Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне стратегиялық объектілер мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 448 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 N 1173 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай  толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның ережесінде:
      3-тармақтың 1) тармақшасында:
      үшінші абзацта «меншігінде» деген сөзден кейін «немесе кепілінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші абзацтың мемлекеттік тілдегі мәтінінде «жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу» деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «иеліктен шығарудың ерекше шарттары және стратегиялық объектіні сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптар жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;»;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.28 № 1223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.28 № 1223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.10.28 № 1223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады