Байланыс формасы

Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 239 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.03.2014 № 239 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.12.2013 № 1386 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
      5) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      6) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.12.2013 № 1386 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
      7) «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің патент қабілеттілігін мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      8) «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.12.2013 № 1386 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 12.02.2014 N 78 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.03.2014 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 485 қаулысымен
бекітілген  

«Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 485 қаулысымен
бекітілген  

«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 485 қаулысымен
бекітілген  

«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы
аумағында алып өтуге карантиндік сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 435 қаулысымен
бекітілген  

«Импорттық карантиндік рұқсаттар беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.12.2013 № 1386 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 485 қаулысымен 
бекітілген     

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші
репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді
аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 485 қаулысымен 
бекітілді    

«Байқаудан өткізушілерді және тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.12.2013 № 1386 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 435 қаулысымен
бекітілген  

«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің патент қабілеттілігін мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1.«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің патент қабілеттілігін мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8, 13 Б кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті және Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8, 18 В кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - сараптау ұйымы) көрсетеді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.02.2013 N 84 Қаулысымен.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасы, «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 4-бабының 8) тармақшасы, «Ауыл шаруашылық өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысы және «Сорттың патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 337 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат Комитеттің www.intellkaz.kz интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.kz. интернет-ресурсында орналасады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Комитеттің селекциялық жетістікке патент (бұдан әрі - патент) беруі немесе патент беруден жазбаша дәлелді бас тарту болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет патент алуға өтініш берген жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушы).
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) Комитет пен сараптау ұйымы мемлекеттік қызметті мынадай мерзімде көрсетеді:
      - ауыл шаруашылығы өсімдіктердің сорттарын сынау мен бағалауды тұтынушының деректері бойынша жүргізген кезде - бір жылға дейін;
      - ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау мен бағалауды мемлекеттік сортсынау деректері бойынша жүргізген кезде - үш жылдан кем емес;
      2) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты — 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алу кезінде қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілетін уақыты - 30 минуттан аспайды.
      8. Сараптау ұйымы селекциялық жетістікке алдын-ала сараптама жүргізгені және патент беруге құжаттарды дайындағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төлемақы алады.
      Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Патент беруге құжаттарды дайындау үшін төленетін ақы патент алған сәтте жүзеге асырылады.
      Ақы төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.
      Тұтынушы мемлекеттік қызметке ақы төлеу кезінде құжаттардың мынадай нысандарын толтырады:
      1) қолма-қол ақшамен төлеу тәсілі кезінде - төлем туралы түбіртек;
      2) қолма-қол ақшасыз ақы төлеу тәсілі кезінде «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру  ережесінесәйкес - төлем тапсырмасы.
      Қолма-қол ақшасыз ақы төлеу тәсілі кезінде мемлекеттік қызмет үшін аударым бенефициарға жүзеге асырылады: Алушы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8, 18 В кіреберіс, СТН: 620300220118. Банктің атауы: «Нұрбанк» АҚ, ЖСК KZ8584905KZ006015415, БСК NURSKZKX, КБЕ: 16.
      Комитет заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін патент беру кезінде мемлекеттік баж алады.
      2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес бекітілген мемлекеттік баж патент беру орны бойынша төлем мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаттарын беретін Қазақстан Республикасының банктік мекемелері арқылы төленеді.
      Патент беру үшін мемлекеттік баж төлеу бенефициарға жүзеге асырылады: Тұтынушы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Астана қаласы бойынша Салық департаменті, Салық комитетінің Есіл ауданы бойынша салық басқармасы, СТН - 620200336381, ИИК - К24070105КSN0000000. Банктің атауы: «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі, БИК - КKМFК 2А, КБЕ - 108118.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.02.2013 N 84 Қаулысымен.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы жағдай жасалады (құжаттарды толтыру орындары қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жабдықталады).
      Мүмкіндігі шектеулі тұтынушылар үшін пандустар мен лифтер
қарастырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Патент алу үшін тұтынушы Комитетке және (немесе) сараптау ұйымына мына құжаттардан тұратын өтінімді ұсынады:
      1) осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша патент беру туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш);
      2) селекциялық жетістіктің сауалнамасын;
      3) сенімхат (іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда);
      4) селекциялық жетістікке алдын-ала сараптама жүргізгені үшін ақы төленгенін растайтын құжат.
      12. Өтініш бланкі Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13 А блок мекенжайы бойынша Комитеттің және Астана қаласы, Орынбор көшесі. 8, 13 Б блок мекенжайы бойынша сараптау ұйымының холында орналастырылады.
      13. Құжаттарды қабылдауды Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13 А блок мекенжайы бойынша орналасқан Комитет кеңсесінің немесе Астана қаласы, Орынбор көшесі. 8, 13 Б блок мекенжайы бойынша сараптау ұйымының лауазымды адамы жүзеге асырады.
      14. Тұтынушыға:
      1) құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні;
      2) сұратылып отырған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен аттары;
      4) мемлекеттік қызметті алатын күні (уақыты) және құжаттар берілетін орын;
      5) өтінішті қабылдаған Комитеттің немесе сараптау ұйымының жауапты лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      15. Патент беру немесе патент беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлама тұтынушыға пошта арқылы жіберіледі (тұтынушыда интернет-ресурстар болған жағдайда - электронды пошта арқылы).
      16. Осы стандарттың 11-тармағында көзделген барлық материалдар тапсырылмаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде Комитеттің және сараптау ұйымының уәкілетті лауазымды адамдары мына қағидаларды басшылыққа алуы тиіс:
      1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдепті болу;
      3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
      4) тұтынушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      5) тұтынушы белгіленген мерзімде ала алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Комитет пен сараптау ұйымының жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Комитеттің немесе сараптау ұйымының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты тұтынушыға Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13 А блок, байланыс телефондары: 8 (7172) 74-06-64 мекенжайы бойынша Комитеттің заң қызметінің маманы түсіндіреді.
      21. Егер тұтынушы қолданылған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған инстанцияның қарауын талап етсе, тұтынушы шағымды жазбаша түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің атына жібере алады.
      Шағым Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13 А блок мекенжайы бойынша жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол қабылданады.
      22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электронды пошта арқылы немесе қолма-қол Комитеттің кеңсесінде патент беру немесе патент беруден бас тарту туралы жазбаша хабарламалардың көшірмелерімен немесе басқа құжаттармен қоса қабылданады.
      25. Қабылданған шағым мына мекенжайы бойынша Комитет кеңсесінің ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13 А блок, байланыс телефондары: 8 (7172) 74-06-64. Шағым берген тұтынушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты мына мекенжай бойынша Комитет кеңсесінің лауазымды адамынан алуға болады: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13 А блок, байланыс телефондары: 8 (7172) 74-06-64.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      26. Байланыс деректері:
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі. 8, 13 А блок, интернет-ресурс: www.intellkaz.kz, байланыс телефондары: 8 (7172) 74-06-64.

«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің
патент қабілеттілігін мемлекеттік сынау»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.02.2013 N 84 Қаулысымен.

Келіп түскен күні

(21) Мемлекеттік тіркеу №

(22) Берген күні

Басымдық

Селекциялық жетістікке Қазақстан Республикасының патентін беру туралы ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-на

010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8,
18 В кіреберіс

Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтініш берушінің (өтініш берушілердің) атына Қазақстан Республикасының патентін беруді өтінемін (өтінеміз (71) Өтініш беруші (лер):
(толық аты немесе атауы және тұратын жері немесе орналасқан орны көрсетіледі. Өтініш беруші авторлардың тұратын жері туралы деректер (72) коды бар бағанмен қатар бағанда келтіріледі.

ДЗМҮ SТ.3 стандарты бойынша елдің коды (егер ол белгіленген болса)

ҰЗМИ-ға өтініш берген күнге қарағанда ерте болатын күн бойынша басымдылық уақыты сұратылған кезде ғана толтырылады.
Селекциялық жетістік басымдығын мынадай күн бойынша белгілеуді өтінемін (өтінеміз):
- Халықаралық конвенцияға қатысушы елде бірінші өтініш(тер) берілген күн бойынша (Заңның 7-бабының 2-тармағы)
- Мемкомиссияға пайдалануға рұқсат беруге өтініщтің түсуі (Заңның 4-бабының 2-тармағы)


Бірінші өтініштің немесе пайдалануға рұқсат беру өтінішінің №

Сұратылатын басымдық күні

ДЗМҮ SТ.3 беру елінің коды

Өтінішті қарау сатысы

Селекциялық жетістік қандай атаумен тіркелді

Мен (біз) бірінші өтінішпен берілген материал осы сортты (тұқымды) білдіретінін және осы өтінішке сәйкес келетінін мәлімдеймін (міз)
Тегі, түрі_____________________________________________________________________
                    мемлекеттік немесе орыс тіліндегі атауы)
______________________________________________________________________________
                                      (латынша атауы)

Ұсынылатын атау

Селекциялық нөмір

Селекциялық жетістіктер мына елде (дерде) шығарылды


Сорт (тұқым) сатуға ұсынылды ма немесе сатылды ма
Өтініш берілген елде: - жоқ - иә алғашқы рет мынадай атаумен

Сорт (тұқым) сатуға ұсынылды ма
немесе сатылды ма:
Басқа елдерде: - жоқ - иә
- алғашқы рет мынадай атаумен -

(98) Хат-хабар алмасу үшін мекен-жай (толық пошталық мекен-жай) Телефон: факс:

(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық аты, уәкілетті органда тіркелген нөмірі) немесе өтініш берушінің (берушілердің) өкілі (толық аты немесе атауы)

Қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі

1 дана. дағы п. саны

Дана саны

Өтінішті беру және патентті алу (құжатты ұсынбай) құқығының пайда болуына негіз:
Өтініш беруші жұмыс беруші болып - табылады және Заңның 5-бабының 1-тармағының шарттары сақталады
жұмыс берушінің немесе оның
- құқықтық мирасқорының құқықтарды басқаға беруі
- автордың немесе оның құқықтық мирасқорының құқықтарды басқаға беруі
- мұрагерлік құқығы

- өтінішке қосымша



(ҰЗМИ мөр қоятын жер)

- селекциялық жетістік сауалнамасы



- фотосурет



- түрлі-түсті слайдтар



- бұрын жасалған сату туралы ақпарат



- өтініш бергені үшін ақы төлегені туралы



- ақының мөлшерін азайту үшін негіздеме бар екенін растайтын құжат



- бірінші өтініштің(тердің) көшірмесі (конвенциялық басымдық сұратқан кезде)



- өтінішті мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару



патенттік сенім білдірілген адамның немесе өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат



- басқа құжат (көрсету керек)



(72) Автор(лар) (толық Т.А.Ә. көрсетіледі

Ел атауын және белгілі болса, оның ДЗМҮ SТ.3 стандарты бойынша кодымен қоса тұратын жерінің толық пошталық мекен-жайы

Өтініш беруші(лер) автордың(лардың) және/немесе патент алу құқығын басқаға берген автордың (лардың) қолы (дары)

Мен(біз)_______________________________________________________________________
                                         (Т.А.Ә.)
Өтініш материалдарын және патентті жариялау кезінде мені (бізді) автор(лар) ретінде атамауды өтінемін (өтінеміз)
Автордың (лардың) қолы (дары):

Патентті алуға құқықты басқаға берген автордың құқықтық мирасқоры (толық аты немесе атауы, тұратын жері немесе орналасқан орны, қолы, күні (заңды тұлға атынан қол қою кезінде басшының қолы мөрмен бекітіледі):

Мен (біз) менде (бізде) бар мәліметтер бойынша өтінішті қарау үшін қажетті және осы өтініш пен қосымшаларға енгізілген ақпарат түпкілікті және дұрыс болып табылатынын мәлімдеймін (міз). Мен (біз) үлгілер тиісті жолмен алынғандығын және селекциялық жетістіктің көрнекі іріктелуі болып табылатынын растаймын (мыз)

Қолы
өтініш берушінің (лердің) немесе патенттік сенім білдірілген адамның қолы (дары), қол қойылған күн (заңды тұлға атынан қол қою кезінде басшының қолы мөрмен бекітіледі)

«Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің
патент қабілеттілігін мемлекеттік сынау»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері  

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Кейінгі жылы көрсеткіштің нысаналы мәні

Есепті жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақытылылық

1.1. Құжатты өткізген сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде көрсету жағдайларының % (үлесі)




2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)




3. Қол жетімділік

3.1. Қызметтің көрсету тәртібі туралы сапа мен ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)




3.2. Электронды форматта қол жетімді ақпарат қызметінің % (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына канағаттанған тұтынушылар % (үлесі)




Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 485 қаулысымен
бекітілген 

«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің
шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау»
мемлекеттік қызметі стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 17 В блогы 510 кабинет мекенжайы бойынша Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемкомиссия) көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет: «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 3-бабының 3) тармағы, «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының 4-бабының 8) тармақшасы, «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы  28 тамыздағы № 780 қаулысы және «Сорттың патент қабілеттілігі мен  шаруашылыққа пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің  деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің  тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 337 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесіне сортты енгізу туралы тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бұйрығының көшірмесін немесе сортты одан әрі сынақтан алудың негіздемесі бар Мемкомиссияның қорытындысын қағаз тасығышта беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет сорттың шаруашылық пайдалылығын сынауға өтінім берген жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) Мемкомиссия мемлекеттік қызметті мынадай мерзімде көрсетеді:
      - ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын өтініш берушінің деректері бойынша сынақтан өткізу және бағалау кезінде - өтінім берген сәттен бастап бір жылға дейін;
      - ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын мемлекеттік сорттық сынақтау деректері бойынша сынау және бағалау кезінде - өтінім берген сәттен бастап үш жылдан (екі вегетациялық кезең) кем емес;
      2) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты - 30 минуттан көп емес;
      3) құжаттарды алу кезінде күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты - 30 минуттан көп емес.
      8. Мемкомиссия мемлекеттік қызметті тегін көрсетеді.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет күтуге және қажетті құжаттарды әзірлеуге қолайлы жағдай жасалған (құжаттар толтырылатын орын, қажетті құжаттардың тізімі және оларды толтыру үлгілері бар стендімен жабдықталған) Мемкомиссияның ғимаратында көрсетіледі.
      Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушылар үшін пандустар мен лифтер қарастырылады.

2.Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Мемкомиссияға мына  құжаттардан тұратын өтінімді ұсынады:
      1) осы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті (бұдан әрі - өтініш);
      2) сорттың сипаттамасы;
      3) ғылыми кеңес хаттамасынан көшірме (ғылыми ұйымдар үшін);
      4) сорттың фотосуреттері;
      5) тұқымдардың үлгілері.
      12. Өтінім бланкін Мемкомиссия кеңсесі береді, оның сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.kz, интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде орналастырылады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар мына мекенжай бойынша Мемкомиссияның кеңсесіне тапсырылады: Астана қаласы, Орынбор көш., 8, 17 блок, 510 кабинет.
      14. Тұтынушыға:
      1) құжаттардың қабылдану нөмірі мен күні;
      2) сұратылып отырған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса беріліп отырған құжаттардың аттары мен саны;
      4) мемлекеттік қызметті алатын күні (уақыт) және құжаттар берілетін орын;
      5) өтінішті қабылдаған Мемкомиссияның лауазымды адамының аты, әкесінің аты, тегі көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      15. Өтініш берілген сортқа қатысты шешім жөніндегі жазбаша хабарлама тұтынушыға пошта арқылы (өтініш берушінің интернет-ресурсы болған жағдайда- электронды пошта арқылы) жіберіледі немесе тұтынушы өзі келгенде тұтынушының жеке басын куәландыратын құжатты немесе оны алуға арналған сенімхатты көрсеткенде қолма-қол беріледі.
      16. Егер мемлекеттік қызметті көрсетуден осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды толық тапсырылмаса немесе дұрыс емес құжаттар тапсырылған жағдайда бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде Комитеттің және сараптау ұйымының уәкілетті лауазымды адамдары мына қағидаларды басшылыққа алуы тиіс:
      1) кішіпейілділік танытуы, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдепті болу;
      3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
      4) тұтынушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      5) тұтынушы белгіленген мерзімде ала алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижесі

      18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Мемкомиссияның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Мемкомиссияның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты тұтынушыға мына мекенжай бойынша Мемкомисияның заң қызметінің маманы түсіндіреді: Ауыл шаруашылығы сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 17 В блог, 510 кабинет, e-mail: goskomkz@mаil.ru, байланыс телефоны: 8 (7172) 50-26-10.
      21. Егер тұтынушы мемлекеттік қызмет нәтижесіне қанағаттанбаса, шағымды жазбаша түрде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына жібере алады.
      Шағымдар мына мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кеңсесінде жазбаша түрінде пошта арқылы немесе қолма-қол қабылданады: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, байланыс телефоны: 8 (7172) 555-763.
      22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым Мемкомиссия төрағасының атына демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағымдар жазылған хабарламалардың көшірмесімен немесе басқа құжаттармен бірге жазбаша түрде пошта арқылы, электронды пошта немесе қолма-қол Мемкомиссияның кеңсесінде қабылданады.
      25. Қабылданған шағым мекенжайы осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген Мемкомиссия кеңсесінің ақпаратты есепке алу журналына тіркеледі. Шағым берген тұтынушыға тіркелген күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты Мемкомиссия кеңсесінің лауазымды адамдарынан алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      26. Байланыс деректері:
      Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия: 010000, Астана қаласы, Орынбор көш. 8, 17 В блок, 510 кабинет, e-mail: goskomkz@mail.ru, байланыс телефондары: 8 (7172) 50-26-10.

«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің
шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

ҚР АШМ Ауыл шаруашылығы
дақылдарының сорттарын сынау
жөніндегі мемлекеттік комиссия
(010000, Астана қ., Орынбор көш.,8
Министрліктер үйі, 17 В блог)

Өтініш нөмірі
_____________________
Тіркелу күні
______________________

Селекциялық жетістікті пайдалануға жіберу өтініші

Өтініш беруші (лер)___________________________________________________________
                        (заңды немесе жеке тұлғаның аты және мекенжайы)
Азаматтығы____________________________________________________________________
Өтініш бойынша хат алмасу мекенжайы
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Телефон______________телефакс________________телекс___________________________
1. Селекциялык жетістік оригинаторының аталуы және %-дық үлесі
_____________________________________________________________________________
____________________Мекенжайы_________________________________________________
Телефон______________телефакс________________телекс___________________________
2. Селекциялык жетістік оригинаторының атауы және %-дық қатысу үлесі
______________________________________________________________________________
____________________Мекенжайы_________________________________________________
______________________________________________________________________________
Телефон_____________телефакс_________________телекс___________________________
Туыс, түр (қазақша атауы)_____________________________________________________
Туыс, түр (латынша атауы)_____________________________________________________
______________________________________________________________________________
Ұсынылып отырған
атауы_________________________________________________________________________
Селекциялық нөмірі
______________________________________________________________________________

Авторы (лары) (егер авторы (лары) өтініш беруші(лер)болып табылмаса

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Үйінің мекенжайы

Қатысу үлесі, % 











Мендегі (біздегі) бар ақпарат бойынша басқа авторлары жоқ

Алдыңғы өтініштер

Тіркелген

Өтініш нөмірі

Сатысы

Қандай атаумен

ел

күні

Қорғауды беруге





Пайдалануға жіберу





Мен(біз) бірінші өтініште берілген материал осы сортты білдіретінін және осы өтінішке сәйкес екендігін мәлімдеймін(дейміз)

Оригинатор ұсынып отырған сынақ өткізу (пайдалану) облыстары

Өтінішке қоса беріліп отырған құжаттар:
- Селекциялық жетістіктің сауалнамасы
- Селекциялық жетістіктің сипаттамасы (№ 301 үлгімен)
- өтінім беру құқығын растайтын құжат (құқық иеленушілер мен делдалдар үшін)
- фотосуреттер
- сортты сынаққа беру туралы Ғылыми кеңес хаттамасынан үзінді

Мен(біз) селекциялық жетістікті шаруашылыққа пайдалылығы бойынша мемлекеттік сынақтан өткізуіңізді өтінемін(міз).
Мен(біз) менде(бізде) бар ақпарат мәліметтері бойынша осы өтінішті қарауға қажетті және осы өтінішке қосымшаға енгізілген мәліметтердің түпкі және дұрыс екендігін мәлімдеймін(міз).
Мен(біз) үлгілердің тиісінше алынғандығын және сорттың түпнұсқа екендігін растаймын(мыз)
Мен(біз) тіркеу сынақтарын және Мемкомиссия мен оның инспектураларының нұсқауы бойынша шаруашылыққа пайдалылығына сынақ жүргізу үшін тұқымның қажетті мөлшерін, сортты сақтауға эталондық үлгісін өтеусіз беруге міндеттенемін.
Өтініш берушінің(лердің) қолы(дары)
____________________     _________________________
____________________     _________________________
____________________     _________________________
____________________     _________________________
____________________     _________________________
____________________     _________________________
Мөр орны ____________________     _________________________

«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің
шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері  

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Кейінгі жылы көрсеткіштің нысаналы мәні

Есепті жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты өткізген сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде көрсету жағдайларының % (үлесі)




2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің 1 сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)




3. Қол жетімділік

3.1. Қызметтің көрсету тәртібі туралы сапа мен ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)




3.2. Электронды форматта қол жетімді ақпарат қызметінің % (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады