Байланыс формасы

"Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 563 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай еткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 12 маусымдағы
№ 563 қаулысымен
бекітілген

"Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы
сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар"
техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы

      1. Осы "Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі — Техникалық регламент) автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайларға және арнайы сұйықтықтарға қолданылады.

      Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың тізбесі Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына (бұдан әрі — ҚР СЭҚ ТН) сәйкес осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

      2. Техникалық регламент теңіз, темір жол және әуе көлігі құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілемейді.

      3. Көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардан тіршілік циклінің процестерінде аулақ болатын, негізгі қауіпті факторлар (тәуекелдер) мыналар:

      1) жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың құрамына механикалық қоспалардың және абразивті материалдар бөлшектерінің түсуі;

      2) қоршаған ортаның және жабдықтар беттерінің жоғары немесе төмен температурасы;

      3) автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтарды ұқыпсыз қолдану, тасымалдау кезінде дұрыс орнатпау, қаптамасына тым ауыр салмақ түсіру;

      4) өрттің туындауына себеп болатын, артық жылу мөлшері бөлінуі кезінде қауіпті пайдалану процестері;

      5) адамның көзіне, асқазан-ішек жолдарына, шырышты қабықшасына және терісіне түсуі;

      6) автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтарды пайдалану қасиеттерін нашарлататын телімдердің болуы.

      4. Техникалық регламентті қолдану мақсаттары үшін сәйкестендіру өлшемдері мен әдістері мыналар болып табылады:

      автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың заттаңбасындағы ақпарат;

      стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес, автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың әрбір түріне қатысты сыртқы көрінісі (түсі, консистенциясы);

      автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар және арнайы сұйықтықтардың сипаттамаларына қойылатын талаптар осы Техникалық регламенттің 2-қосымшасында келтірілген;

      автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың құрамындағы телімдердің болуы және мөлшері туралы ақпарат.

2. Терминдер және анықтамалар

      5. Қазақстан Республикасының "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі, "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңдарымен белгіленген Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      автомобиль көлік құралы - автобустар, шағын автобустар, жеңіл және жүк автомобильдерін, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ мамандандырылған автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнайы автомобильдерді (әр түрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындауға арналған) қамтитын автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі;

      мотор майы - майдың қасиетін жақсартатын, құрамында бірқатар телімдерді қамтитын май негізіндегі қоспа;

      жағармай - бірінің бетіне бірі сырғитын екі беттің арасындағы үйкеліс пен тозуды азайтуға арналған құрал (мотор, трансмиссиялық майлар мен гидромеханикалық беріліске арналған майлар);

      арнайы сұйықтықтар - автомобиль көлік құралдарының гидравликалық жүйелерінде, қозғалтқыштарды суыту және тазарту жүйелерінде, аккумуляторларында қолданылатын сұйықтықтар жиынтығы.

3. Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль көлік
құралдарына арналған жағармайлармен және арнайы
сұйықтықтармен жұмыс істеу жағдайлары

      6. Техникалық регламентке сәйкестігі расталмаған автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтарды сәйкестік белгісімен таңбалануына және нарықта айналымға түсуіне жол берілмеуі тиіс.

      7. Тұтынушының сұрауы бойынша оған автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтар туралы және олардың адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға әсер ететін қауіпті ерекшеліктерінен қорғану шаралары туралы қосымша ақпарат берілуі тиіс.

      8. Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың ескертуші және сәйкестендіруші таңбасы мәтін, символ түрінде түсіріледі.

      9. Жағармайлар мен арнайы сұйықтықтарды жеткізу кезінде, дайындаушы елдің атауын және дайындаушының атын, пайдаланудың рұқсат етілген мерзімін, қолданылу әдісін, қауіп тәуекелдерін азайту үшін алдын-алу шараларын, сақтау шарттарын қамтитын, автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтарды мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратпен сүйемелдеу және мынадай параметрлері бойынша жіктеу көзделеді:

      негіздің химиялық құрамы бойынша (минералдық, жартылай синтетикалық, синтетикалық май);

      тұтқырлығы бойынша;

      телімдер және сапа жиынтығы бойынша;

      автомобильдерді өндірушілердің рұқсаты бойынша.

4. Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы
сұйықтықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптары

      10. Жағармайлар мен арнайы сұйықтықтар өз сипаттары бойынша осы Техникалық регламенттің 2-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

      11. Жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың пайдаланушылық көрсеткіштерін жақсарту үшін өндірушіге автомобиль көлік құралдарының іштен жану қозғалтқыштарына теріс әсерін тигізбейтін телімдерді қосуға жол беріледі.

      12. Жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың құрамында металдардың (мыс, қорғасын, темір, алюминий) болуына жол берілмейді.

      13. Телімдерсіз жағармайлардағы механикалық қоспалардың болуына жол берілмейді. Телімдері бар майлардағы механикалық қоспалардың үлесі 0,2 %-дан артық болмауы тиіс.

      14. Жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың сыртқы түрі көзбен шолу арқылы анықталады. Жағармайлар біртекті және кесексіз болуы тиіс.

      15. Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайларды кез келген отынның түрімен араластыруға жол берілмейді.

5. Автомобиль көлік құралдарына жағармайлармен және арнайы
сұйықтықтармен жұмыс жүргізуге және оларды сақтауға арналған
аумақтарға, өндірістік үй-жайлар мен жұмыс орындарын
ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      16. Жағармайлармен және арнайы сұйықтықтармен жұмыс жүргізуге және оларды сақтауға арналған белгіленген аумақтар мен өндірістік үй-жайлар (ғимараттар, құрылыстар және т.б.) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысымен бекітілген "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сендіру және автоматты өрт дабылымен өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелері мен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылы жүйелерімен жабдықталады.

      17. Жағармайлармен және арнайы сұйықтықтармен жұмыс жүргізілетін үй-жайларда қабырғалар оларды ластанудан тазарту жүргізуге мүмкіндік беретін кемінде еденнен 2 м биіктікте жанбайтын материалдармен жабылады. Есіктер екі жағынан жанбайтын және жеңіл жуылатын материалмен қапталады.

      18. Үй-жайлардың едендері жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды өткізбейтін материалдан жасалады. Еденде төгілген жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды, олар одан әрі кәдеге асырылуы тиіс арнайы ыдыстарға бұру үшін ағынды арналар көзделеді.

      19. Жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды қолданатын өндірістік үй-жайлар басқа өндірістік үй-жайлардың жалпы алмастырылатын желдеткіштерінен дербес болуы тиіс жергілікті механикалық ағынды-сорғыш желдеткіштермен жабдықталғаны жөн.

      20. Желдеткіш жабдық жарылысқа қауіпсіз орындалуы тиіс.

      21. Жалпы алмастырылатын ағынды-сорғыш желдеткіштерден басқа, үй-жайларды қолшатырлар мен борттық сорғыш құралғыларын орнату жолымен әр түрлі машиналардан және басқа да көздерден ауаға зиянды қоспалардың бөлінуін, ванналардан шыққан буларды және аэрозольдарды жергілікті сорғышпен жабдықтау қажет.

      22. Желдеткіштер жүйесі үй-жай ауасындағы зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациядан жоғары болмауын сенімді қамтамасыз етуі тиіс.

      23. Жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды қалыптарға бөлшектеп құюға және қалыпқа қайта толтырып құюға арналған үй-жайларды жалпы алмастырылатын ағысты-сорғыш желдеткіштерден басқа, үй-жайлардың сыртынан қосылатын қосымша авариялық желдеткішпен жабдықтау ұсынылады.

      24. Жағармайлармен және арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеу кезінде жұмыс орындарының жасанды жарықтандырылуы қауіпсіз еңбек шарттарына сәйкес болуы тиіс.

      25. Жұмыс орындарында жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың қорын технологиялық процесті өткізу үшін, ауысым ішіндегі арнайы белгіленген орындарда, бөгде тұлғалардың қатысуынсыз қажетті мөлшерде ғана сақтауға рұқсат етіледі.

      26. Жанғыш және жарылысқа қауіпті жағармайлар мен арнайы сұйықтықтарды қолданатын үй-жайларда ыдыстарды сақтауға тыйым салынады.

6. Жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды буып-түю, таңбалау,
тасымалдау, қабылдау, сақтау және пайдаға асыру кезінде
қойылатын қауіпсіздік талаптары

      27. Жағармайлар мен арнайы сұйықтықтарды буып-түю, таңбалау, затбелгі жапсыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекітілген "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентіне сәйкес жүргізіледі.

      28. Инерциялық жүктемелер 3g үдеуімен әсер еткен кезде жағармайлармен және арнайы сұйықтықтармен қалыптасқан пакеттер бүтіндігін сақтауы тиіс.

      29. Жағармайлар мен арнайы сұйықтықтары бар көлік ыдысының әр бірлігінде мынадай жазулар енгізіледі:

      1) жағармай мен арнайы сұйықтықтың атауы, таңбасы (пластикалық жағармайлар үшін олардың қысқартылған атауларын көрсетуге рұқсат етіледі);

      2) өндіруші кәсіпорынның тауарлық белгісі;

      3) брутто салмағы және нетто салмағы;

      4) күні - жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды дайындау айы мен жылы;

      5) партияның нөмірі;

      6) өндірілген өнімге сәйкес нормативтік құжаттың атауы.

      Егер жағармайлар және арнайы сұйықтықтары бар көлік ыдысында белгіленген жазуды көрсету мүмкін болмаса, онда ыдысқа арнайы жазба белгісін қыстырады немесе көрсетілген жазумен затбелгіні желімдейді, ал ыдыстың өзіне сумен және мұнай өнімдерімен шайылып кетпейтін мөртаңбамен немесе траферетпен жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың атауы және оның дайындалу күні көрсетілген жазу жазылады.

      30. Енгізілетін көлік таңбасы манипуляциялық белгілерді, негізгі, қосымша және ақпараттық жазуларды қамтуы тиіс.

      31. Шыныдан, фарфордан және полимер материалдарынан жасалған нәзік, тез сынатын ыдысқа буылып-түйілген жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды бос орындарын жағармайларға және арнайы сұйықтықтарға инертті төсеу материалдарымен толтырып, арнайы көлік ыдысына (ағаш жәшіктерге, себеттерге, орауыштарға және т.б.) тасу керек.

      32. Әрбір ыдыс орнында жағармайлардың және арнайы сұйықтықтардың атауы жазылған жазба белгісі және ыдысты таңбалау мен жағармайлар мен арнайы сұйықтықтарды сақтау шарттарына сәйкес, тиісті ескерту жазбасы болуы тиіс.

      33. Жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды азық-түлікпен, заттық мүлікпен немесе адамдармен бірге тасуға тыйым салынады.

      34. Жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды сақтау кезінде өрт қауіпсіздігінің талаптары сақталуы тиіс. Өңделген жағармайларды сақтауға арналған үй-жайлардың өрт қауіпсіздігі - өрттің алдын алу және өртке қарсы қорғану жүйелерімен, оның ішінде ұйымдық-техникалық іс-шаралармен қамтамасыз етілуі тиіс.

      35. Жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды түзу, таңбаланған және пломба салынған ыдыста, резервуар да ғана сақтауға рұқсат етіледі. Ыдыстың саңылаусыз емес екендігі анықталған жағдайда, ақауды жою немесе сұйықтықты басқа ыдысқа қайта толтырып құю жөнінде шаралар қолданылады. Жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды пломба салынбаған ыдыспен жіберуге тыйым салынады.

      36. Ыдысты сақтауға арналған үй-жайларда жағармайлармен және арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеуге тыйым салынады.

      37. Таңбаның коррозияға ұшырауын және шайылуын болдырмас үшін бөшкелер мен барабандардың үстіңгі бетіне су түсу мүмкіндігін жою керек.

      38. Жағармайлары және арнайы сұйықтықтары бар бөшкелер мен барабандар металл ыдыстың коррозияға ұшырауына әкелетін дымқыл беттерден алшақ орналасқан, стеллаждар мен сөрелерге қойылады. Коррозиялық клинкері бар үстіңгі бетіне бөшкелерді қоюға тыйым салынады.

      39. Коррозияны анықтау, жіктер мен тығыздалған жерлерде ағуды және таңбаның жай-күйін тексеру мақсатында бөшкелер мен барабандарды жүйелі түрде тексеріп отыру қажет.

      40. Бу құбырларынан және пештерден шамадан тыс жергілікті қыздыруды болдырмау керек, өйткені ол термодеструкция немесе құрамында еріткіші бар өнімдердің булануын тудыруы мүмкін.

      41. Жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды сақтауға арналған резервуарларды үй-жайларға орнату ұсынылады, алайда оларды жаңбырдан, қардан және төтенше температуралардан қорғау шарттарында, ашық алаңдарға да орнатылуға болады.

      42. Ашық немесе боялған майлардың сапасы мен түсін сақтау үшін, оларды тот баспайтын болаттан жасалған немесе ішіндегі жабыны эпоксид шайырынан жасалған резервуарларда сақтау 0ажет.

      43. Резервуарларды дренаждық шығыршығы бағыты бойынша 1/10 көлбеу орнатады, бұл ластанған майдың шашырау ықтималдығын азайтады. Жағармайлардың және арнайы сұйықтықтардың кейбір сұрыптары, оларға көп көлемде су тамған жағдайда жартылай немесе толығымен эмульсияға айналуы мүмкін.

      44. Қолданыстан шыққан жағармайлар және арнайы сұйықтықтар мақсатына байланысты бөлек жиналуы тиіс. Қолданыстан шыққан жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды араластыруға жол берілмейді.

8. Өнімнің сәйкестігін растау

      45. "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен бекітілген "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентінің талаптарына, автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың сәйкестігін растау - міндетті түрде сәйкестікті растау нысанында жүзеге асырылады.

      Сәйкестігі міндетті түрде расталуға жататын автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтар тізбесі осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

      46. Сәйкестікті міндетті түрде растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Сәйкестігі міндетті түрде расталуға жататын автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың сертификаттау схемалары осы Техникалық регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.

9. Өтпелі кезең

      47. Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай еткен соң қолданысқа енгізіледі.

  "Автомобиль көлік құралдарына
арналған жағармайлар мен арнайы
сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар" техникалық регламентіне
1-қосымша

Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен
арнайы сұйықтықтар тізбесі

ҚР СЭҚ ТН Коды

Жағармайлар мен арнайы сұйықтықтар атауы

2710198100

Мотор майлары, компрессорлық жағармайлар, турбиналық май, жағармай

2710198700

Шестерендарға арналған майлар және редукторларға арналған майлар

3819000000

Тежеуіш сұйықтығы

2707400000

Нафталин майы

2707910000

Креозотовты майлар

2707991100

200оС дейінгі температура кезінде 90% немесе одан артығы айдалатын тазартылмаған жеңіл майлар

2707993000

Күкірттелген жеңіл май
- жағармайы
- өзге де майлар

2710197100

Қайта өңдеудің өзіндік процестері үшін

2710197500

Процестердегі химиялық айналымдар үшін

2710198300

Гидравликалық мақсаттарға арналған сұйықтықтар

2710198500

Ашық майлар, вазелин майы

2710198700

Тегершікке арналған майлар және редукторларға арналған май

2710199100

Металдарды өңдеуге арналған құрамдар, қалыптарды майлауға арналған майлар, коррозияға қарсы майлар

2710199300

Электрлік оқшаулау майлары

2710199900

Өзге жағармайлар және өзге де майлар

271210

Мұнай вазелині

2712101000

шикі

2712109000

өзге

271220

Құрамында салмағы 0,75 % кем емес майлары бар парафин

3820 00 000 0

Антифриздер мен сұйықтықтар, дайын қатпайтын

8512 40 000

шыны тазартқыштар, қатпайтын және терлемейтін

  "Автомобиль көлік құралдарына
арналған жағармайлардың және арнайы
сұйықтардың қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар" техникалық регламентіне
2-қосымша

Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы
сұйықтықтардың сипаттамаларына қойылатын талаптар

      Мотор майлары

Бензин қозғалтқыштарына арналған мотор майларының сипаттамалары

Өлшем бірлігі

Бензин қозғалтқыштарына арналған мотор майларының маркаларына қатысты нормалары

М-8-В1

М-8-Г1

М-12-Г1

М-63/10-Г1

М-63/12-Г1

+100оС-тағы кинематикалық тұтқырлығы

мм2

8

8

12

10

12

Тұтқырлық индексі, кемінде


90

100

95

125

115

Қату температурасы, артық емес

оС

-25

-30

-20

-32

-30

Сілтілік сан мг, кемінде

КОН/1 г

4,0

8,5

8,5

10,5

7,5

Сульфаттық күлділігі, артық емес

%

0,95

1,3

1,3

1,65

1,2


Бензин қозғалтқыштарына арналған мотор майларының сипаттамалары

Өлшем бірлігі

Бензин қозғалтқыштарына арналған мотор майларының маркаларына қатысты нормалары

М-10-В2

М-8-Г2к

М-10-Г2к

М-8-DM

М-10-DM

+100оС-тағы кинематикалық тұтқырлығы

мм2

10,5-11,5

7,5-8,5

10,5-11,5

8-8,5

11,4 артық емес

Тұтқырлық индексі, кемінде


85

90

95

102

90

Қату температурасы, артық емес

оС

-15

-30

-18

-30

-15

Сілтілік сан мг, кемінде

КОН/1 г

3,5

6,0

6,0

8,5

8,2

Сульфаттық күлділігі, артық емес

%

1,3

1,15

1,15

1,5

1,5


Мотор майларының сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Әмбебап мотор майларының маркаларына қатысты нормалар

М-8-В

М-63/10-В

+100оС-тағы кинематикалық тұтқырлығы

мм2

7,5-8,5

9,5-10,5

Тұтқырлық индексі, кемінде


93

120

Қату температурасы, артық емес

оС

-25

-30

Сілтілік сан мг, кемінде

КОН/1 г

4,2

5,0

Сульфаттық күлділігі, артық емес

%

1,3

1,3


      Трансмиссиялық майлар

Трансмиссиялық майларының сипаттамасы

Трансмиссиялық майлардың маркаларына қатысты нормалар

Өлшем бірлігі

ТМ-2-18

ТМ-3-9

ТМ-3-18

ТМ-3-18

ТМ-4-18

ТМ-5-18

+100оС-тағы кинематикалық тұтқырлығы

мм2

15

10 кем емес

15

15

14 кем емес

17,5 кем емес

Тұтқырлық индексі, кемінде


-

90

90

-

85

100

Массалық үлесі, артық емес

%


Механикалық қоспалар


0,03

0,02

0,01

0,03

0,01

Жоқ

Су


Із қалдыру

Қату температурасы


-18

-40

-25

-20

-25

-25


      Гидромеханикалық өткізу майлары

Гидромеханикалық өткізу майларының сипаттамасы

Гидромеханикалық өткізу майларына қатысты нормалар

Өлшем бірлігі

А
-

МГТ
-

Р
(М22В)

+50оС-тағы кинематикалық тұтқырлығы

мм2

20-30

-

12-14

+100оС


-

6-7

-

-20оС


2100

-

1300

Тұтқырлық индексі, кемінде


-

175

-

Қату температурасы артық емес

оС

-40

-55

-45

Механикалық қоспалардың массалық үлесі, артық емес:

%

0,01

0,01

0,01

Су

із қалдыруы

Жоқ

Жоқ

Жоқ

Күлділігі, артық емес

%

0,6

0,6

0,6


      Тежеуіш сұйықтықтары (алыс шетел мемлекеттерінің өндірісі)

Тежеткіш сұйықтықтарының сипаттамалары

Өлшем бірлігі

Тежеуіш сұйықтықтардың маркаларына қатысты нормалар

SAE J 1703

ДОТ-3

ДОТ-4

ДОТ-5, ДОТ-5.1

"Құрғақ" сұйықтықтың қайнау температурасы, кемінде

оС

205

230

260

205

"Ылғалданған" сұйықтықтың қайнау температурасы, кемінде

оС

140

155

180

140

+100оС-тағы кинематикалық тұтқырлығы

мм2

1,5


      Тежеуіш сұйықтықтар (ресейлік өндіріс)

Тежегіш сұйықтықтардың сипаттамалары

Өлшем бірлігі

Тежеуіш сұйықтықтарға арналған майларға қатысты нормалар

БСК

"Нева"

"Томь"

"Роса"

ГТЖ-22М

Кинематикалық тұтқырлығы

мм2


-40оС кезінде, артық емес


Регламенттелемейді

1500

1500

1700

1600

50оС кезінде, артық емес


9

5

5

5

-

100оСкезінде, артық емес


5,5

2

2

2

1,9

Қайнау температурасы, кемінде

оС


"Құрғақ" сұйықтық


115

190

205

260

190

"ылғалданған" сұйықтық


Регламенттелмейді

140

160

160

Регламенттелмейді

Резеңке көлемінің ұлғаюы

%

5-10

2-8

2-8

2-8

-


      Амортизациялық сұйықтықтар

Амортизациялық сұйықтықтардың сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Амортизациялық сұйықтықтардың маркасына қатысты нормалары

МГП-10

АЖ-12т

МГП-12

20оС кезіндегі тығыздық

кг/м3

930

-

920

Кинематикалық тұтқырлығы келесі температурада, оС

мм2




-40


-

6500

-

-20


1000

-

800

50


10

12

12

100


3,6

3,6

3,9

Қату температурасы, артық емес

оС

-40

-52

-43


      Төмен температурада қататын салқындатқыш сұйықтықтар (антифриздер)

Салқындатқыш сұйықтықтардың сипаттамасы

Өлшем бірлігі

"Тосол"

"Лена"

ОЖ-25

А

А-40

А-65

А

А-40

А-65

ПГ

Түсі


Көгілдір *

Жасыл, опалесценцияға жол беріледі

Жасыл-сары

Кристалдана бастаған кездегі температурасы, артық емес

оС

-

-40

-65

-

-40

-65

-25

1

2

3

4

5

6

7

8

9

20оС кезіндегі тығыздығы

кг/м3

1140

1065-1085

1085-1100

1120-1150

1075-1085

1085-1100

1040-1055

Сілтілігі, кемінде

см3

10


      * "Тосол" А-65 қызыл түске бояуға жол беріледі.

  "Автомобиль көлік құралдарына
арналған жағармайлардың және арнайы
сұйықтардың қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар" техникалық регламентіне
3-қосымша

Жағармайлар мен арнайы сұйықтықтар сәйкестігін растау схемасы

Схеманың нөмірі

Сәйкестікті растау тәсілдері

Өндірісті тексеру

Инспекциялық бақылау

Сертификаттың қолданылу мерзімі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

1

Түрді сынау



6 ай

Таңбалау жүргізілмейді

2

Түрді сынау

Өндірістің жағдайын талдау

Сатушыдан алынған үлгілерді сынау.Өндірістің жағдайын талдау

12 ай

Осы түрдің барлық шығарылатын өнімі таңбаланады

3

Түрді сынау

Өндірістің жағдайын талдау

Сатушыдан алынған үлгілерді сынау.Өндірістің жағдайын талдау

12 ай

Осы түрдің барлық шығарылатын өнімі таңбаланады

4

Түрді сынау

Өндірістің жағдайын талдау

Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Дайындаушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірістің жағдайын талдау

18 ай

Осы түрдің барлық шығарылатын өнімі таңбаланады

5

Түрді сынау

Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау

Сатушыдан алынған үлгілерді сынау*. Дайындаушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірісті бақыла (сапа менеджменті жүйелері)**

36 ай

Осы түрдің барлық шығарылатын өнімі таңбаланады

6

Түрді сынау

Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау

Сапа менеджменті жүйесін бақылау**

36 ай

Таңбалау жүргізілмейді

7

Партияны сынау


Белгіленеді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды


Таңбалау жүргізілмейді

8

Әрбір бұйымды сынау


Белгіленеді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды


Әрбір өнім таңбаланады


      Ескертпе:

      * - сынақтардың қажеттілігі мен көлемін сапа менеджментінің сертификатталған жүйесін (өндірістің) бақылау нәтижелері бойынша өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі орган анықтайды;

      ** - сапа менеджменті жүйесіне сертификат берген орган жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады