Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 40 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1473 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.21 № 1473 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 46-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 29 қаңтардағы
№ 40 қаулысымен    
бекітілген      

Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.08 № 595 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 46-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы даму трансферттерін бөлу тәртібін анықтайды.
      2. Нысаналы даму трансферттерi жергiлiктi бюджеттiк даму бағдарламаларын iске асыру үшiн республикалық немесе облыстық бюджетте бекiтiлген сомалар шегiнде жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретiн трансферттер болып табылады.

2. Нысаналы даму трансферттерін бөлу тәртібі

      3. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін бөлу кезінде нысаналы даму трансферттері бойынша нәтижелер туралы келісімдерде (бұдан әрі – Келісім) анықталған тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу алдыңғы қаржы жылында осы мақсаттарға нысаналы даму трансферттері бөлінген жағдайда ескеріледі. Кезекті қаржы жылында межеленген нәтижелерге қол жеткізілмеген жағдайда жоспарлы кезеңнің келесі қаржы жылына нысаналы даму трансферті берілмейді.
      Кезекті қаржы жылына арнап бюджет қаражатын жоспарлау кезінде нысаналы даму трансферттері шеңберінде іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялардың (бұдан әрі – ЖБИ) тікелей нәтижесіне қол жеткізуді бағалау Келісімде айқындалған нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы қорытынды есептер мен жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы қаржы жылында бөлінген нысаналы трансферттердің іске асырылуы туралы талдамалық есептің негізінде іс жүзіндегі қол жеткізілген көрсеткіштердің жоспардағымен ара қатынасын салыстыру жолымен жүзеге асырылады.
      Тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалауды тиісті орталық мемлекеттік орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органы бюджеттік өтінім ұсынған кезде ЖБИ бөлінісінде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган айқындайды.
      ЖБИ-нің түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуді бағалауды тиісті орталық мемлекеттік орган немесе объектіні пайдалануға енгізгеннен кейінгі келесі қаржы жылына арналған облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган жүргізеді.
      4. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесінде (бұдан әрі – Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесі) және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығымен бекітілген Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптары (бұдан әрі - Талаптары) белгіленген тәртіппен бюджеттік инвестициялар (объектілер) бөлінісінде ЖБИ тізбесін әзірлеп қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға жібереді.
      5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:
      1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ЖБИ тізбелерін бюджеттік инвестициялар (объектілер) бөлінісінде қарайды;
      2) бюджеттік инвестициялар (объектілер) бөлінісінде экономикалық қорытынды дайындайды және ЖБИ тізбесін жасайды.
      ЖБИ тізбесін жасау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бірлесіп, ЖБИ-ні қаржыландыру көздерін анықтайды.
      Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен Қазақстан Республикасын дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасына, аймақтардың стратегиялық бағыттары мен әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, мемлекеттік және салалық бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес келетін ЖБИ іске асырылады.
      Нысаналы даму трансферттері мыналарға:
      1) өңiрлiк маңызы бар білім беру объектiлерiн салуға және қайта жаңартуға; білім беру объектiлерiне сұранысты айқындау және басым инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру әдiстемесiне сәйкес жергiлiктi маңызы бар білім берудің басым объектiлерiн (нысаналы трансферттер есебінен) салуға;
      2) өңiрлiк маңызы бар денсаулық сақтау объектiлерiн салуға және қайта жаңартуға; денсаулық сақтау объектiлерiне сұранысты айқындау және басым инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру әдiстемесiне сәйкес жергiлiктi маңызы бар денсаулық сақтаудың басым объектiлерiн (нысаналы трансферттер есебінен) салуға;
      3) өңірлік медициналық-әлеуметтік мекемелер: психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелер, балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерін, мүгедектерге арналған оңалту орталықтарын, мүгедек-балаларды оңалту және бейімдеу орталықтарын салуға және қайта жаңартуға;
      4) газды бөлудің автоматтандырылған станцияларын сала отырып, магистральді газ құбырларынан жоғары қысымды газ өткізу-бұру және кент аралық келтіруші газ құбырларынан жоғары қысымды газ құбырларын салуға және қайта жаңартуға;
      5) Мемлекеттік (салалық) бағдарлама бойынша жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйлерді жобалауға, салуға және сатып алуға, сумен, жылумен, электрмен қамтамасыз етуге және су беру желілерін қайта құруға, күрделі жөндеуге;
      6) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және Астана мен Алматы қалаларының көшелерін салуға және қайта жаңартуға;
      7) ауыз сумен қамтамасыз етудің баламасыз көзі болып табылатын топты су құбырларын және ауылдардың кентішілік су құбырлары желілерін салуға және қайта жаңартуға, сондай-ақ, оларды жобалауға;
      8) қалалар мен ауылдық елді мекендердің су өткізу жүйелерін салуға және қайта жаңартуға;
      9) облыстық, республикалық маңызы бар және Астана мен Алматы қалаларының мәдениет, спорт, абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау, тұрғын үй құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салуға және қайта жаңартуға бағытталған ЖБИ-ні іске асыруға бөлінеді.
      6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы нысаналы даму трансферттерінің сомасын анықтау үшін ағымдағы қаржы жылының 15 наурызынан кешіктірмей тиісті орталық мемлекеттік органға бюджеттік инвестициялар (объектілер) бөлінісінде ЖБИ тізбесін және олар бойынша шығыстар сомасын көрсете отырып өтінім, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап ететін жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалары бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерді, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап етпейтін жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалары бойынша инвестициялық ұсыныс, ТЭН-ге немесе ЖСҚ-ға (бар болған жағдайда) мемлекеттік орган – бағдарламалар әкімшісінің немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесiн, бюджеттік инвестициялық жобалардың және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялардың қаржылық қорытындысын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органының экономикалық қорытындысын және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті немесе аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қаланың) есебінен қаржыландырылатын уәкілетті органның салалық қорытындысын ұсынады.
      7. Тиісті орталық мемлекеттік орган немесе облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган:
      1) стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде тиісті саланы дамытудың басымдылығын;
      2) өңірдің орналасқан жерін және халқының тығыздығын;
      3) өңірдегі халықтың ауруға шалдығу және өлім-жетім деңгейін (денсаулық сақтау объектілерін салу үшін);
      4) авариялық жағдайда тұрған объектілердің проблемаларын шешуді;
      5) денсаулық сақтау объектілерінің жағдайын (үй-жайлардың жеткілікті жиынтығының болмауы, ұйымның іс-жүзіндегі ауқымының жоспармен сәйкес келмеуі);
      6) қолданыстағы желіні денсаулық сақтау және білім беру ұйымдары желісінің бекітілген нормативтеріне сәйкес келтіруді (денсаулық сақтау және білім беру объектілерін салу үшін);
      7) мемлекет кепілдік берген арнайы әлеуметтік қызметтердің жоспарланған көлемін;
      8) мүгедектердің санын, нозология (ауру) түрлері бойынша мүгедектік құрылымын, өңірлер бойынша мүгедектік ауырлығының деңгейін;
      9) қарттар мен мүгедектердің, соның ішінде жекелеген аурулар бойынша болжамды санын;
      10) әлеуметтік қызмет көрсету объектілерінде орынның тапшылығын қысқартуды;
      11) меншік нысанына қарамастан, тиісті сала ұйымының жұмыс істейтін желілерінің болуын (қуаты, іс жүзіндегі жүктеме және олардың техникалық жағдайы);
      12) әлеуметтік қызмет көрсетудің заманауи нысандарын енгізу үшін инфрақұрылымды дамытуды (құруды);
      13) тұрақты сумен қамтамасыз ету және сумен қамтамасыз етудің тиімді деңгейін жасау үшін сумен қамтамасыз ету обьектілері ахуалын (ауылдық елді мекендердегі сумен қамтамасыз ету обьектілерін салу мен қайта құруға);
      14) ЖБИ-ні іске асыруға жер учаскелерін бөлу туралы тиісті әкімдік шешімінің болуын;
      15) ЖБИ-ні іске асыруға жергілікті бюджетте қаражаттың болуын;
      16) өткен қаржы жылы бөлінген нысаналы даму трансферттері бойынша нәтижелер туралы келісімдерде анықталған тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуін;
      17) экономиканың аралас салаларына (аяларына) ЖБИ-ні іске асырудан болжанатын әсерді бағалауды;
      18) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығын ескере отырып, Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау қағидаларында және Талаптарда белгіленген талаптарға сай келетін бюджеттік инвестициялар (объектілер) бөлінісінде ЖБИ-ны тізбеге енгізеді.
      Басталған (жалғасып отырған) және өткен қаржы жылында объективті себептер бойынша аяқталмаған ЖБИ басым тәртіппен іріктеледі.
      Іске асырылуына қаражат республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері түрінде бөлінетін ЖБИ-ні қаржыландыру көлемі 3-%-дан кем емес мөлшерде анықталатын Астана қаласының жергілікті бюджетін қоспағанда, ЖБИ-ні жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі барлық салалар бойынша әрбір жаңа жергілікті инвестициялық жоба бойынша жоспарлы кезеңге кемінде 10 % мөлшерінде анықталады.
      8. Тиісті орталық мемлекеттік орган немесе облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға ұсынылатын бюджеттік инвестициялар (объектілер) бөлінісінде ЖБИ тізбесін стратегиялық жоспардың жобасын енгізу кезінде тиісті құжаттармен бірге мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен Жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстар беру қағидаларына сәйкес жібереді.
      9. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жиырма бес жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған ЖБИ тізбелерінің:
      1) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға (Қазақстан Республикасын дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына; елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық схемасына; аумақтарды дамыту бағдарламаларына; мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына) сәйкестігін;
      2) стратегиялық жоспар жобасының мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізуін;
      3) аймақтың стратегиялық бағыттары мен әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкестігін;
      4) тиісті құжаттаманың болуын қарайды.
      10. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ЖБИ-ні қарау қорытындылары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасын немесе оларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қорытындысының нысаны және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен Жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстар беру қағидаларына сәйкес қорытынды дайындайды және тиісті орталық мемлекеттік органға немесе облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға жібереді.
      11. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган нысаналы даму трансферттеріне оң экономикалық қорытынды негізінде нысаналы даму трансферттері бойынша ЖБИ тізбесін қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес тиісті бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.
      12. Тиісті орталық мемлекеттік орган немесе облыстық бюджеттен қаржыландырылатын тиісті атқарушы орган бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен стратегиялық жоспарлар жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобалары мен бюджеттік өтінімдерді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
      13. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысы негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін беруге арналған өтінімдерін олардың қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан қарайды.
      14. Қарау қорытындылары бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ЖБИ бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      15. ЖБИ тізбесін тиісті бюджет комиссиясы қолдаған жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ұсынылған ЖБИ тізбелері негізінде тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық немесе облыстық бюджеттің жобасына енгізу үшін әрбір сала бойынша өңірлер бөлінісінде нысаналы даму трансферттерінің жалпы сомасын анықтайды.
      16. Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті немесе облыстық бюджетті бекіткеннен кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте немесе облыстық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттерінің көлемін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органдарына бес жұмыс күні ішінде жеткізеді.
      17. Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын әзірлеу кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әрбір бюджеттік бағдарламаның әрбір әкімшісі бойынша өңірлер бөлінісінде алдағы тиісті жоспарлы кезеңге арналған нысаналы даму трансферттерінің сомаларын көздейді.
      18. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар жергілікті бюджеттерде берілетін нысаналы даму трансферттерінің көлемдерін ескере отырып анықталады. Нысаналы даму трансферттерін төмен тұрған бюджеттерге оны объектілер бойынша бөлместен бір сомамен және ЖБИ арасында осы мақсаттарға арнап жергілікті бюджеттерде көзделген шығыстарды ескере отырып жергілікті атқарушы органдар бөледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады