егер белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі құндық тұрғыдан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың есе мөлшерінен аспаса, онда жабық рәсімдер қолданылатын конкурс мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам не оның міндетін атқаратын адам шешімімен конкурстық комиссия бекітіледі, конкурстық комиссияның хатшысы анықталады;
      2) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей кемінде екі әлеуетті өнім берушіге жазбаша шақыру жіберіледі. Конкурстық құжаттама конкурстық өтінімді берудің маңызды талаптары мен нысандары көрсетілген шарт жобасымен қоса, сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті лауазымды адам қол қойған жазбаша сұрау салу түрінде ресімделеді. Сұрау салу мынадай:
      мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген сомаларды көрсете отырып, өткізілетін мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын тауарлардың саны туралы, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;
      сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (техникалық талаптарын көрсете отырып), қысқаша сипаттамасы;
      тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
      тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері;
      әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерді ұсынуды бастау және аяқтау мерзімі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      Әлеуетті өнім берушілерден біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар сұратылмайды;
      3) сатып алуды ұйымдастырушының сұрау салуында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін ұсынылған конкурстық өтінімдер олардың ұсынылуына қарай хронологиялық тәртіппен конкурстық өтінімдері бар конверттерді тіркеу журналына енгізуге жатады;
      4) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ұсыну аяқталған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ашады және конкурстық баға ұсыныстарын салыстырады да ең төмен конкурстық баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушіні жеңімпаз етіп анықтайды.
      Егер ең төмен конкурстық баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынса, конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын келіп түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады;
      5) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі, егер:
      ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса;
      әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының талаптарымен келіспесе не өзгертуді және (немесе) маңызды талаптармен толықтыруды ұсынса;
      әлеуетті өнім беруші біреуден артық конкурстық баға ұсынысын ұсынса, кері қайтаруға жатады.
      Конкурстық өтінімдерді өзге негіздемелер бойынша кері қайтаруға жол берілмейді;
      6) конкурстың қорытындылары туралы шешім мынадай:
      тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атаулары, олардың почталық мекен-жайы;
      өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы;
      конкурстық өтінімдерін конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін ұсынған әлеуетті өнім берушілердің толық атаулары, олардың тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мәлімделген бағалары;
      кері қайтару себептерін негіздей отырып, кері қайтарылған конкурстық өтінімдер туралы;
      конкурс жеңімпазы туралы мәліметтер көрсетіле отырып, жазбаша түрде ресімделеді;
      7) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушы хабарлама жіберу жолымен конкурстық өтінімдерін ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілерді конкурстың қорытындылары туралы хабардар етуі тиіс.
      257. Осы тарауда реттелмеген жағдайларда тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мен конкурстық комиссияның мүшелері Заңды және осы Ережені басшылыққа алады.».
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады