Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 124 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 53 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.02.2016 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 38, 327-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесінде:
      бүкіл мәтін бойынша:
      «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына», «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында» деген сөздер «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне», «Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4 және 27-тармақтардағы «статистикалық» деген сөз алынып тасталсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «тұтану - азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян, адамдарға, қоғаммен мемлекеттің мүдделеріне материалдық залал келтірмеген бақылаусыз жану;»;
      4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «пайда болған» деген сөздерден кейін «уақытына және» деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Өрттердің және олардың зардаптарының мемлекеттік есебі Қазақстан Республикасындағы өрттердің жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді қалыптастыруға арналған. Өрттердің және олардың зардаптарының мемлекеттік есебін өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асыратын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
      Өртті есепке алу карточкалары мен есептілік нысаны мемлекеттік есептілік құжаттары болып табылады. Өрттерді есепке алу карточкалары өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның басшысы бекітетін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жасалады. Есептілік нысанын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган әзірлейді.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Әрбір өртке оны жойғаннан кейін бір тәуліктің ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкері басқаратын комиссия өрт туралы акт жасайды. Өрт туралы актінің нысанын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Комиссия құрамына заңды тұлға әкімшілігінің немесе зардап шешушінің, ішкі істер органдарының, сақтандыру ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен басқа да мүдделі тұлғалар кіруі мүмкін. Өрт бөлімшелері шақырылмаған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның бөлімшелеріне аумақтық ол туралы хабар (ауызша немесе жазбаша) зардап шеккендерден, ішкі істер органдарынан, сақтандыру ұйымдарынан немесе басқа да көздерден түскен өрт туралы актіні ақпарат алынған сәттен бастап екі тәуліктен кешіктірмей сол құрамдағы комиссия жасайды.
      Актіге комиссия қол қойғаннан кейін ол өрт фактісі бойынша тексеру (анықтау) жүргізген органда қалады. Өрттен болған материалдық залалдың сомасы мен оның туындау себебі жөнінде деректер болмаған жағдайда осы мәліметтер 30 тәуліктен аспайтын мерзімде сараптама қорытындыларын не ұйымдардың бухгалтерлік есептілік құжаттарын, сақтандыру ұйымдарының мәліметтерін, сот органдарының шешімдерінен көшірмелерді немесе мүлік иелерінің құжаттарын ұсынғаннан кейін толтырылады. Өрт туралы актінің көшірмесі залалды өтеу, құжаттарды қайта қалпына келтіру мәселелері бойынша сот органдарына жүгіну үшін өтініш бойынша мүлік иелері мен өрттен зардап шеккендерге, сондай-ақ сот органдарының жазбаша сұраулары бойынша беріледі.»;
      12-тармақта:
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «тұрмыстық электр аспаптарының ақауы кезіндегі түтіндеу және тағамның оны дайындау кезіндегі өрттің пайда болуын тудырмайтын күюі жағдайлары;»;
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «ашық аумақтар мен дала алқаптарындағы иесіз ғимараттар мен иесіз көлік құралдарының, құрғақ шөптің, жапырақтардың, терек ұлпасының, тұрмыстық қалдықтардың, аңыздардың, сондай-ақ қоқыс төгетін жерлердегі, бос жерлердегі, үй иесі мен шаруашылық етуші объектілердің аумақтарындағы, жол жиектеріндегі, оны жинауға арналған контейнерлік алаңдардағы, оны жинауға арналған контейнерлердегі (жәшіктердегі), тұрғын үйлердің лифт шахталарындағы (лифтілеріндегі), тұрғын үйлердің қоқыс жинағыштарындағы (қоқыс құбырларындағы), тұрғын үйлердің баспалдақ торларындағы, тұрғын үйлердің жертөле және шатыр үй-жайларындағы қоқыстардың тұтанулары;»;
      сегізінші абзацтағы «есеп жүргізуге жатпайды.» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын:
      «жол-көлік оқиғасы себебінен болған автокөлік құралдарының өртену жағдайлары;
      авиациялық, темір жол авариялары, террористік актілер, ұрыс қимылдары, құқық қорғау органдарының арнайы операциялары, жер сілкіністері себебінен болған өрттер;
      пешпен (каминдермен) жылытудан өлімге әкелген улы газбен адамдардың улану жағдайлары;
      зардаптар мен залалсыз пирофорлық қосқыштардың өздігінен тұтану жағдайлары есеп жүргізуге жатпайды.»;
      14-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өрттер мен олардың зардаптары бойынша алғашқы деректерді қалыптастыру кезінде өрт кезінде қаза болғандар мен жарақат алғандардың барлығы медициналық ұйымдар ұсынатын өлім немесе жарақаттану себебі туралы қорытындылардың негізінде есепке алынады.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Сот-медициналық сараптама мекемелері бұдан бұрын өрт кезінде қаза болғандар ретінде есепке алынған адамдардың өрт туындаған сәтке дейін қаза болу фактісін анықтаған кезде көрсетілген тұлғалар өрттерді есепке алудың дерекқордан шығарылады.»;
      24-тармақтағы «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары» деген сөздер «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      27-тармақтағы «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына» деген сөздер «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады