Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 681 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1110 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1110 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 42, 384-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 5-бабының 3-тармағына және 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелерінде:
      1-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      «72-бабына,» деген сөздерден кейін «80-бабының екінші бөлігіне, 408-бабының төртінші бөлігіне, 455-бабының бесінші бөлігіне, 467-1-бабына» деген сөздермен толықтырылсын;
      «5-бабының 2-тармағына» деген сөздерден кейін «және 6-бабына» деген сөздермен толықтырылсын;
      «(«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген жағдайлардан басқа)» деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі сомаларды республикалық бюджет қаражатының есебіне жатқызу үшін заң көмегіне мұқтаж адамды заң көмегіне ақы төлеуден толықтай немесе ішінара босату және адвокаттардың кәсіптік ұйымы немесе оның құрылымдық бөлімшелері арқылы қорғаушыны тағайындау туралы қылмыстық істі жүргізетін органның, судьяның, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органның (лауазымды адамның) қаулысы және азаматтық істер жөніндегі судьяның немесе соттың (бұдан әрі - тиісті орган) ұйғарымы негіз болып табылады. Тиісті органның қаулысы немесе ұйғарымы тергеу әрекеті не қылмыстық істі алдын-ала тыңдау, не азаматтық іс бойынша сот отырысы, не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау басталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірілмей адвокаттардың кәсіби ұйымына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне қорғаушыны немесе өкілді тағайындау үшін жіберілуге тиіс және міндетті орындауға жатады. Кейінге қалдыруға болмайтын, қорғаушының қатысуымен шұғыл тергеу әрекетін жүргізуді талап ететін жағдайларда адвокатты тағайындауға тергеу немесе анықтау органының телеграф не телефакс, не телефон байланысы арқылы адвокаттар алқасы төралқасына немесе заң консультациясына берген жазбаша хабарлама негіз болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Адвокаттың ауызша заң консультацияларын беруі және құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттарды жасауы жөніндегі шығыстарды республикалық бюджет қаражатының есебіне жатқызу үшін Заңның 6-бабының 4-тармағына сәйкес аумақтық әділет органына ұсынылатын адвокаттың орындаған жұмысы туралы акт және адвокаттар алқасының өтінімі негіз болып табылады.
      Аумақтық әділет органына адвокаттар алқасының өтінімді тапсыруы үшін адвокаттың өтініші, адвокат орындаған жұмыс туралы акт және Заңның 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген тәртіппен адвокат тегін көрсеткен заң көмегін есепке алу журналы негіз болып табылады.»;
      2-тармақта:
      «қорғауға» деген сөз «қорғау мен өкілдік етуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «ай сайын» деген сөздер «әр айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың бірінші бөлігінде:
      «қорғауға байланысты шығындарды» деген сөздер «қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «3-1. Заңның 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген тәртіппен адвокат тегін көрсеткен заң көмегін адвокат журналға есепке алуды жүргізеді, онда мыналар көрсетілуге тиіс:
      1) заң көмегін алуға жүгінген адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      2) заң көмегін алуға жүгінген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері;
      3) заң көмегін тегін көрсетуге негіз болған құжаттың атауы мен деректемелері;
      4) заң көмегін алуға жүгінген адамның тұрғылықты жері;
      5) мәселенің мәні;
      6) көрсетілген заң көмегінің мәні;
      7) заң көмегіне жүгінген күн;
      8) заң көмегі көрсетілген күн;
      9) заң көмегін көрсетудің ұзақтығы;
      10) заң көмегін алған адамның қолы;
      11) адвокаттың қолы.
      Журналдың негізінде адвокат ай сайын орындалған жұмыс туралы акт жасайды, онда мыналар міндетті түрде көрсетілуі тиіс:
      1) адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты;
      2) тегін заң көмегі көрсетілген адамдардың саны;
      3) ауызша немесе жазбаша заң консультацияларының саны;
      4) құқықтық сипаттағы жазбаша құрастырылған құжаттардың саны;
      5) заң көмегін көрсетуге жұмсалған сағаттың жалпы саны;
      6) төлеуге жататын жалпы сома;
      7) адвокаттың қолы.
      Адвокаттың қолы қойылған орындалған жұмыс туралы актіні және есепті айдағы журналды заң консультациясының немесе адвокаттық кеңсенің басшысы немесе адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы бекітеді және адвокаттар алқасы төралқасына адвокаттық өтінішімен бірге ұсынылады.
      Адвокат өтінішінің, орындалған жұмыс туралы актінің және есепті айдағы журналдың көшірмелері адвокаттың іс қағаздарына қосылады.
      3-2. Заңның 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес адвокаттардың заң көмегін көрсетуіне мына құжаттар негіз болып табылады:
      алимент өндіріп алу мәселелері бойынша - заң көмегін алуға жүгінген адамның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бөлімінің ережелеріне сәйкес алимент өндіріп алу қажеттігін растайтын құжаттардың біреуі;
      зейнетақы және жәрдемақы тағайындау мәселелері бойынша - Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі не оралман куәлігі;
      16 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау мәселелері бойынша - туу туралы куәлік;
      ақтау мәселелері бойынша - қылмыстық іс бойынша ақтау немесе ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату фактісін растайтын іс-жүргізу актісінің көшірмесі немесе прокуратура органы берген ақтау туралы анықтама;
      босқын мәртебесін алу мәселелері бойынша - пана іздеген адамның куәлігі;
      оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша - Қазақстан Республикасы егемендік алған сәтте одан тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдік азаматтың немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат;
      ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар мәселелері бойынша - ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктер не ата-ана құқықтарынан айыру туралы немесе хабар-ошарсыз жоғалып кетті деп тану туралы немесе оларды өлді деп жариялау туралы, немесе оларды әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы сот шешімінің, не баланың ата-анасының қамқорлығынсыз қалғанын растайтын құжаттың көшірмесі.»;
      5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер адвокат осы уақытта басқа істерге қатыспаса немесе Заңның  6-бабында белгіленген тәртіппен өзінің негізгі жұмыс орны бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырмаса, ақы төлеуге жататын уақыт адвокаттың тиісті органның жазбаша почта немесе телеграф, немесе факс, немесе телефон байланысын пайдалана отырып жасаған хабарламасында көрсетілген уақытта келген сәтінен бастап іс жүргізу немесе тергеу әрекеті аяқталғанға дейін есептеледі және тиісті іс жүргізу әрекеті хаттамасында тіркеледі.»;
      7-тармақта:
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер адвокат осы уақытта басқа істерге қатыспаса немесе Заңның6-бабында көзделген тәртіппен өзінің негізгі жұмыс орны бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырмаса, сотқа қатысқаны үшін ақы төлеуге жататын уақыт соттың жазбаша почта немесе телеграф, телефакс немесе телефон байланысын пайдалана отырып жасаған хабарламасында көрсетілген уақытта адвокаттың келген сәтінен бастап, төрағалық етуші сот отырысының жабылуы туралы хабарлағанға дейін есептеледі және сот отырысы хаттамасында тіркеледі.»;
      жетінші бөлік «іс жүргізуге қатыспаса» деген сөздерден кейін «немесе Заңның 6-бабында көзделген тәртіппен өзінің негізгі жұмыс орны бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырмаса» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-2-тармақпен толықтырылсын:
      «7-2. Заңның 6-бабы 1-тармағының 3-тармақшасында белгіленген жағдайларда адвокаттың ауызша немесе жазбаша заң консультацияларын беру, құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттарды жасау түрінде көрсеткен заң көмегінің бір сағаты үшін ақы төлеу мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінің 1/21-і есебінен белгіленеді.».
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады