Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 414 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ережеде:
      8-тармақтың екінші абзацындағы «47» деген сандар «32/1» деген сандармен ауыстырылсын;
      14-тармақта:
      1) тармақшадағы «әлеуметтік саясатты» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ гендерлік теңдік саясатын» деген сөздермен толықтырылсын;
      15) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 95) тармақшамен толықтырылсын:
      «95) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.»;
      15-тармақта:
      5) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетел мемлекетінің тасымалдаушыларының жүріп өтуіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасы аумағынан шетел мемлекетінің тасымалдаушыларының шығуына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7), 8), 41) тармақшалар алынып тасталсын;
      62) тармақшада:
      «жүзу құқығына» деген сөздер «жүзу құқығын беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «құқығына рұқсаттар беру» деген сөздер «туралы шешім қабылдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      86) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «86) автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және ұстау кезінде, жобалау саласында қабылданған нормалар мен стандарттардың, талап етілетін сапаның сақталуын қамтамасыз ету;»;
      93) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «93) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде рұқсаттық жүйе талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;»;
      95) тармақша алынып тасталсын;
      96) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «96) көліктік бақылау посттарында, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында, қалалар шекарасы шегіндегі немесе басқа елді мекендер пункттеріндегі автомобиль жолдарында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін бақылауды жүзеге асыру;»;
      100) тармақшадағы «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 159) тармақшамен толықтырылсын:
      «159) теңгерімінде жалпы пайдаланымдағы республикалық автомобиль жолдары бар мемлекеттік ұйымдарды басқару.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
      3-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады