Байланыс формасы

Үлескердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 607 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1530 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.04 № 1530 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.25 № 164 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2012 жылдың 30 қаңтарынан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.01.25 № 164 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2012 жылдың 30 қаңтарынан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2) үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.25 № 164 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2012 жылдың 30 қаңтарынан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № 606 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 287-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № 606 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 517 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 19, 171-құжат).     
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 17 маусымдағы
№ 807 қаулысымен 
бекітілген    

Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын
салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау
ережесі

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.01.25 № 164 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2012 жылдың 30 қаңтарынан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 17 маусымдағы
№ 607 қаулысымен   
бекітілген      

Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын
салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде
қойылатын біліктілік талаптары

      1. Осы біліктілік талаптары «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі лицензияны алуға үміткер жобалау компанияларына қолданылады.
      2. Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі лицензияны алу үшін жобалау компаниялары мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
      бірінші кезеңде:
      1) жобалау компаниясына меншік құқығында немесе жер пайдалану құқығында тиесілі жер учаскесінің бар болуы;
      2) құрылыстың нөлдік циклі сатысында сараптаманың оң қорытындысы бар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың бар болуы;
      3) нөлдік циклде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсаттың бар болуы;
      4) банк-агентпен шарттың бар болуы;
      5) тұрғын үй ғимаратын салу үшін тұрғын үй ғимараты құрылысы құнының кемінде он бес пайызы мөлшерінде немесе кемінде нөлдік циклдегі құрылыстың баламалы құнынан кем емес мөлшерде жеке бос капиталының бар болуы.
      Сондай-ақ, жобалау компаниясы:
      1) тұрғын үй ғимараттарын тұрғызу, оның ішінде тапсырысшы ретінде кемінде үш жыл тәжірибесінің болуын;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген тәртіппен кемінде шамамен жүз пәтерді пайдалануға беруін;
      3) кемінде жүз мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жеке капиталының болуын растайтын жобалау компаниясының жарғылық қорында жарғылық капиталының елу пайызынан астамына ие құрылтайшы құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін береді.
      Бірінші кезеңде үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия алты айға дейінгі мерзімге беріледі;
      екінші кезеңде:
      1) сараптаманың оң қорытындысы бар құрылыс объектісінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бар болуы;
      2) тұрғын үй ғимараты құрылысының нөлдік циклін аяқтау;
      3) банк-агентте үлескерлердің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарға сәйкес енгізілген, тұрғын үй ғимараты құрылысы құнының кемінде он бес пайызы мөлшерінде депозиттерінің бар болуы;
      4) құрылысты толық көлемде аяқтау үшін жеке капиталының бар болуы не тұрғын үй ғимараты құрылысы құнының кемінде жиырма бес пайызы мөлшерінде жеке капиталының және инвестормен құрылысты аяқтау үшін жеткілікті инвестициялар беру туралы келісімнің бар болуы;
      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсететін ұйыммен шарттың бар болуы.
      Екінші кезеңде үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия тұрғын үй ғимаратын пайдалануға беру актісіне қол қойғанға дейінгі мерзімге беріледі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.25 № 164 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2012 жылдың 30 қаңтарынан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады