Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1198 және 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1265 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 91 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Темір-бетон, бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1198 қаулысында:
      көрсетілген бекітілген «Темір-бетон, бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
      4-тармақта:
      «Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (СЭҚ ТН)» деген сөздер «Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (КО СЭҚ ТН)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «ҚР МЖ 04-2003 Экономикалық қызмет түрлері жөніндегі өнім сыныптауышы (ЭҚТ ӨС)» деген сөздер «ҚР МЖ 04-2008 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышы (ЭҚТ ӨС)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-бөлім алынып тасталсын;
      Техникалық регламентке 1-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      Техникалық регламентке 6-қосымша алынып тасталсын;
      2) «Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1265 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
      2-тармақта:
      «Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының (ҚР СЭҚ ТН)» деген сөздер «Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (КО СЭҚ ТН)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «ҚР МЖ 04-2003 Экономикалық қызметінің түрлері жөніндегі өнім жіктемесі (ЭҚТ ӨЖ)» деген сөздер «ҚР МЖ 04-2008 Экономикалық қызметінің түрлері бойынша өнім жіктемесі (ЭҚТ ӨЖ)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-бөлім алынып тасталсын;
      Техникалық регламентке 1-қосымша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      Техникалық регламентке 3-қосымша алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 8 ақпандағы
№ 91 қаулысына  
1-қосымша    

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2008 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1198 қаулысына    
1-қосымша       

Темір-бетон және бетон конструкцияларының тізбесі

Р/с

КО СЭҚ ТН коды

Атауы

1

2

3

Іргетастар конструкциялары

1

6810 11 900 0

Ауыр цементті бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған іргетас блоктары

2

6810 11 900 0

Ауыр цементті бетоннан жасалған кәдімгі арматураланған стакан тәрізді іргетастар және табандар

3

6810 11 900 0

Ауыр цементті бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған іргетас такталары

4

6810 91 900 0

Ауыр цементті бетоннан жасалған кәдімгі арматураланған ростверктер белшектері

5

6810 91 900 0

Ауыр цементті бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған кадалар

Ғимараттар мен құрылыстар қаңқасының конструкциялары

6

6810 11 900 0

Ауыр цементті бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған және итарқа және итарқа асты арқалықтар

7

6810 11 900 0
6810 99 000 0

Ауыр және жеңіл цементті бетоннан жасалған алдын ала керілген және ауыр цементті бетоннан жасалған кәдімгі арматураланған кран асты арқалықтар

8

6810 11 900 0
6810 99 000 0

Ауыр цементті бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған іргетастық және имараттарға арналған байлағыш арқалықтар

9

6810 11 900 0

Ауыр және жеңіл цементті бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған көрмелер

10

6810 11 900 0
6810 99 000 0

Ауыр цементті бетоннан жасалған алдын ала керілген және ауыр және жеңіл цементті бетоннан жасалған кәдімгі арматураланған ригельдер мен жүгіртпелер

11

6810 11 900 0
6810 99 000 0

Ауыр және жеңіл цементті бетоннан жасалған алдын ала керілген және ауыр цементті бетоннан жасалған кәдімгі арматураланған фермалар

12

6810 11 900 0
6810 99 000 0

Ауыр цементті бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған раманың элементтері

13

6810 11 900 0
6810 99 000 0

Ауыр цементті бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған бағаналар

14

6810 91 900 0

Ауыр цементті бетоннан жасалған алдын ала керілген және ауыр цементті бетоннан және кеуек силикатты бетоннан жасалған кәдімгі арматураланған маңдайшалар

Қабырғалар мен арақабырғалар конструкциялары

15

6810 11 100 0
6810 11 900 0

Ауыр, жеңіл және кеуек бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған арақабырғалар

16

6810 11 900 0
6810 11 900 0

Ауыр, жеңіл және кеуек бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған қабырға блоктар

17

6810 11 100 0
6810 11 900 0

Ауыр, жеңіл және кеуек бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған ішкі қабырғалық панельдер

18

6810 11 100 0
6810 91 900 0

Ауыр, жеңіл және кеуек бетондардан және жылу оқшаулағыш материалдар қосылған бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған сыртқы қабырға панельдері

19

6810 11 900 0
6810 11 900 0
6810 91 900 0

Ауыр және жеңіл цементті бетоннан жасалған құрама және монолитті диафрагмалар және қабырғалар

20

6810 11 100 0
6810 91 900 0

Ауыр бетоннан, керамзитбетоннан және тығыздығы орташа силикатты бетоннан жасалған үй асты қабырғаларының блоктары

Аражабындардың және жабындардың тақталары, панельдері және төсемдері

21

6810 11 100 0
6810 11 900 0

Ауыр, жеңіл және кеуек бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған жабын тақталар

22

6810 11 100 0
6810 91 900 0

Ауыр және жеңіл бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған аражабын тақталар

23

6810 19 310 0

Ауыр бетоннан жасалған алдын ала және керілген кәдімгі арматураланған жол тақталар

24

6810 19 310 0

Ауыр бетоннан жасалған алдын ала керілген әуеайлақтық тақталар

Ғимараттардың және құрылыстардың конструктивтік және сәулеттік-құрылыстық элементтері

25

6810 11 100 0
6810 11 900 0

Ауыр цементті бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған коммуникациялар блоктары

26

6810 11 100 0
6810 11 900 0

Ауыр және жеңіл цементті бетоннан және гипсті цемент-пуццоланды байланыстырғыш негізіндегі бетоннан жасалған кәдімгі арматураланған желдету шахталарының және лифттердің детальдары

27

6810 99 000 0

Ауыр цементті бетоннан жасалған алдын ала керілген және ауыр, жеңіл және кеуекті цементті бетоннан жасалған кәдімгі арматураланған сәулеттік-құрылыстық әлементтер

28

6810 99 000 0

Ауыр және жеңіл бетоннан жасалған кәдімгі арматураланған ғимараттардың шұңқыршалары және кіру элементтері

29

6810 99 000 0

Ауыр цементті бетоннан жасалған кәдімгі арматураланған қоршау элементтері

30

6810 99 000 0

Ауыр және жеңіл цементті бетоннан кәдімгі
арматураланған баспалдақ элементтері

31

6810 99 000 0

Ауыр және жеңіл цементті бетоннан және гипсті цемент байланыстырғыш негізіндегі бетоннан жасалған кәдімгі арматураланған санитарлық-техникалық кабиналар

32

6810 99 000 0

Ауыр және жеңіл цементті бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған балкон мен лоджиялардың әлементтері

Инженерлік құрылыстардың конструкциялары

33

6810 99 000 0

Ауыр бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған көпірлердің аралық құрылыстарының құрастырмалары мен бөлшектері

34

6810 99 000 0

Ауыр бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған ГЭС конструкциялары мен детальдары

35

6810 99 000 0

Ауыр цементті бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған арналардың және ашық су тасығыштардың конструкциялары мен детальдары

36

6810 99 000 0

Ауыр бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған су өткізгіш құбырлардың детальдары (түп тақталарын, тақталы аражабындардың блоктарын, баулықтармен қоса алғанда)

37

6810 99 000 0

Ауыр цемент бетоннан жасалған кәдімгі арматураланған қарау құдықтарының детальдары

38

6810 99 000 0

Ауыр цемент бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған градирен және силос конструкциялары мен детальдары

39

6810 99 000 0

Ауыр цемент бетоннан жасалған кәдімгі арматураланған құбырлардың траверс элементтері

40

6810 99 000 0

Инженерлік гидротехникалық құрылыстардың конструкциялары мен детальдары, өзгелері

Арнайы мақсаттағы конструкциялар

41

6810 99 000 0

Ауыр цементті бетоннан жасалған және металл цилиндрі бар алдын ала керілген қысымды құбырлар

42

6810 99 000 0

Ауыр цементті бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған қысымсыз құбырлар

43

6810 99 000 0

Ауыр цементті бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған ЭБЖ, байланыс тіреулері және электрлендірілген жолдардың байланыс желілерінің жарықтандырғыш желісінің әлементтері

44

6810 99 000 0

Ауыр цемент бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған шпалдар

45

6810 99 000 0

Ауыр цемент бетоннан жасалған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған тоннельдер және шахтаның бекітпесі үшін арналған блоктар мен тюбинттер

46

6810 99 000 0

Ауыр цемент бетоннан жасалған жайылымдарды қоршауға арналған алдын ала керілген және кәдімгі арматураланған жапсырмалар және шпалер бағанашалар

47

6810 99 000 0

Арнайы темір-бетон: ыстыққа төзімді және өзге де

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 8 ақпандағы
№ 91 қаулысына  
2-қосымша    

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2008 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1198 қаулысына    
1-қосымша       

Ағаш конструкцияларының тізбесі

Р/с

КО СЭҚ ТН коды

Атауы

1

2

3

1

4403

Бағанға арналған бөренелер (байланыс және электр тарату желілеріне арналған ағаш материалдар)

2

4403

Шарбақтарға және басқа мақсаттарға арналған бағандар, тіректер

3

4403

Кен долготьесі және кен бағанасы

4

4403

Гидроқұрылысқа арналған бөренелер (тіреуіштерге, гидротехникалық құрылыстарға және көпір элементтеріне арналған ағаш материалдар

5

4403

Құрылыс бөренелері және тауардың астына қойғыштар (әртүрлі мақсатта салынған қосалқы және уақытша құрылыстарға арналған ағаш материалдар)

6

4406

Темір жол немесе трамвай жолдарына арналған ағаш шпалдар

7

4407

Шатырлық және қаптамалық ағаш тақташалар мен тақтайшалар

8

4407 10

Білеулер, итарқа

9

4409, 4418

Қалқанды паркет, паркеттік тақтай

10

4410, 4411, 4412

Әшекей панелдер (ағаш жаңқалы тақта, жаңқа бағдарлы тақташа (OSB), сүрек талшықты тақташалар және сүректен немесе басқа сүректелген материалдардан жасалған ұқсас тақташалар, шайырмен немесе басқа органикалық байланыстырғыш заттармен сіңдірілген немесе сіңдірілмеген, желімделген фанер, фанерленген және қатпарлы сүректен жасалған ұқсас материалдар)

11

4418

Тақтайлы желімделген панельдер және әшекей панельдер, автомобиль жасау, вагон жасау және кеме жасау үшін пайдаланылатын желімделген ағаш панельдер

12

4418

Қалқанды үйлерді қаптамалауға арналған желімделген ағаш панельдер, шатыр жабыны, еден сұлбасының, аралық қабырғаның, құрылыс ағашы төсемінің қаптамалары

13

4418

Сантехникалық кабиналар мен аралық қабырғалардың ағаш қаңқасы

14

4418 10

Топтама жинағындағы терезе блогі (тұрғын және қоғамдық ғимараттарға арналған, бөлек, дәнекерленген жақтаулар, балкон есіктерінің блоктары, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы ғимараттарына арналған (топтама) жинақтағы терезе блоктары, әртүрлі есіктердің терезе блоктары)

15

4418 20

Топтама жинағындағы есік блоктары (тұрғын және қоғамдық ғимараттарға арналған қалқандық, жиектелген, өнеркәсіптік кәсіпорындар ғимараттарына арналған ағаш, тұрғын және қоғамдық ғимараттарға арналған жақтаулы, торлы, және өзге де конструкциялар, өзгелері), ағаш қақпалар, қақпаға арналған есік блоктары

16

4418 60 000 0

Ағаш фермалар, арқалықтар, тіректер және итарқалықтар

17

4418 90 100 0

Желімделген, көтерме ағаш конструкциялар (тік сызықты, иіліп желімделген)

18

4418 90 800 0

Баспалдақ сатылары және оның тораптары

19

4418 90 800 0

Ағаштан жасалған торлар мен қоршаулар

20

4418 90 800 0

Ағаштан жасалған қалқандар және қалқандардың бөлшектері:
бөлме аралық арақабырғаларға, тұрғын және қоғамдық ғимараттардағы аралық жабынына, шатырға, жұмыс орындарының төсенімдері мен қоршауларына, қалыптарға, едендерге, өзгелерге арналған

21

9406 00

Жиналмалы ғимараттар мен жайлар (тұрғын, тұрмыстық, өндірістік)

22

9406 00

Тұтас тасымалданатын ғимараттар мен жайлар (тұрғын, тұрмыстық, өндірістік)

23

9406 00

Киіз үй

24

9406 00

Шатырға шығатын үйшік пен мұнаралар

25

9406 00

Зауытта дайындалған стандартты ағаш үйлер (қаңқалы калқандық, қаңқалы-фибролиттік және арболиттік, білеулік, панельдік)

26

9406 00

Бау-бақша үйлері және үй маңындағы шаруашылық құрылыстары

27

9406 00

Жануарларды, малдарды және құстарды ұстайтын ағаш үйлер

28

9406 00

Үйлердің, моншалардың, құдықтардың бөренелері

29

9406 00

Өзге құрылыс ағаш конструкциялары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады